Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз Сабақтың мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеті: 1. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы, халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. 3. Өз Отанын, туған тілін сүйіп құрметтеуге ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, сахналау, оқулық, әр ұлт өкілдерінің суреттері, дәйексөз. Шаттық шеңбері:- Сәлемдесу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бірлігі жарасқан халықпыз»
Сабақтың тақырыбы: Бірлігі жарасқан халықпыз
Сабақтың мақсаты: Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеті: 1. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы, халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Өз Отанын, туған тілін сүйіп құрметтеуге ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сахналау, оқулық, әр ұлт өкілдерінің суреттері, дәйексөз.
Шаттық шеңбері:- Сәлемдесу
«Достық» әні
Сөзі: Е. Елубаев
Әні: И. Нүсіпбаев
Өлеңнің мазмұны түсіндіріледі.
Түйіндеме:
- Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай барлығы да бір - бірімен тең құқықта қарым - қатынас жасай алады, бірдей, өйткені бәрінің де жүрегі туған өз Отаны Қазақстан деп соғады.
I. Мәтінмен жұмыс
«Туысқан ел»
- Автор туралы түсінік
- Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «бірімен - бірі туысқан» деп айтады?
-«Терезесі тең жатыр» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?
- Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?
Түйіндеу:
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет - ғұрпына сыйластықпен қарайды.
II. Дәйексөз, дәптермен жұмыс
«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады» мақал
III. Көрініс
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шабақты сындыруды ұсынған. Ұлдары
олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.
Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады.
Шыбықтар оп - оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге де ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке – жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады» дейді. Міне, бұл халықтар достығының қаншалықты мықтылығын көрсетеді.
Түйіндеу:
- Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Осындай өмірге, Тәуелсіздікке Қазақстанда мекендеген ұлттардың бірлігі арқылы қол жеткіздік.
IV. Шығармашылық жұмыс
Сөзжұмбақ «Тәуелсіздік»
Т у
ә н ұ р а н
у ы қ
е с і л
е л т а ң б а
қ А з а қ с т а н
н е м і с
ө з б е к
д о м б ы р а
б і р л і к
Т ә у е л с і з д і к
1. Қазақстанның аспан түстес рәміздерінің бірі
2. Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов қандай рәміздің авторлары
11. 1991 жылы 16 желтоқсаны заңды түрде қандай күн боп жарияланды?
V. Шығармашылық жұмыс
«Менің елім бақытты»тақырыбында әңгіме құрастыру.
VI. Жаңа ақпарат
«Елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді».
VII. Өз ұлтыңды таны.
Ойын. Ұлт туралы.
VIII. Картаға алақандарын салу.
IX. Қорытындылау.
Қазақстанда көп ұлт тұратынын білдік. Олардың бәрі бір - бірімен дос, жолдас және тату - тәтті өмір сүруде. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны - Қазақстан. Осындай халқы бар біздің Отан бақытты.