?БІЛХАН ?АСТЕЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНЫ? ?ЛТТЫ? Т?РБИЕ БЕРУДЕГІ ОРНЫ
?БІЛХАН ?АСТЕЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНЫ? ?ЛТТЫ? Т?РБИЕ БЕРУДЕГІ ОРНЫ
Т?уелсіздік ?о?амды? ?мірде к?теген ?згерістерге жол ашты. Соны? е? бастысы – исі ?аз?ты? ?лкені мен кішісіні? ?з хал?ыны?, ?аза? ?лтыны? т?пкі тегін білуге, тарихын, ?лтты? м?дениетіні? болмысына жете ??ілуге м?мкіншілік ал?аны. К?п жа?дайда бізді? хал?ымызды? да бас?а халы?тармен та?дырлас бол?анымен ?з ??мырында ?зіндік жолы бар, бас?алар?а ??самайтын ерекшелігі бар ел бола т?ра оны т?піштеп айту?а, о?ан жете ??іліп, ?ызы?тау?а, д?ріптеуге м?мкіндігі болмады. С?з жо?, б?л жа?дайда бізді? ке?естік ел атан?ан кешегімізден керексізі ?айсы, одан нені ?зімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жа?артып, жа??ырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды ?ажетсінеді. Осы т?р?дан о?у - а?арту ісіні? барысында нені ?алдыру, нені ?айта ?арап ?згерту дегендерді де аны?тау керектігі туып отыр. Сонды?тан біз б?рын елемей, к?зі жауып келе жат?ан ата – баба д?ст?рін ?айтадан жа??ыртуымыз керек, б?л бізді? ел болып т?руымызда?ы е? бір сенімді тірек. Ол ?шін біз о?ушыларды осы ?ажеттілікке ?йретуіміз керек. Осы айтыл?андар негізінде ?білхан ?астеевті? шы?армасыны? о?ушылар?а беретін т?рбиелік роліні? ма?ызын талдауды ма?сат етіп ?ойдым.
?азіргі ?аламдану ?рдісіні? рухани ?мірімізге алып отыр?ан орны жеке адам мен ?о?ам арасында жа?а ?атынастар ?алыптастыруда, м?ны? ?зі м?дени ортада жа?а ??ндылы?тар?а жа?аша к?з ?арас тудырады.
?аза?стан ?шін алып ?ара?анда ?азіргі бізді? білім беру ж?йемізде, ?лтты? м?дени бастауларынан алыстап ?ана ?оймай, ?лемдік білім беру ке?естігінен де о?шаулануда. Я?ни б?ны? себебі біз к?п жылдар бойы орыс отаршылдарыны? ы?палында болды?. Б?л кезде біз, еш?андай ?лтты? м?дениетті? даму жолын, саяси басымдылы?ты? ы?палында ауыз?а алып, жол?а ?оя алмады?. Одан кейін т?уелсіздік алып, ?з бостанды?ымыз ?олымыз?а тиген кезде не істерімізді білмей, бір талай уа?ыт ба?ыт – ба?дарымызды т?зей алмай сенделіп ?алды?. Д?л осы с?тте та?ы да ?лемдік білім беру де?гейіне жете алмай ?алды?. Сонды?тан біз ?азіргі с?тте, осы кемдікті? орнын толтыру?а бет б?рды?.
Сол себепті ?білхан ?астеев шы?армаларын зерттеу, ?лтты? бейнелеу ?нерімізге ?ос?ан ?лестерін, ?ыс?асы к?ркем ?нердегі алатын орнын д?рыс ба?алау, бізге ?те ?ажет болып отыр. ?йткені біз ?аза?стан бейнелеу ?нерін ?білхан ?астеевсіз ойлап жете т?сіне алмаймыз. Сонды?тан да оны? ?ызы?ты да ?иыншылы??а толы ?мірбаяны мен шы?армашылы? т?жірибелерін о?ушылар?а таныстырып, оларды? біліктілігін, білімділігін жетілдіру, сурет салу?а деген ?ызы?ушылы?ын, ынта жігерін арттыру керек. Сонымен
?оса к?ркемдік тал?амдарын жетілдіру м?селесін де естен шы?армау керек. Б?ны? б?рі о?ушыларды? ?нер с?йгіштікке, ?лтжанды ?асиеттерін к?шейтіп, патриотты? сезімге бай болу?а ?сер етеді.
?аза?ты? ?йгілі кескіндемешісі, график суретші, ?аза? бейнелеу ?неріні? негізін салушыларыны? бірі. Е?бек жолын Т?ріксіб теміржолында ж?мысшы болып бастады. 1929 -31 жылдары ?. ?астеев Н. Г. Хлудовты? к?ркемсурет студиясында о?ыды. 1934-37 жылдары білімін М?скеу ?аласында Н. Крупская атында?ы коркемсурет галереясында жал?астырды. 1942 жылы ?аза?станны? е?бек сі?ірген ?нер ?айраткері, 1944 жылы ?аза?станны? халы? суретшісі ата?тарын ал?ан. 1945-56 жылдары ?аза?стан Суретшілер Ода?ы бас?армасыны? т?ра?асы. халы? ?міріні? алуан к?ріністерін шынайы бейнелеген мы?нан астам к?ркем туындыларды д?ниеге келтірген. ?. ?астеев ?ол?нерге, суретшілікке жастайынан бейім бол?ан. Анасы Ай?анша кілем, алаша, бау-бас??р то?у?а, сырма? сыру?а шебер адам болыпты. ?білхан осы халы? ?неріне бала кезінен к?з ?аны?тырып, анасына ою-?рнектер салу?а к?мектесіп, сурет ?неріне ?олын ?йретіп ?седі[1, 288 б].
Бейнелеу ?неріне ?лтты? ?н ?ос?ан ?лы суретші, хал?ыны? ?мір т?рмысын ?аз-?алпында бейнеледі. ?ткен ?мірдегі салт-д?ст?рлер, наным сенімдер, т?рлі ырымдарды ?нерімен саба?тастыра білді. Бала жастан бойына сі?ірген бейнелік ой-т?жырымы, жина?тал?ан т?жірибесіні? негізгі н?рі ?лтты? намысын жандандыра т?сті. ?. ?астеевті? шы?армалары халы?ты? д?ст?рге бай[2, 190 б]. Ал?аш?ы жылдары салын?ан "Киіз ?йді? к?рінісі" атты шы?армасы к?шпелі хал?ымызды? т?рмыс тіршілігін бедерледі. Онда от басында?ы ?желерімізді? ісмерлік ?нері д?ріптелген. Киіз ?йді? ішкі к?рінісі хал?ымызды? киелі ?ол?неріні? ?лгілерімен безендірілген ша?ын м?ражай?а арнал?ан к?ріністі? м?нін ашып к?рсетеді. Оны?1930-31 жылдары сал?ан "?арындасты? портреті", "Автопортрет" атты туындылары т?пн?с?а?а ??састы?ымен ж?не кеіпкер болмысын ашу?а деген талпынысымен ерекшеленеді.
Ол бірте-бірте ел ?міріні? алуан саласы тіршілік тынысына ден ?ойып, тарихи-?леуметтік ?згерістерге суреткер зердесімен ?арай бастады. Оны? "Мектепте" (1930ж.), "Т?ріксіб" (1932ж.), "Жамбыл портреті" (1937ж.), "Ескі ж?не жа?а т?рмыс" (1937-41жж.), "Жас Абай" (1945 ж.), "Амангелді сарбаздары" (1970 ж.) сия?ты туындылары дарынды суретшіні? ?ткен мен б?гінгіні шыншылды?пен бедерлеген к?ркем шежіре іспеттес [3, 77б]. ?лтты? ?ресі биік суретші жасандылы?ты жаны с?ймеген, к?ргенін д?л ?алпында бейнелеген шебер. К?шпелі елді? ??ым т?сінігіне, рухани ?леміне ?лас?ан ?зіндік шы?армалары халы?ты? т?рмыс-тіршілігін айшы?тап к?рсетеді.
"К?к камзолды ?ыз", "?ос ??рбы", "?ыз ?зату", "Келін т?сіру" атты шы?армалары ?лтты? д?ст?рді нанымды бейнелейді. Даланы? ?мірі мен негізгі к?сібіне байланысты ?аза? хал?ыны? ?лтты? киім киюдегі ?зіндік ерекшелігін, ту?ан жерді? ?сем таби?атын, оны? дидарында?ы адам ?олыны? жасампаз ?згерістерін зор шабытпен бедерлей ал?ан суреткер. Оны? "Биік таулы м?з айдын" (1954ж.), "Г?л аш?ан алма" (1958ж.), "Мені? Отаным" (1959ж.), "Жайлауда?ы автод?кен" (1963ж.), "?апша?ай ГЭС-1" (1972ж.) сия?ты полотнолары эпикалы? ?арымымен, шыншылды?ымен назар аудартады[3, 78 б].
?.?астеев суретші ретінде ?зіндік дара ?олта?басымен ?ана ерекшеленіп ?оймайды, сонымен бірге, ол ту?ан жері мен ?скен елін перзенттік махаббатпен жырлай білген. ?білхан ?астеевті? к?п е?бектерін Алматы ?аласы Т. Г. Шевченко атында?ы ?аза? к?ркем галереясынан к?руге болады. Екі м?рте Е?бек ?ызыл Ту, Октябрь Революциясы, "??рмет белгісі" ордендерімен марапаттал?анетеді[4, 2 б].
?. ?астеев есімі ?аза?стан Республикасы Мемлекеттік ?нер м?ражайына ж?не Шымкет ?аласында?ы К?ркем?нер коледжіне, сондай-а? ?аза?станны? бірнеше ?аларында?ы к?шелерге берілген. Алматыда белгілі суретші ?білхан ?астеевті? ескерткіші ашылды. Ескерткіш суретші атымен аталатын ?білхан ?астеев атында?ы мемлекеттік ?нер музейіні? алдына ?ойыл?ан.
Просмотр содержимого документа
«?БІЛХАН ?АСТЕЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНЫ? ?ЛТТЫ? Т?РБИЕ БЕРУДЕГІ ОРНЫ »
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ОРНЫ
А. С. Канафина
Балхаш қаласы,
№ 16 орта мектеп
Тәуелсіздік қоғамдық өмірде көтеген өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыздың да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жолы бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге мүмкіндігі болмады. Сөз жоқ, бұл жағдайда біздің кеңестік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуіміз керек. Осы айтылғандар негізінде Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролінің маңызын талдауды мақсат етіп қойдым.
Қазіргі ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізге алып отырған орны жеке адам мен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптастыруда, мұның өзі мәдени ортада жаңа құндылықтарға жаңаша көз қарас тудырады.
Қазақстан үшін алып қарағанда қазіргі біздің білім беру жүйемізде, ұлттық мәдени бастауларынан алыстап қана қоймай, әлемдік білім беру кеңестігінен де оқшаулануда. Яғни бұның себебі біз көп жылдар бойы орыс отаршылдарының ықпалында болдық. Бұл кезде біз, ешқандай ұлттық мәдениеттің даму жолын, саяси басымдылықтың ықпалында ауызға алып, жолға қоя алмадық. Одан кейін тәуелсіздік алып, өз бостандығымыз қолымызға тиген кезде не істерімізді білмей, бір талай уақыт бағыт – бағдарымызды түзей алмай сенделіп қалдық. Дәл осы сәтте тағы да әлемдік білім беру деңгейіне жете алмай қалдық. Сондықтан біз қазіргі сәтте, осы кемдіктің орнын толтыруға бет бұрдық.
Сол себепті Әбілхан Қастеев шығармаларын зерттеу, ұлттық бейнелеу өнерімізге қосқан үлестерін, қысқасы көркем өнердегі алатын орнын дұрыс бағалау, бізге өте қажет болып отыр. Өйткені біз Қазақстан бейнелеу өнерін Әбілхан Қастеевсіз ойлап жете түсіне алмаймыз. Сондықтан да оның қызықты да қиыншылыққа толы өмірбаяны мен шығармашылық тәжірибелерін оқушыларға таныстырып, олардың біліктілігін, білімділігін жетілдіру, сурет салуға деген қызығушылығын, ынта жігерін арттыру керек. Сонымен қоса көркемдік талғамдарын жетілдіру мәселесін де естен шығармау керек. Бұның бәрі оқушылардың өнер сүйгіштікке, ұлтжанды қасиеттерін күшейтіп, патриоттық сезімге бай болуға әсер етеді.
Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушыларының бірі. Еңбек жолын Түріксіб теміржолында жұмысшы болып бастады. 1929 -31 жылдары Ә. Қастеев Н. Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында оқыды. 1934-37 жылдары білімін Мәскеу қаласында Н. Крупская атындағы коркемсурет галереясында жалғастырды. 1942 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атақтарын алған. 1945-56 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы. халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Ә. Қастеев қолөнерге, суретшілікке жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі[1, 288 б].
Бейнелеу өнеріне ұлттық үн қосқан ұлы суретші, халқының өмір тұрмысын қаз-қалпында бейнеледі. Өткен өмірдегі салт-дәстүрлер, наным сенімдер, түрлі ырымдарды өнерімен сабақтастыра білді. Бала жастан бойына сіңірген бейнелік ой-тұжырымы, жинақталған тәжірибесінің негізгі нәрі ұлттық намысын жандандыра түсті. Ә. Қастеевтің шығармалары халықтық дәстүрге бай[2, 190 б]. Алғашқы жылдары салынған "Киіз үйдің көрінісі" атты шығармасы көшпелі халқымыздың тұрмыс тіршілігін бедерледі. Онда от басындағы әжелеріміздің ісмерлік өнері дәріптелген. Киіз үйдің ішкі көрінісі халқымыздың киелі қолөнерінің үлгілерімен безендірілген шағын мұражайға арналған көріністің мәнін ашып көрсетеді. Оның1930-31 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кеіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді.
Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан саласы тіршілік тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастады. Оның "Мектепте" (1930ж.), "Түріксіб" (1932ж.), "Жамбыл портреті" (1937ж.), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-41жж.), "Жас Абай" (1945 ж.), "Амангелді сарбаздары" (1970 ж.) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінгіні шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес [3, 77б]. Ұлттық өресі биік суретші жасандылықты жаны сүймеген, көргенін дәл қалпында бейнелеген шебер. Көшпелі елдің ұғым түсінігіне, рухани әлеміне ұласқан өзіндік шығармалары халықтың тұрмыс-тіршілігін айшықтап көрсетеді.
"Көк камзолды қыз", "Қос құрбы", "Қыз ұзату", "Келін түсіру" атты шығармалары ұлттық дәстүрді нанымды бейнелейді. Даланың өмірі мен негізгі кәсібіне байланысты қазақ халқының ұлттық киім киюдегі өзіндік ерекшелігін, туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954ж.), "Гүл ашқан алма" (1958ж.), "Менің Отаным" (1959ж.), "Жайлаудағы автодүкен" (1963ж.), "Қапшағай ГЭС-1" (1972ж.) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады[3, 78 б].
Ә.Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай білген. Әбілхан Қастеевтің көп еңбектерін Алматы қаласы Т. Г. Шевченко атындағы Қазақ көркем галереясынан көруге болады. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталғанетеді[4, 2 б].
Ә. Қастеев есімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Өнер мұражайына және Шымкет қаласындағы Көркемөнер коледжіне, сондай-ақ Қазақстанның бірнеше қаларындағы көшелерге берілген. Алматыда белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің ескерткіші ашылды. Ескерткіш суретші атымен аталатын Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің алдына қойылған.
Қорыта айтқанда, Әбілхан Қастеев есімін, әрі оның таза, тұнық, қазақ рухынан туындаған, өшпес, өлмес, асқақ туындыларын, бүкіл қазақ халық арасына кеңінен тарату арқылы, иісі қазақ халқының, қазіргі кезге дейін қалып қойған отаршылдық әсерінен құтылып, жаңа қазақ иісті халық дәстүрлерін қалыптастыру қажет.