Сабақтың тақырыбы: Қолғабыс | А мектебі |
Күні: 19.09.2016 ж | Мұғалімнің есімі: Шайрестанова Гульжан Толешевна |
СЫНЫБЫ: 5 "А" | Қатысқандар саны: 14 | Қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Мәтін мазмұнын оқушылар өздігінен түсіне отырып, тіл байлығын, сөздік қорын байыту арқылы сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасау |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: |
Тақырыпты топпен меңгереді, түсінеді, өткен білімдерді пысықтап, қорытындылауға үйренеді.Тәуелдік жалғаулы сөздердің жасалу жолдарын анықтай алады. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Тілдік мақсат | Оқушылар: |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Қолғабыс, шөп, шабу, арба, көмекші, бидайық |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know? Has every learner’s choice been recorded? How can we check? Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket? Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like? |
Талқылауға арналған тармақтар: |
Қолғабыс сөзінің синонимдері |
Арғынның немен айналысқанын санамалап айту. |
Өздеріңнің ата-аналарыңа алғашқы үлкен көмектеріңді еске түсіріңдер. |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
1-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз. 2-тапсырма. Палау пісіру өлеңінен тәуелдік жалғаудың жағын анықтау. Қосымша тапсырма. Кесте толтыру Мәтіндегі кейіпкерлерді ата | Арғынға мінездеме беріңдер | Не үйрендіңдер? | Мәтіндегі түйінді сөз қандай? | | | | | Диалогпен жұмыс жасау Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашу |
Алдыңғы оқу | Лексикалық тақырыбы: "Тазалық" мәтіні Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғау |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы 2 мин 5 мин | Түрлі еңбек құралдары салынған суреттер топқа бөлу Үй жұмысы қайталанады. 4-тапсырма. үйде анаңа, ә пкеңе көмектесетін жұмыстарыңды тізіп жазыңдар. Ж.С. Тазалықтың денсаулыққа пайдасы бар ма? А.С.Неліктен тазалық денсаулыққа пайдалы? А.С.Сендер үйде тазалықты сақтауға аналарыңа көмектесесіңдер ме? Ж.С.Анамызға неліктен үйде тазалықты сақтауға көмектесуіміз керек? | Түрлі еңбек құралдары салынған суреттер оқулық |
Ортасы 1 мин 3 мин 7 мин 2 мин 10 мин 2 мин | Жаңа сабақпен танысу. Қосымша дерек: Мәдіхат Төрежанов 1921жылы 30 сәуірде Ақмола (бұрынғы Целиноград) облысы, Алексеевский ауданы, «Трудовой» ұжымшарында дүниеге келген. Балалар, "қолғабыс" сөзінің синонимі не? Балалар топта ойланып жауабын айтады, дәптерге жазады. 1- топ А 2 қағазға жаңа сөздер іздейді, аудармасын сөздіктің көмегімен жазады. 2-топ А 2 қағазға тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазады. 3-топ А 2 қағазға кестені толтырады Мәтіндегі кейіпкерлерді ата | Арғынға мінездеме беріңдер | Не үйрендіңдер? | Мәтіндегі түйінді сөз қандай? | | | | | Арғын атасына қандай көмек берді? Санамалап айтып шығу. 2-тапсырма. Әр топқа қысқаша бір-бірден мәтін таратылды. Сол мәтіннің мағынасына байланысты сурет салып қорғайды. 1-топ. Ертеде бір қойшы үйіне мызғып алуға келіпті де, қойды қарай тұруға баласын жұмсатыпты. Күн суық болса керек, баласы: –Тоңамын! – деп, сылтауратыпты. Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон тері шалбар, жылы қолғап, басына үлкен тымақ қигізіпті де: – Ал, балам, енді тоңбайсың, бара ғой, - депті. Сонда баласы ұялмастан: – Енді көзім тоңады, - деп жылапты. 2-топ. Аслан шаруаға ұкыпты. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайды. Ағайынды бесеуміз. Аслан бәрімізден үлкен. Ол күнде бізден бұрын оянады да, үй Шаруасына көмектеседі. Аслан әуелі кішкентай қарындасымызды жуындарады, шашын тарып, өріп берді. Содан соң бәрімізге шай қайнатып береді. Бәрімізді мектепке шығарып салады. Анам оған: Менің қолғанатым! - деді. 3-топ. Анарды анасы дүкенге жұмсады. Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар кездесті. Оның Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Екеуі үнемі бір-біріне қолғабыс ететін достар. Сергіту сәті: оқушылар "Күміс құмған-ай" халық әнімен сергіту сәтін жасау. | Оқулық, 44-бет. А 2 қағазы, маркерлер қошемет, смайлик, бағдаршам тәсілдері Критериалды бағалау парағы Суреттің эстетикалық тұрғысы Баяндау 2 сөйлемнен аспау керек. Сөйлемде тәуелдік жалғауды қолдану. Интернет желісі: watch?v=vETbJoWJqOU |
Аяқталуы Қорыту: 6 мин 2 мин 4 мин 1 мин | Қорыту: Бес жолды өлең Композициялық талдау Басталуы Байланысуы Әңгіменің аяқталуы "Адасқан әріптер" Балалар әріптерден мәтінге байланысты сөздерді жазып шығады (топта) Ө, К, Е, М, І, К, Ш И, Б, А,Д, Қ, Й, Ы Р,А, Б,А П, Ш, Ө У, Ш, Б, А Үй тапсырмасы: 5-тапсырма, ереже жаттау. Кері байланыс. 2 жұлдыз, 1 сұрақ. Бағалау. | Дарынды балаларға арналған. Білім деңгейі ортадан жоғары Білім деңгейі орта қошемет, смайлик, бағдаршам тәсілдері |
Қосымша ақпарат |
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
қосымша көмек көрсетуді бағыттаушы сұрақтар арқылы беруді жоспарлаймын ойын түрінде.мыс: "адасқан әріптер" оқушылар жаңа сөздерді құрастыру арқылы естерінде қалай да сақтады деп ойлаймын қабілеті жоғары оқушыларға проблемалық сұрақтар беру арқылы диалогті әрі қарай жалғастыру. мәтіннің жалғасы бар деп ойлайсың ба? | Екі жұлдыз, бір тілек | Орыс тілі, әдебиет, еңбек, сурет АКТ, интербелсенді тақта, ғаламтор Оқулық, суреттер, интернет материалдары және кеспе қағаздар |
Рефлексия Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды. Сабақ оқу мақсаттарына жетті. Тақырыпты топпен меңгерді, түсінді, өткен білімдерді пысықтап, қорытындылауға үйренді.Тәуелдік жалғаулы сөздердің жасалу жолдарын анықтай алды. Қосымша деректен әңгіменің авторы Мәдіхат Төрежанов туралы деректер, қысқаша тақырыпқа байланысты мәтіндер. Негізгі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашты: қолғабыс, шөп, шабу, арба, көмекші, бидайық Арғынның атасына берген көмегін санамалап айтып шықты, өздерінің көмек беретінін, бермейтінін айтып, еске түсірді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптасты. Оқушылар қызығушылық танытты. Берілген уақыт ішінде сәл үлгермедім. Сурет салып, қорғау барысында уақыт үнемделмей қалды. Жоспарда топ көшбасшысы болады деп ойластырмаған едім. Оны балалар өздері ұсынды. Оқушылар келесі сабақта өздері топқа бөлгілері келетіндігін айтып, ұсыныстар жасады. Екі оқушы топқа бөлуді ойластырып келу туралы қосымша тапсырма алды. |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Дарынды және үлгерімі орта оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөліп, тапсырмаларды түрлендіріп беру. 2:Критериалды бағалау Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Топтық жұмыс 2: Шығармашылық тапсырмалар (сурет салу, өлең шығару) Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысы арқылы мен оқушылардың сыныптастары қойған бағаға келіспейтіндігін жазған. Тілек ретінде кей балалар топты келесі сабақта өздері бөлгілері келетінін білдірген. |