kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адал досты?. 4 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: адал досты?ты? д?рыс ?рекет ??ндылы?ынан туындайтынды?ы туралы т?сініктерін ке?ейту.

Міндеттері:

  • О?ушыларды у?дені орындау?а ?йрету;
  • О?ушыларды? сыйласты? ?асиеттерін дамыту;
  •  о?ушыларды  шынды?ты айту?а т?рбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адал досты?. 4 класс»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №5 жалпы білім беретін орта мектеп

Мерзiмі: _________ Сабақ № 10

Мұғалiм: Юсупова Гаухар Кулмурзаевна

Класс: 4 «В» Оқушылар саны: ____

Тақырыбы: Адал достық

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: уәдені орындау, сыйластық, шындықты айту

Сабақтың мақсаты: адал достықтың дұрыс әрекет құндылығынан туындайтындығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Оқушыларды уәдені орындауға үйрету;

  • Оқушылардың сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды шындықты айтуға тәрбиелеу


Ресурстар: оқулық, үнтаспа, презентация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 «Т» ережесін сақтау

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық

Тыныштық сәті. (3 минут). Орманға ойша саяхат. Баяу әуенмен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Адал достар

Екі дос егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі үйленбеген (бойдақ). Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын.Күннің бірінде бойдақ болған ішінен.«Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады» деп ойлайды, «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көпқажеттілігім де жоқ».Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен.Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар-қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды» дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді.Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда,бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жайды түсінеді.Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.



1. Әңгімеде кімдер туралы айтылған және олар не істеді?

2. Олар өнімді не істеді, қалай бөлісті?

3. Олардың бір-біріне деген адалдығына қалай көз жеткізді?

4. Бұл әңгімедегі екі достың достығын қалай бағалайсыңдар?


  • Адал достық сөзін сендер қалай түсінесіңдер?

  • Мәтіндегі достардың бойынан адал достыққа қатысты қандай құндылықты байқадыңдар?

  • Адал достықтың адам өміріндегі маңызы?

  • Сіздердің араларыңызда осындай достар барма,олар кімдер?

  • Өздеріңнің араларыңдағы достықтың шынайылығын неден байқайсыңдар?

  • Досыңа адал болу үшін қандай болуың керек ?

  • Күнделікті өмірде досыңа деген мейірімділігіңді қалай көрсетесің?



Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»

Мұхтар Әуезов


2-рет ұлдарға, 2-рет қыздарға.

Бәріміз қосылып айту.

Дәптерге жазу.


Сергіту сәті:

Қуанамын менде, (Өзін көрсетеді)

Қуанасың сенде. (Қасындағы досын көрсетеді)

Қуанайық достарым (Тізбектей қол ұстасады)

Күлімдеген күнге (Бастары мен қолдарын жоғарыға көтереді)



Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Данышпан

  Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-         Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті. Қарт жігітке:

-         Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

-         Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

-         Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт.

Қарт күліп:

-         «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.



1. Ақылды қарияға кім келді?

2.Қариядан жігіт не туралы сұрады?

3. Қарияның жолдасыңды көрсет дегендегі сыры неде еді?



- Достық сенімділіктен туындайды ма?

- Достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі не?

- Достар арасындағы сенімділіктің құдіретті күші не деп ойлайсың?

- Досыңа деген адалдығыңды қалай көрсете аласың?

- Сендердің де адал достарың  бар ма? Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

- Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлу. Әр топқа жағдаяттар таратылып, талдау тапсырылады.

1-жағдаят.

Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

- Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,- деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...

· Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсындар?


2- жағдаят.

Төртінші сынып оқушылары арасында өткзілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әліхан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

· Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында не істер едіңдер?


3 - жағдаят.    

Арман мен Қанат серуендеп келе жатады. Кенет бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр- шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Арман жүгіріп барып, қолына тас алып атқысы келіп еді. Қанат оған ...

· Арманнның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер Қанаттың орнында болғанда не істер едіңдер?


2-тапсырма. «Синкуейн» әдісі

Дос туралы 5 жолды өлең құрастыру

Мысалы:
1.Дос
2.адал,мейірімді
3.табылады,көмектеседі
4.Адал дос әрқашан қасыңнан табылады.

5.жолдас



Топпен ән айту.

ДОС БОЛАЙЫҚ, БӘРІМІЗ


Сөзі Х.Талғаровтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі


Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!


Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.


Қайырмасы.


Отан біздің панамыз

Аман жүрсін анамыз

Нұрлы күн сөнбесін

Бақыт болып жанамыз

Жарық біздің санамыз

Қара бұлт төнбесін



Үй тапсырмасы.

10-сабақ. Дәптермен жұмыс. 11-сабақ Ж. Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып келу.


9. Сабақтың қорытынды минуты. Баяу музыка қосылады.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Адал досты?. 4 класс

Автор: Кемалова Гаухар Кулмырзаевна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293969

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Досты?" ашы? саба? 6 класс"
    ["seo_title"] => string(26) "dostyk-ashyk-sabak-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "307330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458311916"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Досты? 4 -класс "
    ["seo_title"] => string(14) "dostyk-4-klass"
    ["file_id"] => string(6) "200699"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428904678"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Тема урока: Досты?  3 класс"
    ["seo_title"] => string(22) "tiemaurokadostyk3klass"
    ["file_id"] => string(6) "263477"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449559014"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Тема урока: Досты?  3 класс"
    ["seo_title"] => string(23) "tiemaurokadostyk3klass1"
    ["file_id"] => string(6) "263478"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449559022"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Тема урока:  3 класс Досты?"
    ["seo_title"] => string(22) "tiemauroka3klassdostyk"
    ["file_id"] => string(6) "263480"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449559091"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства