Просмотр содержимого документа
«Ә.Қастеев галереясында»
9 сынып Мерзімі: 03.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев галереясында.
І. Сәлемәтсіңдер ме, балалар! Қалдарың қалай?
Бізде бүгін ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарды көтеріңкі көңілмен және жақсы біліммен қарсы алайық. Іске сәт!
Бүгін кім кезекші?
Кім жоқ сыныпта? Себебі. Жақсы отыр.
ІІ. Үй жұмысына не берілді? («Әлемнің ең үздік галереялары» және «Қазақстандағы мұражайлар» тақырыптарына презентация дайындау, Ә.Қастеев туралы әңгімелеу).
Иә, жақсы. Қазір үй тапсырмасына көшеміз. (Дайындаған презентацияларын көрсетеді, Ә.Қастеев туралы әңгімелейді)
Жақсы, отырыңыздар.
Интер.тақта. Енді балалар тақтаға қарап, Ә.Қастеевтің суреттерін атаңдар.
Амангелді сарбаздары
Абай жайлауда
Биік таудағы мұз айдыны
Түрксіб
Колхоз сүт фермасы
Амангелді Иманов
Жас Абай
Жаңа сабаққа шығу:
Балалар,суретшінің бұл туындыларын қайдан тамашалауға болады.
Өнер мұражайында.
Иә,балалар,дұрыс. Өнер мұражайында. Сабақтың тақырыбы:
Инт.тақтада тақырып аты шығады
Ә.Қастеев галереясында.
Мұғалім: Мақсатымыз 1. Мұражай туралы мағлұмат алу;
Жаңа тақырып бойынша «Инсерт» стратегиясын қолданамыз.
«Инсерт» стратегиясы (тақтада)
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Ә.Қастеев атында
Алматы қаласында
Сұрақ-жауап
Мұғалім:Өнер мұражайы кімнің атында?
Оқушы: Әбілхан Қастеев атында?
Мұғалім: Мұражай қай қалада?
Оқушы: Алматы қаласында
Мұғалім:Күн мен тақырыпты дәптерге жазамыз.
Мәтінмен жұмыс. Мәтін таратылады.Тындалым.
1. Іштей оқу
2. Дауыстап оқу, мәнерлеп оқу.(1-2 оқушы)
3. Мәтін астындағы жаңа сөздерді оқиды. (1 оқушы)
Мұғалім: Мәтінде не туралы айтылады?
1-Оқушы:Мәтінде Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы туралы айтылады.
2-Оқушы: Мұражай 1976 жылы құрылды.
3- Оқушы: 1984 жылы мұражайға Ә.Қастеев аты берілді.
Топпен жұмыс
Кубизм стратегиясы
Аудару (мәтіннен 1-2 сөз тіркесін немесе сөйлемді аудару.)
Талдау ( 1 сөйлемге синтаксистік талдау)
Қолдану (қыстырма сөздермен сөйлем құрастыру)
Зерттеу ( диалог құрастыру)
Суреттеу (суретшінің бір суретін суреттеу)
Салыстыру («Әлемнің ең үздік галереялары» және «Қазақстандағы мұражайлары»)
Топтардың жауабы
IV.Сабақты қорытындылау (5 мин)
Инсерт стратегиясын толтыру
Не білдім? Не білгім келеді?
1976 ж.құрылды мұражайға барғым келеді
1984 ж.Ә.Қ.аты берілді мұражай экспонаттары туралы көп
22500 мың туынды білу
14 залы
V. Үйге тапсырма: «Ойды аяқтау» Егер мен суретші болсам, ...
VI.Бағалау: (2мин) М:Сабақтың мақсатын еске түсірейік
Мұражай туралы мәлімет алу. Мақсатқа жеттік пе? Ия,жеттік
М: Балалар,сендер өздеріңе қандай баға қойдыңдар.
VII.Рефлексия кезеңі: (2 мин) Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (жақсы, өте жақсы).Сабақ сендерге ұнады ма? Ия,ұнады. Қызық өтті.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы
Қазақтың ұлттық көркемсурет галереясы Қазақтың қолөнер мұражайымен біріктіріліп,1976 жылы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік Өнер мұражайы деген атқа ие болды. Оған 1984 жылы ҚазССР халық суретшісі Ә.Қастеевтің есімі берілді.
Бұл мұражай қорында бейнелеу өнерінің түрлі саласында жинақталған 22500-ден аса экспонаттар бар. Мұражайдың 14 залында кеңес өнері, орыс және Батыс Еуропа, сондай-ақ Шығыс өнері туындылары қойылған.
«Қазақстан бейнелеу өнер залында» республикамызда ұлттық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан танымал суретшілер Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, А.Ғалымбаева, Х.Наурызбаев, Н.Нұрмұхамедов,С.Мәмбеев, Г.Исмайлова, С.Романов, Е.М.Сидоркиннің және ТМД республикалар суретшілерінің туындылары қойылған.
Батыс Еуропа өнері залында Италия, Германия, Голландия, Франция өнер шеберлерінің шығармалары және Үндістан, Жапония, Қытай елінің қызықты экспонаттарын да көруге болады.
Мұражайда арнайы ғылыми кітапхана жұмыс істейді.
Жаңа сөздер: қолөнер-прикладное искуссво
қоры- фонд
үлес -вклад
танымал - известный
туынды - произведение
есімі – имя
біріктіру – объединять
қалыптасу – формирование