kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дидактикалық ойындардың маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл дидактикалық ойындардың маңызы туралы ашып корсеткен,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойындардың маңызы»

Дидактикалық ойындардың маңызы

Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез-құлқы айқындала түседі. Мұғалімге оқушы психолгиясының өзіндік ерешеліктері айқындалып олармен оқу-тәрбие істерін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіншіліктері туады. Бала өзіне жаңалық болып сезілген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиеттермен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Мінезінің ұнамсыз жақтары байқалатын тұс та осы. Ұстазға бұл ретте істейтін жұмыс түрлері көп-ақ.

Осылардың ішіндегі дидактикалық ойындардың маңыздылығы жоғары. Бірақ, ескеретін бір нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерінен аулақ болған жөн. Әр ойынның өз реті бар. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын оқушылар үшін қызықты әрекет, іс-қимыл бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.

Мұғалім бастауыш сынып оқушылары игере алатындай ойынның программалық мазмұнын жоспарлайды.

Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда , «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сипаттар тән: мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы, ойын барысының дұрыс түсіндірілуі, таңдалып алынған ойын түрлерінің оқушыларға үйретері мол және творчестволық сипаты, жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып ойын ережесіне бағыну және соларды басшылыққа ала білуі, ойыншықтар мен ойын материалдарын белгілі бір мақсатқа пайдалану, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастары және көңіл күйлерінің шат болуы ескеріледі.

Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына : оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын процесінде балалардың білімі мен түсінігі айқындалып, тереңдей түседі. Ойын үстінде қайсы бір ролді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетінде көрсетеді. Кейде адамдардың еңбегі туралы нақты түсініктері дәйексіз болады, мұғалім еңбек туралы ұғымдарын кеңейту үшін мазмұнды, тәрбиелік сипаты мол түрлерін таңдап алған жөн. Балалар бәрін білуге құштар, сұрақ көп қояды. Ұстаздың бала меселін қайтармай сол сұрақтарға толық жауап қайтаруы, ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түріп, дұрыс сөйлеуге әдептіліке үйретуі, өзара түсінісулеріне, келісуіне көмектесуі керек.

Демек ойын балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор.

Түптеп келгенде, тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре қолдану мұғалім ізденісіне, шеберлігіне байланысты. Ол үшін мұғалім ойынды пайдалану методикасын да, ойын түрлерін таңдап-талғауға да қойылатын талаптарды жете білуге тиіс.

Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс қөзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Заман талабына сай жыл сайын білім беру саласында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Оқыту бағдарламасы дамыта оқыту қағидасын ұстанғандықтан , көп мәселе оқулықтың басынан аяғына дейін сәл күрделене түсіп, қайталанып отырады. Оқулық мазмұны оқушыны дамыту және оқыта отырып тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтанда шәкірттерге тиянақты білім беру мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен шеберлігін қажет етеді.

Жас ұрпаққа саналы білім беруге оқу материалдарын толық меңгерту мақсатында оқытудың жаңа технологиясының бірі балаларға оқу материалдарын ойын арқылы оқыту технологиясын пайдаланған жөн.

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдаланғанда арнайы мақсат көздеп, нақты міндеттерді шешу. Ойнатылатын ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдалана отырып, олардың балаға тигізетін мынадай маңыздылықтары бар.

  1. Ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтеді. Оны бекітіп, нақтылай түседі.

  2. Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойлай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

  3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балаларды ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Ана тілінен баланы қызықтыру, ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, өтілген тақырыпты қорыту мақсатында «Алтын қақпа» ойынын ойнау. Өткен тақырыпты қалай меңгергенімізді тексеру үшін «Алтын қақпа» ойынын ойнаймыз. Алтын қақпаға жету үшін балалар алдымызда балалар алдымызда көптеген кедергілер бар. Солардан сүрінбей өту үшін бірінші қола қақпа бар, соны ашумыз керек. Ол үшін мына сөздердің мағынасын түсіндіріп бересіңдер,- деп тапсырманы орындату. Екінші кедергі күміс қақпа. Ол қақпаның тасырмасы сәл күрделене түседі. Бұл тапсырмада тірек схемасын пайдаланады. Олар ойларын жинақтағанда көптеген пікірлер шығады. Сөйтіп күміс қақпаның есігін ашамыз. Алтын қақпаның тапсырмасын орындау үшін Венн диограммасын пайдалану. Онда балалар тапсырманың ортақ пікірін қорытып, алтын қақпаның есігін ашады.

Қазақ тілінен «Сөзден сөз тер» ойыны. Кез-келген сөзді алып, одан көптеген жаңа сөздер шығару. Мысалы «Салақтық» сөзі

(Жауабы:сал, сала,тыс, қас, асық, сақа, қатық , ақ, ала, қасық, лақ, қала, лас,таса,тақа т.б)

Ойын кезінде сабаққа аз қатысатын оқушылардың өздері ойынға араласып сабаққа белсене араласады.

Математика сабақтарындағы ойынның негізгі міндеттері-оқушының есептеу дағдыларын қалыптастырып жетілдіру, баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыру. Ойынды пайдалану жиілігін мұғалім өзі анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда , білімді тиянақтау тексеру кезінде қолданып отырады.

«Киіз үй тігейік» ойыны

Дидактикалық мақсаты:Өткен тақырыпты қайталау,ежелден келе жатқан қазақ халқының мекен-жайы, тұрағы киіз үй туралы түсінік беру.

Керекті құралдар:Киіз үйдің сүйектерінің суреттері, есептер жазылған карточкалар.

Мазмұны:Киіз үй сүйектері суреттерінің артына тапсырмалар жазылған. Математикадан өткен тақырыптарды қайталай отырып, оқушылар киіз үйді тігеді. Киіз үйдің сүйектерін атайды.

  1. Шаңырақ

  2. Уық

  3. Кереге

  4. Сықырлауық

Қазақ халқының ертеден келе жатқан мекен-жайы – киіз үй туралы әңгімелеу.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісіне «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.

Пайдаланған әдебиеттер:

«Бастауыш мектеп» Оразбекова.К.

Наурызбайқызы.Ә. Әубәкірқызы.Қ. Муқамбетқызы.С.

«Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар» 1994ж

Муканова.Л.М. «Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы»






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Дидактикалық ойындардың маңызы

Автор: Сансызбай Мектеп

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412819

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "«?аза? тілі саба?ында?ы дидактикалы? ойындарды? ма?ызы» "
    ["seo_title"] => string(57) "k-azak-tili-sabag-yndag-y-didaktikalyk-oiyndardyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "197180"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428213587"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Баяндама "Дидактикалық ойындардың маңызы""
    ["seo_title"] => string(40) "baiandama_didaktikalyk_oiyndardyn_manyzy"
    ["file_id"] => string(6) "511781"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1558504160"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ке?ес  "Дидактикалы?  ойындарды? ма?ызы""
    ["seo_title"] => string(35) "kieniesdidaktikalykoiyndardynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "298564"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456339954"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Саба? процесінде ойындарды ?олдануды? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(49) "sabak-protsiesindie-oiyndardy-k-oldanudyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "176554"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424437924"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Саба? процесінде ойындарды ?олдануды? ма?ызы" "
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-protsiesindie-oiyndardy-k-oldanudyn-man-yzy-1"
    ["file_id"] => string(6) "176576"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424439836"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства