kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад1

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диалогті о?ыту ар?ылы о?ушыларды? ауызекі с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру.Диалогті о?ыту ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру,оларды? білім де?гейін к?теру сонымен ?атар оларды? с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру.Cонды?тан білім алу?а деген ??штарлы?ын ояту ?шін ?азіргі заманда м??алім к?п ізденіп,саба?ты? тиімді ?туіне ж?мыс жасауы ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«доклад1»


Солтүстік Қазақстан облысы


Айыртау ауданы


Саумалкөл №1 орта мектебі












Диалогті оқыту арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу

дағдыларын қалыптастыру
















Құрастырушы: Зинаида Ережеевна Тургунбаева

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі








Саумалкөл 2013



КІРІСПЕ

Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,

мұғалімдер оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

Н.Ә. Назарбаев


Жаңа қоғамда жаһандық білім беру маңызды рөл атқарады. Өз жерінің, өңірінің, елінің қоғамдық өміріне саналы түрде қатысушы бола тұрып, дүние жүзінің жауапты азаматы болуы қажет. Академик А.М.Новиков айтқандай: « Келешекпен кездесуге дайындалу керек. Сол келешектің өзін даярлау қажет. Оның ішінде және бірінші кезекте, сол келешек үшін білім беру жүйесін даярлау қажет». Жаһандық білім беру – бұл көптеген ұлттық білім беру кеңістіктері. Ал, бүгінгі күні ұстаз әлемдік педагогикалық тәжірибені қабылдаушы, әрі жасаушы тұлға. Мектебіміздің мәселесі: «Инновациялық технологияларды қолдануда бүгінгі заманғы жаңашыл сабақ». Осы мәселенің негізінде менің әдістемелік тақырыбым айқындалды: «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру».

Мен осы мәселені шешу үшін, келесі мақсат қойдым. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой –пікірлерін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал.
Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Выготскийдің беруді түсіну осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр.

Білім алуды үйретудің қозғаушы күш – метатану болып табылады. Басқаша айтқанда оқу бар , бірақ сонымен бірге білім алуды үйрету де бар.

Бұл тақырып мұғалімдерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі. Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Диалогтік әдістерді қолдану саласындағы теориялық білім, оларды жауап алу, шағын топтардағы жұмыс сияқты түрлерде қолдану балалардың білімін жақсартуына мүмкіндік береді.

Мерсер мен Литлон (2007 )диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен. Олар өз еңбектерінде бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және дамуына әсер ететіндігін атап өткен. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.

Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Егер де оқушылар көп оқыған,көп білетін адамдар мен және бұл рөлдер де сыныптастарымен, мұғалімдері ,достары, ата-аналарымен диалог жүргізуге мүмкіндік жасап, сұхбаттасып отырған жағдайларда білім беру жеңілдірек болмақ. Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,оқушылардың білім алуына соншалықтыәсер ететінін айтады. Мерсер мен Ходжкинсон( 2008 ) зерттеулері білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.

Қазіргі кездің өзінде оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда әкелетініне көптеген дәлелдер бар.Олар: -оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді; -басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне көмектеседі; -оқушылардың өз ойларын ,ұсыныстарын,көзқарастарын дәлелдеуіне көмектеседі; -мұғалім жағынан білім беру барысында сұрақ қою арқылы оқушылардың білім деңгейін түсінуге мүмкіндік туады.

Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктесстер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады.

Месердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Әңгіме - дебат, топтық әңгіме, - зерттеушілік- әңгіме. Әңгіме-дебат барысында: -ой-пікірлерде алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; -ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

-қарым-қатынас көбіне «Иә,бұл солай», «Жоқ,олай емес»деген бағытта жүзеге асады;

-орта бірлесуден гөрі ,көп жағдайда бәсекелестікке бағытталған.

Топтық әңгіме барысында:

-айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;

-әңгіме білім алу мақсатында жүргізілгенімен,оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;

-идея қайталанады және жасалынады,бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

-әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

-әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен,мұқият бағалау жүргізіледі;

-қатысушылар бір-біріне сұраөтар қояды;

-қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді,осылайша әңгіме дәлелдеме «көрінеді»;

Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады,бірақ олардың келісімге жетуі де,жетпеуі де мүмкін,ең бастысы-келісімге ұмтылу.

Ұжымдық түсіну мен білім беруге жету аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.

Білім беру үшін сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Егер де сұрақ дұрыс қойылған болса сабақ берудің ,білім берудің тиімді құралына айналып ,оқушылардың білім алуына жағдай жасайды. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі бар:төмен дәрежелі сұрақ қою және жоғары дәрежелі сұрақ қою болып табылады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес құру , іс қажет және түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқушылардың білім деңгейіне қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақтар түрткі болу , сынақтан өткізу және қайта бағыттау сұрақтары болуы мүмкін. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзету үшін қажет . Сұрақты қарапайым етіп қою өткен тақырыпқа оралу ойға салу, дұрысын қабылдап және толық жауап беруге жол сілтейді. Сынақтан өткізу сұрақтары оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз ойын дамытуға көмектесетіндей болып құрылады. Қайта бағыттау сұрақтары басқа оқушыларға сұрақты қайта бағыттау. «Көмектесе алатындар бар ма?»Білім беруді диалогтік тәсілмен дамытудағы сұраөтардың маңызын қарастыратын болсақ,сұрақ қою арқылы мұғалім:

-оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

-оқушыларға білімін қалыптастыруға көмектеседі;

-сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етеді;

-әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді;

-білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсініспестіктерді анықтайды.


 

«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б.  сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың  мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу,  дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында   әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы  міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі: «төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда  ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне  қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін  жақсартады және білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Сондықтан да өткізілген сабақтар барысында қойылған сұрақтар баланың  санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.

Сұрақтардың түрлері

Төмен дәрежелі

Жоғары дәрежелі

Жабық немесе дұрыс емес

Қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға, талдауға тиіс

Белсенді әдістерді қолдану барысында орта қалыптастыру, әрекет арқылы үйрету және үйрену, өмірмен байланыстыра отыра өзінділік пен дербестікке баулу керек.

Орта қалыптастыру:

  • білім алушы оқып үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;

  • үйренушілер арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатыынас орнату;

  • үйренушілерге білімді дайын күйінде бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу.

Әрекет арқыылы үйрету және үйрену:

  • үйренушілерге білімнің  өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетінін дәлелдеу;

  • үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін игеру.

Өмірмен байланыстыру:

  • үйрету және үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты  күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешу үшін қарастыру.

Өзінділік пен дербестікке баулу:

  • үйренушілердің дайын жауабын ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір құрастыруға, проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру;

  • сыни тұрғыдан ойлауларына жағдай жасау.

Бразиялық педагог Фриери, әр адам оқу үдерісінде сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери, мұғалімнің міндеті оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдете бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды .

Сабақта диалогты оқыту оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады,қызығушылығын анықтайды, білімге деген құштарлығын дамытады, зерттеуге жол ашады, сыни тұрғыдан ойлауға көмек береді , бірін бірін тыңдауға, пікірлерін құрметтеуге, бағалауға, ойларын жинақтауға,саралап қорытындылауға мүмкіндік болады. Басында қойылатын сұрақтар ғана емес, сонымен оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтың да маңызы зор. Диалогты әңгімеде мұғалім сұрақтары және оларға берілген жауаптар ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сұрақтары да маңызды. Тіл үйренуші үшін диалогтың маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету сапалы болу үшін диалогты әр түрлі жағдаятта ұйымдастыру керек. Әсіресе,жұп пен жұптың, топ пен топтың арасындағы диалогтарды енгізген ұтымды. Оқушылар тілдесу арқылы ой бөліседі, жөн сұрасады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытатын әдістердің бір түрі топтық жұмыс болып табылады. Бала алдымен тапсырманы жеке орындайды ,содан соң жұпта, топта талқылайды. Яғни, олардың шығармашылық белсенділіктері дамиды, өз ойларын толық жеткізуге машықтанаады, сөздік қорлары молаяды. Мен қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен орыс сыныптарына сабақ беремін. Осы орайда мен өз тәжірибемде көбінесе диалогтық оқытуға көп көңіл бөлемін . Диалог екі үш адамның қарым- қатынастағы сөзі, сұрақ жауап әдісі. Менің тәжірибемде диалогты оқытудың маңызы мен рөлі көп болды. Мектептегі тәжірибемде өткізілген төрт сабақта да мен диалогты қолдандым. Бірінші «Жаз» қайталау сабағында оқушыларға үй тапсырмасын тексеруде мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты қолдандым. Оқушылар жазға таныстырылым жасап болғаннан кейін оқушылар жаз мезгіліне диалог құрып сөйлесті. Екінші «Менің ауылым» сабағында жіктеу есімдігін негізге ала отырып диалог құруларын өтіндім.Үшінші сабақта оқушылар сынған ағаш, жұлынған гүл бейнесіне еніп табиғат пен адам арасындағы диалогты құрды. Төртінші сабақта оқушылар диалогты оқытуды қолданып өздері бір- біріне сұрақ қойып диалог құрды. Себебі, менде сынып оқушылары әр ұлт өкілдері және орта буындағы оқушылар. Менде өзге ұлт өкілдері болғандықтан сұрақ қою және қойылған сұраққа жауап беру барысында қиындық туындады. Өйткені, оқушылардың сөздік қоры аз. Сұрақ қоюда грамматикалық қателер көп болды,яғни оқушылар сөйлемнің соңындағы жалғауларда қателіктер жіберді және жіберген қателіктерін өздері дұрыстауға тырысты. Оқушылар түсінбеген жағдайда сұрақты өзгертіп жеңілдетіп қоюға тырыстым. Дарынды оқушыларда онша қиындық туындаған жоқ. Олар әсіресе өз топтары үшін тырысты. Диалогты оқыту немесе сұрақ жауап арқылы оқыту оқушыға жан- жақты ойлануына мүмкіндік жасайды. Диалогты оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы сұрақ жауапта әр түрлі сұрақтар қолдансам, ал оқушы мен оқушы арасындағы сұрақ жауап әдісінде аздап қиындық туындады. Себебі оқушылар бір- біріне сұрақ қоярда өздерінің достарымен немесе мен онымен сөйлеспеймін деген қиындыққа кездестім. Бірақ кейбіреулері сыныптастарының бір жұпта жұмыс жүргізіп жатқанына қызығып өз райынан тез қайтты. Олар ретімен сұрақ қоюға және жауаптарын тыңдап, соңында өз ойларын қосып, ой елегінен өткізуді үйренді. Бір- бірімен достасып, келесіде жалғастыруларын өтінді. Грек баласы үйінде жалғыз бала,бірақ ақкөңіл сөздік қоры кейбір балаларға қарағанда әжептәуір мол болса да тартыншақтап отыратын, сол бала өзі сұранып бір қызбен диалог құрғысы келді. Қолдарынан келді, бірақ өкінішке орай мен сол сабақты түсіруге мүмкіндігім болмады,яғни техникам болмай қалды. Орыс сыныбы болғандықтан ба бізде бірінші сабақтан бастап сұхббаттасу тәсілі, айта кетсек танысудан басталып күнде күнде жалғ асып тұрады. Уақыттың тығыздығына байланысты қиындық туындады, себебі дайындық жасауға мүмкіндік болмады. Аз болса да дайындық болғанда сұрақ қоюда, жауап беруде онша қиналмаушы еді. Ал бір оқушының камераны көргенде ойы шашырап,қорқыныш сезімі пайда болып бір сабақта болсын өзін- өзі көрсете алмады. Алдында айта кеткенімдей қазақ тілі мен қазақ әдебиеті болғандықтан диалог (сұрақ- жауап), сөйлесу, әңгімелесуді әр сабақта қолданып отырамын. Алдағы уақытта оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастырып,тіл байлығын дамытып, сөздік қорын молайтуға топтық жұмыстың, рөлдік ойындардың, диалогтің және де осы курстан алған, үйренген әдіс- тәсілдердің, стратегиялардың көптен- көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Қорыта келгенде, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Осының нәтижесінде үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз әрекеттері мен идеяларыын талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігінен түсініп, оны сараптап, дұрыс таңдай білу;

  • пікірталасқа қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • шешім қабілдау және қиын мәселелерді шешу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас құрып, өзара бірлесе жұмыс атқару;

 

 

 

 

Оқу үрдісі  барысында келесі жайларды ескерген жөн

 

оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ету

әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап, кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау

көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру

оқушылардың бастапқы білімдерін жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау

 


5



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
доклад1

Автор: Тургунбаева Зинаида Ережеевна

Дата: 31.12.2015

Номер свидетельства: 271517

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ПОЛОЖЕНИЕ  о публичном докладе (отчете) директора школы "
    ["seo_title"] => string(62) "polozhieniie-o-publichnom-dokladie-otchietie-diriektora-shkoly"
    ["file_id"] => string(6) "130618"
    ["category_seo"] => string(9) "directoru"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1415958834"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) "Доклад на тему: «Духовно нравственное воспитание как основа становления личности»"
    ["seo_title"] => string(86) "doklad-na-tiemu-dukhovno-nravstviennoie-vospitaniie-kak-osnova-stanovlieniia-lichnosti"
    ["file_id"] => string(6) "314495"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459700284"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Реализация проектного метода обучения в докладах младших школьников "
    ["seo_title"] => string(80) "riealizatsiia-proiektnogho-mietoda-obuchieniia-v-dokladakh-mladshikh-shkol-nikov"
    ["file_id"] => string(6) "241246"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445196716"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Психологическое тестирование младших школьников на основе их докладов "
    ["seo_title"] => string(81) "psikhologhichieskoie-tiestirovaniie-mladshikh-shkol-nikov-na-osnovie-ikh-dokladov"
    ["file_id"] => string(6) "241249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1445197123"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Доклад на тему межпредметные связи на уроках русского языка и литературы"
    ["seo_title"] => string(76) "doklad_na_temu_mezhpredmetnye_sviazi_na_urokakh_russkogo_iazyka_i_literatury"
    ["file_id"] => string(6) "529689"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1575215165"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства