kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? : Ма?жан Ж?мабае­в " Мен кім?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бірінші санатты ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі Н?ртазина Алма ?анапия?ызы Сынып: алтыншы. Саба?ты? та?ырыбы: Ма?жан Ж?мабаев «Мен кім?». Саба?ты? ма?саты: а) білімділік: М.Ж?мабаевты? ?мір жолы мен жазушылы? ?ызметінен ма?л?мат беру. ?) дамытушылы?: Ш?кірттерді ?зіндік ізденіс ж?мыстарына баулу,ой-?рісін,рухани жан д?ниесін байытып,с?йлеу машы?тарын жетілдіру. б) т?рбиел?к: Елжандылы??а,адамгершілікке,тілімізді ??рметтеуге,?дебиетті с?юге т?рбиелеу. Саба?ты? ?дісі: шы?армашылы?,зерттеу. П?наралы? байланыс: тарих,география,орыс ?дебиеті,?нер. Саба?ты? к?рнекілігі: портрет,а?ын жайлы ?лыларды? с?здері,кітаптар,сызба-кестелер. Саба?ты? барысы: 1) ?йымдастыру кезе?і. 2.?й тапсырмасын с?рау.(алдын ала о?ушылар?а: 1.М. Ж?мабаевты? ?мір жолын о?у. 2.»?аза? тілі» ?ле?ін жаттау ж?не ана тілі жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар беріледі). – Балалар,алды??ы саба?та біз ?андай а?ынды ?ттік? – М.Ж?мабаевты. –Балалар,жалпы біз Ма?жанды кім деп танимыз? - ?те д?рыс. Біз Ма?жанды негізінен осы ?ырларынан танимыз. Ол – ?лтжанды азамат,сезімтал а?ын,?лы педагог. – М.Ж?мабаев. (?мір жолын айтады). – ?андай шы?армаларын білеміз? - Біз оны? «Мен жастар?а сенемін»,»Мен кім?», «Анама»,»?аза? тілі», «Т?ркістан»,т.б.?ле?дері мен «?ор?ыт», «Ертегі, «То?санны? тобы», «Батыр Баян, «?ойлыбайды? ?обызы» т.б. поэмаларын білеміз. 2. ?йге берілген «?аза? тілі» ?ле?ін жат?а с?рау.(3топ жарыс?а т?седі:1-бастайды,2-?остайды, 3- ая?тайды). – А?ын бізді неге ?ндейді? (О?ушылар жауабы ты?далады). – Ана тілге байланысты ?лы адамдарды? ?андай с?здерін білесі?дер?. Сендер осы Ма?жан жырларымен бастауыш сыныптан бері сусындап ?сіп келесі?дер.Сендерді? ойлары?ша,Ма?жан ?андай а?ын? Ендеше біз осы с?ра??а Ма?жанны? ?з жауабын ты?даса?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? : Ма?жан Ж?мабае­в " Мен кім?"»

Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұртазина Алма Қанапияқызы

Сынып: алтыншы. Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім?». Сабақтың мақсаты: а) білімділік: М.Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен мағлұмат беру. ә) дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін,рухани жан дүниесін байытып,сөйлеу машықтарын жетілдіру. б) тәрбиеләк: Елжандылыққа,адамгершілікке,тілімізді құрметтеуге,әдебиетті сүюге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: шығармашылық,зерттеу. Пәнаралық байланыс: тарих,география,орыс әдебиеті,өнер. Сабақтың көрнекілігі: портрет,ақын жайлы ұлылардың сөздері,кітаптар,сызба-кестелер. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын сұрау.(алдын ала оқушыларға: 1.М. Жұмабаевтың өмір жолын оқу. 2.»Қазақ тілі» өлеңін жаттау және ана тілі жайлы деректерді жинау секілді тапсырмалар беріледі). – Балалар,алдыңғы сабақта біз қандай ақынды өттік? – М.Жұмабаевты. –Балалар,жалпы біз Мағжанды кім деп танимыз? - Өте дұрыс. Біз Мағжанды негізінен осы қырларынан танимыз. Ол – ұлтжанды азамат,сезімтал ақын,ұлы педагог. – М.Жұмабаев ... (өмір жолын айтады). – Қандай шығармаларын білеміз? - Біз оның «Мен жастарға сенемін»,»Мен кім?», «Анама»,»Қазақ тілі», «Түркістан»,т.б.өлеңдері мен «Қорқыт», «Ертегі, «Тоқсанның тобы», «Батыр Баян, «Қойлыбайдың қобызы» т.б. поэмаларын білеміз. 2. Үйге берілген «Қазақ тілі» өлеңін жатқа сұрау.(3топ жарысқа түседі:1-бастайды,2-қостайды, 3- аяқтайды). – Ақын бізді неге үндейді? (Оқушылар жауабы тыңдалады). – Ана тілге байланысты ұлы адамдардың қандай сөздерін білесіңдер? ...... Сендер осы Мағжан жырларымен бастауыш сыныптан бері сусындап өсіп келесіңдер.Сендердің ойларыңша,Мағжан қандай ақын? Ендеше біз осы сұраққа Мағжанның өз жауабын тыңдасақ.

Мен кім?

Арыстанмын,айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт,жерде – желмін гулеген, Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? Көкте – Күнмін,көпке нұрын шашамын, Көңілге алсам,қазір ғарышқа асамын. Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк, Ерігемін- толқып,шалқып,тасамын. Жалынмын мен,келме жақын,жанарсың, Тұлпармын мен,шаңыма ермей қаларсың. Күл болсын көк,жемірілсін жер,уайым жоқ, Көз қырыммен күліп қана қарармын. 1.Түсініксіз сөздерге түсініктеме беріп,мағынасын ашу. 2.Көркемдегіш сөздерді, ырғақ,буын,ұйқас түрлерін тапқызу. 3.Басқа ақындармен ұқсастықтарын табу. 4. Кластер әдісі бойынша Мағжан қандай ақын екенін көрсету (оқушылармен бірге).

Реалист лирик

символист \ ↑ /

сезімтал ← АҚЫН МАҒЖАН → жалынды

ұлтжанды / ↓ /айбынды

жан-жақты

Мұғалім: »Мен кім?» өлеңінде Мағжан өзінің кім екендігін айтып кетті.Жалпы ұлылар өз төреліктерін тарихта өздеріне өздері баға берген. Мағжан өзі айтпақшы,ол-арыстан,дауылпаз да каһарлы ақын,табысынан бір танбаған – тұлпар. Ол азат өмірді,елдің егемендігін аңсап,жырлап өткен айбарлы ақын! Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол- көптеген өлеңдер,поэмалар,әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға. Ірі талант иесі өзі жайлы былай деген еді: (Ақын өлеңі тыңдалады).

Мен өлмеймін,менікі де өлмейді, Надан адам өлім жоғын білмейді. Өзім – патша, өзім-қазы,өзім-би, Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Өзім- тәңірі,табынамын өзіме, Сөзім-құран,бағынамын сөзіме! Бұзушы да,түзеуші де өзіммін, Енді,ескілік,келдің өлең кезіне! – деп ақын өзі айқандай, Мағжан Жұмабаев біз үшін мәңгі тірі күйінде.

1960жылы Мағжан Жұмабаевтың ісі қайта қаралып,ол ақталды. Балалар,Мағжан Жұмабаев сияқты жала жабылып,кейін ақталған қандай «Бес Арысты» білеміз? - ...... – Ерекшеліктері? - ..... Иә,талай боздақтар жазықсыз жапа шегіп,атылып кетті. Алайда олардың өлімі бекер болмады.Бүгін олардың арманы орындалды. Біздің еліміз егемендік алып,мықты тәуелсіз мемлекетке айналды. Балалар, мына қанатты сөздерге назар аударайықшы. Ұлы адамдардың Мағжан жайлы айтқан сөздері экранға шығады. Мұғалім: Иә,Мағжаннан үйрену –әрбір әдебиет сүйер,өлең сүйер қауымның борышы. Мағжанға мына ұлы тұлғалар осылай баға берген. Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының барлығы дерлік. Мағжанды оқыған,одан үлгі алған,оны пір тұтқан және оған өз еңбектерін арнаған. Мұғалім: Рахмет.Әрине,Мағжанды бір ғана сағатта оқып білуге болмайды.Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз қажет.Біз бүгін мағжанның қысқа да болса өнегелі өмірі мен тағылымдарына шолу жасадық. Мағжан өмірі - бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа,үлкен адамгершілікке,ұлылыққа шақырды. Мағжандай асыл азаматтар сендердің де араларыңда бар! Мағжандай елдің мақтаныштары болыңдар! Келесі кезекті өздерінің жүрек жарды жырларын Мағжан Жұмабаевқа арнап әкелген жас ақындарға берейін. «Мағжанға арнау» (өлеңдер оқылады). Мұғалім: Мағжан – бүкіл иісі қазақтың,қала берді түркі елдерінің жарық жұлдызы. Ұлы Абайдың «Өлді деуге сия ма,ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген нақыл сөзіндегідей, Мағжан өлген жоқ . Ол мәңгі халқымен бірге. Ендеше мен бүгінгі сабағымызды Кәрібай Мұсырманның «Білсін әлем...» атты өлеңімен аяқтауды жөн көрдім.

Мағжан! Мағжан!... Ер еркесі киелі, Ұмытпайды, халқың сені сүйеді. Күннен туған пайғамбары өлеңнің,, Алты алашың өзіңе бас иеді. Туған елге өміріңді арнадың, Суға батқан қазақ халын қармадың... Сан жүректі лапылдатып жандырдың Хан Абылай, Ер Кененнің арманын! Сол арманға құрбан болдың өзің де, Кете бардың үміт өшпей көзіңде. Қандай асқақ арман жатыр,апыр-ай, «Мен жастарға сенем!...» деген сөзіңде!... Мұғалім: Ақын келешек жастарға көп үміт артқанын байқап отырғандарыңдай, Мағжан поэзиясын сүйіп,оның мұрасын бағалай білу – біздің басты парызымыз. Бүгінгі сабақтан үйренгеніміз көп, дегенмен үйренеріміз әлі алда.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ашы? саба? : Ма?жан Ж?мабае­в " Мен кім?"

Автор: Нуртазина Алма Канапияновна

Дата: 08.11.2015

Номер свидетельства: 249981


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства