-Д?рыс айтасы?дар. ??гімедегі ?ке ?сиетін м?лтіксіз орында?ан балалары ?мірде еште?еден ?иынды? к?рмей, жа?сы ?мір с?рген екен.Ал ?сиет с?зге ??ла? т?ріп ты?дамайтын адамны? ісі ал?а баспай,сол к?йі ?алады.Ата с?зін,?ке с?зін,?стаз с?зін, ?лкендер с?зін,халы? даналы?ын,?сиетін д?рыс а?ыл?а салып ты?дай білген адамны? а?ылы толыса т?седі,адаспайды.А?ылды ты?дайтын бала да а?ылды атанады.Сонды?тан да халы?:
«Ата-ана?ны? а?ылы-
Сайрап жат?ан жолмен те?
А?ылдыны? а?ылы
Сар?ылмайтын к?лмен те?» - деп айт?ан болатын.
Т?йіндеме
М??алім о?ушыларды Данышпан атаны? а?ыл-ке?есін білдіретін т?йіндемемен таныстырады.
1. Адамдар?а ізет білдірі?дер!
2. Т?сінбеге?ді с?рап алы?дар!
3. Айтыл?ан с?зге м?н бері?дер!
4. ??гімені м??ият ты?дап алы?дар!
5. С?йлеушіні? с?зін б?лме?дер!
6. С?йлеп т?р?ан адам?а к??іл б?лі?дер!
Жа?даяттарды талдау
О?ушылар о?улы?та?ы суреттер бойынша жа?даяттарды шешеді.Жа?даят бойынша суреттердегі балалар?а ?андай а?ыл-ке?ес берер еді?дер деген тапсырма берілген.
Тапсырма:Д?птерде берілген б?лб?лды?,к?йшіні?,?стазды?,баланы?,?жені? суреттері т?старына ?алдырыл?ан бос жолдар?а оларды? ?андай а?ыл с?здерін ты?да?ылары? келетіндігін жазы?дар.
?орытындылау
М??алім саба?ты ?орытындылайды:
Бізге ?лгі-?неге болатын ?лкендерді?, даналарды? а?ыл-?сиеттерін,даналы? с?здерін ты?дап, оларды ?мірде ?олдана білсек,?мірден ?з орнымызды на?ты таба аламыз.Сол себепті ?олдан келгенше ?лкендерді? ке?есін,а?ылын ??ла? т?ріп,ты?да?ан ж?н.
Ж?ректен ж?рекке
Б?рі бірге ше?дер ??рып т?рады.?нтаспа?а ?осылып ?н шыр?айды.
«Ізеттілік ?ліппесі»
С?зін жаз?ан А.Асылбеков
?нін жаз?ан М.?уб?кіров
?леует
«Ты?дай білем»
А.Асылбеков
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Балалар шеңбер құрып,қол ұстасып тұрады.Үнтаспаға қосылып бәрі көңілді ән шырқайды.
«Бақытты балалық шақ»әні
Сөзін жазған Н.Исабаев
Әнін жазған Қалымов
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелеу жүргізіледі.
Әңгімені үнтаспадан тындатуға болады.
«Қорада малың болсын, көшеде талың болсын»
С.Ақаев
Мұғалім балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қояды.
Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?
Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.
Дәйексөз
Балалардың жауптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді:
-Дұрыс айтасыңдар. Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей, жақсы өмір сүрген екен.Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін, үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.Сондықтан да халық:
«Ата-анаңның ақылы-
Сайрап жатқан жолмен тең
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең» - деп айтқан болатын.
Түйіндеме
Мұғалім оқушыларды Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстырады.
1. Адамдарға ізет білдіріңдер!
2. Түсінбегеңді сұрап алыңдар!
3. Айтылған сөзге мән беріңдер!
4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!
5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!
6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!
Жағдаяттарды талдау
Оқушылар оқулықтағы суреттер бойынша жағдаяттарды шешеді.Жағдаят бойынша суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма берілген.
Жаттығу
Айтылған ойларды бекіте түсу үшін жаттығу жұмыстары орындалады.
Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерге дәптерлерін жазып,жария етеді,есінде сақтайды.
Өздері тыңдап өскен,өмірде қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп,дәптерлеріне жазады және жария етеді.
Тапсырма
Сабақта «Өздерінің айтқан үлкендердің ақыл сөздерін естеріңе түсіріп,айтып беріңдер»
деген тапсырма беріледі.
Дәптермен жұмыс
Сабақта айтылған ойлар пысықталады.
Тапсырма:Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келетіндігін жазыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің, даналардың ақыл-өсиеттерін,даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.
Жүректен жүрекке
Бәрі бірге шеңдер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.
«Ізеттілік әліппесі»
Сөзін жазған А.Асылбеков
Әнін жазған М.Әубәкіров
Әлеует
«Тыңдай білем»
А.Асылбеков
Күні ........... Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік
Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл
Абай
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «көпшілдік», «өзімшілдік» ұымдары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
Тәрбиелік: көпшіл болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдары: үнтаспа, ақ қағаздар,оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын айтады, оқушылар қайталайды:
Күн, кімнің досысың?
Бәріңе ортақпын!
Сен кімнің жолысың?
Бәріңе ортақпын!
Кәдімгі көліңдей түсетін,
Кәдімгі суыңдай ішетін.
Ауадай бәріміз жұтатын,
Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін аша түсіндіру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
Мәтінді оқушы әңгімелеп береді..
«Қызғаныштың кесірі»
Ж.Байбұланова
Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.
Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?
Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? Қандай шешім қабылдадыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауптары мұғалімнің дәйексөзді түсіндірілуімен толықтырылады:
- Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз жүру де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді. Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» дегеннің мәнісі осы.
Жаңа ақпарат
Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды.Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.
Жаттығу-ойлану
Оқушылардың сабақтан ұққан түсініктерін байқау мақсатында жаттығу-ойлану ұйымдастырылады.
1. Бірінші сыныпта Гена деген бала оқыды.Ол өте талапты, үздік оқушы болды.Мұғалім қандай сұрақ қоймасын, бала бірден қолын көтеріп, толық жауап беретін.Есепті бәрінен бұрын шығаратын. Бірақ жолдастары Генаны жақсы көрмеді.Ол өзін өте ақылдымын,маған ешкім тең келмейді деп атап көрсетуге тырысатындығы үшін оны ұнатпады.
Оқу жылы аяқталды.Көктемде сыныптастар түгелімен орманға жорық жасауға әзірленді.Балалар қуанышты.Жорыққа алатын заттарды екеуара бөлісетін болды.Лезде екі-екіден бөліністі. Ал Генамен ешкімнің бірге болғысы келмеді.Гена жылап, мұғалімге келді:
Мен ешкімге тіл тигізгенім жоқ, мені неге жек көреді? – деді.
Мұғалім Генаға не деп жауап берді және қандай ақыл айтты деп ойлайсыңдар?
2. Бекен жолдастарымен бірге серуенге шықты.Үйлерінен дорбаға салып азық алды.Көл жағасында балық аулап, жидек терді, суға шомылды.Қарыңдары ашқан балалар тамақтанбақ болды.Балалардың бәрі әкелген азықтарын ортадағы дастарқанға жайып тастады.Бәрі көңілді отырды.Қараса, орталарыңда Бекен ғана жоқ.Ол ағаштың түбінде жалғыз өзі әкелген тамағын алдына алып, жеп отыр екен. Достары оның бұл қылығына таңқалып қалды.
- Бекенің достары оған не деп айтуы мүмкін деп ойлайсындар?
- Сендердің осындай жағдай кездескен кездері болды ма?
Балаларды жауаптары тыңдалады.
Тапсырма
Оқушылардың сабақ бойынша білім-біліктерін бекіту мақсатында тапсырма беріледі.
Өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар.
Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік,менмендік,тәкаппарлық, қауымшыл.
Дәптермен жұмыс
Айтылған ойлар дәптердегі тапсырманы орындау барысында бекітіле түседі.
Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да, оларды салыстыра отырып,өз қорытындысын шығарады. Тапсырманы орындап болған соң жария етеді.
Тапсырма
«Өзімшілдік пен көпшілдік туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айтыңдар» деген тапсырма арқылы оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде көрсете білулеріне мүмкіндік беріледі.
Қорытындылау
- Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі, өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары, достары көп, өзімшіл жалғыз. Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен қашық болайық.
Жүректен жүрекке
Балалар шаттық шеңдерін құрып тұрады.Өлең оқиды..
«Сіз», «біз» деген жылы сөз
Ө.Тұрманжанов
Күні 10.02.12. Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Батылдық пен өжеттік
Сабақтың мақсаты:
1) батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.Көңілді ән шырқайды.
«Балдырған» Сөзін жазған О.Әубәкіров
Әнін жазған Ш.Қалдаяқов
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
Балалар өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып, пікірлерін айтады.
«Қойшы Қаһарман» ертегі
Мұғалім балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қояды.
Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
Өздерінің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма?Неліктен?
Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.
Бойында батылдығы бар адам батыр болы алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдымды, сабырлы,ата-анасын, елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек.Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай,батыр болмайд» деп тегін айтпаған.
Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылады.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам,қорықпайтын, төзімді, сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін қайсар және т.б.
Сергіту сәті
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына дене жаттығуларының да әсері бар екендігі еске түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды)
Бір, екі, үш (Қолдарын алға, жоғарғы, жанына созады)
Бір, екі, үш, (Қолдарын алға,жоғары, жанына созады)
Бойымызға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады.Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.
Тапсырма
Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бекіту мақсатында «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеп беріңдер деген тапсырманы орындайды.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықталады.
1-тапсырма:
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты. (Дарабоз)
2. Ақжолтай батыр. (Ағыбай)
3. Махамбеттің серігі. (Исатай)
4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры. (Рақымжан)
5. Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат)
2-тапсырма: Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазып келіңдер.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
- Батылдық – адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:
Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.
Деніміз сау болсын.
Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
Өлең оқиды.
«Батыр ата»
Ө. Тұрманжанов
Күні 15.02.12. Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Сабақтың мақсаты:
1) еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
2)еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
3) еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін үнтаспаға қосылып айтады.
«Болайықшы осындай» әні
Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова
Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын беріп, пікірлеседі.
Еңбектену адамға не үшін қажет?
Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?
Пікірлесу кезінде мұғалім оқушылардың адамның көздеген мақсатында еңбектену арқылы қол жеткізе алатыны, еңбекқорлық адамды мақсаткерлікке, шыдамдылыққа, табандылыққа, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге, шығармашылыққа жетелейтіні, өзіңді еңбекқормын деп қалай айтуға болатыны жөнінде пікірлерін тыңдап, оқушылардың түсініктері туралы хабардар болады.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларды түсінік қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады.
Мәтінді мұғалім әңгімелеп береді.
«Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегі
В.А.Сухомлинский
Мұғалім балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.
Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
«Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атап беріңдер.
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.
Сергіту сәті
Бұл әдіс еңбектің мәнін түсіндіру және балалардың денесін сергіту мақсатында ұйымдастырылады.
«Еңбек»
Н.Жанаев
Қырға шықсаң, өрлеп, (Қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)
Тапсырма
Мұнда оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беру тапсырылады. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде адал еңбек қана адамды табысқа, бақытқа жеткізетіні, жасаған жұмысыңның еш кетпей, пайдалы болғаны, еңбегіңнің өнімді болуы өзіңе ғана емес, айналаңдағы адамдарға да, қоғамға да тиімді болатыны жайлы айтады.
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
- Еріншектік, жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші қиындықты, бір кедергіден екінші кедергіні тудырады, жолын болдырмайды. Нәтижесінде көңілін де, қарның да тоқ болмайды.
Сондықтан да ұлы Абай атамыс «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айрылмас азап» деп айтқан болатын.
Шығармашылық жұмыс:
Сабақта оқушылардың алған білім-білктерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін шығармашылық тапсырма ұсынылады. Мұнда балалар «Еңбек пен бақыт – егіз» мақалын көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау әдісімен талқылайды.
Тапсырма:
Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмасы беріледі.
- Берілген екі өлеңді салыстырып оқыңдар. Өз қорытындыларыңды шығарыңдар.
«Ұмытшақ па әлде еріншек пе?»
«Менің оған нем кетті»
М.Әлімбаев
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды «Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді» деген жаңа ақпаратпен таныстырып, олардың алған білімдерін толықтырып бекітеді.
Тапсырма
Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында «Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер» деген тапсырма беріледі.
Дәптермен жұмыс
Айтылған ойлар дәптердегі тапсырманы орындау барысында бекітіледі.
1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді жазыңдар. Жазғандарыңды шығарыңдар.
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жария етеді.
2-тапсырма: Мақалдарды оқып, түсініктеріңді айтыңдар.
Еңбек туралы мақал-мәтел жазыңдар.
«Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы».
«Адал еңбек, алғыр ой – анық досың біліп қой».
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
- Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық – еріншектік.Бұл әдет – бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашып керек. Әуелі- надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық»,- деген екен.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады.Бір-біріне жақсылық, ізгі тілектерін білдіреді. Өлең оқиды.
«Еңбек»
А.Естенов
Әлеует
«Балтаның сабы»
С.Қапшықбайұлы
Мұғалім оқушылардың еріншектік туралы ойларын білу үшін сұрақ қояды.
- Етекбай еріншектігінен неге қол жеткізеді?
«Алтын балта» ертегі
Күні................. Өзін-өзі тану
Табандылық кез келген кедергіні жеңеді.
Леонардо да Винчи
Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылық: өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;
Тәрбиелік: төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, қарағайдың сұлбасы, қағаздан жасалған «ағаш бүрлері».
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.
«Мектеп полькасы»
Сөзін жазған Т.Молдағалиев
Әнін жазған И.Нүсіпбаев
Әңгімелесу
Мұғалім оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсына отырып, олардың төзім, табандылық туралы пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік жасайды.
Төзім, табандылық дегенді қалай түсінесіңде?
Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, төзімділікке, табандылықтуралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады. Әңгімені мұғалім айтып береді.
«Әдемі әже»
Р. Әбілқайырова
Мұғалім балалардың әңгәмеден төзімділік, табандылық ұғымдарын түсінгендерін байқау үшін сұрақтар қояды.
• Әңгімеде берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсіндіңдер?
• Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Түйіндеме
Сабақта табандылық туралы түйіндеме беріледі.
Табандылыққа жетудің жолдарын біліп алыңдар!
1. Еңбектеніңдер!
2. Қиындықтан қашпаңдар!
3. Кедергілерді жеңе біліңдер!
4. Бастаған ісіңді аяғына дейін орындаңдар!
5. Мақсатыңа жете біліңдер!
6. Бәрікелді!
Тапсырма
Оқушылардың білімдерін бекіту үшін тапсырма беріледі. Онда даналық сөздерді оқып, мағынасын түсінеді.
« Шыдаған ғана іс тыңдырады.»
Саңди
«Еңбектің жңібейтін ештеіесі жоқ»
Дж. Бруно
«Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті»
Ж.Ж.Руссо
Ойын-жаттығу
Айтылған ойлар ойын-жаттығу тапсырмасын орындау барысында бекітіледі.
Тақтаға қағаздан жасалған қарағайдың сұлбасы ілінеді. Балаларға қағаздан қиып жасалған қарағайдың бүрлері таратылды.
- Балалар, сендер қарағай туралы әңгімелер оқығансыңдар. Қарағай өзінің бойындағы қандай қастеттерімен ерекшеленеді. Естеріңе түсіріп көріңдерші.
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады.
- Дұрыс айтасындар. Қарағай – қысы-жазы жасыл түсте болады, аязға да, ыстыққа да төтем бере алатын төзімді ағаш. Қолдарыңдағы «қарағай бүрінің» артқы бетіне достарыңның ішіндегң ең төзімді, табандысының есімін және неліктен олай ойлайтындарыңды жазып, тақтадағы қарағайға орналастырыңдар. Мысалы: Райымбек төзімді, қйткені ол қиындықты жеңе алады және т.б.
Балалар өз жазғандарын жария етіп, қағаздарын қарағай сұлбасына іліп шыққанда үлкен қарағай пайда болады.
Мұғалім оларға тілек білдіреді:
- Осы қарағайдай төзімді бола біліңдер.
Дәйексөз
Мұғалім балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырады.
Төзімді, табанды адам қиындықтан қорықпайды. Айтылған сөзге де, алдынан шыққан қиындықтарға да,құбылыстарға да төзеді. Сол жолда табандылық танытады.Қандай кедергі болса да, жеңіп шығады. Леонардо до Винчидің «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» деген нақыл сөзі осыған байланысты айтылса керек.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құтып тұрып, Қ. Мырза Әлидің «Жеңіс» өлеңін оқып береді.
«Жеңіс»
Жалқаулыққа көнбеймін.
Жігерленем,
Бекимін.
Кейде оқығым келмейді.
Жеңіс емес дер едім.
Жету асыл мұратқа.
Көп ойнағым келеді,
Аз ойнаймын біріқ та!
Жалқаулыққа көнбеген
Түсінеді мініске.
Өзін-өзі жеңбеген
Жетпейді ешбір жеңіске!
Қ. Мырза Әли
Күні............ Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Төзім мен табандылық»
Табандалық кез келген кедергіні жеңеді.
Лонардо да Винчи
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға «Төзімділік», «Табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.
Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2) Дамытушылық: Өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, қарағайдың сұлбасы, қағаздан жасалған «ағаш бүрлері».
Шаттық шеңбері
Балалар шеібер құрып тұрады. Өлеңді мұғалім оқып береді.
«Ашу мен сабыр»
З.Жұманова
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақтың таныстыра отырып, төзімділік туралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырады. Өлеңді мұғалім айтып береді.
«Төзім»
Д.Әлімжанов
• «Төзімді жан мойымас», «Төзген жетер мұратқа» деген жолдарын қалай түсінесің?
Жағдаяттарды талдау
Сабақта оқушылардың алған білімдерін іс жүзіне асыра алуға мүмкіндік беретін жағдаяттар ұсынылады. Оқушылар жаңдаяттарды топта шешіп, өз шешімдерін сынып алдында жария етеді.
1-жағдаят:
4-сыныптын оқушысы Дархан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:
«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерлі жинап қоямын
Барлық сабақты оқып болмайынша, ешнәрсеге алаңдамаймын.
Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін».
Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды.
Дархан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?
Өзіңе қандай талап қоясыңдар?
2-жағдаят:
Айман ән салып би билегенді ұнатады.Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осылай ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды.Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.
Айманға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?
Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат
Сабақта берілген «Адам өз ісіне төзімділік танытып, табандылық көрсете білсе ғана іс нәтижелі болады» деген жаңа ақпаратпен мұғалім оқушыларды таныстырады.
Сахналау
Балаларға төзімділік, табандылық ұғымдарын теренірек түсіндіру мақсатында сахыналау ұйымдастырылады
Алдын ала дайындалған оқушылар көрініс көрсетеді.
«Құмырсқа сабақ болды»
«Айгөлек» журналынан
Мұғалім балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.
Қызыл құмырсқаның әрекеті туралы не айта аласыңдар?
Неліктен құмырсқа «табандылықпен аяқтармын» деп серт берді?
Сендерге төзімділік, табандылық бойынша үлгі-өнеге болатын қай сала адамдары?
Балалардың жауаптарын мұғалім толыктырады:
- Төзімді адамның бірі-спортшы. Өйткені қиындықтарды табандылығымен жеңе алмас, биік шындардан көрініп, жетістіктерге жете алмайды. Төзімді адам – ұстаз. Өйткені шәкірттерін білім нәрімен сусындату, әріп танытып, қаламсап ұстауды үйрету ұстаздан үлкен төзімділікті қажет етеді. Төзімді адамдардың бірі – ғылымдар. Өйткені оқу, білім – инемен құдық қазғандай. Соған төзіп, жаңалықтар ашады. Сал сияқты ғарышкер және т.б.
Жаттығу-ойлану
Оқушылардың сабақтан түйген ойлары жаттығу-ойлану тапсырмасын орындау барысында беки түседі.
Шынар мен Шырын сырмаққа ою оймақ болды. Шынар шыдамсызданып, барлық қағаздарды үлгі сызып алмай-ақ қия бастайды. Ақырында бір-біріне сәйкес келмейтін ұсақ қиыөтар шықты. Одан ешқандай ою құра алмайды.
Ал сабырлы Шырын алдымен ойланып, шамалап, шаршылап, бүктеп үлгі сызып алды. Содан соң барып қана қолына қайшы алып, үлгі бойынша қия бастады. Ою өрнектерінің нақышы бір-біріне сәйкес келіп, әдемі болып шықты. Онда артық қиық та қалмады.
Бұған таңданған Шынар:
Шырын, сен ою оюды қайдан үйрендің?
Мені әжем үйретті.
Сен қалай тез үйреніп алдың?
Оп-оңай. Әжем сиқырлы бес сөз жаттатқан.
Балалар, Шырынның әжесі жаттатқан қандай сиқырлы сөз деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптарын тыңдалыды.Дұрыс жауабы: «Жеті рет өлшеп, бір-ақ рет кес».
Дәптермен жұмыс
Сабақта түйген ойларын пысықтауға арналған тапсырма беріледі:
- Аңызды оқып, Фарабидің бойындағы қүнды қасиеттерді тізбелеп жазыңдар.
«Қайта-қайта»
Қ. Толыбаев
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
- Табандылық, төзімділік – адам бойындағы асыл қасиеттер. Табанды, төзімді болу өз қолында.
Тапсырма
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында мұғалім тапсырманы орындауды ұсынады.
Төменде берілген түйінді ойларды толықтыру.
Ұстамды болу;
Табандылыққа үйрен;
Ашушаң болмау;
Өзіңді-өзің меңгере алу;
Сабыр сақтау;
Сөзбен істе әділ болу.
Жүректен-жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрып, бір-біріне тілек айтып шығады:
2) Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
3) Ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңбер құрып тұруға шақырады:
- Балалар, бәріміз ортаға шығып «жылылық шеңберін» құрайық. Бір-бірімізге жанымыздағы досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі тілектермен жеткізейік.
Балалар шеңбер құрып тұрып, кезектесіп айтып шығады.
Мұғалім балаларға ризашылығын білдіріп, сабақ тақырыбымен таныстырады.
Жарайсыңдар, балалар! Әрқайсысының достарыңа жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Адами жақсы қасиеттердің бірі – сабырлылық. Бүгін сендермен сабыр, сабырлы болуға, сабыр сақтау туралы әңгімелесеміз.
Балалар өлең оқиды:
«Талап пен ақыл»
Шәкәрім
Әңгімелесу
Мұғалім әңгімелесу ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабақ тақырыбы туралы білімдерін анықтайды. Ол үшін төмендегідей сұрақтар беріледі:
Сабырлы болу дегенді қалай түсінесің?
Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерің туралы айтып беріңдер.
Мәтінмен жұмыс
Сабыр ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. Оқушылар әңгімелеп береді.
«Асыл шөп»
Ы.Атынсарин
Оқушылардың ол пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.
Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?
Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?
Балалардың жауаптарын мүғалім түйіндейді:
- Сабырлы адам барлық уақытта шыдамдылық көрсетіп, төзімділік танытады, өзін ұстай біледі. Бәтиманың бойында сабырлылық болғандықтан, қиналмайды, ашуланбайды, көңілді жүреді.Зылиқа ақылға жүгінсе, қиындыққа төзе білсе, ашуланбайтын болса «сабыр» деген шөптін табуы әбден мүмкін.
Жаттығу-ойлану
Айтылған ойлар бекітіле түсу үшін жаттыңу-ойлану тапсырмаларын орындау ұсынылады.
Оқушылар берілген даналық сөздерді оқып, мазмұнын өз ойларымен түсіндіріп беруге ұмтылуы тиіс.
«Шыдамды, сабырлы адам – бастаған ісінің нәтижесін көреді...» (В.Ян)
«Адамның басшысы – ақыл, қорғаны – сабыр». (Саққұлақ би)
«Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа».
«Сабыр түрі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа». (Мақал-мәтелдер)
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Сахналау
Балалардың ойлары сахналау арқылы тереңдетіле түседі.
Мұғалім мәтәнді алдын ала оқушыларға рөлдер бойынша бқліп беру ұсынылады.
«Егінші мен қасқыр»
Литва ертегісі
Мұғалім оқушылардың ол туралы түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қояды.
Қасқыр неліктен нан туралы жеуден бас тартты?
Саған қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Сендердің де сабырсыздық танытқан кездерің болды ма? Ондай жағдайда қандай күйде болдығдар? Ол әрекеттеріңді жоюдың қандай жолдарын іздестірдіңдер?
Балаларадың жауаптарын мұғалім толықтырады:
- Дұрыс айтасындар. Қасқыр қиындықтан қашты. Өйткені оның бойында шыдамдылық, сабырлылық сияқты асыл қасиеттер жоқ екендігіғ әңгіме арасындағы шыдамсыздығынан байқадық. Сабырсыздық адамға орынсыз сөздер айтқызады, ашуландырады. Нәтижесінде орынсыз ашу мен жа,ымсыз сөздер өзіңді ұятқа қалдырды. Ал егінші еңбекқор, шыдамды, сабырлы. Ондай адам барлық ісін аяғына дейін жеткізіп, өз еңбегінің жемісін жейді. Ал өз еңбегінің жемісін жеу – бақыт!
Дәйексөз
Сабақтың дәйексөзі беріледі.
Мұғалім тақтада жазылған ұлы ақын Абайдың «Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ – сабыр сол» деген сөзінің мәнін түсәндәреді:
- Сабырсыздық адымды орынсыз ашуландырады. Ал орынсыз ашу асығыстыққа жол береді. Асығып қабылдаған шешім, сөздер барлық уақытта оң бола бермейді. Сонқтанда да дана Абай аталарың «Асыңыс түбі өкініш, ойланып алмақ – сабыр сол», - деп айтқан болатын.
Тапсырма
Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту үшін тапсырмалар беріледі. Тапсырма бойынша балалар сабырлылық пен сабырсыздыққа тән қасиеттерді ажыратып айтады.
Түйіндеме
Оқушылар Данышпан атаның ақыл-кеңесі арқылы ойларын түйіндейді.
Сабырлы, ұстанымды болуды үйреніп алыңдар!
Әрбір істі ойланып, ақылға салыңдар!
Байыбына барып, себебін табуға тырысыңдар!
Әр кезде де өз-өздеріңді жігерлендіріңдер!
Тапсырма
Сабақта оқушыларждың алған білім-біліктерін тиянақтау мақсатында тапсырма беріледі:
- Мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді оқып, мағынасын түсініп алыңдар.
Сабыр түбі-сары алтын,
Сақтаған жетер мұратқа.
Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз ұалар ұятқа.
Ақыл-адам көрігі, ақылдың сабыр-серігі.
Сабырлылық – мінездің түп қызығы.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаға ақпаратпен таныстыру арқылы сабырлылық деген адам бойында жасырын жатқан сезімнің, ойдың күш-қуаты екені, ақылдылық, ұстамдылық қасиеттерін бойына дарытқан адам ғана сабырлы бола алатыны жөнінде ой тастайды.
Сабырлылық-адам бойындағы сезімнің, ойлаудың тереңдігі. Сабырлы адам – ақылды, шыдамды, байыпты, ұстамды болады. Сабырлылық адамның дұрыс шешім қабылдауына, мұратына жетуіне мүмкіндік береді.
Дәптермен жұмыс
Сабақта айтылған ойлар пысықтала түсу үшін тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма:
Ребусты шешіңдер (шешуі: «Ақылдың сабыр серігі»).
Шыққан нақыл сөзді естеріңде сақтауға тырысыңдар.
2-тапсырма:
Дәптерде берәлген сұрақтарға өз ойларыңмен жауаптар жазыңдар.
Қандай жағдайда сабырлық таныту қажет?
Сабырлы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Өзіңді сабырлы адамға жатқызасың ба? Себебін жазып көрсеткендерің дұрыс.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрып. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді:
Сабырлы болайық!
Шыдамды болайық!
Бойымызға сабырлылықты дарыта білейік және т.б.
Балалар өлең оқиды.
«Жастарға»
М.Әшірбеков
Күні................... Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
2) Дамытушылық: Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
3) Тәрбиелік: имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспаң оқулықғ дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады. Үнтаспаға қосылып бәрі бірге көңілді ән шырқайды:
«Достық»
Сөзін жазған: Е.Елубаев
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Бүгін «Адам болам десеңіз...» тарауының қорытынды сабағы. Біз бұл тарау арқылы еңбекқорлықты еріншектіктен ажырата білуді, ашуды ақылға жеңдіруді, сабырлы болуды, қуаныш сыйлауды, талаптана білуді үйрендік, төзімділік, табандылық, батылдық, өжеттік ұғымдарын түсіндік. Ал осы үйренгендеріміз бізді жақсылық жасауға жетелейді.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың жақсылық жасауға қызы.ушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
Мәтінді мұғалім әңгімелеп береді.
«Бұлақ сылдыры»
М.Көккөзов
Балалардың пікір сұрақтағар жауаптар арқылы тыңдалады.
Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасай алар ма едіңдер?
Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
- «Ешқадай жақсылық зая кетпейді» деп үнді нақылындаайтылғандай, шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген. Өз өзінен жас адамға өмір силады. Оның жасаған жақсылығына табиңи-ана да риза болғандай, бұлақты сиға тартты. Сол бұлақтан қаншама адам сусынын қандырады, рақметін айтады. Шалдың бір адамға жасаған жақсылығы, осыдлайша көп адамға тарады., оған оның жақсылығы халықтың алғысы боп оралды. Жақсылықтан жақсылыққа жентесің, жасылықтан жақсылық туындайды, жақсылық болған жерде жақсылық болады, жақсылық зая кетпейді деген осы.
Тапсырма
Мұғалім оқушылардың білім-біліктерін шыңдау үшін шығармашылық тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқиды.
Жақсы - ....,
Әлемге бірдей.
... үлгісі
Жанып тұрған ... .
... – ортақ, ... – ортақ, ... – ортақ.
Жақсы келді дегенше,
... келді десейші.
... нышанын
Алып келді десейші.
Керекті сөздер: жақсылардың,күн, ай, шамдай, жақсы, жарық, ай мен күндей, жақсылықтың.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстыру арқылы әрбір адамның жақсылық жасауға нтетті екені, қолынан келетіні, тек соны көрсете білу қажеттігі туралы баса айтады.
Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді.
Тапсырма
Оқушылардың білім-біліктерін бекіту үшін тапсырма беріледі.Тапсырмада өздерінің жасаған жақсылықтарын туралы айтып береді.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін байқау мақсатында тапсырма беріледі.
Тапсырма
Оқушылар тарау бойынша үйренген, ұғынған асыл қасиеттердің жақсылық жасауға қандай көмегі болатынын ойланып, дәптерлеріне жазады.Тапсырманы орындап болған соң әр бала өз жазбасын жария етеді.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.
Жүректкен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалімнің оң жағында тұрған бала қолдан жасалған «жүрекшені» жүрек тұсына ұстап тұрып «Мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді» деген сияқты лебіздерін білдіріп, келесі балаға береді.Осылайша барлық бала өз тілегін айтып шығады. Бәрі бірге қол ұстасып мына өлең жолдарын екі рет қайталайды:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасап жүргін жақсылық,
Қайырады саған да.
Балалар барлығы қосылып, ән шырқайды, үнтаспадан тыңдауларына болады.
Білімділік: табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру;
Дамытушылық: табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін шеңбер құрып тұруға шақырады.
Балалар, қазір бір-біріңнің қолыңнан ұстап тұрып, менімен бірге өлең жолдарын қайталаңдар:
«Мен де балғын гүлмін!»
М. Байсариева
Әңгімелесу
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді
Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?
Табиғатқа не үшін қамқорлық жасау қажет деп ойлайсыңдар?
Сендер табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
Балалар, біздің жанымызға жомарттық, кеңпейілділік, қиялымызға ұшқырлық, сезімімізге асқақтық, көңілімізге мөлдірлік сыйлап отырған Табиғат-ана.Оның сұлулығы мен көркемдігін айтып жеткізу мүмкін емес.Ата-бабамыздан бізге жеткен осындай жасыл желекті, ну орманды ғажап жерлерді сақтап, қорғап, аялап, күтіп-баптап кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың табиғатқа қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.
Мұғалім әңгімені айтып береді.
«Атаның өнегесі»
Ә. Табылдиев
Шығармашылық жұмыс
Ұсынылған әңгімені жан-жақты талдау мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.Мұғалім балаларды үш топқа бөледі де тапсырманы орындау жолдарын түсіндіреді:
Бірінші топ «Актерлер» деп аталады.Олар осы мәтіннен немересі мен атасның ата жұртына барған жерін сахналап, шағын көрініс көрсетіледі.Екінші топ «Журналистер» тобы болады.Бұл топ осы мәтіннен сұрақтар әзірлеп, басқа топ оқушыларынан сол сұрақтар бойынша жауаптар алады.Ал үшінші топ «Суретшілер» тобы болады.Олар осы әңгіме мазмұнына сәйкес атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейінгі суретін салып, жария етеді.
Алдымен «Актерлер» тобы көрініс көрсетеді.Одан кейін екінші «Журналистер» тобы оқушылармен сұхбаттасады. «Журналистер» тобынан күтілетін сұрақтар:
Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?
«Жол жүрсең, жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінесіңдер?
Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық пен айтуға бола ма?Неліктен?
Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен көрінеді?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Соңынан «Суретшілер» тобы салған суреттерін көрсетіп, ол бойынша әңгімелеп береді.
Дәйексөз
Шығармашылық жұмыс арқылы туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.
Мұғалім тақтада жазулы тұрған «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр»деген халық даналығына балалардың зейінін аударып, оның мәнін түсіндіреді:
Жол үстіндегі тасты тазалау, бұлақ көзін ашу, бұлақтың жанына ағаш егу сияқты істер кей адамға қарапайым шаруа болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл – нағыз игілікті іс. Өйткені мұндай істердің басқа адамдарға шарапаты, жақсылығы, пайдасы тиеді. Бұлақ суының көзін ашу арқылы өсімдіктерге су жіберіледі.Бұлақтан қаншама адамдар таза су ішеді. Ал отырғызылған ағаштар орманға айналып, оның көлеңкесімен, таза ауасымен бүкіл халық тыныс алады.
Мына халық даналығындағы ой – осылай өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа да өшпейтін мұра қалдыр, қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, еккен ағашың, жасыл орманың – құнарың дегені.
Тапсырма
Оқушылардың білімдерін тиянақтау үшін тапсырма беріледі.
Тапсырма: Табиғатқа өздерің қандай қамқорлық жасадыңдыр.Әңгімелеп беріңдер.
Дәптермен жұмыс
Сабақтан түйген ойлары тапсырма арқылы бекітіледі.
1-тапсырма: Дәптерде «Табиғатқа тіл бітсе...» айдарымен берілген бос жолақтарға «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда ол адамдарға қандай өтініштер айтуы мүмкін?» деген сұраққа өз ойларыңнан жауап жазыңдар.
Осы өтініштер өзің орындай алар ма едің? Ойланып көр!
2-тапсырма: Қазақстан қорықтарын қалай жақсартуға болатыны туралы ойларыңды жазыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржынды берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрып, кезектесіп төменде ұсынылғандай өз ойларын білдіреді:
Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені.....(мен табиғатты сүйемін).
Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені.....(табиғат менің екінші анам).
Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені.....( табиғат сұлулық мекені). т.б.
25.04.12. Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Су-өмір көзі.
Сабақтың мақсаты:
«Су» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, ыдысқа құйылған су, бөлме өсімдіктері.
Шаттық шеңбері
Әңгімелесу
• Су адамға не үшін кажет деп ойлайсыңдар?
• Су болмаса тіршілік, өмір болуы мүмкін бе? Неліктен?
• «Судың да сұрауы бар» дегенді қалай түсінесіндер? Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
Балалар шеңбер құрып тұрады. Сөйлемді қимылын келтіріп айтады.
Теңіз болып толқимыз - бір (Оқушылар мұғаліммен бас изеп амандасады ).
Теңіз болып толқимыз - екі (Оқушылар екі-екіден бір-біріне қол беріп амандасады).
Теңіз болып толқимыз - үш (Оқушылар үшеуден тұрып бір-бірімен қол беріп амандасады).
Өлең оқиды.
Жау, жаңбыр
Б. Майлин
Жау-жау, жанбыр, жау, жаңбыр! Ой мен кырдың шалғыны Жау - егіннің көгі өссін. Жатқан малды жасырсын.
Сұлудай бұраң құрақты Табиғаттың көркіне
Айдын піалқар көл өссін. Таң қалып жан бас ұрсын.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың судың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуі ушін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
Үнтаспадан әр түрлі әңгімелерден теріп алынған сөйлемдер тың-датылады. Оқушылар әрбір сөйлемнен кейін суға сипаттама береді.
Мұғалім тақтаға «Су ____» деп жазып қояды да, балалардың
берген жауаптарын жалғастырып жазып отырады.
1) Бұлақ сылдыры қандай әсем!
2) Алақай, бұлақ ән салып жатыр!
3)Су қандай мөп-мөлдір! Тап-таза!
4) Рақат-ай! Денемнің сергігені-ай!
5)УҺ! Салқын судың шөлімді басқаны-ай!
Күтілетін жауаптар:
Су жанға сұлулық береді. Су көңіліңді көтереді.
Су - шынығу көзі. Су - тағам.
Мұғалім қорытындылайды:
-Су шөліңді қандырып, денеңді тынықтырады, шынықтырады, сергітеді, жаныңды, тәніңді таза және сұлу етеді, сондай-ақ табиғатқа сән, өмірге мән береді.
Мәтінмен жұмыс.
Судан өнеге алуга болатындығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Мұғалім әңгімелейді.
Таза булақ
Ы. Алтынсарин
Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.
• Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңдер?
• Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың кандай қасиеттерін білдіңдер?
• Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
Адамдар судан тынбай еңбек етуді, еліне қызмет жасап, мұратқа жетуді, ешкімнен ақы дәметпей, міндет етпей, риясыз жақсылық жасауды, өзін таза ұстауды, ақжарқын көңілді жүруді үйрене алады.
Жаңа ақпарат
Су - адамға ең кажет тағамның бірі, су - тазалық көзі, су - жан сұлулығының нәрі, су - шынығу көзі. Су болмаса тіршілік те бол-майды. Өйткені адам, өсімдіктер, жан-жануарлар, аң, құстар сусыз өмір сүруі мүмкін емес.
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушыларға «Адам бойынан судың қандай қасиеттерін табуга болады?» деген шығармашылық жұмыс ұсынады.
Дәйексөз
«Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» деген өлең жолының мәнін түсіндіреді.
- Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа ай-налдыратын, адамға қорек, нәр беретін байлық көзінің бірі - су. Су -біздің өміріміздің көзі. Өйткені су жоқ жерде тіршілік жоқ. Суды халқымыз ерекше қадір тұтқан. Олар адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы деп қараған.
Бүгінгі таңда өзен,көл,теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндык. Одан су ласта-
нады, таза су iшпеген, таза суда шомылмаған халық науқастанады.
Сондыктан суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда.
Жаттығу
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім бір топқа «Судың қасиеті», екінші топқа «Судың адамға пайдасы» тақырыбындағы топтастыру қағазын береді, оқушылар топ болып жұмыс жасайды және жария етеді.
Өзіммен-өзім
Тапсырма
Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін тиянақтау үшін«Өлең жолдарын оқып, түсінгендеріңді өздеріңнен кішілерге айтып беріңдер» деген тапсырма беріледі.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақтан түйген ойлары пысықтала түсу үшін тапсырма беріледі.
1тапсырма: Зерттеу жұмысын жүргізіндер. Бір күнде суды неше per ағызатындарыңды байқаңдар. Суды қайда, не үшін пайдаланғандарыңды ойланыңдар. Судың адам өміріне аса қажеттілігін ұғыныңдар.Дәптерге өз ойларыңды түсіріңдер.
2тапсырма: Дәптердегі ребусты шешкенде су туралы мақал-мәтелді («Су табиғаттың айнасы» ) оқуға болады.
Қорытындылау
Жүректен жүрекке Жаңбыр жауды С. Оспанов
9.02.05.12. Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы:Таза болса табиғат,аман болар адамзат!
Табиғатқа тазалықты тарту ет.
Р. Сәтімбеков
Мақсаты: Оқушылардың «табиғат», «денсаулык» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
- табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Балалар санына карай жасыл түсті галстуктер, тазалық жұмыстарын жүргізу жоспары.
Шаттық шеңбері
Балалар табиғатаясында мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрып. «Бақытты бол, бөбегім» өлеңін айтады.
Бақытты бол, бөбегім!
Таза ауасы даланың,
Салтанаты қаланың
Әлдилейді тербетіп,
Жас жүрегін баланың.
Естіп жүрсем күлкісін
Мәз-мейрам боп қаламын.
Тал, қарағай көк өрім,
Айдын көлің, өзенің,
Қар жамылған асқар тау,
Байтақ дала - өз елің.
Дарқан елдің еркесі,
Бакытты бол бөбегім! М.Хакімжанова
Әңгімелесу
• Жасыл ел туралы естігендерің бар ма?
• Жасыл ел тобын құрған адамдар неменайналысады?
• Олардың атқарған іс-шаралары қандай мақсатпен жасалуда деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
-Иә, балалар, жас табиғат қамқоршылары жиналған топ «Жасыл ел» деп аталады. Олар «таза болса табиғат, аман боларадамзат» деген ұранмен, адамдардың таза ауамен тыныстап, жаны, тәні cay болып салауатты өмір сүру үшін жұмыстар жүргізуде.Бүгін біз де «Жасыл ел» тобы болып, жасыл түсті галстуктерді тағып, табиғат тазалығына байланысты жұмыстарды атқарамыз. Жасыл галстук біздің табиғатқа деген жауапкершілігімізді білдіреді.
Жасыл галстук таратылады, оқушылар мойнына тагып алады.
Шығармашылық жұмыс
Мұғалім оқушыларға шығармашылық жұмыс тапсырады. Мұнда оқулықтағы суретке қарап, «Жасыл ел» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырады. Адам денсаулығын жақсарту үшін табиғат аясында тағы да қандай істер атқарған дұрыс? Сұраққа жауап іздестіреді.
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, адамдарға саулық пен қуаныш сыйлау үшін алдымен жұмысты тазалықтан бастауымыз керек. Тазалық болған жерде ағаштар да, гүлдер де жайқала өседі. Тазалықтан кейін табиғатқа сұлулық керек, ол үшін ағаштар мен гүлдер егеміз. Одан кейінгі атқарар жұмыс табиғатқа күтім. қамқорлық жасау болып табылады.
Оқушылар алдын ала белгіленген жұмыстар жүргізетін учаскелерге барып, тазалық жұмыстарын жүргізеді. Арық жолдарын қоқыстан аршиды, ағаш түптерін қопсытады, су құяды, ағаш діңдерін ағартады, гүл егетін жерлердің тастарын, қоқыстарын тазалайды.
Мұғалім оқушыларға ризашылығын білдіреді:
-Міне, балалар, сендердің көмектеріңнің арқасында Табиғат-анамыз жасарып, бұрынғыдан да көркейіп кеткендей болды. Табиғаттың бізден таза ауасы мен сұлулығын аямайтыны анык. Біз бүгін табиғатқа қамқорлық жасап қана қоймадық, адамның денсаулығына да пайдалы іспен шүғылдандық.
Жаңа ақпарат
Тазалық болған жерде ағаштар да, гүлдер де жайқала өседі. Тазалықтан кейін табиғатқа сұлулық керек, ол үшін ағаштар мен гүлдер егеміз. Одан кейінгі атқарар жұмыс табиғатқа күтім, қамқорлық жасау болып табылады. Мұғалім осы ойларды бекіту үшін оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады.
Табиғат тазалығы-адам денсаулығының кепілі. Алуан түсті гүдер алқабы,сайраған құстар,бұлақ сылдыры, биік таулар, жарқыраған күн,таза ауа адамдарға саулық пен қуаныш сыйлайды.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылардың табиғат пен адамның үйлесімдігі туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Мұғалім өлеңді оқып береді.
Табиғатпен тілдессем
М. Аяганова
10• «Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың,
Әуел баста егіз боп жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені түсінесіндер?
• «Ол ауырса сенің де ауырғаның,
Ол сауық сенің де сауықанның» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Табиғаттың кабағы кашан да ашық,
Сезбесе егер адамнан қауіп барын» деген өлең жолдарына көзқарастырың қандай? Дәйексөз
- Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге. Өйткені оның жерінде дүниеге келіп, суын ішіп, ашық аспанында күн нұрына малынып, өсімдіктерімен тынығып, жаңбыр-қарының қызығын көріп, жан-жануарларынан тіршілікті үйреніп, өсіп-жетіледі.Табиғат та адамның оны сақтауымен, корғауымен, күтімімен дамып келеді. Демек олардың бір-бірінсіз өмір сүруі қиын. Егер табиғат тазаболса, адамның жаны, дені сау болады. Сондыктан да р.Сәтімбеков өз өлеңінде «Табиғатқа тазалықты тарту ет» деп айтады.
Тапсырма
Окушылардың алған білім-біліктерін тиянақтау максатында жұмбактардың шешуін тауып, адамның табиғатпен үйлесімділігі туралы айтып беру тапсырылады.
Әдемі түнде
Мен жүрсем, жүреді бірге.
(...)
Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.
(...)
Бір түкті кілем, Бір түксіз кілем.
(...)
Бар ма, жоқ па - оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(...)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
(...)
Жұмбақтардың шешуі: ай, куннің көзі, жер мен аспан, ауа, жаңбыр.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім тапсырманы орындау жолын айтып өтеді: Табиғат аясында жасаған тазалық жұмыстарыңнан алған әсерлерің туралы жазыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.
Жүректен жүрекке Міне,үлкен азаматС.Мәуленов
Күні........... Өзін-өзі тану
Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға,
ал болашақ ұрпақтан қарыға алдық.
Халық даналығы
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
2) Дамытушылық: табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;
3) Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: бейнетаспа, үш түсті қағаз, оқулық, дәптер, қайшы, маркер, желім.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін өлең жолдарын оқушылармен бірге қайталайды:
Ана, бала, қала, жұлдыз, аспан, табиғат,
Ай менен күн, жұлдыз,аспан,та
Күні.......... Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан табиғатын қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен өсімдіктермен таныстыруды жалғастыру, Қара кітап жайлы мағұлмат беру.
Дамытушылық: Кейбір құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер, олардың жойылу себебін, қорғау шараларымен таныстыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экологиялық ережелерді сақтау керектігін түсіндіру.
Көрнекілігі: «Қазақстан қорықтары» кітабы,суреттер,картиналар,Қызыл кітап.
Сабақтың барысы:
1. Мұғалім оқушылардың өткен сабақта алған білімін бекіту мақсатында тағы да Жердегі тіршілік айналымына тоқталады.
- Егер батпақтың барлығы кеуіп кетсе не болады?
Оқушылар жауабы тыңдалып, Жердегі тіршіліктің айналымы туралы біртұтас көзқарастарын қорытындылайды:
Батпақ- жәндіктер- бақалар- тырналар және т.б
1. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.
Бүгін біз Қызыл кітапқа қалай және оның не үшін құрылғаны туралы білеміз.
(Қызыл кітап алғаш рет 1966 жылы басылып шықты)
Ол неліктен қызыл?
Оқушылар жауап береді
Дұрыс. Қызыл түс – дабылды білдіретін түс.Ол – тірі табиғатты сақтау үшін күресудің белгісі.
Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу сызбасы.
Өсімдіктер мен жануарлар
Жойылып бара жатқан түрлері
Танымал емес түрлері
3. Іскерлік ойыны (топпен жұмыс)
1- топ қызыл түсті параққа жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің санын жазады.
2- топ сары түсті параққа сандары әрі баршылық, бірақ жойылуға таяу жануарлар мен өсімдіктердің санын жазады.
3-топ ақ параққа сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді жазады.
4- топ сұр түсті параққа аты танымал емес жануарлар мен өсімдіктердің аттарын жазады.
5-топ жасыл параққа қайтадан қалпына келіп жатқан жануарлар мен өсімдіктерді жазады.
Оқушылардың алдарына түрлі жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылған энциклопедиялар, Қызыл кітап, Қара кітап та жатады.Оқушылар өсімдіктер мен жануарларды құтқару үшін не істеу керектігі туралы пікірлерін,ойларын айтады.
4. Оқулықпен жұмыс.
Мәтін оқылып, төмендегі сызба сызылады.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
Қорықтар, ұлттық саябақтар
Мемлекет
Айыппұл төлеу, аң аулауға арналған заттарды тәрбиелеу
Белгілі бір уақытта ғана ау аулауға рұқсат беру
5. Пікір айт.
1. Сұрақ-жауап
- Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды құтқару үшін адамдар не істеп жатыр?
- Қорықтар,ұлттық саябақтар не үшін құрылып жатыр?
2. Жұппен жұмыс.
- Қызыл кітап нені хабарлайды?
- Ол нені ескертеді, неге шақырады?
- Қазақстанда қандай жануарлар қамқорлыққа алынған және қамқорлықты қажет етеді?
Оқушылар қорықтардың орналасқан жерлері,әр қорықтың ерекшелігі туралы әңгімелейді.Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің аттарын жазады.
6. Сабақты қорытындылау.
«Кел,ойланайық!» айдары.
- Жеріміздегі қоршаған ортадағы төнген апаттан қалай сақтануға болады?
Оқушы пікірлері тыңдалады.Оқушылар құтқару шаралары қолданылсын деген талаппен экологиялық орталыққа, т.б. мемлекеттік органдарға хат жазады.
Бұл сабақтар оқушылардың өмірі үшін маңызды болады.Өйткені осы сабақтарда олардың саналарын табиғатқа деген аяушылық сезімдері оянады.
7. Үйге тапсырма беру. Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдік туралы жазылған әңгіме оқып келу.
Күні.....
Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: «Иллюстрация»
Сабақтың мақсаты:
1. кейіпкерлер деген көңіл күйі мен өз қарым-қатынасын көрсету үшін композициядағы ең басты нәрсеге беруге қажет графикалық білікті дамыту.
2. шығармашылық елестету қаблетін дамыту; көркемдік талғамының қалыптасуына ықпал ету;
3. қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ету;
Сабаққа қажетті материалдар:
Мұғалім үшін: көрнекілік материал-сюжетті картиналар көшірмелері.
Оқушылар үшін:альбомдық парақтар, гуаш, жай қарындаштар,өшіргіш, қылқалам, су құюға арналған кішкене банка.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткенді қайталау
ІІІ Жаңа сабақ
Кіріспе әңгімесі көрме материалы негізінде жүргізіледі.
Иллюстрация – көрнекті түрде бейнелеу. Кітап, газет, журналдардан мәтіннің жанына салынған суретші туындысын немесе фотосурет көреміз. Міне, бұл – иллюстрация деп аталады. Иллюстрацияның міндеті – мәтіннің не туралы екенін түсінуге, оның мазмұнын ашуға көмектесу, оны көрнекі түрде беру.
Жұмысқа кірісер алдында бұл әдеби кейіпкер өзіңе несімен ұнайтынын ойла. Ол көрікті, бәлкім ержүрек батыр шығар. Мүмкін ол күшті немесе көңілді, тапқыр болар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін туындының мазмұнын әбден түсініп, кейіпкердің басынан кешкендерін елестету керек.
Салатын суретіңнің сюжетін анықтап ал. Бірақ алдымен суреттің жалпы композициясының нобайын жаса. Кейіпкер табиғат аясында ма, үлкен сарай ішінде ме, әлде үңгірде ме? Алдымен әрекет орнын, қай уақытта, қандай ауа райы салатыныңды белгілеп ал. Бұл келешек иллюстрация сюжетін беруде өте маңызды болуы мүмкін.
Туынды кейіпкерлердің келбетін дәл бейнелеу де өте маңызды. Кейіпкердің келбеті автордың берген сипаттамасымен сәйкес келуі тиіс. Кейіпкердің бойының не ұзын не аласа, денесінің толық не арық екенін, киімін, шаш қию үлгісін, қозғалыс, жүріс – тұрыс ерекшелігін анықтап ал. Кейіпкердің жеке қасиеттерін анықтап берген сайын ол бар қырынан ашыла түседі.
Сабақты қорыту: жұмыстарды оқушылармен бірге көре отырып, ондағы ең шынайы және қызық жұмыстарды атап өту.
Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: «Иллюстрация»
Сабақтың мақсаты:
1. кейіпкерлер деген көңіл күйі мен өз қарым-қатынасын көрсету үшін композициядағы ең басты нәрсеге беруге қажет графикалық білікті дамыту.
2. ертегі мәтініндегі кейіпкерлерді елестету білімін дамыту; көркемдік талғамының қалыптасуына ықпал ету;
3. кітапті безендірудегі суретшінің рөлі туралы түсінігін кеңейту.
Сабаққа қажетті материалдар:
Мұғалім үшін: көрнекілік материал-сюжетті картиналар көшірмелері.
Оқушылар үшін:альбомдық парақтар, гуаш, жай қарындаштар,өшіргіш, қылқалам, су құюға арналған кішкене банка.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткенді қайталау
ІІІ Жаңа сабақ
Кіріспе әңгімесі көрме материалы негізінде жүргізіледі.
Сабақты қорыту: жұмыстарды оқушылармен бірге көре отырып, ондағы ең шынайы және қызық жұмыстарды атап өту.
Иллюстрация – көрнекті түрде бейнелеу. Кітап, газет, журналдардан мәтіннің жанына салынған суретші туындысын немесе фотосурет көреміз. Міне, бұл – иллюстрация деп аталады. Иллюстрацияның міндеті – мәтіннің не туралы екенін түсінуге, оның мазмұнын ашуға көмектесу, оны көрнекі түрде беру.
Жұмысқа кірісер алдында бұл әдеби кейіпкер өзіңе несімен ұнайтынын ойла. Ол көрікті, бәлкім ержүрек батыр шығар. Мүмкін ол күшті немесе көңілді, тапқыр болар. Осы сұрақтарға жауап беру үшін туындының мазмұнын әбден түсініп, кейіпкердің басынан кешкендерін елестету керек.
Салатын суретіңнің сюжетін анықтап ал. Бірақ алдымен суреттің жалпы композициясының нобайын жаса. Кейіпкер табиғат аясында ма, үлкен сарай ішінде ме, әлде үңгірде ме? Алдымен әрекет орнын, қай уақытта, қандай ауа райы салатыныңды белгілеп ал. Бұл келешек иллюстрация сюжетін беруде өте маңызды болуы мүмкін.
Туынды кейіпкерлердің келбетін дәл бейнелеу де өте маңызды. Кейіпкердің келбеті автордың берген сипаттамасымен сәйкес келуі тиіс. Кейіпкердің бойының не ұзын не аласа, денесінің толық не арық екенін, киімін, шаш қию үлгісін, қозғалыс, жүріс – тұрыс ерекшелігін анықтап ал. Кейіпкердің жеке қасиеттерін анықтап берген сайын ол бар қырынан ашыла түседі.
Сабақты қорыту: жұмыстарды оқушылармен бірге көре отырып, ондағы ең шынайы және қызық жұмыстарды атап өту.
Күні..... Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Ғарыш туралы түсінік. Адамның ғарышты зерттеуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын, бақылау білу,талдау,қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілігі: Күн жүйесі салынған сурет сызба, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Кіріспе әңгіме.
- Астрономия деген сөзді естідіңдер ме? (Астрономия)
- Түсіндірме сөздікте былай түсінік беріпт: Астрономия- ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. Астроном- астрономия маманы. Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.
2. Пікір айт.
- Астрономдар: «Жұлдызды аспан- табиғаттың ұлы кітабы.Оны оқи алған адам, бізді қоршаған ғарыштың есепсіз байлығының сырын ашады»дейді.Өз пікірлеріңді «Менің ойымша ...... » деген сөзбен бастап,ойларыңды,аспан әлемі туралы естігендеріңді баяңдаңдар.
3. Оқулықпен жұмыс.
- Жұлдызды аспанды қалай бақылауға болады? (Оқушы жауаптары).
- Осы туралы мәтіннің бірінші бөлігінде жазылған.Оқып шығайық.
- Оқыған бөліктен қандай шоқжұлдыздар туралы айтылған? Шоқжұлдыздар адамдарға көмектеседі?
1. «Сен білесің бе?» айдары.
- Балалар, біз Құс жолының тұрғындарымыз.Біздің ғаламшарымыз Жер Құс жолында орналасқан.
Екінші бөлік оқылады.
2. Сызба құрастырылады.
Ғарыштық денелер
Ай
Күн
Жер
Мұғалім Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарлар туралы әңгімелейді.
Бейнетаспадан Күн жүйесі туралы түсірілген фильм көрсетіледі.Оқушылар ғаламшарлардың аттарын
дәптерлеріне тізіп жазады.
Мәтіннің келесі бөлігі оқытылады. Оқушылар ғаламшарлар мен олардың серіктері туралы оқып
біледі.
4. Сарамандық жұмыс.
Ермексаздан ғаламшарлардың моделін илеп жасайды.
Сабақты қорытындылау.
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.
6. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу. Қосымша ғарыш туралы оқып келу.
Күні........ Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Күн – жарық пен жылу көзі.
Сабақтың мақсаты: Күн ең жарық жұлдыз екені, одан жарық сәуле түсіп, жылу таралатын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым түрімен таныстыра отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілігі: Күн жүйесі салынған сурет сызба, суреттер бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
Өткен материалдарды қайталау.
Тест жұмысы
Күн дегеніміз не?
А)ғаламшар ә)жұлдыз
Б)ғарыштық дене
2. Жер дегеніміз не?
А)ғаламшар ә)жұлдыз
Б)ғарыштық дене
3.Күннің температурасы қандай?
А)бірнеше мың градус ә)бірнеше миллион градус
Б)0 – ге тең
4) Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
А)3 ғаламшар ә)4 ғаламшар
Б)8 ғаламшар
Шешуі:1-ә;2-а;3-ә;4-б:
3.Жаңа тақырыпты меңгерту.
- Сонымен Күн туралы не білдіңдер?
-Күн шар тәрізді. Ол – ғарыштық дене
- Күн бізге жарық сәуле таратады, жылуын шашады.
Күн туралы жұмбақ шешу.
4.Оқулықпен жұмыс.
1. Оқушылар мәтінді оқып, ондағы негізгі ойды табады.
Күн біздің ғаламшарымызға жарық беріп, жылытады. Күннің жарығымен жылуынсыз Жер бетінде тіршілік жоқ.Күннің жылуынсыз өсімдіктер мен жануарлар, сулар мұзға айналған болар едді. Аспанда бұлттар жойылып , Жер бетінде тіршілік тоқтап қалар еді.
Жұппен жұмыс.
Оқулықтағы мәтіннің мазиұны қолданылады. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып оқу. Мәтін тақтаға алдын ала жазылып қойылады немесе плакатқа жазылып ілінеді.
Күн – Жерге жақын орналасқан ... (жұлдыз). Бұл жанып жатқан – орасан зор ...(ғарыштық дене). Күннің пішіні ...(шар) тәрізді. Күннің диаметрі Жердің диаметрінен ... (109)есе үлкен. Жер массасынан ...(330 мың) есе артық. Күн жерден ... (150) миллион км жуық қашықтықта орналасқан.
Осы м2леметт3 д2птерлер2не жазып шығады.
5.Блиц- турнир.
- өзімізді ғарыштық кеңістікте деп сезініңдер. Ғарыштан біздің ғаламшарымыз қалай кқрінеді екен? Байқайық.
«Жер» бейнетаспасы көрсетіледі.
Жер қандай екен? (Шар тәрізді, көгілдір түсті).
Ол неге көгілдір болып көрінеді?(Жердің басым көпшілігін су алып жатыр. Сондықтан сол көгілір болып көрінеді).
Жер ғаламшары – тау жыныстарынан тұратын үлкен шар тәрізді дене. Ол – Күн жүйесін айналып жүрген сегіз ғаламшардың бірі. Ғарышкерлердің айтуынша ғарыштан Жер көгілдір болып көрінеді екен. өйткені оның басым көпшілігі мұхит, теңіз және көлдерден тұрады.
Сонымен қатар Жерді атмосфера қоршап тұр. Осы ауа қабаты да көгілдір түс беріп тұрады.
Жерді неліктен жасыл ғалаамшар деп атайды?
Өсімдіктер өседі.
Жер – Күн жүйесіндегі пішіні мен салмағы бойынша бсінші планета. Ал Күннен бастап санағанда үшінші тұр (Марс пен Шолпан – Жердің көршілері).
Мұғалім оқушы жауаптарын қорытындылап отырады.
Сабақты қорытындылау.
Күннің Жердегі тіршілік үшін қандай маңызы бар?
Адамдар күн қуатын қалай пайдаланады?
Үйге тапсырма беру. «Күн – жарық пен жылу көзі» мәтінді оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру
Сабақтың мақсаты: Ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
Тұңғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстырып, олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту.
Танымдылық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Жұлдыздар неге жарқырайды? (Олар – аспан денелері. Күн де – жұлдыз).
2. Оқулықпен жұмыс ( Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады)
- Ғалымдар жұлдызды аспанды не үшін зерттейді?
Мәтіннің екінші бөлімі оқылады.
Сұрақ – жауап арқылы мазмұны ашылады.
Мәтіннің үшінші бөлімі оқылып, мазмұны ашылады.
4.Пікіріңді білдір.
Ғарышты игеруді дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Ғарышкерлер ғарышқа қай жерден ұшады?
Сабақты қорытындылау.
Ғарыш туралы не білесіңдер?
Осы тақырыпты оқу керек пе?
6. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу. Қосымша ғарыш туралы оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Глобус – Жердің үлгісі.
Сабақтың мақсаты: Ғарыш денелері, глобус – Жердің үлгісі деген ұғымдарын қалыптастыру, кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларды география ғылымымен таныстыру.
Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Ғарыштық әлемге қызығушылыұтарын ояту.
Көрнекілігі: глобус, жұлдызды аспанның суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
1.Кіріспе бөлім
1. Астрономдардың: «Жұлдызды аспан – табиғаттың ұлы кітабы. Оны оқи алған адам, бізді қоршаған ғарыштың есепсіз байлығының сырын ашады» дегенінің мағынасын ашыңдар.
2. Жаңа материалмен жұмыс.
1. Мұғалім өзінің кіріспе сөзінде география ғылымымен танысатындарын хабарлайды.
«География» сөзінің мағынасын ашады.
География – Жердің беткі қабатын және оның табиғи жағдайларын зерттейтін ғылым. Ол грек сөзінен шыққан. «Гео»- жер, «графо»- жазамын дегенді білдіреді.
Осы жерде глобус пен географиялық карта туралы беріліп келеді.
Глобустың шығу тарихы.
Глобусты алғаш рет неміс ғалымы Мартин Бехайм 1492 жылы ойлап тапты. Ол оны «жер алмасы» деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік және Оңтүстік Америка жоқ еді. Өйткені олар әлі ашылған жоқ болатын.
Мәтін оқылып, сұрақтарға жауап береді.
Глобуспен жұмыс.
Глобустан мұхиттарды көрсетіңдер.
Материктерді көрсетіңдер.
4.Пікір айт.
- Ертеде адамдар Жердің пішінін қандай деп ойлады?
- Өткен сабақтарда Күннің жарығы мен жылуынсыз тіршілік жоқ екенін оқып білдің.Ал бүгін жердің өз білігінен айналуының арқасында күн мен түннің алмасуы туралы танысамыз.
Жерді неліктен «біздің ғарыштық кемеміз» деп атайтынын білесіңдер ме?
Жер-ғаламшар.Ол басқа ғаламшарлар сияқты қозғалады.
1. Тәжірбие жұмысы.
2. Үстел үсті шамын жағып,оған теріс қарап тұр.Саған шам көрінбейді,сен жақта – «түн».Сенің арқа жағыңда- «күн», өйткені оған шамның сәулесі түсіп тұр.
3. Енді жайлап бұрыл. Міне,сенің бетіңе шамның жарығы біртіндеп түсіп,сен оны көре бастадың.Бұл күннің шығуына,яғни таңның атуына ұқсайды.
4. Одан әрі бұрыла бер.Біртіндеп шам көз алдыңа келеді.Күндізгі уақыт басталды.
Одан әрі бұрыла берсең,бетіңе түсетін шамның жарығы азайып,көрінбей «бататын» секілді. Қараңғы түсіп, «түн» болады.
Сондай-ақ глобусты батыстан шығысқа қарай айналдырып, тәжірбие жасалынады. Оқушыларға оның жарық түскен жағы күндіз,қараңғы жағы түн болатындығы көрсетіледі.Мынадай сызбаны дәптерлеріне жазады:
Күн мен түннің ауысуы- Жердің өз білігінен айналуы – тәулік
5. Оқулықпен жұмыс.
Тәжірибе жұмысы бойынша алған білімдерін мәтінде жазылғанмен салыстырады.
4. Пікір айт.
- Бұл тарауды оқу барысында математикадан алған білімдерімізді іс жүзінде көрсетеміз. Неге?
- Жердің өз білігінен айналуының қандай маңызы бар? Оқушы жауабы: «Менің ойымша........» деп басталады.
5. Сабақты қорытындылау.
- Тәулік дегеніміз не?
- Адамдар жердің өз білігінен айналуын неге сезбейді?
- Жердің өз осінен айналу себебінен күн мен түн ауысады. Жердің Күннен жарық түскен бір жағы күндіз, ал көлеңкеленген жағында осы уақытта түн болады.Жер өз осін 24 сағатта толық бір айналып шығады.
Осы уақыт аралығы тәулік деп аталады.
6. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Күні.......... Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жердің Күнді айналуы. Жыл мезгілдерінің ауысуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдерінің ауысуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Әр жыл мезгілінде жерге Күннен келетін жылу мөлшері Күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: глобус,жартышарлар,картасы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен сабақта алған білімдерін бекіту.
- Глобус деген не?
- Алғашқы глобусты кім жасады?
- Тәулік деген не?
Бір тәулікте неше сағат бар?
3. Жаңа материалмен жұмыс.
- Өткен сабақтарда Күннің жарығы мен жылуынсыз тіршілік жоқ екенін, Жердің өзі білігінен айналуының арқасында күн мен түннің алмасуы туралы оқып білдіңдер. Бүгін Жердің Күнді айналуының арқасында жыл мезгілдерінің ауысуын оқып білесіңдер.
Оқулық бойынша жұмыс істеу.
Мәтінді оқу,сұраққа жауап беру.
Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт жыл деп аталады. Жыл күн, апта, айдан құралады. Бір жылда төрт жыл мезгілі бар. Олар: жаз, күз, қыс және көктем. Бірақ кейбір аймақтарда екі жыл мезгілі болады.
Күннің жарығы Жер бетіне жыл мезгілдеріне байланысты әртүрлі түседі. Жер білігінің көлбеу болуынан оның бір жағы жазда Күнге қарайды.
Жыл мезгілдерінің ауысуы – Жердің Күнді айналуы – жыл.
Қызық мәлемет.
Ертеде жылды әр халық өз жерінің ауа райына қарай бөлген. Қазақ халқы ежелден жылды төрт мезгілге (көктем,жаз,күз,қыс) бөлген. Орталық Африкада ауа райы нөсерлі, ыстық, құрғақ болуына байланысты үш мезгілге бөлінген. Үнді мұхитының араларындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай екі жыл мезгілі бойынша есептелген. Муссон желі 180 – 185 күноңтүстік батысқа қарай, 180 -185 күн солтүстікке қарай соғылады екен.
Кел, ойланайық!
Күн сәулесінің түсу бұрышы жылу мен жарықтың түсу мөлшеріне әсер ете ме?
«Өзіңді тексер» айдары.
Сұрақтар тарау соңына берілген.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. «Шығыс халықтары неліктен жаңа жылды наурызда қарсы алады?» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп келу.
Күні.......... Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері.
Сабақтың мақсаты: отбасы деген түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіру.
Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып , іс - әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру.
Отбасы мүшелерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Тату - тәтті отбасы» атты бейнетаспа, отбасы жайлы жазылған ән.
Сабақтың барысы:
Жаңа материалмен жұмыс.
Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау.
«Отбасы» сөзіне ассоциация жасау.
Оқушылардың отбасылары туралы әңгімесі.
Оқулықпен жұмыс.
Тақтаға сурет сызба ілінеді.
Отбасы мүшелерін өзара не біріктіреді?
Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?
Әр отбасы мүшесі тату – тәтті өмір сүру үшін не істеу кажет?
Жылылық, жайлылық, қамқорлық, өзара көмек деген ұғымдар нені білдіреді?
ә) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқыту.
3. Мақалдың мағынасын ашу.
Әдепті бала ата – анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.
Оқушылар тату – тәтті отбасында өскен бала қайырымды,әдепті болатындығын айтады
Түсініктік, бақыт және денсаулық сөздерін пайдаланып, мақал құрастырыңдар.
Денсаулық пен түсңініктік болған жерде бақыт болады.
Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Бейнетаспадан отбасы туралы деректі фильм көрсетіледі.
Жаңа құрастырған мақал осы отбасына қатысты айта аламыз ба?
Отбасы салт – дәстүрлері.
Әр оқушы өзінің отбасы туралы әңгімелейді.
Пікір айт.
Тамаша отбасы қандай болу керек?
7. Сабақты қорытындылау.
Бес жолды өлең құрастыру.
Отбасы
Бірге тұрады, қамқорлық көрсетеді
Сәтті, тату – тәтті,бақытты,
Жақсы отбасының төрінде махаббат отыр
Бақыт
Сұрақтар:
Отбасы деген не?
Отбасы мүшелерінің бір – біріне қарым – қатынасы қандай болу керек?
8. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып, әркім өз отбасы жайлы әңгіме құрастырып келеді?
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам.қоғамдық топтар.
Сбақтың мақсаты: отбасының қоғамдағы орнын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіруді жалғастыру.
Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып, іс-әрекеттері үшін жауап беру, туысынп қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру.
Отбасы мүшелерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
18.04.12. Өзін-зөі тану
Сабақтың тақырыбы: Жер-ана
Баптағанға - жер жомарт.
Халық мақалы
Мақсаты: «Жср» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жерге қамкорлык жасау қарым-қатынастарын дамыту;
- жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: маркер, окулық, үнтаспа.
Шаттык шеңбері
Балалар шсңбер құрып тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын айтады:
Тілек
Б. Кірісбаев
Шөліркемей гүл тұрсын, Ортак бізге туыстық,
Жерім жайнап күлпырсын. Нұр сыйлаған күн ыстык,
Нұрын сыйлап біздерге, Ыстық бізге кең өлке,
Көкте мәңгі күн тұрсын. Ыстық бізге тыныштык.
Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады:
- Бүгін сендермен Жасыл мемлекеттегі бір Патшалык туралы әңгімелескім келеді. Бүл патшалык әдемілікті, сұлулык пен көркемдікті, тыныштык пен тазалықты жаксы көреді. Ал осы патшалыкта кімдер тіршілік ететінін білу үшін мен сендерге үнтаспадан түрлі дыбыстар естіртемін, сендер ол дыбыстар ненің дыбысы екенін айтып, құпия патшалықтың тіршілік иелерін табасыңдар.
Мұғалім ұнтаспадан құстың, адамның, жан-жануарлардың, ағаш жапырақтарының сыбдырын естіртеді. Оқушылар сол дауыстар бойынша тіршілік иелерін атап шығады.
Балалардың жауаптары тыңдалып, тақырыптың «Жер-ана» сксндігі хабарланады.
Балалар барлығы қосылып С. Қалиевтің өлеңін оқиды.
Бұлбұл калай сайрамас,
Жайнап түрса жер-аспан.
Ел-жүрт калай жайнамас
Ынтымағы жарасқан.
Әңгімелесу
• Жермен сырласа білесің бе?
• Неліктен адамдар жерді анаға теңейді?
• Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласың?
Мәтінмен жұмыс
Көктем иісі
Э.Шим
• Бала көктем иісін калай сезінді?
• «Көктемнің иісі» деген ұғымды сендер калай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат
Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.
Жерден қасиетті ,жерден киелі дүниежок. Жер бар жерде ел бар. Ел ер-азаматтың өмір сүрер ортасы.. Жср - адамның жарык дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.
Адам өзінің туып-өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін ,алаулаған сағынышын,қадір-құрметәін жүректен шыққан құдіретті сөзбен,ойлы өлеңмен, сазды әуенмен,сырлы суретпен жеткізеді.
Тапсырма
Сахналау
Оқушылар сахналау үшін мәтінді окып шығып, сахналап көрсетеді.
Жер-ана тұншықса
Н. Құмар
Дәйексөз
«Баптағанға - жер жомарт»
Жерді күтіп, баптап, таза ұстау керек. Өйткені Жер-ана жомарт та дархан көңілімен адамға барын бергісі келеді. Тіпті казба байлықтар да жерден алынады.Түрлі жеміс-жидектер де, әсем гүлдер де ,тіпті дәнді дакылдар да ұдайы суарып, күтіп баптағаннан кейін көбейе түседі.
Шығармашылық жұмыс
Балалар, қазір мен тақтаға дөңгелек жасыл қағаз ілемін. Бұл біздің жеріміз. Ал сендер жердің көркейіп, сұлуланьш, тіршілікке енуі үшін жұмыла жұмыс жасаңдар.Алдарыңда жатқан қағаздарданжерде тіршілік ететін жерге көрік беретін тіршілік иелерініңсуретінсалып,коллаж дайындаңдар
Тапсырма
Айтыған ойларды бекіту үшін тапсырма орындалады. Тапсырма бойынша оқушылар cypemmi пайдаланып, төмендегі та қырыптар бойынша өз ойларын білдіреді.
1. «Жердің касиеті»
2. «Жерге камкорлық»
Тапсырманы топқа бөлініп орындауға болады. Балаларекітопқабөлінеді. Біртоп - «Жердіңқасиетін» жазып, топтастыружасайды, екіншітоп- «Жерге камқорлык» туралыжазыптоптастыружасайды. Тапсырмаларынплакатқамаркерменорын-дайды, тақтагаіліп, жарияетеді.
-Иә, балалар, Жер - біздід асыраушымыз. Біздің тағамымыз да, киетінкиіміміз де, тіпті, оқу оқып, білім алып отырған кітаптарым ыздың жасалуына да осы Жер-ананың көмегі зор. Ал осы жердегі тіршілік етуші құстарға да, жан-жануарларға да, өсімдіктерге де қамқоршы тек қана адамдар екенін ұмытпандар.Олай болса, Жер анамызды күтіп, баптай білейік.