kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: «Өнеге отбасынан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: «Өнеге отбасынан»»

Сабақтың тақырыбы:  «Өнеге отбасынан»

Сабақтың мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан тұратыны туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: 
-отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.

-отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

-отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (Ар намыс керек адамға атты музыка ойнап тұрады)

Көзімізді жұмамыз,арқамыз тік қолдарынды тізе үстіне коюларыңа болады.Тынысты ішке тартамыз,сыртқа шығарамыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз табиғатқа серуенге шығамыз. Көз алдымызға жайлы ауланы елестетеміз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Айналадағы бар нарсені бақылап қардың түсі мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы естіледі. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз. Жүрегіңізді мейіріммен сүіспеншілікке және татулыққа баулып, тыныштық қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.

Көзімізді жәймен ашайық (өз ойларыңызбен бөлісуге болады)

2. Негізгі  бөлім Слайд: Шаңырақ жарастығы суретін көрсету

Әңгімелесу   

       1. Отбасы   жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

       2.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

      3.  Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
(Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі; мейірімділігі; 
туысқандық, бірлік барлық ағайынды ұғымдарытудырушы;жақындастырушы кішкене бір мемлекеттік ұя;

Дәйек сөз:

Отбасы тату болса , байлықтың да керегі жоқ.(мағынасын ашу)

Слайд:«Бала тәрбиесі туралы» ролик көрсетіледі. (талдау)

3. Мұғалімнің кіріспе сөзі: 

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:»Өнеге отбасынан»
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі..Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады. 
- Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі. 
- Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте. 
- Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі. 

4.Слайд: Оқиға айту (әңгіме) Мәтінмен жұмыс

Отбасы татулығы

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді.

Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады.Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп , отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік » , жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

Осы –ақ па?

Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.

Сұрақтар:
1. Өсиет әңгіменің мәні неде?

2.Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

Сондықтан балалар, «Ұяда нені көрсең ,ұшқанда соны ілерсің » дейді халқымыз. Сендер осы асыл қасиеттерді бойларыңа сіңіріп « Қара шаңыраққа » лайықты адам болуға тырысыңдар, талпыныңдар. Өйткені сендер бір-бір үйдің арқа сүйер ұлы және қызысыңдар.Нағыз «Өнегелі отбасы » осыдан басталады «Отбасы татулығы» болсын деп біз –өз шаңырағымызды құрастырайық

  Оқушылар алдарыңда тұрған кескіндерді алып құрастыру барысында өздерін қалай еркелетіп,жақсы көріп айтатын сөздерін айтуды ұйымдастыру.  

5.Слайд:Жағдаяттарды талқылау

1. Саят өз ата - анасын басқа балалардың ата - аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата - анасы басқалардыкіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс - әрекеті дұрыс па?
Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?
2. Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Типті ол бәйек болып жүретін ата - анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?
Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
3. Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды, ал сендер болсаңдар, қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?
Саяхаттан бас тартасыңдар ма?
Достарыңа қандай көмек ұсынасыңдар?
Жағдаятты талқылаудың мақсаты - оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету. Жақындарына құрмет, жанашырлық сезімдерін туғызып қана қоймай оның бекуіне жағдай жасау,бәріне мейіріммен қарайтын, бір – бірін сыйлай білетін ұл – қыз болып өсу.


6. «Сыңарын тап» ойыны

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)


7. «Кім тапқыр?»тренингі

1.Балдан тәтті? (Бала)

2.Қара шаңырақтың иесі кім? (Кенже бала)

3. Балаға кім сыншы? (Ата)

4.Әкеден балаға берілетін зат? (Мұра)

5.Үйдегі алтын адам кім? (Ана)

6.Бес дұшпаның... (өтірік,өсек,мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

7.Тәрбие мен білімнің ортасы (Мектеп)

7.Өзін-өзі тану бағдарламасының авторы? (Сара Назарбаева)

8. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы (Достық)

9.Бес асыл іс (Талап , еңбек, терең ой, қанағат, рахым)


8.Сергіту сәті.

(музыка әуенімен билеуі тиіс, мен екеумін,мен үшеумін,достарыммен)

 

9. Шығармашылық жұмыс «Бақытты отбасы »

тақырыбында постер қорғау

1-топ: Ата-анадан ,отбасынан қандай өнеге аласың?

2-топ: Досыңнан қандай өнеге аласың?

3-топ : Өздерің оқып жатқан мектептеріңнен қандай өнеге алдыңдар?

Соны постерге жазып, қорғау

Барлығымыз бір-бірімізге жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып, Ғафу.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айталық.


1.Әлемнің жарығын 
Сыйладың сен маған. 
Даланың әр гүлін 
Жинадың сен маған. 
Сен бердің құстардың 
Қанатын самғаған. 
Балалық құштарым Өзіңе арнаған. 

Әлдилеп, аялап 
Өсірген жемісің. 
Самал жел, сая бақ 
Құшағың мен үшін. 
Есейіп кетсем де 
Мен саған сәбимін. 
Көңіліңді көктемдей 
Көзіңнен танимын. 
Қорытудың соңғы сәті:   Отбасы сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді, жақсылыққа жетелейді, еңбектенуге ,білім алуға көмектеседі, үлкендерге көмектесуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді

«Бақыт» ағашы

(Оқушылар өз отбасына деген тілектерін стикерге жазып ,бақыт ағашына іледі)








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ: «Өнеге отбасынан»

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 08.11.2018

Номер свидетельства: 484340

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?: " ?неге - отбасынан ""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-onieghie-otbasynan"
    ["file_id"] => string(6) "301282"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456900438"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ашық сабақ "Өнеге - отбасынан басталады""
    ["seo_title"] => string(40) "ashyk_sabak_onieghie_otbasynan_bastalady"
    ["file_id"] => string(6) "392796"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487310428"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "«?неге отбасынан» ?зі-?зі тану ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(37) "onieghieotbasynanoziozitanuashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "292057"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455210166"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?неге отбасынан т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(34) "onieghie-otbasynan-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "311604"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459236643"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "?неге отбасынан"
    ["seo_title"] => string(17) "onieghieotbasynan"
    ["file_id"] => string(6) "272870"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452079919"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства