kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Ғажайып әлемге саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға табиғат аясында саяхат жасау. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Ғажайып әлемге саяхат"»

Балалар  шаттық  шеңбер  жасап  амандасады Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ шыту не керек? Көңілді боп жүрейік – деп бір біріне тілек айту. Тәрбиеші:Балалар менің қолымдағы ненің суреті? Балалар: Жүрек Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане жүрегімізден шығатын жылы сөздер айтайықшы. Балалар: Аспанымыз ашық болсын Күніміз жарқын болсын Еліміз тыныш болсын Нанымыз көп болсын Ата- анамыз аман болсын Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қане осы айтқан жылы сөздерді апайларға сыйлайықшы. Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Балалар: Жылулықты, достықты, мейірімділікті Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі? Балалар: Қыс мезгілі Тәрбиеші: Қыстың қандай айы? Балалар: Ақпан айы Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Балалар: Қар жауады, боран болады, аяз соғады, күн мұздай болады, күн суытады, қыста аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз, шанамен балабақшаға келеміз. Ғажайып сәт Есік қағылып ішке торғай келеді, аузына открытка қыстырып алған. Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді? Балалар: Торғай Тәрбиеші: Балалар торғайдың аузындағы открытканы алып қарайықшы, бұл открытка жәй открытка емес екен балалар, торғай бізді өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті. Балалар торғаймен бірге серуендеуге барамыз ба? Балалар орманға барғанша жолда әртүрлі кедергілер кездесуі мүмкін, сол кедергілерден жайлап жүріп өтейік.Балалар мына жердің бәрі қалың қар екен  осы қарға құлап қалмай мына көпірден ақырындап өтейік. Балалар мына қараңдаршы ақ тиіндар жаңғақтарды шашып кетіпті, осы жаңғақтарды мына корзинаға салып, жинап кетейік. Енді балалар кішкене көңілімізді көтеріп сергіту жаттығуын жасап жіберейік. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолғаптан. Тәрбиеші: Балалар міне орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза? Ауамен аздап демалайықшы . Таза ауада демалған қандай жақсы ( мұрынмен демалу жаттығуларын жасату) Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? Балалар: Қоян Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қоянның аузында хаты бар екен, алып оқимыз ба?Қоянға көмек керек шығар , мұңайып отырған сияқты. Балалар: иә Тәрбиеші: Балалар қоян, қасқыр туралы кім тақпақ біледі? Ақ қоян- ау, ақ қоян Үркек қоян сақ қоян, Қаша берсең орманға, «Қорқағым» — деп ат қоям.   Мерей   Ұзын құлақ , сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы- қырлы жерлермен Ытқып- ытқып жүгірді.         Мырза   Мен көкжал қасқырмын, Малшыны састырдым Аш болсам ұлимын, Ауылды торимын.             Нұрсұлтан   Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар балалар. Өте тамаша. Балалар мына жерде міне біздің іздеген қасқырымыздың өзі де тұр екен. Балалар: Қасқыр, қасқыр сен неге қоянның көжегін ұрлап кеттің? Көжекті жеп қойған жоқсың ба? Қасқыр: жоқ жеген жоқпын. Балалар мыны конверттің ішінде менің сендерге дайындаған тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар мен көжекті анасына қайтарып беремін. Тәрбиеші: Балалар біздер қоян мен көжегіне көмектесеміз бе? Балалар: иә Олай болса қасқыр тапсырмаларыңды айт 1 -тапсырма: Жануарлардың үйлерінің түстерін, пішіндерін атаңдар  және  жыртық жерлерін жамаңдар 2- тапсырма: Жұмбақ жасырамын, жұмбақты шешіңдер Сыбдыр шықса қашады Сайдан бір- ақ асады      (Қоян)   Сұр түсті, ақсиған көп түсті  (Қасқыр) Қыста ғана болады Ұстасаң қолың тоңады     (Қар)   Аяғы жоқ, қолы жоқ Бірақ сурет салады көп    (Аяз)   Суда қалқиды Жылыда балқиды    (Мұз)   3 -тапсырма: Балалар маған ойнайтын аққала жасап беріңдер (Пенопластан жасаған аққаланы тақтаға жапсыру, балалар кім аққала туралы тақпақ айтады )    Қар жауғанда топ бала Соқтық келіп аққала,    Мұрны сәбіз үп-үшкір                    Көзі көмір қап –қара.     Асылай  4 -тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Кім жылдам , дұрыс құрастырады?» (Геометриялық пішіндерден шырша, үй, күн құрастыру) Тәрбиеші: Балалар біз қасқырдың барлық тапсырмаларын орындаған сияқтымыз. Бізге қасқыр көжегімізді қайтаратын шығар. Қасқыр: Жарайсыңдар балалар . Сендер менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Менде енді сөзімде тұрып , көжекті сендерге қайтарайын. Көжек: Балалар сендерге көп- көп рахмет.Мен енді анамның қасынан шықпаймын. Сендер мені қасқырдан құтқару үшін түрлі тапсырмалар орындадыңдар. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының ақылды, тапқыр балаларының барына қуанып тұрмын. Тәрбиеші: Міне,балалар сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Көжекке көп көмек көрсеттіңдер.Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды , енді өзіміздің тобымызға оралайық. Қорытындылау: Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық? Орманнан не көрдіңдер? Кімге көмектестіңдер? Сендерге серуен ұнады ма? Міне балалар «Қысқы ормандағы » саяхатымыз аяқталды. Келесі серуенге жаз шыққасын , жаздың табиғатын тамашалауға шығамыз. Сау болыңыздар!
Дерек көзі: https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/ashik-sabak-ormanga-sayahat/


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ "Ғажайып әлемге саяхат"

Автор: Желеубаева Гульмира Алпысбаевна

Дата: 25.11.2023

Номер свидетельства: 640628

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Ашық сабақ: "Ғажайып білім әлемі""
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk_sabak_g_azhaiyp_bilim_liemi"
    ["file_id"] => string(6) "438725"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510643831"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ашы? саба? "Денсаулы? еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(35) "ashyksabakdiensaulykieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454522404"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Ақ қоян" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(20) "ak_koian_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "475024"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1531716521"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_1"
    ["file_id"] => string(6) "395287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487947619"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Та?ырыбы:  Мені?  отбасым"
    ["seo_title"] => string(26) "tak-yryby-mienin-otbasym-1"
    ["file_id"] => string(6) "276280"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452698387"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства