kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Діни экстремизм

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне т?сінік беру,
?аза?стан Республикасында?ы ла?кестікпен ?арсы к?ресті? ???ы?ты? негіздері, ?азіргі та?да?ы ахуал жайы ж?нінде ма?л?мат беру.
2. Дамытушылы?: О?ушыларды БА? ??ралдары мен ?аламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта о?ыту.
3. Т?рбиелік: Келер ?рпа? жас ?ренді ?мір ?ауіпсіздігі, жанашырлы??а, бейбіт рухта?ы адами ?асиеттерге т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Діни экстремизм »

Сабақтың тақырыбы: «Біз діни экстремизмге қарсымыз»
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері – плакаттар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Келген қонақпен таныстыру, сабақ жоспарымен таныстыру
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3 Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
4 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
5 Қорытындылау
Кіріспе сөз Құқық пәнінің мұғалімі Д.Беделбаева Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Біз діни экстремизмге қарсымыз.» атты 9-сыныптар арасындағы дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен бе, секталарға кіру себебі, Бүгінгі «Біз діни экстремизмге қарсымыз.» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік.
Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?

Келесі кезекті бейнежазбаға берейік(ролик 1)(ролик 2)
Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?

Айым: біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

М
ұғалім: Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Расул: қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
Мұғалім: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?

Диана: Мен сөзімді бейнежазбадан бастағым келіп отыр (ролик 3) Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр. Ендеше, еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп - салдарының күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық пікір білдіруді жөн санаймын.
Мұғалім: Елімізде діни экстремизммен күрес жүргізетін қандай органдарды білесіңдер?
Нұрлыбек : 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.

Мұғалім: Сіздер биыл «Дінтану негіздері» пәнін оқып жүрсіздер, сол дінтану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
Фердоуси: Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері»пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.
Мұғалім: Айта кетсем, «Дінтану негіздері» оқулығының авторы Ғ. Есім жетекшілік еткен топтың жазып шыққан оқулығында жалпы дінтану жайлы көбірек айтылады. Мақсаты діндер туралы мағлұмат беру. Діни ағымдар мен секталардан аулақ болуға үйрету, белгілі бір дінді насихаттау емес.
Мұғалім: Ал оқушылар Діни экстремизм туралы азды-көпті ақпараттар алдық, осы діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Акбар: Қазірде елімізде жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп. Солардың басты дегендерімен таныстыра кетпес бүрын бейнежазбаға назар аударыңыздар. (ролик 4)
Діни ағымдар атаулары
Түсініктері мен ерекшеліктері

Уаһһаб Уаххабилік - діни - саяси
ағым Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді.
«Иегово куәлары» Сиқырлау әдісін қолданады.
Халықаралық Кришна санасы қоғамы
т. б діни секталар\н таныстырамын. отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады
Мұғалім: Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.


Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

2015 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Діни экстремизм

Автор: Беделбаева Диларом Туеловна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184365

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен т?ра?тылы??а   т?нген ?ауіп» "
    ["seo_title"] => string(68) "dini-ekstriemizm-bieibitshilik-pien-tu-rak-tylyk-k-a-tonghien-k-auip"
    ["file_id"] => string(6) "244007"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445870095"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "«Діни экстремизм – бейбітшілік пен т?ра?тылы??а т?нген ?ауіп» "
    ["seo_title"] => string(70) "dini-ekstriemizm-bieibitshilik-pien-tu-rak-tylyk-k-a-tonghien-k-auip-1"
    ["file_id"] => string(6) "244009"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445870338"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Діни экстремизм мен терроризмнің әлемге қаупі."
    ["seo_title"] => string(51) "dini_ekstriemizm_mien_tierrorizmnin_liemghie_k_aupi"
    ["file_id"] => string(6) "364708"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480605385"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»"
    ["seo_title"] => string(41) "dini_ekstriemizm_liemghie_tonghien_k_auip"
    ["file_id"] => string(6) "450909"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1516290266"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Сынып са?аты "Діни экстремизм -?асыр дерті" "
    ["seo_title"] => string(44) "synyp-sag-aty-dini-ekstriemizm-g-asyr-dierti"
    ["file_id"] => string(6) "243465"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1445748006"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства