Сабақтың ортасы минут) | Тыңдалым. Жазылым. Балалар, назарымызды тақтаға аударып, бір ән тыңдайық (оқушылар ән тыңдау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды) «Болжау» әдісі Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналмақ, қалай ойлайсыңдар? (Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстыру) Олай болса, бүгінгі сабақта кездесетін жаңа сөздермен танысайық! Сөздік дәптерлеріңе жаңа сөздерді жазып алыңдар. Жаңа сөздермен таныстыру: шарбақ – забор шатыр – крыша (сөздерді оқу, оқушыларға қайталату, дәптерлеріне жаздырту) Балалар, енді кітабымызды ашып, 122-беттегі суретке қарайық. Оқылым. Айтылым. - Балалар, оқулықтағы мәтінді оқиық. -Қане, кім оқиды? (мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді, өздері әңгімелейді) - Баланың ауылда кімдері бар? - Атасының үйі қандай? - Шарбағы қандай? - Демалыста қайда барады? - Кімдерге көмектеседі? - Оған ауыл ұнай ма? - Ал енді кімнің ауылда әжесі мен атасы бар? Кім әңгімелеп береді? ( 3 оқушыға әңгімелету) Дескриптор: Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді. Мәтін төңірегінде әңгімелейді,өз ойларын айтады. (ҚБ) |
Видеофильм «Мен ауылға барамын» әні
слайд №1
слайд №2
слайд №3
|