kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ана – ?мір иесі».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: ??гімені ?орытып талдау,?з ой сезімдерін айта білуге ?йрету.О?ушыларды? психологиялы? к??іл тол?аныстарын бай?ау.

Дамытушылы?: о?ушыларды? с?здік ?орын,тіл байлы?ын,ой- ?рісін дамыту.

Т?рбиелік: « Ана» деген ??ымды тере? т?сіне білуге, сезінуге, аналарды ??рметтеуге,?ам?ор болу?а т?рбиелеу,меиірімділікке,адамгершілікке баулу.

Саба?ты? т?рі:  ?орытынды саба?.

Саба?ты? ?дісі: ??гімелеу,с?ра?-жауап,сахналы? к?рініс,эссе,де?гейлік тапсырмалар,блиц турнир.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ана – ?мір иесі». »

Сабақтың тақырыбы: «Ана – өмір иесі».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әңгімені қорытып талдау,өз ой сезімдерін айта білуге үйрету.Оқушылардың психологиялық көңіл толғаныстарын байқау.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын,ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік: « Ана» деген ұғымды терең түсіне білуге, сезінуге, аналарды құрметтеуге,қамқор болуға тәрбиелеу,меиірімділікке,адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап,сахналық көрініс,эссе,деңгейлік тапсырмалар,блиц турнир.

Пәнаралық байланыс: тарих,,ән.

Сабақтың көрнекілігі: күйтаспа, Темір хан ордасы,слайд, ана туралы жазылған ойлар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар !?

2. Балалар бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Өткен сабақта өтілген Ғабит Мүсіреповтің М. Горькийден аударған«Өлімді жеңген ана» әңгімесін қорытындылау, «Ана» деген ұғымды терең сезіну.Бүгін осы әңгімені қалай түсінгендеріңді байқау үшін, сабақ кезеңінде деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.

  1. Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?(Ақсақ Темір мен ана)

  2. Әңгіменің басты тақырыбы не? ( Ана махаббаты)

  3. Оқулықтан Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді тауып оқы.

II. Блиц турнир.

- Ақсақ Темір кім?

- Ол қанша жыл елдерді жаулаған?

-Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?

-Елдің сүйегінен нелер салдырды?

Балалар, II бөлімде Әйел- ананың құдіреттілігін, оның күші неде екенін оқыдық, соны енді сахналық көріністен көрейік.

III.Көрініс.

Темір хан патша шатырында төрде отыр,қасында билер.

Нөкер: - Тақсыр, бір әйел келіп тұр, сізді көрем дейді.

Өзі арабша сөйлейді.Үсті- басы кір- кір, шаң- шаң.

Темір: - Әкеліңдер!

Нөкерлер жалаң аяқ, шашы жалбыраған бір әйелді әкелді.

Әйел кіріп келіп: - Баязит сұлтанды жеңген сен бе?

Темір: - Иә мен! Мен талайды жеңгем. Оны да жеңдім.

Ал сен неге келдің?

Әйел:Онда тыңда!Сен не істесең де адамсың.Ал мен анамын.Сен өлімге қызмет етсең, мен өмірге қызмет етемін.Сен өлім шашсаң, мен өмір шашамын.Дүниеге адам әкелдім, білдің бе?! Сондықтан мен сені адамға санамаймында.

Темір: - Маған ешкімнің бағасы керек емес.Мен ешкіммен есептеспеймін.Жұмысыңды айт, әйел!

Әйел:-Онда тыңда, өлімнің егіншісіТемір.Сен менің алдымда кінәлісің.Менің алдымда кінәңді жусын деп келдім.Өйткені мен- Ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем.Сені жеңем!

Темір ойланып:- Өзің отыршы, сені тыңдағым келіп барады.

Әйел кілемнің үстіне келіп отырады.

Әйел: - Мен Салерно деген жерден келдім. Ол алыста. Италияда. Менің жалғыз ұлым бар еді. Ол өте сұлу, ақылды болатын. Баязит сұлтан әскерімен әкем мен күйеуімді өлтіріп, баламды алып кетті. Міне 4 жыл болды, баламды іздеп жүрмін. Естуімше, балам сенде, өйткені Баязит сұлтанды сен жаулап алғансың. Өзіме қайтар ұлымды! Ұлымның қайда екенін сен білесің!

Көпшілік: - Мынау жынды шығар. Не дейді?

Темір хан: - Әйел, сен алыс жерден келдің. Жолда тау бар, теңіз бар, орман бар, одан қалай өттің? Әрі аң, құс бар. Олар саған тимеді ме?

Әйел: - Мен бір-ақ теңізге ұшырадым. Онда арал көп екен, балықшы да көп екен. Балықшы көп болған соң, онда қайық бар. Теңізден қайықпен өттім. Сүйген ұлыңды іздесең, қайықпен де өтуге болады екен. Ал, тау дейсің, мен тауды байқағаным да жоқ, ормен маған отын бергеннен басқа тоқтау қылған жоқ!

Темір хан: - Ал, аңдар ше?

Әйел: - Йя, олар кездесті. Сен сияқты өлім шашып тұратын барыс екі рет кездесті. Олар маған тек қарап тұрды. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Олар менің ана екенімді түсінді. Аңның да баласын сүйетінін білмейтін бе едің?

Темір хан: - Солай, әйел! – басын изеп, - аңдар адамнан гөрі өз баласын артық сүйеді. Ең қатты жауыздық Адам баласынан шығады.

Әйел: - Адам деген бала ғой. Әр адамның баласы бар. Сен, шал, білесің бе, сені де әйел тапты. Сен құдайдан бас тарта алмайсың? Бер, баламды, қайтар өзіме. Өйткені мен анамын, баламды сүйем!

Темір хан: - Мен тәңір құлы Темірмін, тек тиісті сөзді ғана айтам! Мен біраз жасқа келдім. Отыз жыл бойы қара жер табанымда ыңырсыды. Неге бүйтеді дейсің ғой. Мен патшамын. Патшаның патшалығы неғұрлым кең болса, соғұрлым оның өзі де ұлы патша. Мен патшалығымды кеңейте беруім керек. Әйтпесе мен қандай патшамын? Сондықтан мемлекетті басып алып, өзіме бағындырам. Бұл бір. Екінші, өлім менің жалғыз ұлым Жәңгірді алып, жүрегімді сөндірді. Сондықтан өлімнің құрбандығына адам алып, кегімді алып жүрмін. Менімен патшалық үшін, ел үшін көп Адам алысты. Ал Адам үшін ешкім алысып көрген жоқ. Мен үшін Адам кім? Менің алдымда неге тұрады? Мен оны білмеймін.

Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін білмеген сөзімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менен өтінбейді, бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл - өмір иесі, бұл – ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол өмірдің ұшқыны ғой. Сол ұшқыннан бірнеше ғасырдан кейін жалын туар. Мен жерге өлім ектім, қанмен жақсылап суардым. Қазір жердің майы сорғалап, қыртыстанып тұр. Осы жерге бақыт егетін Адам керек шығар... (ойланып қалады).

Мен тәңір құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам. Үш жүз әскер қазір жердің төрт бұрышын аралауға аттансын. Тапсын олар мына әйелдің үлын! Әйел осында күте тұрады. Мұнымен бірге мен де күтем. Кімде-кім мұның ұлын атқа мінгізіп әкелсе, ол шын бакыттың дәмін татады. Солай ғой, әйел?

Әйел бетіне түскен шашын кейін сілкіп:

- Солай! Осыны істеІ деп азырақ езу тартады.

Осы кезде Ақсақ Темір орнынан тұрып, әйелге басын иді.

Рахмет, балалар, Әмір Темір мен Ананың бейнесін, әңгіме желісін еске түсіре отырып, келесі тапсырмаға көшейік.

IV. Балалар,осы әңгімедегі « Темір хан» мен « Әйелге» ассоциация жасаңдар,әрі өз көңіл- сезімдеріңді түрлі түстермен белгілеңдер.

Әйелден жеңіледі


Өрт


Барыс



Жауыз


Қанды өзен


Ақсақ Темір



Өлімге қызымет етеді

ақылды



Өлім себеді,шашады

Данышпан


Қатыгез

Хан













Баласын сүйеді


Батыл

Өмір себеді





Әйел

Күшті

Қорықпайды




Адам әкеледі


Ержүрек



Жеңеді

Өмірге қызмет етеді









V. Осы тақырыптағы « Әмір Темір» мен «Әйелге» өз қалауларыңша эссе жазыңдар.

( 5 мин) 1-2 оқушыға оқыту.

VI. Әңгіменің ішінен Әйел-ана туралы айтылған ойлар бар. Соны тауып оқындар.

1.оқушы. Мақтасақ , әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел- ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе ?!

2. оқушы.Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те. Әйел- ана, дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иді.

3. оқушы.Құрметтейік те,көтерейік те әйелді. Ана- әйелді құрметтейік. Оның сүюі таусыла ма? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған.

4. оқушы. Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды дүниеге әкелген ананы. Аристотельді де, Фирдаусиді де ана әкелді. Ұлы Гомер де, Ескендір де ананың баласы. Бәрін де дүниеге әкелген – ана.

Бекіту. Өте дұрыс.Енді , балалар, сабағымызды қорытпас бұрын ананың нағыз өмір иесі екенін мына бейне таспа тағы бір дәлелдей түскендей.

«Ана жүрегі» ән баянын көрейік.

Қорытынды.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.

“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.

Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Үйге тапсырма: «Ата – ананың ақысы» фильмінен үзінді. Фильм сендерге қандай ой салды? Баланың әрекетін қалай аяқтайсыңдар?

Бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Ана – ?мір иесі».

Автор: Айткожина Айгерим Хабибулаевна

Дата: 04.11.2014

Номер свидетельства: 125884

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Ту?ан к?ні?мен, балаба?ша!!!» ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(37) "tugankuninmienbalabakshaiertienghilik"
    ["file_id"] => string(6) "309418"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458803058"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Такырыбы: Менің туған күнім"
    ["seo_title"] => string(28) "takyryby_mienin_tug_an_kunim"
    ["file_id"] => string(6) "469236"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526113435"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Ата-ана ролі "
    ["seo_title"] => string(12) "ata-ana-roli"
    ["file_id"] => string(6) "181507"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425365900"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Баланы? маманды? та?дауда?ы ата – ананы? ролі "
    ["seo_title"] => string(45) "balanyn-mamandyk-tan-daudag-y-ata-ananyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "232406"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442837432"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Ту?ан к?нді тойлаймыз""
    ["seo_title"] => string(22) "tug_an_kundi_toilaimyz"
    ["file_id"] => string(6) "343935"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1473937657"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства