kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Жергілікті аймақтардың диалект сөздері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арғынғазина Арай Арғынғазықызы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Жергілікті аймақтардың диалект сөздері"»

Жергілікті аймақтардың диалект сөздері


Қай халық болсын өзінің ой-санасын болмысты қабылдауға,

айнала қоршаған әлемді сезініп, түйсінуге тек ана

тілінің құрал­да­рымен жеткізе алады.

Тіл — қа­шанда ұлттың ең асыл құндылығы,

қымбат қазынасы.

Қазақ тілі - әлем тілдері арасында ең әуезді ғана емес, ең бай тілдің бірі. Мәселен, ғалымдар пікірінше, ең бай саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың, ағылшын тілінде - 750 мың, ал қазақ тілінде 600 мың сөз бар. Яғни, тіл байлығы жағынан әлемде үштікте тұрмыз. Түркі тілдерінің арасындағы төркін-тамырын сақтаған құнарлысы да - қазақ тілі. Сондықтан да бұндай байлыққа құрметпен қарау - әрбір азаматтың парызы.

Айта кетерлігі, қазақ тілі ауызекі әңгімеде бір-бірінен бөлектенетін, жергілікті жұрттың тұрмысында ғана қолданылатын «диалект» сөздерге де кенде емес. Тіпті сөзді былай қойыңыз, сөйлеу мәнерінен, әңгіме мақамынан-ақ кімнің қай облыстан, қай өңірден екенін дөп басуға да болады. Белгілі бір өңірлерде ғана қолданылатын ондай сөйлеу мәнері мен сөздер, сөз тіркестері кейде адамдардың түсінбеушілігін тудырса, кейде үлкен әзіл әңгімеге арқау болады. Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.

Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы. Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды. Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері»

Жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін сала диалектология деп аталады.
Диалектология - зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай: сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның ішінде лексикалық ерекшеліктерге жататын сәйкесті және сәйкессіз диалектілер енеді. Ал менің баса назар аударатын диалектілердің ішінде сәйкесті диалектілер.
Сәйкесті диалектілер – әр түрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Мысалға алсам, Солтүстік Қазақстан облысының екі түрлі ауданынан тұрғындар кездесіп қалды дейік. Бірі - екіншісінен «тақ» сұрайды. Ал, екіншісі оның не сұрап тұрғанын түсінбейді. Екеуі де бір облыста тұрады, сонымен қатар, екеуінің де ұлты – қазақ. Ұлттық тілі – қазақ тілі, бірақ, бірін - бірі түсінбей тұр. Бұл сонда не болғаны?

Батыс пен шығыста, оңтүстік пен солтүстікте, орталықта қолданылатын осындай ерекше сөздердің мәнісіне үңіліп, санамалап көргенді де жөн санаған едік. Сонымен, әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халықтың ауызекі тілінде бірнеше нұсқасы кездеседі. Мәселен, қиярды шығыс өңірдің тұрғындары «әгүршік» десе, оңтүстіктегілер «бәдірен» дейді. Семей мен Павлодар өңірлерінде «сарымсақ», ал Ақтөбе мен Қызылорданың бір бөлігінде «жуа» деп пиязды айтады. «Үлкен» сөзін де әр аймаққа барғанда әртүрлі естисіз, мәселен «дөкей», «әйдік», «дырау», «нән», «жоян», «дәу» десе, оның бәрі -  үлкен дегенді білдіреді. Қарапайым ағаш орындықты батыста «отырғыш», ал солтүстікте «тақ» деп атауы мүмкін.

Бір қызығы, «тәте» деп Жамбылда, Павлодарда, Орал мен Шымкентте ер адамға қаратып айтатын болса, бұл сөз еліміздің өзге өңірлерінде жасы үлкен әйелдерге қатысты қолданылады. Сіріңкенің де кейбір облыстарда атауы өзгеріп кетеді: «кеуірт», «шырпы», «оттық». Батыста пиманы «байпақ» дейтін болса, кейбір өңірлерді байпағыңыз шұлықты білдіреді.

Айтпақшы шұлық кей жерлерде «ұйық» деп те аталады. «Ер адам киетін жейде» десеңіз барлық аймақта бірдей түсіне бермейді, кейбір өңірлерде бұл - «көйлек». Таң қалған сәтте «мәссағанмен» қатар, батыста «қасқа», оңтүстікте «өлә» деген диалект сөздер қолданылуы мүмкін. Қантты батыста «секер», оңтүстікте «құмшекер» деп атайды. Сондай-ақ түрлі өңірлерде «орамал», «сүлгі», «майлық» бір мағына береді.

Жергілікті тілдің ерекшелігіне қарай шығыста «тегене», өзге өңірлерде «табақ», «шылапшын» сөздері қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, еліміздің батыс өңірлерінің тұрғындары не зат (не?), нән (үлкен), көпшік (жастық), құрттай (кішкентай), кіл (ылғи), зілдей (ауыр), мана (бағана) және т.б. диалект сөздерді жиі қолданылады. Сым (шалбар), бедіре (шелек), әңгелек (қауын), дарбыз (қарбыз), ашық-машық (топса), бопты (болды), тұқым (жұмыртқа)  деген сөздерді Оңтүстікте естисіз. Ал Алматы жақтың тұрғындары ожауды қолбақыр деп те атайды. Шығыс жақтың қазақтарынан жоян (жуан), картопия (картоп), неме (немене?), көп-көрім (тәп-тәуір) секілді сөздерді естісеңіз таң қалмаңыз. Ал әйдік (үлкен), дөкей (мықты), тақ (орындық) секілді сөздерді жиі қолданатын адамды кездестірсеңіз, ол солтүстік өңірдің тұрғыны болуы ғажап емес.

Әрине, мұндай мысалдарды тізбектесек әлі де біраз бет толтыруға болады. Айтпағымыз - қазақ тілінің ұлылық қасиеті. Бірқатар өзіндік ерекшеліктерге қарамастан еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан қазақстандықтар бір-бірімен еш қиындықсыз түсініседі. Әр өңірде қолданылатын ерекшеліктер қазақ тілінің қаншалықты бай тіл екенін ғана көрсетеді. 

Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. 



«Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арғынғазина Арай Арғынғазықызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама "Жергілікті аймақтардың диалект сөздері"

Автор: Арғынғазина Анар Арғынғазықызы

Дата: 03.02.2018

Номер свидетельства: 454425

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама "?зге ?лт ?кілдеріне ?аза? тілін ?йрету ""
    ["seo_title"] => string(55) "baiandama-ozghie-u-lt-okildierinie-k-azak-tilin-uirietu"
    ["file_id"] => string(6) "324050"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462298448"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Баяндама "?зге ?лт ?кілдеріне ?аза? тілін ?йретуді?  жолдары""
    ["seo_title"] => string(67) "baiandama-ozghie-u-lt-okildierinie-k-azak-tilin-uirietudin-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "324052"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1462299011"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства