Білімділік: етістіктен ал?ан білімдерін бекіту, етістікті? ?зіндік ерекшеліктерін ме?герту;
Дамытушылы?: талдау жасай білу, топта ж?мыс істеу да?дыларын одан ?рі дамыту, т?рлі жатты?у ж?мыстары ар?ылы п?нге ?ызы?ушылы?тарын арттыру, тіл байлы?ын, с?йлеу шеберлігін ?алыптастыру?а ы?пал ету;
Просмотр содержимого документа
«Етістіктен ?ткенді ?айталау. 7-сынып »
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: етістіктен алған білімдерін бекіту, етістіктің өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;
Дамытушылық: талдау жасай білу, топта жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру, тіл байлығын, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға ықпал ету;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, өзара сыйластыққа жетелеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өнер, музыка
Әдісі: Ой шақыру, сұрақ-жауап, Блумның сұрақ қою өлшемі, Венн диаграммасы, еркін жазу, жеке және топтық жұмыс, ББҮ
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сыныпты 4 топқа бөлу
ә) кезекшінің есебі
б) сабақтың мақсатымен, жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру
в) психологиялық жағдай туғызу
Ой шақыру
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын анықтап алу үшін менің әрекеттеріме назар аударуларыңды өтінемін (домбыраны аламын, орындыққа отырамын, күй ойнаймын, тұрамын, басымды иемін).
Сұрақ: қандай қимылдар орындалды? (оқушылар айтады)
Олар қандай сұрақтарға жауап береді?
Ол қай сөз табы?
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістіктен өткенді қайталау». слайд
Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Бізге мәлім деректер(слайд)
Деңгейлерін анықтау мақсатында әр топ бір-біріне сұрақтар қояды. (топ
басшысы кім неше сұраққа жауап бергенін бақылап, дұрыс жауап бергенге фишка береді)
- Жинаған фишкаларының санына қарай бөліп отырғызу
І топ – «Алғырлар»
ІІ топ – «Білімділер»
ІІІ топ – «Тапқырлар»
ІV топ – «Оқымыстылар» (слайд)
ІІІ. Мағынаны тану
Мұны білген жөн (слайд)
Блумның сұрақ қою өлшемі әдісі бойынша:
І топ – Етістіктің сөйлемдегі қызметі (интерактивті тақтамен орындайды)
ІІ топ – Мәтіннен шақтарды тауып қай шақта тұрғанын айту
ІІІ топ – Мәтіннен есімшелерді табу
ІV топ - Мәтіннен көсемшелерді табу
ІV. Беласар (слайд)
Тапсырма: әннен етістіктерді тауып, құрамына талдау
(Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаймын)- слайд
V. Біліміңді байқап көр (слайд)
Венн диаграммасы (салыстыр): (топқа жеке плакат беріледі)
І топ:
ІІ топ Мәтін: «Бақыт» - рай түрлеріне ажырату, «Бақыт» сөзіне ассосация құру немесе сурет салу.
ІІІ топ: «Ұйқасын тап» -
_______________________ жайнаған,
_________________________ ... – ған.
_________________________________
_________________________________
ІV топ – логикалық сұрақтар:
Барлық шаққа ие болатын қай рай? (ашық рай)
І жақта айтылмайтын қай рай? (бұйрық рай)
Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай? (қалау рай)
Қалау рай жасауға қатысатын көмекші етістіктер (игі еді)
Тек қана етістіктен тұратын жұмбақ (Ти десем...)
Құстың атымен тұлғалас келетін етістік (қаз)
VІ. Жолайрық(слайд)
Мен жұмбақ оқимын. Шешуі: тұйық етістік (слайд)
Есімдерше тәуелденіп, септеледі,
Бірақ жіктелмейді, көптеледі.
Есім мағынасында қолданыла береді,
Мұны кім айтып, дәлелдеп береді?
І топ – Еркін жазу: «Мен – етістікпін»
ІІ топ – «Президентке хат» - тұйық етістікті қатыстырып
ІІІ топ – кітаппен жұмыс: 126-беттегі 1-тапсырма
ІV топ – 126-беттегі 3-тапсырма
VІІ.Қорытынды
Сыр шертер(слайд) (тапсырма 4-топтан бастап беріледі)
І топ – Ұстазға айтар тілегім...
ІІ топ – Сабақ несімен ұнады
ІІІ топ – Келешекте нені білгім келеді
ІV топ – Бүгінгі сабақта нені үйрендік
VІІІ.Үйге тапсырма: ой-толғау «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»
ІХ.Бағалау
«Жедел жауап» - берілген есімшелерге зат есімдерді тіркестіріп айту: