kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ақылды тыңдай білу де өнеге"

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сыныпта Өзін-өзі тану пәнінен өткізілген сабақтың  тақырыбы "Ақылды тыңдай білу де өнеге"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ақылды тыңдай білу де өнеге"»

Өзін-өзі тану

К.С.Курчумбаева

КММ Винное орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Құндылығы:

дұрыс әрекет

Қасиеті:

адамгершілік

Мақсаты: оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру.

Міндеттері: оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы мәлімет беру. оқушыларға дұрыс әрекет құндылығы туралы түсінік беру, оның адам өміріндегі маңыздылығын ашып көрсету;

Ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын, ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;

Қамқорлық,ізеттілік,кішіпейілділік ,сыйластық қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Ресурстары:

Оқулық, дәптер, «Алтын сандық» «Күміс сандық» «Ақыл сөздер», жағдаят

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбын хабарлау. « Ақылды тыңдай білу де өнеге»

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңді түзу ұстап, аяқ-қолдарыңды айқастырмаңдар. Қолыңды тізеңе не парта үстіне қоюға болады. Көздеріңді жұмуларыңды өтінемін.

Елестетіп көр: Күн нұры сенің төбеңнен өтіп, кеудеңе қарай бойлап барады. Кеудеңнің орта тұсында гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сенің әр ойыңды, сезіміңді, тілегіңді-қалауыңды шайып, жүрегіңнің қауызын ашты. Нұр сәулесі сенің бойыңа ақырындап тарай бастағанын елестет. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолыңа түсір. Сенің қолың нұрға бөленіп сәуле шашуда.

Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді ғана істейді. Және барлық жанға көмектеседі. Енді нұр сенің аяғыңа тарады. Аяқтарың нұр сәулесін шашуда. Олар сені тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге қана апарады. Сенің қолың мен аяғың сүйіспеншілдік яғни махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сенің аузыңа, тіліңе тарады. Сенің тілің тек шындықты және жақсы ізгі сөздерді ғана айтады. Енді нұрды құлағыңа қарай бағытта. Құлақтарың тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр сенің көзіңе жетті.Көзің тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сенің басың түгелдей нұрға бөленіпғ басыңа тек қана ізгі, жақсы ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, сенің денеңнен шығып жан-жағыңа сәуле шашады.Осы нұрды туысқан-дарыңа, достарыңа, ата-анаңа, ұстаздарыңа бағытта, олардың жүрегі де нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...

Енді сен ойша: «Мен нұрлымын» «Нұр мен ішімде» «Мен нұрлымын» деп қайтала. Осы нұрды жүрегіңе орналастыр. Нұрға толы бүкіл әлем сенің жүрегіңде. Жүрегіңді толтырған нұрды әдемі қалпында сақта. Жаймен көзіңді аш. Рақмет! --Өз әсеріңмен бөліс.

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Жанат пен Қанат» «Талаптыға нұр жауар» шығармашылық тапсырма

Ой қозғау сұрақтары:

-Қанат домбыра үйрену ниетіне қалай жетті?

Жанат неге домбыра шертуді үйренуден бас тартқандығы туралы не айтар едің?

-Атасының Жанат пен Қанатқа айтқан соңғы сөзі және оның мағынасын қалай түсіндің?

--Талапты бала қандай болады? Ол жөнінен сендерге «Талаптыға нұр жауар» тақырыбында шығармашылық тапсырма берілген еді. (оқыту)

3.Дәйексөз


«Ата-анаңның ақылы

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,

Сарқылмайтын көлмен тең». Мағынасын ашу.

1)Қыздар 2) Ұлдар оқиды.

-Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады екен? Әрине, ақыл туралы.

«Ақылды тыңдай білу де өнеге» Дәптеріңе жаз.

4.Әңгімелеу.

Мұғалім сыйы. «Әке ақылы» (айтып беру)

Абай Әбішті ертіп ауылға қайтты. Екеуі атқа мінбей ақырын жаяу басып, әңгімелесіп келеді.

-Балам, сенің қараңғы кедей жұртына, өз халқыңа арнаған ойың, жәрдемің бар ма?-деп сұрады Абай баласынан.

-Мен әлі оқуды тауысқан жоқпын ғой,-деп Әбіш ойлы көзбен әкесіне қарады.

-Рас тауысқан жоқсың. Бірақ тауысуға жақынсың. Оқуды тауысқанда халық туралы, өзің көріп отырған ауыр тұрмыстары туралы, болашақ өмірлерінің не болатыны туралы ойладың ба? Сен маған осыны айтшы, деп Абай баласына өзін мазалап жүрген сұрағын қойды.

-Әке, оның жауабын сізге рқу бітірем, қызмет етем, сол езде айтамын-деп жауап берді.

-Сенің қызмет етем деп тұрғаның жандаралдың, ояздың, соттың алды ма? Мен оларды көріп те жүрмін ғой, кімдердің жағдайын ойлап, кімдер үшін қызмет жасап жүргенін,- деп баласының жауабын жақтыртпаған сынай танытты.Мен сені жаңа жол тауып, халқы үшін еңбек ете ме деп жүрсем... Мен сенен соны ғана күтем-деді Абай баласына байыппен қарап.

Әбіштің есіне бір нәрсе түсті.

Әке, оқыған адамдардың ішінен сіз ойлағандай адам таппадым. Бірақ жаңа сіз айтқан халық қамын ойлап солар үшін еңбек ете бастаған 2 қазақты білем.

-Оларың кім?-деп сұрады Абай.

-Оның бірі-Ш.Уалиханов, екіншісі-Ы.Алтынсарин!-деді, Әбіш.

Шоқанның ғалым болғанынғ бірнеше тіл білгенін, зерттеу жұмысымен айланысқанын, кітап жазғанын бірақ өмірден денсаулығына байланысты ерте қайтқанын да айтып берді.

-Ал Ы.Алтынсариннің мектеп салдырып, қараңғы қазақ жастарын оқытқанын, кітап, өлең жазғанын, халқы үшін көп іс істеп, өсиет қалдырып, нағыз жемісті еңбек атқарған адам екенін әкесіне айтып берді.

Абай Әбішке Ы.Алтынсариннің кітабын тауып беруді өтінді.

Енді ол ұлына қарап:

-Балам, сен осы Алтынсариндей халқың үшін еңбек етсең жаман болмас еді. Сен үлгі алар адам осы ғой! Бұған қалай қарайсың?-деді.

-Әрине, бұл-үлкен үлгі. Мен де оқу бітірген соң, өз еліме келіп, мектеп салдырып, бар ауылдың баласын жинап оқытсам деп жүрмін. Әнеукүні Дәркембай маған: «Оқыған біліміңді қойныңа салып алып басқа жаққа кетпе.Өз еліңе жарық әкел. Артыңда өсіп келе жатқан жеткін-шегің бар. Соларды өзіңдей білімге жетеле»,-деді. Дәркембайдың осы ақылы халықтың менен тілейтін тілегі сияқты. Сіз бұған қалай қарай-сыз?-деп Әбіш сөзін бітірді.

-Балам, менің бұған алғыстан басқа айтарым бар ма, Әбішім!

Міне, сен нағыз өз жолыңды таптың.Сен елге келіп, кедей-жалшылар-дың балаларын өнерлі, қайратты азамат етіп шығарсаң, өсіп келе жат-қан жеткіншектерге ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, менің арманым орындалар еді,- деп Абай сөзін аяқтады.

Ой қозғау сұрақтары:

-Абай Әбішке қандай сұрақтар қойды?

-Әбіштің әкесіне берген жауабы туралы не айтасың?

- Абайдың айтқан ақылын Әбіш қалай тыңдап, қалай қабылдады?

-Ақылды тыңдай білу оны ойға тоқи білу қаншалықты маңызды деп ойлайсың? (Дәркембайдың ақылы)

-Адам баласына дұрыс жолды таңдау үшін не керек екенін білесің бе? Үлкендердің ақылы керек.

Жеке жұмыс

Ойын: (Сенің бойыңда ақылды адамға тән қасиеттерін бар ма? жазып шық.) Мен ақылды баламын, өйткені ...




5.Шығармашылық іс-әрекет

Топқа бөлу «Алтын сандық» «Күміс сандық»

«Ақыл» шыңына сандықтағы ақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп

іледі.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Досыңа достық - қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Бес нәрседен қашық бол,

Өсек,өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер, мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Талап,еңбек, терең ой.

Қанағат,рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс білсеңіз.

Бұл үзінділер арқылы ақын Абай атамыз адам бойында болуға тиісті адами қасиеттерді анық айтып келер ұрпаққа даналық ақылын айтады.

Жұптық жұмыс 1 // 2 // 3 --Жағдаяттарды талдау--

----Балаларға қандай ақыл-кеңес айтар едіңдер?

6.Топпен ән айту

«Әкетайым»

7.Үй тапсырмасы

«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын»

(түсініп оқу, мазмұндау)

8.Соңғы

тыныштық сәті

Оқушылар денесін тік ұстап, көзін жұмыпотырады.Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстайық. Бүгінгі сабағымызды еске түсірейік.Абай атамыздың ақыл сөздерін айтып үлгі өнеге алдық.Оларды жүрегімізде сақтап алайық! Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз айтайық, үлкеннің ақылын тыңдап жақсы іс істейік! Ақылды бала боп өсейік! Тыныштықта сәл отыра тұрайық. Көздеріңді ашуға болады. Сабағымыз аяқталды.


Шығыс Қазақстан облысы,

Глубокое ауданы,

Винное ауылы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Ақылды тыңдай білу де өнеге"

Автор: Курчумбаева Камила Сейткумаровна

Дата: 01.04.2018

Номер свидетельства: 464490

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?ылды ты?дай білу де ?неге"
    ["seo_title"] => string(33) "ak-yldy-tyn-dai-bilu-die-onieghie"
    ["file_id"] => string(6) "271986"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1451882986"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ақылды тыңдай білу де өнеге презентация"
    ["seo_title"] => string(49) "ak_yldy_tyn_dai_bilu_die_onieghie_priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "408470"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1491925807"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ақылды тыңдай білу де өнер"
    ["seo_title"] => string(30) "ak_yldy_tyn_dai_bilu_die_onier"
    ["file_id"] => string(6) "388860"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486451816"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Ақылды тыңдай білу де өнеге"
    ["seo_title"] => string(33) "ak_yldy_tyn_dai_bilu_die_onieghie"
    ["file_id"] => string(6) "371263"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1482147730"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "?зін-?зі тану: "А?ылды тындай білу де ?неге" "
    ["seo_title"] => string(46) "ozin-ozi-tanu-ak-yldy-tyndai-bilu-die-onieghie"
    ["file_id"] => string(6) "178076"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424773189"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства