Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады.
Болымсыздық есімдіктеріне мына сөздер жатады: дәнеңе, дәнеме, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір, ешқайсысы, ешқаша, ешқандай, ешқандай, ешқайдан.
Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып. (Абай). Болымсыздық есімдіктерінің ішінен, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендер зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендер сын есім орнына, ешқашан, ешқайда, ещқайдан дегендер мезгілдік ұғымды білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы:Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып не етейін? (Абай). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама (Ш.ААйманов).
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады.
Болымсыздық есімдіктеріне мына сөздер жатады: дәнеңе, дәнеме, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір, ешқайсысы, ешқаша, ешқандай, ешқандай, ешқайдан.
Мысалы: Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып. (Абай). Болымсыздық есімдіктерінің ішінен, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендер зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендер сын есім орнына, ешқашан, ешқайда, ещқайдан дегендер мезгілдік ұғымды білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы:Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып не етейін? (Абай). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама (Ш.ААйманов).
Болымсыздық есімдіктері көпбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қайдан, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Сондықтан олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен тіркесіп, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмаспын орнымды (Абай).
202-жаттығу. Мәтінді рөлге бөліп оқып, мазмұнын айтып беріңдер. Есімдіктерді мағыналық түріне қарай ажыратыңдар. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар.
ЕСІМДІКТЕР
МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРІ
Жіктеу
Сен, оларды.
Сілтеу
Оны, осы.
Сұрау
–
Өздік
–
Жалпылау
Барлығы, бәрін
Белгісіздік
–
Болымсыздық
Ештеңесін, ештеңесі, ештеңе, ештеңеге.
Тапсырма. Үлестірмелі кеспе қағаздарды тарату. Сөйлемдерден болымсыздық есімдікті тауып, оның қандай сөздердің орнына қолданылып тұрғанын айту.
1 – қағаз. Ашық мінез, ақмаңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері).