kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілінен сабақ жоспарлары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Дыбыстар мен әріптер жайында білімдерін тексеру,пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

Дамытушылығы: Диктант жаздыру арқылы оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен,  жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:  білімді тексеру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау.

Сабақтың көрнекіліктері:  Диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Диктант дәптерлерін таратып, жазба жұмысына дайындық жасау.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«қазақ тілінен сабақ жоспарлары»

Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Сөйлеу мәнерлігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға сөйлеудің қажеттілігін түсіндіру. Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асатынын ұғындыру. Сөйлеу және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту;

Дамытушылығы: Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелігі: Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, жеке суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлық.

Кіріспе

  1. Қазақ тілі оқулығымен, авторларымен, шыққан баспасымен таныстырып кету. Кітапты күтіп ұстау, қаптап жүру керек екендігін айтып өту. Кітап шығаруға көп адам еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

  2. 3-беттегі сурет бойынша әңгіме құратып, Нұрхан Жанаевтың «Біліміңмен көктедім» өлеңін оқыту. Өлең мазмұнын ашу.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Негеш – өздерің сияқты 3-сынып оқушысы. Ол – көңілді, мейірімді, білімқұмар бала. Негеш үнемі «Кім? Не? Қайда? Неге?» сұрақтарын көп қояды. Сол себепті оны Негеш деп атайды.

Негеш мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді:

- Сөйлеу не үшін қажет?

- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

Білгішбек «Тіл мен сөйлеудің не үшін қажет екенін мына сызбадан білуге болады»,- дейді.

сөйлеседі

хабар береді


Тіл арқылы пікірлеседі

білмегенін сұрайды

кеңеседі

  • Сендер бұған не дейсіңдер? /оқушылар өз ойларын айтады/

Сөйлеу адамға ғана тән нәрсе. Тіл арқылы сөйлеседі, хабар береді, пікірлеседі, білмегенін сұрайды, кеңеседі. Сөйлеудің екі түрі бар: ауызша және жазбаша.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Жаттығу жұмыстары

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу /ауызша/

Суретпен жұмыс. Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды? Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың? Ауызекі сөйлеуді ше?

2-жаттығу /ауызша/

Өлеңді мәнерлеп оқу. Ақтан неге мәз болды? Шынында құстар, аңдар сөйлей алады ма?

Дәптермен жұмыс.

Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты: Н н Н н Нар.

Сергіту сәті

3-жаттығу /жазбаша/

Мәтінді түсініп оқу, талдау, соңғы екі сөйлемді көшіру.

Сөйлеу тек адамдарға ғана тән.

Жас сәби сөйлеуді үлкендерден үйренеді.

Оқулықпен жұмыс

4-жаттығу /ауызша/

Ауызекі сөйлеу: телефон, магнитафон, микрофон.

Жазбаша сөйлеу: журнал, кітап, газет.

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

«Ойлан, тап» ойыны.

Аяғы жоқ – жүреді.

Аузы жоқ – сөйлей біледі. /хат/

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді – тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем. /кітап/

Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,

Әр үйде бар, тапқышым, қане, білші. /радио/

Құлағында – құлағым,

Аузында – аузым,

Күнде естіп тұрамын

Жолдасымның даусын. /телефон/

  • Алыстағы туыстарыңа хат жазып көрдің бе?

  • Ол сөйлеудің қай түріне жатады?

  • Жазбаша сөйлеу болмаса, құнды еңбектер сақталар ма еді?

Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 5-бет.

Бағалау



























Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктерін меңгерту. Дауыс ырғағының сөйлеу жағдайына сәйкес болуын аңғарту.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелігі: Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. 5-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

  2. - Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?

  • Жазбаша сөйлеуді қай кезде қолданады деп ойлайсың?

  • Ауызекі сөйлеуді ше?

  • Сендер үй тапсырмасын орындағанда сөйлеудің қай түрін пайдаландыңдар?

  • Жазбаша сөйлеуді кішкентай бала жүзеге асыра алады ма? Неліктен?

  • Ауызекі сөйлеуді сәби кімнен үйренеді?

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс

6-жаттығу. /ауызша/

Берілген сөйлеу мәнерлері кімдерге тән екенін анықтау. Мысалы:

- Алматы уақыты 9 сағат 15 минут (темір жол қызметкерлері)

- Аузыңды аш, «а-а» де. (дәрігер).

- Ыстық самса алыңыз. (сатушы).

- Абайлаңыз, есік жабылады. Келесі аялдама – «Абылай хан даңғылы». (көлік жүргізушісі)

- Ойыншықтарыңды тағы да шашып тастағансың ба?! (ана)

- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Етістік». (мұғалім)

Дәптермен жұмыс.

Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты ң ң ң аң.

8-жаттығу /жазбаша/

Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Ата тілегін көшіріп жазу.

Жақсы сөзді құлағың тыңдасын, шырағым! Шешен бол!

Сергіту сәті

9-жаттығу /жазбаша/

Мақалдардың мазмұнын ашу, жатқа жазу.

10-жаттығу /жазбаша/

Суретпен жұмыс. Хат иесінің жазғанын қатесіз жазу.

Маған өрік сатып ал.

11-жаттығу /жазбаша/

«Кім шапшаң?» ойыны. /жұмбақты жатқа жазу/

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді – тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем. /кітап/

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Бекіту: «Кім жылдам?» ойыны

Ойынның шарты: тірек сөздерді пайдаланып жазбаша және ауызекі сөйлеу жасау. Тірек сөздер: ойын, дала, қызық.(ауызекі) Тірек сөздер: ауа-райы, бізде, ата. (жазбаша)

Үйге тапсырма:

7-жаттығу, 6-бет.

Саматтың ауылындағы ата-әжесіне жазған хатын аяқтап келу.

Бағалау













































Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. Танысу, өтіну, тілек білдіруге байланысты сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелігі: Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасын тексеру:

7-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай, сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатыр ма? Біз де аман – саумыз...

  • Хат сөйлеудің қай түріне жатады?

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Дәптермен жұмыс

Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты ң ң ң аң.

1-жаттығу. /жазбаша/

Мақалды көшіріп жазып, мағынасын ашу.

Әдеп басы – тіл.

Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу /жазбаша/

Мәтінді мәнерлеп оқу

  • Маржан қандай қыз?

  • Әдептілікті қалай түсінесің?

  • Әдепті деп қандай адамды айтады деп ойлайсың?

  • Мәтінге ат қой.

Сергіту сәті

3-жаттығу /ауызша/

  • Әдептілікке байланысты қандай сөздер білесің?

  • Оларды сөйлеу кезінде қолданасың ба?

Дәптермен жұмыс

4-жаттығу /жазбаша/

Сәлемдесу үшін қандай сөздерді пайдалануға болады? Ал қоштасқанда ше? Сол сөздерді жаз.

Саламатсыз ба, амансыз ба, сәлем, ассалаумағалейкум, уағалейкумассалам, есенсіз бе, сай болыңыз, кездескенше.

Оқулықпен жұмыс

5-жаттығу /ауызша/

Сұхбатты рөлге бөліп оқу.

6-жаттығу /ауызша/

Танысу сұхбатын толықтыру

  • Сәлем!

  • ...!

  • Танысып қояйық. Менің аты-жөнім - ... . Сенің атың кім?

  • ... . Сен қай сыныпта оқисың?

  • ... . Танысқаныма қуаныштымын.

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

8-жаттығу /ауызша/

Суретпен жұмыс.

Ребусты шешу /мақұл/

Ребустың шешуіндегі сөз туралы не білетінін әңгімелету.

11-жаттығу /жазбаша/

Үйге тапсырма:

7-жаттығу, 9-бет.

Мархабат етіңіз, өтінемін, ренжімесеңіз деген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Бағалау









































Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалана білуді үйрету. Ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

Тәрбиелігі: Адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне, үлкендерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасын тексеру:

7-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

Мархабат етіңіз, өтінемін, ренжімесеңіз деген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Жаңа сабақты түсіндіру

  • Шақырту қағазы, құттықтау қағаздары да жазбаша сөйлеуге жатады. Құттықтау қағазының қаратпа сөз бөлігі, құттықтаймын бөлігі, тілек бөлімі болады. Шақырту қағазында қаратпа сөз бөлігі, негізгі бөлігі және кімнен екені жазылады.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Дәптермен жұмыс

Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты

бақыт болашақ

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

9-жаттығу. /жазбаша/

Үлгі бойынша «Алтын күз» кешіне шақырту қағазын дайындау.

Оқулықпен жұмыс.

10-жаттығу /ауызша/

Суретпен жұмыс

Жарысқа қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Сергіту сәті

11-жаттығу /ауызша/

Құттықтау мәтінінің зымыран түріндегі сызбасына зер салып қарап, талдау жасау.

12-жаттығу /ауызша/

Мәтінге талдау жасау

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Шығармашылық тапсырма

Зымыран түріндегі сызбаны пайдаланып, досына құттықтау жазғызу.

Үйге тапсырма:

13-жаттығу, 11-бет.

Өздеріне ұнаған тілек сөздерді пайдаланып, әжелеріне ашық хат дайындау.

Бағалау




Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп. Дыбыс туралы қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; 2-сыныпта өткен дыбыс және әріп туралы берілген ұғымды еске түсіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасын тексеру:

13-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

Қызығушылықты ояту

Дыбыс және әріп. (ертегі)

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, керемет ғажап әлемде үлкен «Қазақ тілі» деген ел болыпты. Бұл елдегі барлық тұрғындар тату тәтті тұрыпты. Күндердің күнінде орманнан әртүрлі дыбыстар шығады екен.

- А-а, о-о, у-у, ы-ы – деп әртүрлі дыбыстар шығарады. Сөйтсе, Жалмауыз кемпір дыбыстар мен әріптердің барлығын ұстап алып жібермей жатыр екен.

Әріптер өздері дыбыс шығара алмайтындықтан, дыбыстардан өтініпті. Сендер бізге көмектесіп жазылған сөздерді дыбыстап беріңдерші өтінеміз: «Көмектесіңдер».

Бұл сөзді естіген дыбыстардың қайратты ұлдары екен. Дыбыстардың екі ұлы болыпты, бірі дауысты, бірі дауыссыз. Дауысты дыбыстан тараған балалары: жуан және жіңішке. Дауыссыз дыбыстың үш ұлы бар екен, олар: қатаң, ұян, үнді. Осы ұл балалары аталарының қауіп - қатерге түскендігін естіп көмекке барады.

- Сонда жуан дауысты даусын жуан шығарып:

- Ой, Жалмауыз біздің аталарымызды шығар!- деп, дауысын жуан қылып шығарып айтады.

Жіңішке дауысты:

- Иә, тезірек шығар, - деп үлкен ағасын қоштап отырады екен.Қатаң өте қатаңдықпен:

- Қазір сен оларды босатпасаң мына жердегі барлық заттарынды алып кетеміз. Солай ғой ұяң.

Ұяң дауыссыз үндемей тұрып қалды. Үнді дауыссыз ең кенже болғандықтан шыдамай үн шығарып жылап жібереді.Жуан дауысты дыбыс шыдамай:

- Ой, кемпіржан сен де бізден құраласың ғой. Кемпір деп жазсақ сен әріптерден, ал егер оқысақ дыбыстардан құралғансың.Ал егер дыбыстық талдау жасасақ, онда алдыңдағы тұрған біздер де шыға келеміз.

- Жалмауыз кемпір ойланып тұрып:

- Жарайды, мен сендердің аталарыңды жіберемін, бірақ сендер мені қандай дыбыстардан тұратынымды, мен қалай жазылатындығымды жазып беріңдер. Әйтпесе мен әріптерді танымаймын ғой. Ал аталарынды үйретсін деп алсам, біз үйрете алмаймыз деп айтты. Енді мен түсіндім, үйрету үшін сендердің барлықтарын қажет екен ғой.

- Ал, дыбыстар барлығымыз кемпірге көмектесейік, жарайды ма?

- Алақай! - деп қуанды кемпір.

- Балалар, бізде көмегімізді аямайық. Кемпір сөзін талдап көрсетейік.

/Кемпір сөздіне дыбыстық талдау жасату/

- Ал, балалар енді ой түйіп, қорытынды жасайық.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Өткенді қайталау

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар?

Дәптермен жұмыс. Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты

Қоңыздар ызыңдаса, ауаның бұзылуына көрінеді.

1-жаттығу /жазбаша/

Сөздерді дыбыс санына қарай топтап жазу

Отан, ар, ана, ақыл, дана, ұят, намыс, ес, жер, ер, қоян, фильм, ою.

Сергіту сәті

2-жаттығу /жазбаша/

Өлеңді көшіріп жазып, дауысты дыбыстың астын –бір, дауыссыз дыбыстың астын –екі сызықпен сызу.

4-жаттығу /жазбаша/

Ат әбзелдерін алфавит ретімен жазу

Аткөрпе, ауыздық, ер, жүген, қамшы, қанжыға,сағалдырық, терлік, тоқым, тізгін,үзеңгі, үзеңгі бау.

Оқулықпен жұмыс

7-жаттығу /ауызша/

Сөздерге дыбыстық талдау жасау

Жүрек, өнер, әже, білек, жайлау, қобыз, циркуль, рояль.

8-жаттығу /ауызша/

Берілген әріптердің ішінен артық әріпті таңдап алу. Неліктен сол топқа жатпайтындығын дәлелдеу.

Бекіту

5-жаттығу /ауызша/

«Почта» ойыны

Жуан айтылатын сөздер Жіңішке айтылатын сөздер Жуан-жіңішке айт. сөзд.

Хабар, жүзім, театр, жүйрік, қадірлі, беймаза, жауынгер, қарағай, дәптер, қызмет, егінжай.

ІІІ. Бағдарлау – мотивациялық кезең

3-жаттығу /ауызша/ «Адасқан буындар» ойыны

Оқулықта берілген буындардан ең көп сөз құраған топ жеңеді.

Үйге тапсырма: 6, 9-жаттығулар, 13-бет.

Бағалау







Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; 2-сыныпта өткен дыбыс және әріп туралы берілген ұғымды еске түсіру. Дауысты, дауыссыз дыбыстар жөнінде алған білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру,сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелеріне баулу, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары, буынға бөлу, мағынаны тану, суретпен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасын тексеру:

6, 13-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

6-жаттығу

Жуан дауыстылар: а, о, ы,ұ.

Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і.

Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у.

Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.

Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

Қызығушылықты ояту

Кері қарай оқып көр

ЫТСЫУАД, ЗЫССЫУАД РАТСЫБЫД

Осылар туралы не білеміз?

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Өткенді қайталау

- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ата.

- Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың қандай айырмашылығы бар?

Дәптермен жұмыс. Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты ____________________________

Пышақты сыйға беруге болмайды.

Жаттығу жұмыстары

10-жаттығу /ауызша/

... оп ... теш

ш ... ны ө ... ік

... ас ... лгек

қ ... ран ә ... ке

... үт

  • Дыбыс пен әріп туралы не білеміз?

11-жаттығу /ауызша/

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем.

12-жаттығу /жазбаша/

Көл...ңке, көйл...к, дөңг...лек, құд...қ, ұз...н, өс...мдік, түл...к, үш...нші, бүрк..т, жұм...с.

Сергіту сәті

13-жаттығу /жазбаша/

/Мақалды буынға бөліп жазу/

Талапты бала талпынған құстай,

Құмары қанбас аспанға ұшпай.

14-жаттығу /ауызша/

Сөзжұмбақты шешу

  1. Жуан дауысты дыбысы бар бір сөз жаз;



  2. Жіңішке дауысты дыбысы бар бір сөз жаз;

Бекіту

16-жаттығу /ауызша/

Ребусты шешу /халық қаһарманы/

17-жаттығу /жазбаша/

Дыбыстық талдау жасау

Тамшы, еңбек, мақал.

Мағынаны тану

  1. Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.

  2. Төзімді еңбек бәрін де жеңбек.

  3. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.

ІІІ. Бағдарлау – мотивациялық кезең

18-жаттығу /ауызша/ топтық жұмыс

Оқулықта берілген нұсқаулық бойынша сөзжұмбақ құрастыру.

Үйге тапсырма: 15-жаттығу, 15-бет.

Бағалау





























Күні: Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; Э дыбысын ажырата білуге үйрету. Э дыбысының дыбысталу ерекшелігін таныту; э дыбысының қандай сөздерде кездесетінін байқату;

Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, э арқылы жазылатын сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс жазуға жаттықтыру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Үй тапсырмасын тексеру:

15-жаттығу тексеру, оқу, талдау.

Көгер-шін, кө-гершін, са-уысқан, сауыс-қан, ке-кілік, кекі-лік, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай.

Өткенді қайталау

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар?

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Жаңа материалмен жұмыс:

Дәптермен жұмыс. Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты.________________________________________

____________________________________________________________

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу /жазбаша/

Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор.

Есіңе сақта! Айдары

Э – дауысты дыбыс

2-жаттығу. /жазбаша/

Өлеңді оқу, мазмұнын ашу, жатқа жазу, э және е дыбысы бар сөздердің астын сызу.

Электрсіз, Теледидар,

Шырағым, Үтік те -

Болмай-ақ қой шүбәлі. Барлығы істен шығады.

3-жаттығу. /ауызша/

Көшеде электр шамы жарқырайды. Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Бәрінен де эстафета ойнау қызық болды.

Сергіту сәті

/жазбаша/

Дыбыстық талдау жасау: электр, экипаж, экран, эстафета.

4-жаттығу. /жазбаша/

Сөздердің мағынасын ашу, көшіріп жазу.

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

5-жаттығу /ауызша/

Үйде тұр бір жұлдыз,

Ол барда түн – күндіз. /Электр/

8-жаттығу. /ауызша/

Суретпен жұмыс /ребус шешу/

«Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме құрау.

Бекіту

Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)

Электр шамы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Үйге тапсырма: 6, 7-жаттығу, 41-бет.

Бағалау















































Күні:15.09.2016ж. Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен Е дыбысының ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу; Э дыбысын ажырата білуге үйрету. Э дыбысының дыбысталу ерекшелігін таныту; э дыбысының қандай сөздерде кездесетінін байқату;

Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, э арқылы жазылатын сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс жазуға жаттықтыру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Үй тапсырмасын тексеру:

6 - жаттығу тексеру, оқу, талдау. /17-бет/

Эстрада әншілері немесе халық әндерін айтатын әншілер туралы әңгіме жазу

/ оқушылардың жазған әңгімелерін оқытамын, тексеремін./

7-жаттығу тексеру, оқу, талдау. /17-бет/

Жұмбақ құрастыру

... алмұрт

... барша жұрт. /электр шамы/

Терме диктант

Әйнек, электр, әнші, экран, әже, элеватор, әткеншек, аэродром.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Жаңа материалмен жұмыс:

Дәптермен жұмыс. Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты.________________________________________

____________________________________________________________

Жаттығу жұмыстары

9-жаттығу /ауызша/

элеватор елеуіш

электровоз елік

эстафета егеу

аэродром еден

10-жаттығу. /жазбаша/

Алыста электр шамы жарқырайды. Төреш элеваторға астық тасиды. Көмірді экскаватормен тиеді. Бірнеше эшелон көмір жөнелтілді. Ұшақтың экипажында төрт адам бар.

12-жаттығу. /жазбаша/

Эстрада, аэроклуб, экспедитор, аэроплан, экскаваторшы, эмблема.

Сергіту сәті

13-жаттығу /ауызша/

«Тақта – білім айнасы» өлеңін мәнерлеп оқып, талдау жасау.

14-жаттығу. /жазбаша/

Көру диктанты

Эстафета, элеватор, экспедиция, энциклопедия, электробус, экипаж, эскиз.

15-жаттығу /ауызша/

Мәтіндерді оқып шығып, оларға ат қою.

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Топтық жұмыс

«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса, ...» /эссе жазу/

Үйге тапсырма: 11-жаттығу, 18-бет.

Бағалау

Оқушылар бағаланады.















































Күні:19.09.2016ж. Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Э дыбысы және әріп жайында білімдерін тексеру, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

Дамытушылығы: Диктант жаздыру арқылы оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау.

Сабақтың көрнекіліктері: Диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.


І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Диктант дәптерлерін таратып, жазба жұмысына дайындық жасау.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Дәптермен жұмыс.

Үсеннің күшігі

Үсен үшінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күшігін өте жақсы көреді. Оған кішкентай үйшік жасады. Үсен сабақтан келгенде ол есік алдында күтіп отырады. Күшігін үй күзетуге үйретіп жүр. Бөтен адамға Жолбарыс қатты үреді. (36 сөз)

Жазылуы қиын сөздер: күзетуге, бөтен.


ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

  1. Бесінші сөйлемде неше сөз бар? Сөз санын жақша ішіне цифрмен көрсетіп жаз.

  2. Ұрды – үрді сөздерін салыстыр. Дыбыстық талдау жаса.


Үйге тапсырма: «Менің күшігім» /шағын әңгіме жазу/

























Күні:20.09.2016ж. Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. В дыбысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: В дыбысының ерекшелігін меңгерту. В әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Үй тапсырмасын тексеру:

а)11 - жаттығу тексеру, оқу, талдау. /18-бет/

Ребусты шешу

«Эстафета» сөзін қатыстырып, сөйлем құрау.

ә) «Менің күшігім» әңгіме құрау.

Қатемен жұмыс

Диктантта жіберілген қателерге талдау жасалып, қатемен жұмыс жүргізіледі.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Жаңа материалмен жұмыс:

Дәптермен жұмыс. Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты.________________________________________

____________________________________________________________

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу /ауызша/

Вагондар ьұр тізіліп,

Володя тұр қызығып.

Вокзал басын қызықтап,

Валя да жүр жүгіріп.

/өлеңді жатқа айтып, в дыбысының айтылуына назар аударту./

Есіңе сақта! айдары

В – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездесе береді.

2-жаттығу. /жазбаша/

/ Мәтінді көшіріп жазып, в әрпі бар сөздердің астын сызу./

Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – эквалипт. Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, құлап қалған біреуінің түбін ойып, өзіне үй жасапты. Түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғаны сондай, тіпті ат қорасын да соның ішінен жасапты дейді.

3-жаттығу. /жазбаша/

Үй ішінде – бөлме,

Бөлме іші – көлде.

Түрлі ұсақ балық

Жүзді сайран салып. (аквариум)

/жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрау/

Сергіту сәті

Топ бойынша э және в дыбысы бар сөздер айтып жарысу.

4-жаттығу /жазбаша/

/Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазу./

Қазақстанда трамвай 1937 жылдан бастап жүре бастады. Мен мектепке троллейбуспен барамын. Қыздар волейбол ойнады. Ұлдар футбол ойнады. Олар вальс биледі.

6-жаттығу /жазбаша/

/Мәтінді оқып шығып, в әрпі бар сөздерді көшіріп жазып, дыбыстық талдау жасау./

Велосипед, автомобил, автобус.

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Кестемен жұмыс

а

к

т

у

м

е

б

у

л

а

з

в

и

я

н

е

з

в

у

о

ш

о

р

и

д

ь

е

о

л

е

й

б

т

р

а

м

п

о

с

в

ә

ң

а

қ

ө

н

е

о

ж

н

а

в

л

в

е

м

и

т

у

м

и

с

р

л

п

э

п

а

к

р

й

л

о

ш

н

п

е

д

б

ә

г

р

ғ

й

е

л

і

қ

п

с

и

у

ә

ю

к

о

Үйге тапсырма:

7-жаттығу, 21-бет. Ереже жаттау.

Бағалау

Оқушылар бағаланады.

































Күні:27.09.2016ж. Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ч, щ дыбыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ч,щ дыбыстарын ажырата білу. Ч,щ әріптері бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: кеспе қағаздар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Үй тапсырмасын тексеру:

а)12 - жаттығу тексеру, оқу, талдау. /18-бет/

Ребусты шешу

«Флейта» тақырыбында шағын әңгіме құрау.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Жаңа материалмен жұмыс:

Дәптермен жұмыс. Күн жадын жазу.

Көркем жазу минуты.________________________________________

____________________________________________________________

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу /ауызша/

Щи, оң, точ, чем, ка, щёт, плащ, пи, ка, чек, кар.

/кеспе қағаздардағы буындардан сөз құрап, мағынасын ажырату. Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау./

Есіңе сақта! айдары

Ч, щ – қатаң дауыссыз дыбыстар.

2-жаттығу. /жазбаша/

/ Мақалды көшіріп жазып, ч, щ әрпі бар сөздердің астын сызу./

Ащыны білмеген тәттіні де білмейді.

3-жаттығу. /жазбаша/

Чемпион, Чапаев, чекистер, плащ, щёткамен.

/Ч, щ әріптері бар сөздерді көшіріп жазу, осы сөздерге дыбыстық талдау жасау./

Сергіту сәті

4-жаттығу /ауызша/

Тіс кірлесе тазартар,

Киімнің кірін азайтар,

Бәтеңкеңді жаңартар.

Бұл не?

/Жұмбақтың шешуін тауып, щётканы пайдалану туралы әңгімелеу./

5-жаттығу /жазбаша/

/Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу./

Мұғалім оқушыларға тапсырма жазылған карто...ка үлестірді. Аспаз бор... пісірді. Тісті күніне екі рет ...ёткамен тазалау керек.

ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

6-жаттығу /жазбаша/

«Құйрықты щ»-ның шатағы

-Пиязды ащы дейміз бе,

Әлде ащы дейміз бе?

Есікті ащы дейміз бе,

Әлде ашшы дейміз бе?

«Ашшы», «ащы» дегеннің

Мәнін ашып берер кім?

-«Құйрықты щ» жөнінде

Көңіл қой да, мынаны ұқ:

«Ащы», «тұщы» сөзінде

Қолданылар бұл әріп.

/Өлеңді түсініп оқып, ащы, ашшы сөздерін қатыстырып сөйлем құрау./

Бекіту

Топтық жұмыс


Щ Ч



Үйге тапсырма:

7-жаттығу, 29-бет. Ереже жаттау.

Бағалау

Оқушылар бағаланады.







































Күні:28.09.2016ж. Бекітемін: _____________________ Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Дыбыстар мен әріптер жайында білімдерін тексеру, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

Дамытушылығы: Диктант жаздыру арқылы оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру;

Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау.

Сабақтың көрнекіліктері: Диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлық.


І. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Диктант дәптерлерін таратып, жазба жұмысына дайындық жасау.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Дәптермен жұмыс.

Менің досым

Біздің сыныпқа Раушан деген қыз келді. Екеуміз жұбымыз жазылмайтын дос болдық. Оның қолынан келмейтін іс жоқ. Би билейді. Ән айтады. Домбырада ойнайды. Өзі үздік оқиды. Бос уақытында пайдалы іспен айналысқанды ұнатады. Раушан өте ілтипатты қыз. Ол достарынан көмегін аямайды. (40 сөз)

Жазылуы қиын сөздер: жұбымыз, ілтипатты.


ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

  1. Бірінші сөйлемдегі жіңішке айтылатын сөздердің астын сызыңдар.

  2. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазыңдар.


Үйге тапсырма: «Менің досым» /шағын әңгіме жазу/




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
қазақ тілінен сабақ жоспарлары

Автор: Тажикенова Акзия Кабдрахиевна

Дата: 03.12.2016

Номер свидетельства: 365405

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "Қазақ тілінен сабақ жоспарлары "Менің Отаным -Қазақстан" топтамасы"
    ["seo_title"] => string(69) "k_azak_tilinien_sabak_zhosparlary_mienin_otanym_k_azak_stan_toptamasy"
    ["file_id"] => string(6) "387404"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486133089"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "3 сынып?а арнал?ан ?аза? тілі п?нінен саба? жоспарлары"
    ["seo_title"] => string(48) "3synypkaarnalgankazaktilipniniensabakzhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "338870"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1470716587"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "7-сынып ?аза? тілінен саба? жоспарлары "
    ["seo_title"] => string(41) "7-synyp-k-azak-tilinien-sabak-zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "199573"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428594726"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?аза? тілінен саба? жоспарлары "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-tilinien-sabak-zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "174048"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424084245"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "?аза? тілінен сыныптан тыс саба?тарыны? жоспарлары."
    ["seo_title"] => string(54) "k-azak-tilinien-synyptan-tys-sabak-tarynyn-zhosparlary"
    ["file_id"] => string(6) "305998"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458036457"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства