Хал?ымызды? рухани байлы?ы – шын м?ніндегі к?ркем ?дебиетті жасайтын тек ?ана таби?и ?лы дарындар екені талассыз шынды?. Ту?ан еліні? к?ркем ?дебиетін саф алтындай талай – талай шы?армалармен байытып, абыройын биіктеткен бірнеше алыптар тобыны? ?атарында т?р?ан – ?абит Махм?т?лы М?сірепов.
О?ушылар, б?гінгі бізді? ?тетін та?ырыбымыз ана тіліні? ел таны?ан ерен ж?йрігі – ?абит М?сіреповті? «Ананы? анасы» атты ??гімесіне арналма?. Бізді? б?гінгі саба?ымызды? ма?саты – осы ??гімені? ?ыр-сырын танып, онда?ы ?аза? еліні? тарихына, т?рмыс – тіршілігіне назар аудару. ??гімеге кіріспес б?рын жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы?ына орай білімімізді тере?детейік. Сіздерді? о?улы?тары?ызда ?. М?сіреповті? ?мірбаяны берілмеген, алайда онда жазушыны? автобиографиялы? ??гімесі жазыл?ан. ?абит М?сірепов ??гімелеріндегі заман сипатын, ?ділдік пен адамды? ?шін к?рескен аналар бейнесін тарих пен ?дебиетті? ?ндесетінін табу ар?ылы таныту. Аналар туралы на?ыл с?здерді талдата отырып б?гінгі ?мірмен байланыстыру, ?мірге деген к?з?арастарын ?алыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?абит М?сірепов "Ананы? анасы" ??гімесі »
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу-әдістеме
ісі жөніндегі орынбасары
_______ А.Қ Мамбетова
«____» __________ 2015ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.
Ақсукент-2015ж
Анотация
Халқымыздың рухани байлығы – шын мәніндегі көркем әдебиетті жасайтын тек қана табиғи ұлы дарындар екені талассыз шындық. Туған елінің көркем әдебиетін саф алтындай талай – талай шығармалармен байытып, абыройын биіктеткен бірнеше алыптар тобының қатарында тұрған – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.
Оқушылар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз ана тілінің ел таныған ерен жүйрігі – Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» атты әңгімесіне арналмақ. Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты – осы әңгіменің қыр-сырын танып, ондағы қазақ елінің тарихына, тұрмыс – тіршілігіне назар аудару. Әңгімеге кіріспес бұрын жазушының өмірі мен шығармашылығына орай білімімізді тереңдетейік. Сіздердің оқулықтарыңызда Ғ. Мүсіреповтің өмірбаяны берілмеген, алайда онда жазушының автобиографиялық әңгімесі жазылған. Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі заман сипатын, әділдік пен адамдық үшін күрескен аналар бейнесін тарих пен әдебиеттің үндесетінін табу арқылы таныту. Аналар туралы нақыл сөздерді талдата отырып бүгінгі өмірмен байланыстыру, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақ жоспары
Сабақтың өткізілетін күні: 18.02.2015ж
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: А.А.Байгулова
Тобы: 1 топ
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» тақырыбында жазған әңгімесі
Сабақтың түрі: Тәжірибелік
Сабақтың типі: Топтық ізденіс сабағы
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, талдау, ойтолғау, пікірталас, сұрақ-жауап әдісі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Қолданылатын технология: Жобалап оқыту технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;
Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету;
Ананың баласына деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;
Білімділік: Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі заман сипатын, әділдік пен адамдық үшін күрескен аналар бейнесін тарих пен әдебиеттің үндесетінін табу арқылы таныту.
Тәрбиелік: Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды саралай отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруына ықпал жасау.
Дамытушылық: Студенттердің өзіндік ой-пікірлерін қорғай білуге, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға, аналар туралы нақыл сөздерді талдата отырып бүгінгі өмірмен байланыстыру, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
4. Оқиғаның шиеленісуі Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі.
5. Оқиғаның шарықтауы Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.
6. Оқиғаның шешімі Екі жастың өлімі, сәбидің тауда жалғыз қалуы.
III. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
І Кезең – Поэзия минуты
ІІ Кезең – «Дерек пен дәйек»
ІІІ Кезең – «Тани жүр»
ІV Кезең – «Аңызға айналған адам»
Ана туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер.
V Кезең – «Ақиқатын айталық!»
VІ Кезең- «Хаттар, хаттар»
Алдымен студенттерді үш топқа бөлеміз.
1. Мейірім тобы
2. Бақыт тобы
3. Өмір тобы
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Халықтың рухани байлығы – шын мәніндегі көркем әдебиетті жасайтын тек қана табиғи ұлы дарындар екені талассыз шындық. Туған елінің көркем әдебиетін саф алтындай талай – талай шығармалармен байытып, абыройын биіктеткен бірнеше алыптар тобының қатарында тұрған – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов.
Оқушылар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз ана тілінің ел таныған ерен жүйрігі – Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» атты әңгімесіне арналмақ. Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты – осы әңгіменің қыр-сырын танып, ондағы қазақ елінің тарихына, тұрмыс – тіршілігіне назар аудару. Әңгімеге кіріспес бұрын жазушының өмірі мен шығармашылығына орай білімімізді тереңдетейік. Сіздердің оқулықтарыңызда Ғ. Мүсіреповтің өмірбаяны берілмеген, алайда онда жазушының автобиографиялық әңгімесі жазылған.
Автобиографиялық әңгіме дегеніміз жазушының өзі туралы жазған туындысы.
Сіздерге Ғ.М.үсіреповтің өмірі жөнінде қысқа мағлұмат беріп өтейін:
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылдың 22 – ші наурызында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Бастауыш орта мектебін ауылда оқып, 1926 жылы Орынбордағы жұмысшылар факультетін бітірген. Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл көлемінде білім алған соң, 1927- 1928 жылдары Бурабайдағы техникумда сабақ береді. 1928 жылдан бастап қоғамға араласып, партия, баспасөз орындарында жұмыс істейді. 1933 жылы Қазақ АКСР Оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934 – 1935 жылдары «Қазақ әдебиеті», кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы, одан кейінгі жылдары да баспасөз қызметінде талай істер атқарған. 1962 жылы СССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол Жапония, Египет, Алжир, Италия, т.б. көптеген елдерді аралады.
Енді оның шығармаларына тоқтала кетсек, Ғабит Мүсіреповтің көптеген артынан қалдырып кеткен шығармалары бар. Олар:
Осымен ойымызды жинақтай келе, «Ғабит Мүсірепов кім?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. / Тақтада ілініп тұрған плакатпен жұмыс./
Ғабит Мүсірпеов – көркем сөз шебері – академик – жазушы – драматург – әдебиеттанушы – киносценарист – қоғам қайраткері – Соц. Еңбек Ері – редактор, ең бастысы – Ана тақырыбына көп жазған жазушы.
Енді ана туралы не білесіздер екен, соны анықтайық.
Біздің бүгінгі тақырыбымызды ашып тұрған негізгі қанатты сөз – Шыңғыс Айтматовтың «Ананың алақаны әлемді әлдилейді» деген нақыл сөзі. Бұл сөзді қалай түсінесіздер? / Оқушылардың пікірлері тыңдалады/
1 оқушы: Ана – бізді өмірге әкелген Ұлы тұлға.
2 оқушы: Ана – біздің қамқоршымыз.
3 оқушы: Ана деген сөз әлемдегі ұлы сөз, Ең бірінші – туған жерің, екінші – Анаң тұрады.
4 оқушы: Ана туралы көптеген әңгімелер, өлеңдер, әндер жазылған. Ана – жыр.
Осымен мынадай тірек – сызба дайын болып шығады.
І Кезең – Поэзия минуты
3 топтың оқушылары «Ана» туралы өлеңдерін оқып береді.
ІІ Кезең – «Дерек пен дәйек»
Ал біздің қарастырып отырған әңгімеміз – «Ананың анасы» әңгімесі. Бұл әңгіме, негізінен, тарихпен байланысты. Мұндағы тарихи тұлғалар – Бала би, Жанай батыр, Жалпақ батыр.
Енді әңгіменің мазмұнына қысқаша тоқталатын болсақ, бұл әңгіме Әйтілес деген ақсақалдың өткен замандағы естелік оқиғасын аңыз қып шертіп отырған күйімен басталды.
Аңыз дегеніміз – хан, батырлар, би, шешендер жайындағы, сондай – ақ жер-су туралы тарихи шындыққа негізделген, халық есінде сақталған әңгіме. Бұл миф секілді қиял аралас хикая.
Әйтілес қарт әңгімесі барысында қазақ елінің батыры Жалпақ балуан мен оның төңірегінде болған бір жайтты баяндайды. Сонау қалмақ шапқыншылығы кезінде Бала би өзінің ешкім тең келмес атышулы батырын шақырып алып, Оған Ергенекті елінен өзінің де, халқының да кегін алып қайтуға бұйырады. Намысқа шыдаған азамат бар ма? Жалпақ батыр сәрсенбінің сәтінде жолға шығады. Батырлармен кетіп бара жатып, жолай бір молаға түнейді. Бір уақытта байқампаз балуан атып тұрып, қасындағы жолдастарына атты ерттеуді бұйырады. Қатынның қызығына түсіп кетпей, жолай қалың жылқыға да көзің саларсың деген бидің сөзі есіне түскен Жалпақ балуан жайылып жатқан жылқыға қиқулай тиеді. Жылқыны айдап бара жатқанда қасына ерген Жанай батыр жолда тезек теріп келе жатқан жас қызға көзі түсіп кетіп, оны атына өңгеріп шаба жөнеледі. Артында безек қағып, зар жылаған анасына да көз қырын салмайды. Қара көз қызды көрген Жалпақ батырдың көңілі ауып кетті ме, Жанай балуанға жақындап келіп: «Сауға!» дейді. «Сауғаңа жараса, ал!» - деген Жанай батыр сөйтіп арманда қала береді. Біраз уақыттан соң, барымташылардың артынан қыздың әкесі қуып жетеді...
Шығарманың құрылысы:
Басталуы
1. Әңгіме қалай басталады?
Байланысуы
2. Әңгіме қалай байланысады?
Шиеленісуі
3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталады?
Шарықтау шегі
4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?
Шешімі
5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.
ІІІ Кезең – «Тани жүр»
«Тани жүр» айдарында шығармадан алынған үзінділер арқылы кейіпкерді тауып, іс-әрекетін саралай отырып, олардың адами қасиеттерін айқындай аласыздар. Кім шапшаң екен? Байқап көрейік.
-Жаным, сен неткен жансың? Сені қазақтың қатыны шығар да, өзімді батыры шығар деп ойлаймын...
Жөніңді айтшы!
Менің атым – әйе, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да
ІV Кезең – Ана туралы қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер.
3 топ өздері жазып келген «Анаға байланысты» қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерін айтып береді.
V Кезең – Мәтінмен жұмыс
І топ
«Ананың анасы» әңгімесіндегі көнерген сөздерді тауып жазу.
ІІ топ
«Бес жолды өлең» стратегиясы.
ІІІ топ
«Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау)
Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.
Жүректен – жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.
VІ Кезең-«Ақиқатын айталық!» айдары. Мұнда оқырмандармен әңгіме желісі
бойынша сұхбат жүргізіледі. Сұрақтарға жауап беріледі.
Қырық жігіт пен Жалпақты тізе бүктірген қандай күш, нендей құдірет?
Жалпақ балуан кім?
VІІ Кезең -«Хаттар, хаттар» айдары.
Өз аналарыңыздың портреті мен мінезін суреттеп хат жазыңыз.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Сонымен, біз бүгін қандай тақырып өттік?
Біз бүгін Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» атты әңгімесін өттік.
Ғабит Мүсіреповтің кім екенін білеміз бе?
Ол – жазушы, көркем сөз шебері, академик, редактор, драматург, қоғам қайраткері, Соц.Еңбек.Ері.
Ол, негізінен, қандай шығармалар жазған?
Ғабит Мүсірепов көбінесе ана тақырыбына көп шығармаларын арнаған.
Аңыз дегеніміз не?
Аңыз дегеніміз – хан, батырлар, би, шешендер жайындағы, сондай – ақ жер-су туралы тарихи шындыққа негізделген, халық есінде сақталған әңгіме. Бұл миф секілді қиял аралас хикая.
Оқушылар, бүгінгі сабағымызды мен Жүсіп Баласағұнның мына бір сөзімен тамамдағым келеді:
Біле бер, қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле.
V. Қорытындылау (білімін бағалау).
Студенттерді бағалау.
Үй тапсырмасы:
«Ана» туралы шығарма жазып келу.
Оқытушының қолы ---------------------
Пән бірлестік төрайымы ---------------
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті «Фолиант» баспасы
Астана -2011ж
2. Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы - 1964ж
3. Қазақ әдебиеті хрестоматия Алматы- 1996ж
4. Ұ.Асылов хрестоматия 11-сынып.
5. Ә.Шәріпов, С.Қирабаев хрестоматия 10-сынып.
6. Қазақ әдебиеті хрестоматия. Алматы «Мектеп» 2004ж