kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "Хайуанаттар ба?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?та тиімді ?дістер ?олдан?ан, грамматикалы? тапсырмаларды саба?та к?п орында?ан.Семантикалы? картамен ж?мыс, топтастыру, ішіне - сыртына ?дістері ?олданылды. Дарынды о?ушы ?зіні? ізденісі "?ызыл кітап" туралы шы?армашылы? ж?мысымен таныстырды. Саба?та  о?ушылар с?здерді фонетикалы? талдау, септеу, синтаксистік талдау ж?мыстарын к?рсетті. Осындай талдау ж?мыстарын ?немі саба?та ?олдану тиімді деп ойлаймын.  Саба?та т?рлі к?рнекіліктер ?олданылды, мысалы интербелсенді та?та, т?рлі суреттер, ?има ?а?аздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Хайуанаттар ба?ы"»

Күні: 07. 12. 2015 ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «Д»

Пән мұғалімі: Түктібаева Ж.Ө

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар бағы. Сын есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хайуанаттар бағы туралы мәлімет беру арқылы оқушылардың аңдар жөніндегі білімдерін толықтыру.

Сабақтың міндеттері:

Дамытушылық. Оқушыларға өз ойларын жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту.

Білімділік. Аңдар туралы өткенді қайталату. Оқушыларға жануарлар туралы қазақ тілінде сөйлеуге жетелеу. Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Жаңа сөздермен сөз қорын молайту. Сөйлем талдауға машықтандыру.

Тәрбиелілік. Оқушыларға аңдардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелер айту. Аңдарды қорғау туралы насихат жұмысын жүргізу, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жазбаша

Сабақтың байланысы: орыс тілі, ағылшын

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар

Техникалық құрал – жабдықтар: интербелсенді тақта, интербелсенді тақта, суреттер

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сыныппен сәлемдесу;

ә) сыныпты түгелдеу;

б) кезекшімен сұхбат;

в) үйге тапсырманы сұрау;

Оқушылар сабақты өлеңмен бастайды.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев үнемі жастардың білім алуына көңіл аударады, жағдай жасайды. Ел болашағы жастардың қолында деп жастарға үлкен үміт артады. 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізілген мектепте білім алып жатырмыз. Бар жағдай жасалған. Жастарымыз шет елдерде білім алуда. Демек, біз елбасымыздың үмітін ақтау үшін саналы да, білімді азамат болып шығуымыз керек. Сол үшін сабақты жақсы оқуымыз керек. Олай болса сабағымызды бастайық.

Үйге тапсырма Ә. Шапағаттың «Балмұздақ» өлеңін жатқа сұрау. 4 тапсырманы оқыту. Буын түрін ажырыту.

Интербелсенді тақтадан сұрақтар шығады. Оқушылар сұраққа жауап береді. (1 – слайд)

1. Балмұздақ қандай болады? Ақ, дәмді, тәтті, суық.

2. Сүт тағамдарын неден аламыз? Төрт түлік малдан.

3. Сүт тағамдарына не жатады?

4. Сүт тағамдарының пайдасы бар ма?

5. Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

Жаңа біз үй жануарлары, олардың пайдасы туралы айтсақ, бүгінгі жаңа сабағымыз аңдар туралы болмақ. Аңдар болса кең далада, еркіндікте, тауларда, жазық далаларда өмір сүреді. Оларды ешкім баптап күтпейді. Өз жемтіктерін өздері тауып жейді. Балаларын өздері бағады.

2. Жаңа сабақ: Хайуанаттар бағы. Сын есім

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа мен сын есім туралы сұраған себебім, бүгінгі грамматикалық тақырыбыз сын есім болмақ. Ең алдымен жаңа сөздерге көңіл аударайық.

Сөздікпен жұмыс: (3 - слайд)

  • мұғалімнің жаңа сөзді түсіндіруі;

  • дұрыс айтуға дағдыландыру:

  • мұғалім мәнерлеп оқиды;

  • оқушылар бірге дауыстап қайталайды;

  • оқушылар тізбектеп оқиды;

  • сөз тіркесін құрау;

  • сөйлемдер құрау.

  • сөздік дәптерге жазып алады.

хайуанаттар бағы – зоопарк

жиі – часто

Хайуанаттар бағының суреті. (4 - слайд)

  • Бұл не?

  • Бұл - хайуанаттар бағы.

  • Онда қандай аңдар болады?

  • Онда аю, қоян, қасқыр, түлкі, піл, керік т. б аңдар болады.

  • Хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?

Хайуанаттар бағында көптеген аңдар болады. Оларды арнайы адамдар баптап күтеді. Жемін, суын, керекті дәрумендерін береді. Жататын жерін тазалап, таза ұстайды. Олардың әрқайсысының жейтін тағамдары болады, соларды береді.

Енді сол аңдардың аттарын үш тілде айтып көрейік. (5 – слайд) Слайдта аңдардың суреттері шығады.

Қасқыр – волк - wolf

Аю – медведь - bear

Арыстан – лев - lion

Түлкі – лиса - fox

Керік – жираф - giraffe

Қоян – заяц – hare

Оқулықпен жұмыс. 5 – тапсырма. Барлық оқушы тізбектеп оқып шығады.

Мынау – хайуанаттар бағы. Хайуанаттар бағы өте үлкен. Хайуанаттар бағында әртүрлі аң, құстар бар. Мысалы, піл, арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю. Мен хайуанаттар бағына жиі барамын.

Қарашы! Аю ұйықтап жатыр. Қоян секіріп жүр. Керік жапырақ жеп тұр. Піл су ішіп тұр. Маймыл банан жеп отыр. Маған хайуанаттар бағы ұнайды.

Мұғалім сөзі. Осы аңдардың көбісі жойылып бара жатыр. Жойылып бара жатқан аңдарды Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгіземіз. Қызыл түс қауіп – қатердің белгісі. Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінен жойылып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.

Қызыл кітап суреті. (6 - слайд)

Оқушының қызыл кітап туралы шағын ғылыми зерттеуі.

Дәптермен жұмыс. Тапсырма орындау. 2 – тапсырма. Мына берілген сөздерді бірнеше сөз таптарымен тіркестіріп, сөз тіркесін құрау. Сын есім, етістік, сан есім. Бота, маймыл, кітап.

Сегіз бота бес маймыл үш кітап

Бота жүрді маймыл өрмеледі кітап оқыдым

Әдемі бота кішкентай маймыл қызық кітап

3 – тапсырма. Сөйлемдерді оқытып, тақтаға жазу. Тұрлаулы мүшелерін табу. Тақтаға төрт оқушы жазады.

Аю ұйықтап жатыр. Қоян секіріп жүр. Керік жапырақ жеп тұр. Піл су ішіп тұр.

Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

4 – тапсырма. Шашыраған сын есімдерді орнына апарып қой.

Кең дала, ну орман, қу түлкі, шапшаң саршұнақ, қорқақ қоян, үлкен арыстан, ұзын керік, көк қасқыр.

Келесі тапсырма. Үш түрлі жұмбақ айтамын. Шешуіндегі сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)

Өзі биік жануар,

Сарғыш – қоңыр дағы бар.

Аяғы төртеу, мойыны – ұзын,

Жаңылыспай танып ал. (Керік)

Тәтті көрсе, бас салар,

Айнымайды баладан.

Үп – үлкен боп жасқанар,

Кіп – кішкентай арадан (Аю)

«Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Түлкі. Түл – кі (2 буын, бітеу, ашық)


т [т] - дауыссыз, қатаң;

ү [ү] - дауысты, жіңішке, еріндік, қысаң;

л [л] - дауыссыз, үнді;

к [к] - дауыссыз, қатаң;

і [і] - дауысты, жіңішке, езулік, қысаң;

5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын.


Сабақты қорыту: Өткен сабақты бекіту.

  1. Хайуанаттар бағы туралы не білдік?

  2. Аңдар қайда өмір сүреді?

  3. Олар немен қоректенеді?

Тақтаға екі сурет ілінеді. Біреуі хайуанаттар бағының, екіншісі үй қорасының суреті. Астында берілген үй жануарларын қораға, аңдарды хайуанаттар бағына кіргізу керек. Оқушылар орныныа қойып шығады.

Сергіту сұрақтары. 1. Қу, айлакер аң не? (түлкі)

2. Аң пашасы не? (арыстан)

3. Қорқақ аң не? (қоян)

4. Жыртқыш аң не? (қасқыр)

5. Сүйкімді аң не? (тиін)

«Аңдар» сөзін топтастыру. Оқушыларға қағаздар беріледі. Оқушылар топтастырады.


Үйге тапсырма: 6– тапсырма, 103 - бет. Сұраққа жауап жазу.

Оқушыларды бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашы? саба? "Хайуанаттар ба?ы"

Автор: Туктибаева Жанар Утегеновна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272732

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "(ашы? саба?)  Хайуанаттар д?ниесі. Бейсебай Кірісбаев. "
    ["seo_title"] => string(55) "ashyk-sabak-khaiuanattar-duniiesi-bieisiebai-kirisbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "153532"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421040049"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашы? саба? "Хайуанаттар ба?ы""
    ["seo_title"] => string(26) "ashyksabakkhaiuanattarbagy"
    ["file_id"] => string(6) "272729"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452056470"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашы? саба? "Хайуанаттар ба?ы""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabakkhaiuanattarbagy1"
    ["file_id"] => string(6) "272730"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452056477"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ашы? саба? "Хайуанаттар ба?ы""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabakkhaiuanattarbagy2"
    ["file_id"] => string(6) "272731"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452056484"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Саба? жоспары: Хайуанаттар ба?ына саяхат "
    ["seo_title"] => string(44) "sabak-zhospary-khaiuanattar-bag-yna-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "188563"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426694638"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства