Аты- жөні: Жумашева Айнур Уразовна
Мекен- жайы: Атырау облысы,
Махамбет ауданы, Талдыкөл селосы.
Мектеп: Талдыкөл мектеп- балабақша кешені.
Өзін-өзі тану сабағын жоспары
Мектеп Талдыкөл мектеп – балабақша кешені 19/03/2016 № 27
Тақырыбы: «Қазақстан- ынтымақ ордасы»
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: мәдениеттілік, ынтымақтастық, елжандылық
Мұғалім _Жұмашева А.О
Сынып___11 Оқушылардың саны 12
Мақсаты: Оқушыларға еліміздегі ынтымақ, береке, бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушылардың ел ішіндегі бірлік пен түсіністік, рухани келісім, толеранттық туралы ұғымдарын жүйелеп, білімін нақтылау;
- Оқушыларды еліміздегі ұлыстар достастығы мен ел бірлігін сақтауға үйрету;
- Оқушыларды парасаттылыққа, мәдениеттілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Ресурсы:(материалы, источники)
Сабақтың барысы: Баяу ән қойылады.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма? Қандай сезімде болдыңдар?
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды жағдай туғызу.
Сәлемдесу.Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
Сыныпты топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын тексеру. "Төрт ана» М.Шаханов жаттауды сұрау
Сабақтың барысын талдау
3.Дәйек сөз (цитата).
«Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді»
Мақал
Мұғалім сыйы: «Қазақстан Республикасына 25жыл» Видеоролик
4.Әңгімелеу (әңімелесу).
Видеороликтен қандай әсер алдыңдар?
- Тәуелсіздікпен келген еркіндіктің ел өміріне қандай әсері болды?
- Ел бірлігіндегі қазақ халқының рөлі туралы не ойлайсыңдар?
- Еліміздің ел бірлігін сақтауға байланысты қандай салт- жоралғысын білесіңдер?
- Ел бірлігін сақтауда жастардың міндеті қандай?
- Қазақ елінен пана тапқан қандай ұлыстар мен ұл өкілдерін білесіңдер?
5.Шығармашылық жұмыс.
1-топ «Біз үш жүзден көңіліңізді сұрай келдік. Ардақты еліңізге қандай өсет- өнеге айтып қалдырасыз»-дегендерге, Төле би:
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Төле бидің осы ойын толықтырып жазыңдар.
2-топ Көп ұлтты ынтымақты, бірлікті мемлекет екендігімізді дәлелдейтін сөздерден қималар дайындау.
6.Топпен ән салу. А.Жүнісовтың орындауындағы «Жаса Қазақстан» әнін айту
7.Үй тапсырмасы. «Ынтымағы жарасқан ел» тақырыбына эссе.
8.Қорытынды тыныштық сәті.
Балалар, көздерімізді жұмып, ыңғайланып отыраыйқ. Еркін әрі терең тыныс алып, бүгінгі сабағымызды ой елегімізден өткізіп, осы жақсы қасиеттерден барлығын бойымызға жинайық.
Тыныштық, тыныштық,тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.
Бірнеше минут тыныштықта отыра тұрайық. Ал, енді жаймен көзімізді ашайық. Рахмет. Бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін.