kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазіргі заманғы білім берудегі мұғалімнің рөлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру - оқытудың,тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазіргі заманғы білім берудегі мұғалімнің рөлі»

Қазіргі заманғы білім берудегі мұғалімнің рөлі


Білім беру - оқытудың,тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.

«Жаңа формация мұғалімі рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н.Назарбаев.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау.Мектеп-үйрететін орта,оның жүрегі-мұғалім.Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп,тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу,оны қадір тұту,қастерлеу,арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы.Ол өз кәсібін,өз пәнін,барлық шәкіртін,мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,тұрақты өзін- өзі жетілдіруге талпынған,рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы,біліктері арқылы қалыптасады,дамиды.Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілетті, білім беру сапасының жоғары болуы,кәсіби шеберлігі,әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Қазіргі кәсіптік – педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді.

Ал,білім берудің кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін,оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын,тұлғалық- ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс – қимылын жүйелікпен атқаруға қабілетті,оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын,отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы»болуы қажет.Ғылым жаңалығын түрлендіруге өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей,жаңа ортаға икемдеп,өзіндік іс – әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.

Осы орайда мұғалімдердің функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіндегі мақсатты түрде білім беретін,қалыптастыратын,дамытатын андрогогикалық процесс қажет.Басқаша айтқанда ересектерге арналған ,жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту,ғылым,білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс - әрекетке ынталандыру үшін білім беру .Қазіргі білім беру парадигмасы « білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына»бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру-оның философиялық, психологиялық,педагогикалық негіздерін ,теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр..

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандартта берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын,ақпараттық-коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады.Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып,тек «Кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес,іске асыру мүмкіндігін» үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.Ұлы педагогтар А.Дистерверг,К.Ушинский,А.Макаренко,В.Сухомлинский т.б. мұғалімдік еңбекті адам таныту ғылымы,адамның жан-дүниесі,рухани әлемге бойлай алу өнері дей отырып,педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан.Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекеті жоғары деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Объективті критерийлер.Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері,т.б. жататындығын атап өтеді.

Субъективті критерийлер.Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына қабілеттері мен қызығушылығына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты.Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге кәсіби-педагогикалық бағыттылық,кәсіптің маңыздылығын оның құндылығын түсіну,маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер.Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алсақ,енді біреулер олардың қарым-қабілетін дамытуды алады,ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарға ұстайды,ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп,өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы. Шығармашылық критерийлер.Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Бүгінгі күні педагог қызметкерлердің кәсіби дамуы үшін деңгейлік бағдарлама әзірленіп, мұғалімдер білімі мен біліктілігін сол бағдарлама негізінде жетілдіріп жүр. Білім жүйесінде осындай даму үрдісі алға басып отыр. Осы бағдарлама аз уақыттың ішінде оң нәтижесін берді. Оқушыны осы үрдісте оқыту арқылы баланы өз бетінше білім алуға дағдыландырамыз. Расында да, оқушы ізденіп, білімді өзі меңгерсе, алған білімін түсініп, ұмытпайтынына көзіміз жетті. Бұны кезінде, V ғасырда, ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций да: «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін»,-деп айтып кеткен екен.

Жаңа формация мұғалімі –рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтіктілік, ақпараттық және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани –адамгершілікті , азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Осы орайда, біздің басты мақсатымыз бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой- өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан –жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет.Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген идеялар мен жаңа технологияларды зерттеп, оны іс- тәжірибемізде қолдану арқылы оқу –тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Технология» – деп оқытудың обьективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс- тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал –жабдықтар, т.б.)қандай да бір іс-әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс- тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл – ойы мен сезімнің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Бүгінгі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша.

Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және « Мұғалімдер оқушылары XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақ туғызып отыр. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта құру қажет екендігін паш етті. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған ұлы өзгерістер.

Елбасы Н.Назарбаевтың, бүкіл қазақ халқының арманы –отыз елдің қатарына ену, дамыған мемлекеттермен терезесі тең болу. Осы орайда дамудың биігінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен білім беру сапасын жолға қойып, санасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше бәсекеге қабілетті, рухы мықты, сенімі күшті өскелең ұрпақ тәрбиелеу – мұғалімнің қолында. Адам тәрбиелеу– жауапты міндет. Ол міндетті атқарушы –ұстаз. Сол міндетті абыроймен атқарып, биік мәртебеге жетейік!


Пайдаланған әдебиеттер:

1.А.С.Макаренко.Педагогические сочинения.М., Педагогика, 1988.

2.Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе//Алматы.2005,174-бет

3.К.Құдайбергенов. Құзырлық – тұлға дамуының сапалық критериі // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30 – 32-б.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазіргі заманғы білім берудегі мұғалімнің рөлі

Автор: Жанахметова Алия Маратовна

Дата: 15.10.2019

Номер свидетельства: 522710

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Қазіргі заманғы білім беру мазмұнын жаңарту- Бүгінгі өмір талабы"
    ["seo_title"] => string(72) "k_azirghi_zamang_y_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhan_artu_bughinghi_omir_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "398968"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489142984"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Интерактивтік технологиялар қазіргі мектепте"
    ["seo_title"] => string(54) "intieraktivtik_tiekhnologhiialar_k_azirghi_miektieptie"
    ["file_id"] => string(6) "395861"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488124606"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Заманауй о?ыту жа?дайында н?тижеге ба?ыттал?ан білім берудегі м??алім ??зіреттілігі "
    ["seo_title"] => string(101) "zamanaui-ok-ytu-zhag-daiynda-n-tizhieghie-bag-yttalg-an-bilim-bierudieghi-mu-g-alim-k-u-ziriettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "239885"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444898438"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Білім беру ?рдісіндегі заман?а сай жа?а технология"
    ["seo_title"] => string(60) "bilim-bieru-urdisindieghi-zamang-a-sai-zhan-a-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "273330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452185833"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "А?ылшын ж?не ?аза? тілдеріндегі ма?ал-м?телдерді? ?лтты? т?рбие берудегі м?ні "
    ["seo_title"] => string(93) "ag-ylshyn-zh-nie-k-azak-tildierindieghi-mak-al-m-tieldierdin-u-lttyk-t-rbiie-bierudieghi-m-ni"
    ["file_id"] => string(6) "147444"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419398004"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства