Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске түсіру. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Үй тапсырмасын тексеру. «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу. Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады. Балаларына айтқан әке өсиетінінің мәні неде? Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр. Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығы неде? Өздерің қандай ақыл, дана сөздерді тыңдап жүрсіңдер? - Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей, адал, шыншыл болып жақсы өмір сүрген екен. Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады. |