kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірлігі жарас?ан халы?пыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:           

  -      Балаларды? «досты?», «бірлік», «халы?» ??ндылы?тары  туралы т?сініктерін ке?ейту.    

Міндеттері:   

   -   халы?тар досты?ы, жарасты?ы, бірлігі туралы т?сініктерін ?алыптастыру;  

  •  

   -   ынтыма??а, досты??а, бірлікке т?рбиелеу.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірлігі жарас?ан халы?пыз»

Қызылорда облысы,

Арал ауданы,

Сапақ елді мекені.

Мыңбаева Гүлназ

69 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.



Өзін – өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: №69

Тақырып: Бірлігі жарасқан халықпыз

Құндылық:Сүйіспеншілік.

Қасиеті:Достық, бірлік, ұйымшылдық.

Мұғалiм : Мыңбаева Г

Сыныбы: 3

Сабақ мақсаты:

- Балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

- өзара сыйластық қарым- қатынастарын дамыту;

- ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Плакаттар, түрлі – түсті қаламдар

,ақ парақ

1.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу. Оқушыларды түрлі – түсті стикерлер алу арқылы топтастыру. Құрал жабдықтарын түгендеу. 5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсынОсы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

№ 7 - сабақ 31 - бет

Ж. Жабаевтың «Туысқан ел» өлеңін жатқа айту.

Дәптермен жұмыс жасау.

Талқылануға берілетін сұрақтар

- Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін « бірімен - бірі туысқан» деп айтты ?

- «Терезесі тең жатыр» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер ?

- Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар ?


3. (Жағымды ой – пікір) Дәйексөз

Бірлігі жоқ елтозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Халық мақалы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? Дәйексөздің мағынасын ашу, түсіндіру. Дәйексөзді ер балалар мен қыз балалар жеке – жеке айтады (дәйексөзді бірнеше рет хормен қайталату)

- Біздің Отанымыз Қазақстан елін бүкіл дүние жүзі орындап отыр. Мұнда тұрып жатқан адамдар бейбіт, бақытты өмір кешуде. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады осының бәрі ауызбіршілікте .


4.(Әңгiме ) Мұғалімнің сыйы

Қалай еткенде бірлік болады

(Өсиет әңгіме)

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» деп сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: - - Балам, мынаны сындырып көрші.

Төле буылған шыбықты олай – бұлай иіп сындыра алмайды.

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?

Төле ортансынан буылған шыбықты шешіп, бірбіндер оп – оңай сындара береді. Әлібек би :

Бұдан не түсіндің, балам ? – дейді.

Сонда Төле бала:

- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да ала алмайды. “Саяқ жүрген таяқ жейді”демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да , дау да оп – оңай алады дегеніңіз ғой. – - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбіршілікке, ынтымаққа шақыра біл.

- “Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын” дегенінің мәнісі осы, - депті.



Сұрақтар.

- Төле бидің әкесінің аты ?

- Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

- “Саяқ жүрген таяқ жейді” мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Төле жас кезінен кімдердің батасын алып өсті ?



5 .Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.

(әуен жайлап қосылып тұрады)

Әр адамның өз елі өзінің керемет мекені сондықтан «Менің елім бақытты» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар. Өз жазған жұмыстарыңды сыныпта оқып жариялаңыздар.


6. Ойын - жаттығу

Оқушылардың басқа халықтардың тілі мен дәстүрлеріне сыйластық қарым – қатынастарын дамыту мақсатында топтық ойын ойналады. Балаларды үш топқа бөлемін.

- Бірінші топқа үш түрлі ұлттың тілінде Отан туралы тақпақ айту және оның мағынасын түсіндіреді.

- Екінші топқа үш түрлі ұлттың бала тәрбиелеудегі бір рәсімін айтып беру тапсырылады.

- Үшінші топқа үш түрлі ұлттың туындаған символдарын атау олардың мығынасын түсіндіру.


7.Дәптермен жұмыс.

Басқа ұлтар мен ұлыстардың қандай әдептерін, дәстүрін білесіңдер. Дәптерде берілген ашықхатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазыңдар.


8.Топпен ән айту:

«Әрқашан күн сөнбесін» әнін балалар топпен орындайды.


9.Үйге тапсырма:

№ 8 - сабақ 36 - бет

Е. Естаев «Біздің Мәншүк» әңгімесін оқып түсінік айту.

Дәптермен жұмыс жасау.


10.Сабақтың соңғы қорытынды сәтi. (Баяу әуен қойылады)

Балалар, бүгінгі сабақтан қандай мағұлыматтар алдық. Халықтар достастығы, ынтымақтастық жайында не түсіндіңіздер болмаса нені түсіне алмадыңыздар алдарыңызда тұрған күннің суреті басылған стикерлерге өзіңнің нені білгің келеді, нені түсіне алмағандықтарыңда жазып, түсіндім, түсінбедім парағына жапсырыңыздар.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!!.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Бірлігі жарас?ан халы?пыз

Автор: Мы?баева Г?лназ Жа?сылы??ызы

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282409


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства