Сабақ тақырыбы | Абай-мұражайында |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.1. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну. |
2.2.2.1. сюжетті сурет негізінде өз ойын айту. |
2.5.1.1. мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану. |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. |
Көбі: сюжетті сурет негізінде өз ойын айтады. |
Кейбірі: заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады. |
Күтілетін нәтиже | Тақырыпқа қатысты қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы өз ойын айтады, інісінің ойыншықтарын сипаттайды. |
Жаңа сөздер: | Қатты, жұмсақ. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, желімқағаздар (стикерлер). |
Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ойыншықтар әлемі» бейнебаяны, «Кім көп біледі?» ойыны, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы. |
Дереккөздер: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді. | Мұғаліммен сәлемдеседі. |
Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
І. Қызығушылықты ояту | Интерактивті тақтадан оқушыларға «Ойыншықтар әлемі» бейнебаянын көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: -Балалар, біз қандай ойыншықтарды көрдік? Сендер бұл ойыншықтар жайлы қандай ақпарат алдыңдар? Оларды сипаттап беріңдерші. | Бейнебаянды көреді, ойыншық түрлерін атайды, сипаттайды. |
ІІ. Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді. |
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұраққа жауап береді. |
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сурет бойынша сұрақ қойып, жауап береді. |
4. Мәнерлеп оқу. «Кел жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. | Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
4. Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
ІІІ. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушыларға «Жоғалған буынды тап!» ойынын жазылымға қатысты орындатады. Арыс..., ...пі, жол...рыс, ...кі, қон... | Жазылым. Оқушылар дәптерлеріне берілген сөздерді жазып, жоғалған буынды табады. |
ІV. Бекіту | А) Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім 4-тапсырма орындатады. «Кім көп біледі?» ойынын ойнатады. | Айтылым. Суреттегі ойыншықтарды тез атайды. |
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. |
VІ. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. | |
VІІ. Рефлексия | Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерді) жазып, тақтаға іледі. |