kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҚР ҚК әскери жарғылары. (Ашық сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

АӘД пәні мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҚР ҚК әскери жарғылары. (Ашық сабақ)»

ЖОББ Совхоз МБ







Ашық сабақ

АӘД оқытушы - ұйымдастырушысы

Сисекешев М.К.











Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет ету–оның әр азаматының міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деп көрсетеді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз–аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету». Елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету – бүкілхалықтық іс, сондықтан қазақстандықтарға жаңа мұраттар негізінде білім мен тәрбие беру міндет. Олар қазақстандық патриотизм, көп ұлтты Отанына деген сүйіспеншілік, еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілікті сезіну. Қазіргі уақытта, армия мен флоттың жаңа қарумен және техникамен жарақтануына байланысты жас жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеу міндеті едәуір күрделенді. Қысқа мерзімде қазіргі қаруды меңгеру, өзіңнің Отаныңның лайықты қорғаушысы болу - күрделі іс; сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны ҚР мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін кәміл ұғынуға тиіс. Орта оқу орындарында «Алғашқы әскери дайындық» курсын меңгеру жастарға ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етуге дайындалуына көмектеседі. Оқушылардың алғашқы әскери даярлығы мынадай мақсаттарда жүргізіледі: - оқушылардың ҚР Конституциясының ережелерін, мемлекет қорғанысының негіздерін білу;- ҚР ҚК-нің тағайындалуын, олардың сипаты мен ерекшеліктерін, әскери қызметтің мәнін, әскери анттың, ҚР ҚК Жарғыларының негізгі талаптарын түсіну; әскери бөлімдердің қару-жарағымен және әскери техникасымен, жеке құрамның орналасуымен, өмірімен танысу; - қажетті әскери білім мен практикалық дағдылар алу; - төтенше жағдайларда адамның тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздерін меңгеру.

Әскери жарғы— әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға тиіс заң болып табылады.[1] Арнаулы мақсатына қарай жауынгерлік (соғыстық) әскери жарғы және жалпыәскерлік әскери жарғы. (ішкі қызметтік, тәртіптік, саптық, горнизондық және қарауылдық әскери жарғылар) болып бөлінеді. Жалпыәскерлік әскери жарғылар Қарулы Күштер түрлерінің бәріне ортақ ережелерді әскери қызметті өтеу тәртібін, әскери қызметшілердің міндеттері мен құқығын анықтайды.[2]

Әскери жарғылар (Воинские уставы) — Қарулы Күштер әскерлерінің күнделікті басшылықка алатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар. Әскери жарғылар Қарулы Күштердің ішкі қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің гарнизон және қарауылдық қызмет жарғысы, Қарулы Күштердің саптық жарғысы, Қарулы Күштердің тәртіптік жарғысы болып бөлінеді. Әскери жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынтерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны мемлекеттің, халықтың мүддесіне сай келеді. Әскери жарғылардың негізгі идеясы — патриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борышына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты: әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу, әскери істі қазіргі әскери өнер мен ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу. ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары 1998 ж. 27 қарашада бекітілді.[3]

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызметінің жарғысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі (кемелердегі), штабтарындағы, департаменттеріндегі (басқармаларындағы), ұйымдарындағы, әскери-оқу (оқу) орындарындағы Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларындағы әскери өмір салтының негізгі ережелерін, ішкі тәртіп қағидаларын, әскери қызметшілердің, командирлердің (бастықтардың) жалпы құқықтары мен міндеттерін, әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуын айқындайды. Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының, әскери анттың және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының мәтіндері берілген.

Соғыс уақытында дала жағдайында және бейбіт кезенде әскери қызметшілерді ұрыс іс-қимылдарына үйрету жөніндегі оқу-жаттығулары мен дәрістерде ішкі қызмет ұрыс іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік жарғылармен, тәлімдемелермен, сондай-ақ осы Жарғымен  айқындалады.  

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы әскери тәртіптің мәнін, әскери қызметшілердің оның сақтаудағы міндеттерін, көтермелеу және тәртіптік жазалардың түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын айқындайды. Онда сондай-ақ Қазақстан Республикасының әскери тәртіп жөніндегі маңызды-маңызды талаптары, оны нығайтудың нысандары мен әдістері туралы негізгі қағидалар бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Куштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы тәуліктік және гарнизондық нарядтың тағайындалуын, құрамын, қызметін ұйымдастырудың және оны өткерудің тәртібін, тәуліктік және гарнизондық наряд лауазымды адамдарының міндеттерін, сондай-ақ гарнизонда бөлімшелер мен бөлімдердің қатысуымен шаралар өткізудің  тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық  жарғысы саптық әдісті, қарумен және  қарусыз   қозғалысты;  әскери бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машинадағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындаудың, саптық байқауды жүргізудің тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы ережесін, оны әкелу мен әкетудің тәртібін; әскери қызметшіліердің сап алдындағы және саптағы міндеттерін, олардың саптық даярлықтарына талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс алаңындағы қозғалыс  әдістерін және қарсылас тұтқиылдан шабуыл жасаған кездегі әрекетін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің жалпы міндеттері.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет  басшысы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының  жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан   Республикасы  Президентінің  2007  жылғы  5 шілдедегі №364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығына түсіндірме жариялады.  

Түсіндірмеде осы Жарлық Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне және күштік құрылымдардың қайта ұйымдастырылуына байланысты әзірленгендігі атап өтілген.
Ішкі қызмет жарғысы, Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы, Тәртіптік жарғы жаңа редакцияда жазылды.

Ішкі қызмет жарғысында әскери қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері және қаруды қолдану тәртібі келтірілген. Ол ішкі тәртіпті,  әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін, негізгі лауазымды адамдардың міндеттерін айқындайды.

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында   гарнизондық және қарауыл  қызметтерін ұйымдастыру мен атқарудың,  гарнизондық іс-шаралар өткізудің тәртібі айқындалған. Жаңа редакцияда гарнизон бастықтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтілген.

Келесі бір толықтыру қылмыстық-атқару заңнамасы шеңберінде әрекет ететін ұлттық сындарлы тетік қатысушылары мен қоғамдық-бақылау комиссиялары мүшелерінің гауптвахталарды тексеруді жүзеге асыруына рұқсат ету  болып табылады.

Әскери қызметшілерді жерлеу және әскери құрмет тұту рәсімдері де нақтыланды.

Тәртіптік жарғыда әскери тәртіп  ұғымы мен оның мәні,  әскери қызметшілердің әскери тәртіпті ұстанудағы міндеттері, ынталандырулардың, тәртіптік  теріс қылықтар мен тәртіптік жазалардың түрлері, қызметтік тергеп-тексеру жүргізудің тәртібі, әскери қызметшілерді жауаптылыққа тартудың тәртібі айқындалды. 

Саптық жарғы аздап өзгерістерге ұшырады, онда сапта жүріп-тұру қимылдарына қойылатын талаптар өзгерді. Осыған сәйкес саптық плацтағы саптық алаңды белгілеп сызу өзгертілді.

Тұтас алғанда, Жарлықты іске асыру Қарулы Күштер мен басқа да әскери құралымдардың қызметін заңнамаға сәйкес келтіріп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
ҚР ҚК әскери жарғылары. (Ашық сабақ)

Автор: Сисекешев Манас Кабдыгалиевич

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 406118

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""Жергілікті жерде картасыз бағдарлану" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(50) "zhergilikti_zherde_kartasyz_bagdarlanu_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "553705"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1592568634"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ашық сабақ "Рота бойынша тәуліктік кезекші""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_rota_boiynsha_t_uliktik_kieziekshi"
    ["file_id"] => string(6) "375437"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483554318"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "?арулы К?штерді?, бас?а ?скерлерді? ж?не ?Р ?скери ??рылымдарыны? жалпы ?скери жар?ылары."
    ["seo_title"] => string(100) "k-aruly-kushtierdin-bask-a-skierlierdin-zh-nie-k-r-skieri-k-u-rylymdarynyn-zhalpy-skieri-zharg-ylary"
    ["file_id"] => string(6) "209914"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431341030"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""?аза? хандары" та?ырыбында?ы ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(43) "k-azak-khandary-tak-yrybyndag-y-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "197199"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428215988"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "АӘД пәні бойынша мәлімет"
    ["seo_title"] => string(26) "a_d_p_ni_boiynsha_m_limiet"
    ["file_id"] => string(6) "365637"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480860256"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства