kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғылыми әдістемелік әзірлеме

Нажмите, чтобы узнать подробности

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың  ауыз-екі сөйлеу қабілеттерін дамыту 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми әдістемелік әзірлеме»

Мазмұны

І.Кіріспе ................................................2 – 4 бет

ІІ.Негізгі бөлім.......................................5 – 15 бет

I .Оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану сапалы білім негізі.Практикалық бөлім.

II.Оқушылардың ауыз-екі сөйлеулері бойынша

көрсеткіштері..............16 бет

Қорытынды...................17 бет

ІII. Пайдаланылған әдебиеттер..................18 бет

























Қазақстан -2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі-жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу,олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу.

Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Н.НАЗАРБАЕВ.







Кіріспе



Қазіргі кезде білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды негіздерінің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып,әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ,ол әлем халықтарының білім берудегі бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы керек.

Қазақстан Республикасының үлкен өзгерістерінің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады.Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

ҚР «Білім туралы» Заңы білім берудің ұлттық моделін дамыту бағытындағы мақсаттарды көздейді.Осы тұрғыда білім беруді жаңашаландырып,оның жаңа жүйесін жасап,дәстүрлі жүйесін жасап,дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету басты парыз.

Жалпы білім берудің қазақстандық моделі берік,негізді болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын,рухани және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және отансүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын тәрбиелеу керек.Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар,ғылымның жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім беру алу үшіін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу,білім беруді ақпараттандыру.

Қазіргі білім берудің мақсаты – танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан,өз бетімен бағдарлай,қызмет жасай

білетін ,өздігіенен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің III съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет.

Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс бұл уақыт талабы»-дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат-жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және



жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімем жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық кабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалык технологинларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Осы елге ертең ие болып, тізгінін ұстар азаматтар — бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық мектептерге үлгі болуға тиісті оку орындарының бүгінгі жайы, даму бағыттары бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.

Бүгінгі мектептің, мұғалімнің ең басгы қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-ғұрпы, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп - тамырында екендігі. Сол ұлттың байлықты бүкіл азамазттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың жол ашуына түрткі жасау — міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің сәулелі мұраты —өз пәнінен білім беріп қана коймай, әр баланы тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Ұлы дана Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді сүйреп шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» деген сөзі еріксіз ойға оралады.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу кажеттілігі тұр.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттап, көш басын өркениетті мемлекеттер қатарына бұрған екенбіз, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымызды ұлттық тәлім – тарбие тағылымдарымен сусындатуымыз керек.

Ұлттық білім мектептерде ұлттық тұлғаны дамытуға негіз жасалады.

Ол үшін оқушы ең басты тұлға ретінде көрінуі тиіс. Мұғалім үшін заман талабына сай ғылыми —әдістемелік мектеп пен рухани азық алатын қор кажет. Сонда ғана оқушыларды ұлттық білім нәрімен сусындалатын тәрбие аламыз.

Негізгі бөлім

Білім беру саласында оқытудың озық әдістерін меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа әдіс мұғалімнің өзін- өзі дамытып, жан-жақты маман болу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Олар әртүрлі қызықты тапсырмалар мен іскерлік, деңгейлік, өздік жұмыстар арқылы шығарма, мазмұндама жазып пікірлеседі, өз ойларын толык дұрыс жеткізугс білуге дағдыланады. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ана тілін оқытудан өзгеше. Ол өзге тіл есебінде жүргізіледі. Орыс тілді мектептегі қазак тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-катынас біліктілігін яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың басты мақсаттары - оқушылардың ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін өсіріп, дұрыс сөйлеу, білім деңгейінің тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.Осы түрғыда мұғалім өз тәжірибесінде педагогикалық технологияның жаңа әдістемелерін пайдаланып, жас ұрпақты оқыту,тәрбиелеуде педагогиканын озык үлгілерін жаңашылдықпен дамытып отырады.

Білім алуда адамнын ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады.

«Педогогикалық технология- оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдайда оку үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, өткізудің жәнс оқушы мен окытушының бірлескен псдагогикалық әрекетерінің әрбір жеке бөлшегіне дейін ойластырылған моделі. (В.М.Монахов).

В.И. Беспалькода оқу материалдарын меңгерудің 4 деңгейін ұсынды. Олар : оқушылық, алгоритмдік, эвристикалық,шығармашылық.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына ,барлық пәндерге еніп,оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандырағындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамның қазіргі кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибиесіне еңгізілуде. Мысалы В.И. Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М. Жанпейсованың оқытудың модульді технологиясы және Ж.Л.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбиесіне түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пер талантқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.

Оқытудың казіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардын психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үрдісіне ендіру мол іздеушілікті талап етеді.Сондыктан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің калыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс- тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профсссор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін.

Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.

1 .Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.

2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.

3.Берілген білімді пысықтау.

4. Оқушының білімін тексеру, бақылау.

5.ІІІығармашылық кабілетін арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушынын нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оғы оянып,басқалардан қалып коймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз — балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалып сатылы жұмыстар жүйесі.

Деңгейлік маңыздылығы — оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу- танымдық кұзіреттілігі қалыптасады.

Бүгінгі таңда балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағатандырағындай білім беру,көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытыдуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде казір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамның казіргі кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысын ең бірінші сабаққа даярлықпен басталады, яғни өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі , оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармышылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Ал, шығармашылық қабілеттері шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушының шығармашылық ойлауы жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасыптасып отыратыны анық.

Сондықтан мен Ж.А. Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» өз тәжірибемде тиімді пайдаланып келемін.

Мысалы 6 сыныптағы деңгейлік тапсырмалардың түрлерін алатын болсам.

6 сыныпта XI модуль берілген, әр модульде деңгейлік тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың алған білімдері бекиді,ауыз-екі сөйлеу қабілеттері дамиды.

Мысалы:


I модуль

МЕНІҢ АНАМ – ЕҢ СҰЛУ АДАМ

Мәтінді сөздіктің көмегімен оқыңдар,деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.



Айналайын

Бала кезімнен естіген,үйренген,білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен ерекше орын алады.Өйткені ол сөзді әжем де,анам да,әкем де мен үшін тілдерімен емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін.Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда,мейірлене кеудесіне қысып,маңдайыма ыстық лебізін тигізе иіскейтін.Сондықтан ол сөз маған барлық сөздерден де құдіретті сезілетін. Ол сөз «айналайын» деген сөз еді. Осы сөз әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сайын, мен де «айналайын» дейтін болдым.



III деңгей

  1. Мәтіннен ілік септікте тұрған сөзі бар сөйлемді тауып,көшіріп жазыңдар.

  2. Сызба бойынша бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.







......................

«Айналайын» деп ......................... айтады.

............................



........................................... көкейімде ерекше орын алған сөз.

........................................... құдіретті сөз.

............................................. әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сөз.

II деңгей



Мәтін бойынша сөйлемдерді тексеріңдер.Дұрыс немесе бұрыстығын анықтаңдар.

1.Бала кезімнен естіген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен ерекше орын алмады.

2.Ол сөзді әжем де,анам да,әкем де мен үшін тілдерімен айтатын.

3.Сондықтан ол сөз маған барлық сөздерден де құдіретті сезілетін.

I деңгей

Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып,

«Менің отбасымдағы құдіретті сөз»атты шағын мәтін құрастырыңдар.

1.Қандай жылы сөзді жақсы көресің?

2.Үйіңде жылы сөзді кім көп айтады?

3. «Айналайын» деген сөзді бұрын естідің бе?

4.Бұл сөзді неге үлкендер айтады?

5.Бұл сөзден басқа қандай құдіретті сөздерді білесің?



II модуль

МЕНІҢ ДОСТАРЫМ.

ОЛАРДЫҢ МІНЕЗІ, ЖАҚСЫ ҚАСИЕТТЕРІ

Шын достық

Досымбек екеуіміз ылғи бір жатып,бір тұрамыз.Бір үзім нанаға шейін бөліп жейміз.Бір анадан егіз туғандаймыз. «Дос болса, осылардай болсын»,-дейді жұрт. Досымбек бір күні кенеттен сырқаттанып,ауруханаға түсті.Науқасы өте ауыр.Ішкенім ас болмай,ұйқым қашып,уайым жедім. Күнде барып, тұрып халін біліп тұрамын.

Күннен – күнге ауруы меңдеп,халі нашарлап барады.

  • Дауасы бар ма бұл аурудың? – деп сұрадым емдеуші дәрігерден бір күні.

  • Бір ғана дауа – таза қан құю, - деді дәрігер. Дереу өз қанымды сарапқа салдым. Дәрігерлер қанымды алып,шұғыл зерттеп жатыр. «Қаным іске жарап,Досымбектің жаны қалса» деген бір ғана тілек болды менде. Қанымды алып, Досымбекке құйғанда, бір жақсылықты сезгендей жүрегім лүпілдеп,қарауытып сөнуге айналған үміт оты қайта маздап жана бастады.

Тілегім орындалып,Досымбектің беті бері қарады. Досымбек әбден айығып,ауруханадан шықты.

III деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Досымбек екуі қандай достар?

  2. Досымбек ауруханаға түскенде, досы қандай халде болды?

  3. Аурудың емі не болды?

  4. Досымбектің досы қандай тілек тіледі?

  5. Досымбектің досы қандай дос деуге болады?

II деңгей

1.Жағдаяттық сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Досымбектің жағдайы сенің басыңнан өтті ме?

2.Досымбектің орнында сен болсаң,не істер едің?

3.Сен ауруханада жатырсың,досың саған көмек бермеді.Ауруханадан жазылып шыққаннан кейін сен онымен әрі қарай дос боласың ба?



2. Мына сөздерді тасымалдаңдар:

Досымбек,анадан,аурухана,дәрігер,емдеуші,жақсылық,үміт,сезгендей.







I деңгей

Досыңның саған жасаған бір жақсылығын шағын шығарма етіп жазыңдар.

Менің достарымның мінезі

Менің досым – Медет. Ол өзінің алғырлығымен,білімділігімен,еңбекқорлық қасиеттерімен көзге түседі. Медеттің жақсы бір қаситі – ұйымдастырушылық қабілеті.Маған оның мінезіндегі оның мінезіндегі ұнайтын қасиеттер қайсарлылық,салмақтылық, табандылық.Қандай іс болмасын жауапкершілікпен қарайды.Сол үшін оны ұстаздары ылғи мақтап жүреді. Дегенмен ондай сөздерге ешқашан көкірек кермейтін. Міне,осындай досымды мен мақтан тұтамын.

Оның бойындағы ұнамайтын қасиет – кешілдік. Біреу оның ар – намысына тисе болды, ол адамды өмір бойы көрмеуге дайын.

Мен оған үнемі «кекшіл болма,көпшіл бол» деп айтып жүретінмін.

III деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Медеттің мінезі қандай?

2.Оның қандай қасиеттері саған ұнайды?

3.Ол өз ісіне қалай қарайды?

4.Қандай қасиеттері саған ұнамайды?

II деңгей

Мына сөздерді тасымалдаңдар

Медет,еңбекқорлық,қасиеттерімен,ұйымдастырушылық

I деңгей



Мына қатыстық сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.

Бір сөзді таңдап сөйлем құрап жазыңдар.



Алғырлық,білімді,еңбекқор,салмақты,көпшіл.



Арманның арманы



Менің Арман атты досым бар. Ол жексенбі күні бостан-бос жүрмейді.Өзіне ұнайтын істермен шұғылданады.Таңғы асын тез ішіп болып, орманнан ағаштар әкеледі,оны бірден жонып,түрлі мүсіндер жасауға кіріседі. Апта бойына ол мүсіндердің суретін жинайды да, бос уақытында соны ағашқа ойып, бір мүсін жасауға тырысады.Досымның үйіндегі түрлі ағаштан жасалған бұйымдар, кітап сөрелері көп-ақ.

Ол Арманның қолынан шыққан заттар. Болашақта ол шебер болуды армандайды.





III деңгей

Жақша ішіндегі сөздердің дұрысын қойып,диалогты жұптасып оқыңдар.

  • Арман қай күні бостан-бос жүрмейді?

  • Арман (жексенбі, сәрсенбі) күні бостан – бос жүрмейді.

  • Ол орманнан не әкеледі?

  • Ол орманнан (суреттер,ағаштар,жапырақтар)әкеледі.

  • Болашақта ол кім болуды армандайды?

  • Болашақта ол (шебер,тігінші,инженер) болуды армандайды.



II деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдердің бірін қойып жазыңдар.



Қазіргі кезде бос отырған адамды көрмейсің,аптаның................ күні жұмыста,мектепте,үйге кешкі мезгілде жиналады. Көбіне бос уақытта деп біз аптаның ...........күні – жексенбіні айтамыз..............жылы ...........желтоқсанда Тәуелсіздік күніне ұйымдастырылған көрмеде Арманның ағаштан жасалған «Қыран бүркіт бейнесі» бірінші орынды жеңіп алса,Ақтөбе қаласында болған көрмеде «Баласын құшағына алып отырған ана» бейнесі бас жүлдені иемденді.



Тірек сөзер: алты, жетінші, 2014, он алтыншы.





I деңгей

Мәтінді оқып,сұрақ қою арқылы қимыл-сын үстеуді көшіріп жазыңдар.



Осындай тапсырмалар түрін оқушыларға беріп отырамын.

Яғни оқушы екі аламын деп қорықпайды керісінше тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай берілген.Әр оқушы сабақта әділ бағаланады.

Шырғармашылық қабілеттер шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушының шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа, икемділікке. тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында калыптасып отырағыны дұрыс деп есептеймін.




Қараев технологиясының құндылығы:

  1. 100% үлгерім;

  2. Жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынлы баланы таңдауға мүмкіндік бсреді;

Оқушы «2» аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады.

  1. Оқушы оқу материалдарын өзі меңгереді,ал ұстаз өз пәнінің жұмыстарын жасайды;

  2. Педагогикалық технология орта мекгеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақгап отырып жүргізіледі.

Сабақ барысында шәкірттің білімгс құштарлығын арттыру, өздігінен ойлап қабілетін жандандыруға, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мсн қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретініне көзім жетті.

Еліміздің,қоғамның экономикалық,саяси,мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам калыптастыру бағытындағы білім берудің –бугінгі күн талабы.Бұл талапқа жету жолы, білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу.

Деңгейлік тапсырмаларды орыдағанда мұғалім-бақылаушы, кеңесші.

Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады.Окушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешендерімен ұсынылады.

Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мізгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттері анықтайды.

Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.

ІI – алгоритмдік деңгей.Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау кабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрдслі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.

ІІІ – ізденіс (эвристикалық) деңгейінде окушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен катар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрдс меңгеруі керек.

IV-шығармашылық деңгей. Оқушы өзіңдік шығармашылық деңгейін

оқушылардың біліктілігі мен дағдысын калыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.

Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы-оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерінс ойластырып,сапалы меңгерту.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау окушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.

Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар.Әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талаптарды көздейді.

I деңгей. Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:

-мұғалім түсіндірген білімді оқушының қайталап бере алатындай болуы керек.

-оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез-келген жағдайда тани алуға дағдыландыратын болуы керек.

Мұнда оқушыға аса ойлануды кажет етпей, тез жауап бере алатындай сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

IІ деңгей. Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:

- өткен материалдармен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдардың ерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек.

- сөйлемді дұрыс кұрай алуға машықтандыратын болуы керек.

тапсырмада грамматикалық, лексикалық тақырыптардың желісі үзілмей, өзара байланысып,бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс.

IІІ деңгей. Ізденімділік (эвристикалық) деңгейде орындалатын тапсырмалар:

-оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне жаңа білім алуын камтамасыз ететін болуы керек.

-оқушыны қосымша әдебиетпен,түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізуінс бағыттайтын болуы керек.

-оқушыны ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуы тиіс.

Мұндағы тапсырмалар оқушыны ізденуді талап етеді.

Әр деңгейің өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалынады. Деңгейлік тапсырмаларды іріктеп алудың басты ұстанымдары төмендегідей:

1. Тапсырманың қызықтылығы.Тапсырманың ішкі мазмұны мен оны орындау жолдары қызықты болуы керек. Сонда оқушы әр тапсырманы аса қызығушылықпен орындайды.

2. Тапсырма мазмұнының жүйелілігі. Тапсырманың мәні мен мазмұны.ішкі құрылымы мағыналық жағынан жүйелі байланыста болуы тиімді.Ол оқушының ойлау жүйесін қалыптастыруға негізделеді.

3. Тапсырманың жетекшлігі. Тапсырма өтілетін тақырыппен

тікелей байланысты болуы керек. Тапсырма түрліше формада ұйымдастырылып,тереңдетілген мазмұнда берілуінің өзі, ең бастысы, бағдарламада берілген тақырыпты меңгертуге бағытталады.

4. Тапсырманың танымдылығы. Тапсырмалар мазмұнының

танымдылық сипаты басым болуы керек. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететіндей терең мазмұнды болуы тиіс.

Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, фонетиканы оқытуға

байланысты берілетін тапсырмалар жүйесін жинақтап өз

сабағымда қолдандым.

I деңгей. Төменде берілген сөйлемге фонетикалық талдау жаса.

Көп оқу-білім алудың негізгі шарты.

ІІ деңгей. Төмендегі берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып,

дауысты және дауыссыз дыбыстардың емлесін түсіндір.

Өнер, өжет.үлгі, талап, кітап.

III деңгей. Төменде берілген өлең шұмақтарынан дауысты дыбыстарға талдау жаса.

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жайы- оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап,өзінің ізденуіне болады.

Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Білім сапасы білім,біліктілік, дағды жәнс тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.

Сабақта оқушыларға ол ойларын талдауға,

айтуға,қорытындылауға көп көңіл бөлу ксрск. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетугс мүмкіндік беру керек.

Күтілетін нәтиже:

1. Окушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.

2. Дарынды балалар болсақушынын – зерттеу жұмыстарын дамыту.

3. Мұғалімнің жан-жақты жамуына мүмкіндік туғызады.

Осы нәтижелерге жыл басынан тәжірибс жасай отырып, өзім беретін сыныпта ең әлсіз оқушылыр мен ең мықты деген оқушыларды іріктсй отырып, олардың шын мәнінде жаңа айтылған жоғарғыдағы қасиеттер қажет екенін байқадым.Одардың барлығы өнерімен жеке жұмыс жасауды қажет етеді. Оларды сынынта отырған өзге оқушылардан артта қалмас үшін әр сабақ үстіндс, сол өтілген тақырып бойынша окулықтан тыс, жеңіл тапсырмалар беру арқылы жұмыс жасаймын.

Содан соң барып, оқулықтағы ең жеңіл деңгейдегі тапсырмаларды орындауға жүгіндіремін . Соның нәтижесінде ол оқушылар өздерін қалған окушылармсн бірдсй деңгейде жұмыс істеп отырмын дсп санайды. Нәтижесінде жеңіл тапсырмаларды берудің барысында оқушының да ынтасы арта түседі..

Оқушылардың ауыз-екі сөйлеулері бойынша

көрсеткіштері

Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:

— оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

  • тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

  • сынып оқушылары толық бағаланады

  • тапсырманың курделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;


Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасының арттыру жолының бірден- бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Сөз соңында айтарым, болашағын ойлаған ел ұрпағына көңіл бөледі,әр кез қамқорлық көрсетеді. «Балаңа дәулет қалдырсаң, бір жылға жетеді, ал білім қалдырсаң жүз жылға жетеді» - дейді халық даналығы. Бәріміздің алдымызда тұрған басты міндетіміз «Білім туралы Заң негізінде, еліміздің болашақ иелеріне бүгінгі талапқа сай тиянақты білім беріп, сапалы тәрбие үйретіп, саналы да сауатты етіп өсіру».



















Пайдаланылған әдебиеттср:


І. Қазақстан Республикасындағы білім бсруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,2010 ж


ІІ. 12 жылдык білім беру тұжырымдамасы,2010ж

ІІІ. Беспалько В.И. «Слагаемые педагогической» М.Педагогика, 1989.446.

ІV. Қараев Ж. А. «Технология уровневой дифференциации». Алматы мектеп 2005

V. Бақзыбекова Н. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы, оқушылардың білім деңгейін арттыру». Қазақ тілі 2007 жыл

VI.ҚуанышпаеваА. Жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді пайдалану.Қазақ тілі. Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №23 2004жыл

VII. Т.Артыкова, Г.Ермекбаева. Қазақ оқулығы 7 сынып





14



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ғылыми әдістемелік әзірлеме

Автор: Кудабаева Ботагоз Сагынбаевна

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 361000

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "мое портфолио Каркенова Ж Х "
    ["seo_title"] => string(31) "moie-portfolio-karkienova-zh-kh"
    ["file_id"] => string(6) "244363"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445929103"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Әдістемелік әзірлеме "Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(32) "distiemielik_zirliemie_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "355638"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478357144"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Әдістемелік әзірлеме "Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(34) "distiemielik_zirliemie_altyn_kuz_1"
    ["file_id"] => string(6) "355639"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478357146"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(200) "А?паратты? коммуникативтік технологияларды пайдалану ар?ылы студенттерді? а?паратты? ??зыреттілігін арттыру. "
    ["seo_title"] => string(120) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiialardy-paidalanu-ark-yly-studienttierdin-ak-parattyk-k-u-zyriettilighin-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "202278"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429203373"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Б?йрек ауруларыны? алдын алу 8 сынып"
    ["seo_title"] => string(37) "buiriek-aurularynyn-aldyn-alu-8-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "264770"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449765027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства