Білімділік: о?ушыларды? тіл дыбыстары туралы білімдерін ке?ейте отырып, ?ріп, дыбыс ж?не ?ліпби туралы т?сініктерін ке?ейту тіл біліміні? фонетика саласымен таныстыру.
Дамытушылы?: о?ушыларды? ?здігінен ж?мыс істеу да?дыларын арттыру, ізденгіштікке, машы?тану?а баулу.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен жоспар»
Сабақтың тақырыбы: Тіл дыбыстары туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тіл дыбыстары туралы білімдерін кеңейте отырып, әріп, дыбыс және әліпби туралы түсініктерін кеңейту тіл білімінің фонетика саласымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, ізденгіштікке, машықтануға баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, дыбыстау мүшелерінің суреттері, алфавит жазыылған кесте.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын, оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қоямын.
Жаңа сабақ:
Фонетика – гректің «phone» сөзі, беретін мағынасы – «дыбыс». Сонда «фонетика» термині «тілдің дыбысың жүйесін, яғни жасалу жолдары мен естілуін зерттейтін тіл білімінің саласы» дегенді білдіреді. Фонетика дыбыстардың жасалуы, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселерін қарастырады.
Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре алмайды.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып айтыла береді. Олар үш түрлі сипатта болады. Мыс: мал, тал, қал.1) сөздегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, сондағы сөздердің мағынасы да әртүрлі. 2) сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі. 3) сөздегі дыбыстардың орын тәртібі.
Сөйлеу мүшелері: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады.
Оқулықпен жұмыс:
233-жаттығу. Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгертіп, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.
Сал – сел, сол, сөл т.б.
Жат – жет, жұт т.б.
Тас – тес,түс, т.б.
Тық – тақ,
Қаш – қыш
Жан – жын, жүн т.б.
234-жаттығу.
Төмендегі сөздердің дыбыс саны көбейту арқылы мағынасы басқа-басқа сөздер жасаңдар.
Ал – аласа, алыс, алшақ, алып, алма т.б.
Ат- атыс, атарба, атақты т.б.
У – уыс, уық, уылдырық т.б.
Ыс – ыстық, ысық, ысырап т.б.
Ас – аспаз, асхана, астық, асық т.б.
235-жаттығу.
Метаграммаларды шешіңдер.
Тау, дау
Гүл, күл
Бу, ну, у
Көл, шөл
Бекіту: Бүгінгі тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.