kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адам көркі -тіс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігін тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Тіс сауыты өте қатты, ақ түсті зат-кіреукемен (эмальмен) қапталған. Сондықтан ол ыстық-суықтың бәріне шыдап, неше түрлі тағамдарды шайнауға мүмкіндік береді. Кіреукенің іші сүйек, оны дентин дейді. Дентиннің қызыл иек ішіндегі өзі сияқты жұқа қабатын цемент деп атайды. Сауыт пен түбірдің ішінде жұмсақ тін болады, оны тіс ұлпасы дейді. Тіс ұлпасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске коректік заттарды жеткізеді, ал жүйке талшықтары оған сезімталдық қасиет береді. Тіс шайнау қызметін атқарады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адам көркі -тіс"»

Адам көркі – тіс

  1. Тақырыбына қарап, мәтіннің не туралы екеніне болжам жасаңыз.

  2. Тақырыптағы көркі (көрік) деген сөздің синонимін еске түсіріңіз.

  3. Егер мәтін адамның тісі туралы болса, онда қандай мәселелер жайында айтылуы мүмкін?

  4. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтіннің 1-бөлігін оқып шығыңыз.

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігін тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Тіс сауыты өте қатты, ақ түсті зат-кіреукемен (эмальмен) қапталған. Сондықтан ол ыстық-суықтың бәріне шыдап, неше түрлі тағамдарды шайнауға мүмкіндік береді. Кіреукенің іші сүйек, оны дентин дейді. Дентиннің қызыл иек ішіндегі өзі сияқты жұқа қабатын цемент деп атайды. Сауыт пен түбірдің ішінде жұмсақ тін болады, оны тіс ұлпасы дейді. Тіс ұлпасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске коректік заттарды жеткізеді, ал жүйке талшықтары оған сезімталдық қасиет береді. Тіс шайнау қызметін атқарады.

Тістің (кіреукенің, дентиннің, цементтің, сүйектің) құрамындағы негізгі заттар-аппатиттер. Олар өздерінің химиялық құрамы бойынша кальцийлі фосфат тобына жатады. Тіс кіреукесінің құрамына натрий, магний,хлор, калий, фтор, темір және басқа да микроэлементтер кіреді.

Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып бөлінеді. Ал тістің ең соңғы жұбы – ақыл тіс. Ол адамға 17-25 аралығында шығады. Түбірлерінің құрылысына қарай тіс бір түбірлі, екі түбірлі және үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азулары үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады.

Тістің барлық саны – 32. Олар адамның аузында үстінгі және төменгі жақ сүйектерге екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16-дан тіс болады.

Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде алдыңғы тістер шыға бастайды. Бұлар сүт тістер деп аталады. Бала екі жасқа келгенде оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа дейін аяқталады. Үлкен азу тістер шығатың жерлерге сүт тістер шықпайды. Тіс шығып келе жатқанда қолмен ұстаса, олар ілгері-кейінді қисық болып шығады.

  1. Мәтінде кездескен төмендегі сөздермен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Сауыт, тіс сауыты, беку, түбір, қапталу, түбірлердің құрылысы, бір түбірлі тістер, екі түбірлі тістер, шайнау, екі қатар болып орналасу, коректік заттар, сезімталдық, қасиет.

  1. Мәтінде кездескен төмендегі сөздермен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

Кіреуке – эмаль

Қызыл иек – десна

Жүйке талшықтары - нервные волокна

Шырышты қабық – слизистая оболочка

Тін – ткань

  1. Сол бағандағы етістіктер мен он жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.

қапталған (немен?) көлденең

қызметің атқару (қандай?) ақыл тіс

қисық болу (не істесе?) кіреукемен

кіру (не?) шайнау

орналасу (қалай?) сүт тістер

түсу (нелер?) шаң

шықпай қалу (не?) қолмен ұстаса


  1. мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

  2. Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

  3. Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігін тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды.

  • Тістің құрамындағы негізгі заттар-аппатиттер.

  • Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып бөлінеді.

  • Жаңа туған балада тіс болмайды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Адам көркі -тіс"

Автор: Серікова Нұржауған Әбілсейтқызы

Дата: 04.02.2019

Номер свидетельства: 498308

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Әдептілік адам көркі."
    ["seo_title"] => string(20) "dieptilik_adam_korki"
    ["file_id"] => string(6) "468839"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1525807940"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "?ыз – елді? к?ркі"
    ["seo_title"] => string(17) "k_yz_ieldin_korki"
    ["file_id"] => string(6) "345220"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1474548151"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Адами қарым - қатынас жасау ізгіліктері"
    ["seo_title"] => string(42) "adami_k_arym_k_atynas_zhasau_izghiliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "399258"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489240689"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Адал досты?"
    ["seo_title"] => string(10) "adaldostyk"
    ["file_id"] => string(6) "285249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454129197"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""Темекіні? адам денсаулы?ына зияны" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(54) "tiemiekinin-adam-diensaulyg-yna-ziiany-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "257621"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448366696"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства