Б?л кезде та? ?бден ат?ан. Т?ман с?л сейілгендей болды, біра? сол б?лы??ыр ?алпы. Аспан мен жерді? еш айырмашылы?ы жо?, біртегіс а? б?лы??ыр. ?ш?ында?ан а? ?ырау таусылар емес, ??йылып т?р.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен диктанттар »
Диктант
Әже әлдиі.
Бейуақ еді. Кеш қараңғылығы қоюланып келеді.
Абайдың кәрі әжесімен, өз шешесімен тұратын үйі осы еді. Әлі шам жағылған жоқ,жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Шыңғыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын терезенің алдына салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр. Бұдан да басқа оң жақта, жер төсектің үстінде, бала уатқан Зере бар. Тізесімен тербетіп отырғаны – Айғыздан туған немере қызы үш жасар Кәмшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жарын айтады. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Бірақ кәрі әжесінің өзіндей соншалық жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі өзгермеген, ана жүрегіндей айнымас жыр.
(М. Әуезов, 111сөзі)
Диктант
Қысқы таң
Күн бұлыңғыр. Жер жүзі әлі ашыла қоймапты. Суық боз тұман басып тұр. Онша қою емес. Сәл ғана ызғырық еседі.
Түні бойы қылаулаған болу керек. Кеше ғана айнадай қып сыпырып, күреп тастаған есік алдында жаздағы көк теректін басынан төгілген ақ үлпек сияқты боп, жұлықтан асар – аспас қылау қар көлпілдеп жатыр. Сатай торы дөнен тұрған қораға барғанша, үлпек қар табанына шодырайып жабысып қалды.
Бұл кезде таң әбден атқан. Тұман сәл сейілгендей болды, бірақ сол бұлыңғыр қалпы. Аспан мен жердің еш айырмашылығы жоқ, біртегіс ақ бұлыңғыр. Ұшқындаған ақ қырау таусылар емес, құйылып тұр. Қырау басқан торы дөненнің жал – құйрығы аппақ. Сатайдың бойы тоңазып, кірпіктері қайта – қайта айқасып, жабысып қап келеді. Ол бойын жылытпақ боп, торы дөненді тебініп, шаба жөнелді.