kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қауіпсіздік техникасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данной разработке описывается общая техника безопасности на предприятиях общественного питания. Соблюдение санитарии и  гигиены у поваров.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қауіпсіздік техникасы»

Джулдугулова Алия Кадыргалиевна

Мастер производственного обучения

ГККП «Аксайский технический колледж»


Тақырып: Қауіпсіздік техникасы

Сабақтың тақырыбы: Зертханамен танысу,қауіпсіздік техника ережесі,өрт сөндіру қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сабаққа алған теориялық білімдерін машықтық тәжірибеде терең толықтырып бекіту. Практикалық тәжірибе сабағында оқушыларды техника қауіпсіздігі шараларын сақтауға баулу.

Білімділік: Тақырып бойынша білімдерін жинақтау.Зертханамен,қауіпсіздік техника ережесімен және өрт сөндіру қауіпсіздігімен,техникалық жабдықтарды пайдаланудың негізгі ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Қиялдауға,елестете білуге,салыстыра білуге,талдай жасау білуге,еңбектенуге,өз бетінше жұмыс істеп,өзін-өзі тексеруге,тапсырманы шығармашылыққа түрде орындауға үйрету..

Тәрбиелік: Әдемілікке,эстетиканы білуге,дұрыс жүруге үйрету,батылдыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу,ұқыптылыққа өз күшіне сенімді болуға үйрету,тәрбиелеу.Пәнге қызығушылығын арттыру жеке және топ арасында жұмыс істеу білуге үйрету.

Сабаққа қолданылатын көрнекілік: И.М Самсаев,Н.Ж Оспанова-«Тағам дайындау практикумы»,Г.Е.Бесімбаева,Е.Б.Бесімбаев «Аспаздық»,лекцияға арналған дәптер, карталар.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: 5-6 мин.

1.Оқушылармен амандасу

2.Қатыспаушыларды белгілеу

3.Жұмысшы орнын сабаққа әзірлеу

ІІ.Кіріспе нұсқаулар 40 минут

Жаңа тақырыпты қабылдауға оқушыларды дайындау:

1. Зертханамен танысу.

2. Студенттерді жұмыс орнымен таныстыру.

3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау және өрт қауіпсіздігі туралы дәріс оқу.

4. Бас тазалығын сақтау туралы мәлімет беру

Жаңа материалдың мазмұны (қысқаша конспект).Техника қауіпсіздігі туралы ережеАлғашқы тәжирибелік жұмысты жүргізу алдында өндірістік оқыту шебері жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы ережелермен таныстырады.Жылу жабдықтарын пайдалану ережесі,электр құралдарды, қайнатқыштарды дұрыс қосу әдісін көрсетеді.Еттартқыш пен көкініс кескіш және т.б құралдардың жұмыс істеу ерекшеліктері мен негізгі тәсілдерін көрсетеді. Нұсқама журналына қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқандығын растайтын қол қойғызады.

1)Арнайы киім киіп, шашты орамал немесе қалпақ ішіне жинап қою қажет.

2)Қолды сабынмен мұқият жуу керек.

3)Мүліктердің және оның белгілерінің жарамдылығын тексеру, сору желдеткішін, ажыратқышты қосу.

4)Электірлі плитаны қосу алдында оның корпусының жерге тұйықталғанына көз жеткізіп, электірлі кілемшеге тұрғызу.

5)Пышақпен жұмыстану кезінде сақтық шараларын сақтап,өңдеу тақтайларымен жұмыста дұрыс тілу тәсілдерін білу керек. Сол қолдың саусақтары бүгіліп, ол пышақтың жүзінен біраз аралықта болуы тиіс.

6)Шикілей және пісірілген көкөністерді таңба белгілеріне сәйкес әртүрлі өңдеу тақтайларында турайды.

7)Ет тартқышпен жұмыс кезінде азықтық тағамдарды ет тартқышқа қолмен емес, арнайы ағаш келсаппен салады.

8)Қол үккіштермен жұмыс барысында ұқыптылық сақталуы қажет . Яғни, өңделетін азықтық тағамдарды берік ұстап, ал ұсақ кесектер өңдеуден өткізілмейді.

9)Пышақтар мен шанышқыларды бір-біріне тек алдыңғы сабы жағынан ұсыну керек.

10)Ыдыс ішіндегі қайнатпа оның шетіне төгілмеуі үшін ыстық ыдыстың қақпағын орамалмен алып немесе арнайы ұстағыш арқылы өзіңнен әрі ашылуын қадағалау керек.

11)Табаны плитаға қоярда және аларда, тек таба тұтқышты пайдалан.

12)Май немесе сұйықтықты құяр кезде оны еденнен дереу алу қажет. Егер ыдыс сынса, оның сынықтарын қолмен жинастырмай,ол кезде сыпырғыш пен қалақты тұтынған дұрыс.

13)Жұмыс аяқталған соң электірлі плитаны сөндіріп, өндірістік үстелдерді, ыдыс аяқтарды, мүліктер мен құралдарды мұқият жуу керек.

14)Сыпырындылар мен қалдықтарды арнайы бөлінген орынға шығар.

15)Арнайы киіміңді шешіп, сору желдеткішімен айырғышты сөндіріп және қолыңды сабынмен мұқият жуған жөн.

Электр тоғынан зақымдану. Ағзаның электр тоғынан зақымдануы электр салдарының, кабелдердің, әртүрлі тоқ жүретін бөліктердегі электр қондырғыларының т.б құрал-жарақтардың кернеулі тоққа кездейсоқ қосылған кезінде болуы мүмкін.

1)Кернеулі тоқ қаншалықты жоғарғы болса, ондағы тоқтың әсері адамға соншалықты қауіпті.

2)Зақымданушы алдымен ток жерінен мейлінше тез босатып алу қажет, содан соң оған міндетті түрде дәрігер шақыртып, оған дейін бірінші кезектегі дәрігерлік көмек көрсетуге дереу кірісу керек.

3)Ажыратқышты жедел айырып және сақтандырғышты бұрып тастау қажет.

4)Кернеулі ток 1000В дейін көтерілген кезінде электрсымдарын кесіп тастауға болады.

5)Зақымданушыны ток жүретін бөліктерден мүмкіндігіне қарай тартып алып немесе оның үстінен сымдарды лақтырып тастау.

6)Терінің күйген жерлерін дәрігер келгенге дейін залалдандырушы материалдар мен орау.

7)Зақымданушының есінен айырылып, бірақ тынысын жоғалтпаған кезінде белдігі мен киімдерін шешіп, жұмсақ төсекке жатқыз содан соңдереу мұсатыр спиртін иіскетіп, денесін сүртіп, бетіне су бүркеді. Бөлмеге таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.

8)Егер зақымданушының тынысы тарылып жатса, қолдан демалдырып, жүрекке емдіку қалау жүргізу талап етіледі.

9)Зақымданушының денесінде өмір сүрудің белгілері жоқ болса, оны ліге санауға болмайды. Мұндай жағдайларда тек солай болып көрінетін сәттер жиікездесіп тұрады. Егер жүрек қызметі мен тынысы қалпына келмесе, дәрігер келгенше де, келіп кеткеннен кейін де, қолдан демалдыру мен жүреккеу қалау жасауды тоқтаусыз жүргізген дұрыс.

Күйіктердің термиялық және химиялық түрлері болады. Термиялық күйіктертерге жоғарғы температуралар әсерімен шығады (өрт, бу, қайнаған су т.б). Химиялық күйіктер қышқылдар немесе сілтініңтеріге шашырауынан пайда болады. Тері күйіктегі 3 дәрежемен айырылады .

1-дәрежелі күйіктер терінің қызаруы мен және күйіп , ісініп ауруымен сипатталады.

2-дәрежелі күйік кезінде теріде бастапқы да, мөлдір, кейіннен лайсан сұйықтарға толы күлдіреуік тер пайда болады.

3-дәрежелі ағзаның терең клеткалық ткандарына зақым келтіреді.

Бірінші дәрежелі күйік кезінде дәкен іәлсіз маргансовка ертіндісіне малып, зақымданған жерге тартады да, одан кейін жаралы жерды таңып тастайды.

Екінші,үшіншідәрежелі күйік кезінде киімді және аяқкиімді шешіндірмей, қиыпалғандұрыс. Зақымданған жерін таңып болған соң, емдеу мекемесіне жібереді.

Ластықтан қашу үшін сулы күлдіреуіктерді тесуге немесе кесуге тиым салынады. Өте күшті күйік кезінде жедел жәрдем шақырылады.

Зақымданушыны жатқызып, жаралы жеріне залалсыздандырылған материялар таңады.

Улану- адам ағзасына демалу мүшелері немесе ас қорыту жолдары арқылы уландырғыш заттармен келіп түскен қатерлі дерт. Уландырғыш заттар ас қорыту жолдары арқылы улану кезінде асқазандағы уды немесе ағзадағы оның қойытылған ертінділерін сұйылтып, тазартып шығаруқажет. Асқазанға түскен уды жасанды құсықпен қолдан шығаруға болады. Уланудан жапа шеккендерге 3-4, стақан жылы су ішіп, содан соң екі саусақты жұмсақтаңдайдың тілшігіне жанасқанша енгізу керек. Уланған кезде күшті қышқыл мен жасанды құсық түсіруге тиым салынады. Удың таралуын азайту үшін, ішуге белокты су (2-3) белок, 1 литр су, езілген крахмал, сүт береді.

Аспаздардың міндеттері.

1. Аспаздың орта кәсіптік білімі болу керек.

2. Тағамдар дайындау технологиясының рецептурасын білу керек.

3. Азық- түлік өнімдерін органолептикалық әдіс арқылы сапасын ажырата білу керек.

4. Тағам дайындау кезінде санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау.

5. Дайын өнімдердің сақтау жағдайлары мен мерзімдерін білу керек.

6. Жұмыс орнында әріптестермен мәдениет пен әдепті сақтап араласу керек.

7. Жұмыс орнын ұйымдастыра білу керек.

8. Еңбек әрекеттерін жоспарлау.

9. Аспаздық өнімдер мен тағамдарды дайындауда рецепті негізге алып, технологиялық картаны құрастыру.

III.Жаңа тақырыпқа байланысты еңбек әдістерін көрсету:

1. Қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін айтыңыз?

2. Зерханада қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

3. Аспаздар нені білу қажет, міндеттерін атаңыз?

4. Аспаз мамандығын не үшін таңдадың?

5. Бас тазалығы дегеніміз не? Санитария мен жеке гигиненаны сақтау.

Еңбек құралдарын көрсету арқылы оқушылардың назарын аудару:

Жалпы қауіпсіздік техника ережесін сақтау,қосулы тұрған электрлі плита және пышақ,шанышқыларға көңіл аудару.

IV. Қорытынды нұсқау:

1.Өндірістік оқыту сабағы бойынша қорытынды жасау.

2.Оқушылардың түсінігін сұрау және бағалау.

3. Жұмыс орнын жинастыру.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қауіпсіздік техникасы

Автор: Джулдугулова Алия Кадыргалиевна

Дата: 11.02.2019

Номер свидетельства: 499326

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Мектеп шеберханасында?ы ?ауіпсіздік техникасы "
    ["seo_title"] => string(55) "miektiep-shiebierkhanasyndag-y-k-auipsizdik-tiekhnikasy"
    ["file_id"] => string(6) "131051"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416067224"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау"
    ["seo_title"] => string(53) "k_auipsizdik_tiekhnikasy_zh_nie_ien_biekti_k_org_au_1"
    ["file_id"] => string(6) "460097"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519790075"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "?ауіпсіздік техникасы ж?не е?бекті ?ор?ау"
    ["seo_title"] => string(42) "kauipsizdiktiekhnikasyzhnieienbiektikorgau"
    ["file_id"] => string(6) "333862"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465535253"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорға»"
    ["seo_title"] => string(60) "sabaktyn_takyryby_kauipsizdik_tekhnikasy_zh_ne_enbekti_korga"
    ["file_id"] => string(6) "512643"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1559097297"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "ЕТ кабинетінде ж?мыс істеу ж?не ?ауіпсіздік техникасы ережелері"
    ["seo_title"] => string(79) "iet-kabinietindie-zhu-mys-istieu-zh-nie-k-auipsizdik-tiekhnikasy-ieriezhielieri"
    ["file_id"] => string(6) "277070"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452840478"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства