Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу. Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер! 2-жүргізуші. Бүгінгі „Сынып аруы – 2016 " атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам, Жанары жаны жаздай жайраңдаған. „Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді, Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. 2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты, Көркімен таң қалдырған талай жұртты. Қыздардың қылығымен өмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты. 1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы, Еңбектегі әріптестер мақтаны. Өнеріңді ортаға сал,сайысқа Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та. 2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.! 1-жүргізуші. Айша қыз өнерлі Бойға өнер жиған қыз. Айгерім қыз елгезек Алады тез тіліңді. Ақша бетті Айдана Ұқсайды хор қызына Нұрсәнім тұр үлбіреп Қос жанары мөлдіреп Айнұрдай қыз шығады Бұрымдары желбіреп. 2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өрендерге тамсанайық. Әділдік пен шындықты арқа тұтқан Әділқазы алқасымен танысайық. ------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады. 1. Өзін - өзі таныстыру. 2. Өнер. 3. Сұрақ-жауап. 4. Шаш үлгісі 5. «Қонақ күте білеміз бе?» - сұрақ - жауап 2-жүргізуші. Кел, достар, бастайық,, Бастайық той кешін. Қызықтан еш адам, Қалмасын құр қалып. 1-жүргізуші. Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру. Көңілге түй сен мұны, Әр бүлдіршін –ел гүлі. Бақытты елде туғаның Есіміңнен белгілі. 2-жүргізуші. Екінші сайыс-өнерліге өріс кең. Өнерсізден қашып жүр, Өнермен үлгі шашып жүр. Өнерді көп білетін дана болар, Өнерсіздің ісі шала болар. (Қане, қыздардың өнерін тамашалайық) 1-жүргізуші.Үшінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен. Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз. Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин 1. Енші деген не? 2. Мақалды жалғастыр. Әке көрген оқ жонар.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин 3. Байғазы деген не? 4. Мақалды жалғастыр. Баланың ұяты әкеге.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин 7. Көрімдік деген не? 8. Мақалды жалғастыр. Астың дәмін тұз келтірер.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин 9. Бастаңғы деген не? 10. Мақалды жалғастыр. Әдепті бала -арлы бала.....
Сұрақтарға жауап бер. Уақыт 1 мин 11. Сыбаға деген не? 12. Мақалды жалғастыр. Атаңның баласы болма.....
2-жүргізуші. Қос бұрымы аш беліне төгілген Келбеті бар кермаралдай керілген Қазақ қызы – инабатты ару қыз Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген ,- келесі сайысымыз- «Білектей арқасында өрген бұрым» Шаш үлгісін көрсету сайысы. 1-жүргізуші. Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың, Жарасымды үйлесімді ғажап шын. Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық, Насихаттап, жаңартудан қашпайық.. Келесі сайысымыз «Қонақ күте білеміз бе?» - сұрақтарға жауап. Содан сүлгішті (салфетка) әдемілеу 2-жүргізуші. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады (сыйлы қонаққа) Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
Қандай жілік қыз балаға беріледі (кәрі жілік) Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
Төс кімге тартылады (күйеу балаға) Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)
Төрт қонақ түрін атаңдар (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ) Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
Қазақтарда үй иесінің атауы (отағасы) Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық. 2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.) Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Сынып аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды. 1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста, Жетелейді алысқа. Бүгінгі күннің жеңісі, Достық болып қалуда. 2-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін. |