kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған тоқсандық бақылау жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген  бақылау жұмысы қазақ тілінен  10- сынып оқушыларына арналған.  Бақылау жұмысы 40 сұрақтан тұрады.  Бақылау жұмысында  тыңдалым,  лексико-грамматикалық және  оқылым бөлімдері қамтылған.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған тоқсандық бақылау жұмысы»

10- сынып. Қазақ тілінен №2 бақылау жұмысы

І. Тыңдалым

Қазақ  – үйіне келген қонақты құрмет тұтып, сыйлайтын кеңпейіл халық. Қонақжайлылық – қазақ халқының ата – бабадан ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл қасиеті. Қазақ халқы қонақжайлылықты қатты қастерлейді. Қазақ  халқының  салт – дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады.

Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Қазақ дәстүрінде қонақты көбінесе үй иесі  өзі барып шақырады. Не болмаса, арнайы шақыру қағазын жібереді. Қонақты бірнеше күн бұрын шақырады. Себебі адамның алдағы уақытқа жоспарлап қойған әртүрлі жұмыстары болады. Егер қонақ шақырылған жерге бара алмайтын болса, себебін бірден айтқаны дұрыс.    Бұрынан  таныс немесе жақын туыстары болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз болады.

  1. Қазақ  – үйіне келген қонақты құрмет тұтып, сыйлайтын қандай халық?

А) кеңпейіл В) мейірімді С) жауапты Е) батыл

  1. Қазақ дәстүрінде қонақты көбінесе кім барып шақырады?

А) үй иесі өзі В) баласы С) отбасы мүшелері түгел Д) көршісі

3. Не себепті қонақты бірнеше күн бұрын шақырады?

А) Себебі адамның алдағы уақытқа жоспарлап қойған әртүрлі жұмыстары болады.

В) Қонақ ерте жиналу үшін

С) Себебі ол жұмысынан сұрануы керек

Е) Таныс қонақ болмаған кезде

4. Қонақ күту – халқымыздың қандай ісі болып саналады?

А) қажетті В) керекті С) жауапты Д) қиын

5. Қай кезде қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз болады?

А) шақыру қағазы жоқ болған кезде

В) қонақтар өте алыста тұратын болса

С) үй иесі өзі бос болса

Е) Бұрынан  таныс немесе жақын туыстары болмаса

Асар - қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластарының - жетіаталық экзогамиялық ру-қауымның негізгі құрамдас бөлігі біраталардың бірлесе атқару қарекетінің атауы. Мысалы, егіншілік дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыстарды, сондай-ақ, үй тұрғызу, қора-қопсы салу сияқты құрылыс жұмыстарын асар жасау арқылы атқарған. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді, асарға шақырушы адам оларға жақсы ас әзірлеп, дастарқан жаяды. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде «үме» деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршының жиналатынына байланысты «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген мақал туған.

  1. Асарға келген адамдар қандай ақы алады?

А) төлемақы алмайды В) әркімге әртүрлі ақы С) жасына байланысты ақы алған

Е) асар жасаған адамды келесіде міндетті түрде егіншілікке көмекке шақыра алады

7. Ұжымдасып жұмыс істеудің үлкен бір көрінісі деп қарауға болатын тағы бір үрдіс батыс қазақтары тілінде қалай деп аталады?

А) үме В) асар С) ерулік Д) көмек

8. Не дамыған өлкелерде арық, кәріз қазу, тазалау секілді суландыру жүйесіндегі жұмыста бар?

А) мал шаруашылығы В) егіншілік С)ауыр өнеркәсіп Д) жеңіл өнеркәсіп

9. Мақалды толықтыр. «Үмеге келген .... қалмайды».

А) ақысыз В) жұмыссыз С) астан Д) үндемей

10. Қай кезде қыз-бозбала және әнші-жыршы үмеге жиналады?

А) бірігіп үй салған кезде В) шөп шабу науқаны кезінде С) егін жинаған кезде

Е) жұмыс бәткен кезде

ІІ. Лексико-грамматикалық тест тапсырмалары

Қазақстан Республикасының Ата Заңының нешінші бабында «Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi» деп атап көрсетілген?

А) 27 В) 12 С) 10 Д) 9

2. Мақалды толықтыр. Қонақ асыңа емес, ... риза.

А) қабақ-қасыңа В) берген сыйлыққа С) қарсы алғаныңа Д) өзіңе

3. Күмәнді ойды білдіретін қыстырма сөзді белгілеңіз. 
A) Меніңше  B) Әлбетте C) Амал қанша Д) Бәлкім 

4. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма? В) Сенің балаң С) Ешкімің жоқ Д) Жақсың қайсы?

5. Сөйлемді толықтыр. .... мерейтойларда, белгілі бір наградалармен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.

А) Құттықтау хат В) Түйіндеме С)мадақсөз Е) шақыру қағазы

6. Сөйлемді толықтыр. .... оқиғаны жырлауға немесе біреуді қошеметтеуге арналады.

А) Құттықтау хат В) Түйіндеме С)мадақсөз Е) шақыру қағазы

7. Жансая Әбдімәлік неше жасында шахматтан әлем чемпионы атанған?

А) алты В) жеті С) сегіз Д) он

8. Кім 11-жасында «Тәуелсіздігім — Тәңірден келген тәтті сый» деп аталатын жеке жыр

кешін де өткізді?

А) Жансая Әбдімәлік В) Жамбыл Дүйсенұлы С) Арыстанбек Нұрмаханов Д) Соня Ян

9. Дарынды сөзінің синонимін анықта.

А) тәртіпті В) ұқыпты С) талантты Д) келбетті

10. Қас қағым сәт - ...

А) 1 секунд В) 30 минут С) 40—60 минут аралығы Е) 1,5 сағат

11. Шай қайнатым уақыт — ... .

А) 1 секунд В) 30 минут С) 40—60 минут аралығы Е) 1,5 сағат

12. Бие сауым —... .

А) 1 секунд В) 30 минут С) 40—60 минут аралығы Е) 1,5 сағат

13. Айырмашылығы үлкен деген сөз тіркесінің аудармасы:

А) умения распоряжаться В) ограниченные условия

С) большая разница Д) ежедневные дела

14. Тайм-менеджмент—... ... дұрыс жоспарлау өнері.

А) өз уақытыңды В) күн тәртібін С) жұмыс түрін Д) сабақ кестесін

15. Уақытты тиімді жоспарлау — ..... кілті.

А) үйдің В) табыстың С) жұмыстың Д) еңбектің

Сөздерді аудармасымен сәйкестендір.

16. Шаруашылық

А. текущие дела

17. Өлшем

В. повседневные дела

18. Күнделікті жұмыстар

С. рассветать

19. Ағымдағы жұмыстар

Д. мера, размер

20. Таңның ағаруы

Е. хозяйство



ІІІ. Оқылым.

Шахматшы қыздың қайсарлығы

—Патшалар ойыны әлеміне кездейсоқ келмеген шығарсың. Осы уақытқа дейін қандай

белестерді бағындырып үлгердің?

—Шахматқа 4 жасымнан бастап қызықтым. Анам мені шахмат мектебіне алып барды. 7 жасымда 1-дәрежелі шахматшы атансам, 8 жасымда спорт шеберлігіне үміткер болдым. Ал 11 жасымда халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 жасымда халықаралық шахмат қауымдастығының шебері деген атақтарға қол жеткіздім. 14 жасқа қараған шағымда әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері деп мойындалдым. 2004 жылы Сингапурде жалауын желбіреткен Азия біріншілігінде вице-чемпионның тұғырынан табылсам, 2005 жылы Астана қаласының чемпионы деп танылдым. 2007 жылы әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алып, 2008 жылы 11 жасымда ұлттық

құрамаға қабылдандым. Ең ірі жеңіске былтыр Грецияда өткен әлем чемпионатында жеттім. Онда менің мойныма алтын алқа тағылды.

—Шахмат ойынында кімді үлгі тұтасың?

—Маған Г. Каспаровтың көпқырлылығы, В. Ананның білімпаздығы және Ю. Пол Гардың темірдей мінезі ұнайды.

—Шахмат ойынынан өмірлік пәлсапа қалыптастыруға бола ма?

—Шахмат деген — өнер, спорт және өмір. Ол осы 3 ұғыммен ұштасқанда ғана жемісін жегізеді. Адамды байсалды, сабырлы болуға, бастаған ісіңді соңына дейін жеткізуге үйретеді.

—Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовпен туыстығың бар ма?

—Жоқ, алайда көпшілік мені Дәрмен ағаның қарындасы деп ойлайды. Әрине, мен Дәрмен

Сәдуақасовтың туған қарындасы болсам, маған жаман болмас еді.

—Қайда оқисың?

—Астанадағы №3 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысымын. Оқу озатымын.


  1. Динара Сәдуақасова неше жасынан шахматқа қызықты?

А) төрт В) жеті С) сегіз Д) он бір

2. Ол неше жасында 1-дәрежелі шахматшы атанды?

А) он үш В) жеті С) сегіз Д) он төрт

3. Қай жылы Астана қаласының чемпионы деп танылды?

А) 2005 В) 2007 С) 2008 Д) 2004

4. Нешініші жылы ұлттық құрамаға қабылданды?

А) 2005 В) 2007 С) 2008 Д) 2004

5. Қай жерде өткен әлем чемпионатында мойнына алтын алқа тағылды?

А) Сингапурде в) Астанада С) Грецияда Д) Азия біріншілігінде

6. Динараның халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовпен қандай туыстығы бар?

А) оның ағасы В) оның әкесі С) ешкімі емес Д) жатттықтырушысы

7. Динараға Г. Каспаровтың несі ұнайды?

А) көпқырлылығы В) білімпаздығы С)темірдей мінезі Д) сабырлығы

8. Динара қазір қайда оқиды?

А) Сингапурде в) Астанада С) Грецияда Д) шетелде

9. Неше жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды?

А) төрт В) жеті С) сегіз Д) он бір

10. Неше жасқа қараған шағында әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері деп мойындалды?

А) он үш В) жеті С) сегіз Д) он төрт



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған тоқсандық бақылау жұмысы

Автор: Канафина Альмира Толкуновна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507641

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Қазақ тілінен бақылау жұмысы"
    ["seo_title"] => string(33) "k_azak_tilinien_bak_ylau_zhu_mysy"
    ["file_id"] => string(6) "435494"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509375220"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "11 - сынып. Диктант м?тіндері. "
    ["seo_title"] => string(27) "11-synyp-diktant-m-tindieri"
    ["file_id"] => string(6) "185312"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426169103"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Тест тапсырмалары бақылау жұмысы"
    ["seo_title"] => string(36) "tiest_tapsyrmalary_bak_ylau_zhu_mysy"
    ["file_id"] => string(6) "435499"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1509376059"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Қазақ тілі» (екінші тіл) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы"
    ["seo_title"] => string(78) "kazak_tili_ekinshi_til_p_ninen_toksandyk_zhiyntyk_bagalaudyn_spetsifikatsiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "523566"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1571673290"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "7-9 cыныптар?а арнал?ан "WEB-ДИЗАЙН" ?олданбалы курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(67) "7-9-cynyptarg-a-arnalg-an-web-dizain-k-oldanbaly-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "151819"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420747113"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства