kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аялайық табиғатты баршамыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу. Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аялайық табиғатты баршамыз!»





























Тақырыбы: «Аялайық табиғатты баршамыз!»











































Қарағанды – 2020




Табиғат-адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп-баптайды.

"Адамның екі анасы бар: бірі-туған анасы, екіншісі-табиғат.

Табиғатты сүю - Отаныңа қамқор болу деген сөз".Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің мейлінше жетілуіне орай, табиғатқа деген қамқорлық та ерекше қажет болып отыр."Қазақстан–2030"бағдарламасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "2030 жылы Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті, ауасы таза аймаққа айналады. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйіміз бен бақтарымызға енбейтін болады",–деп атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңда экология өзекті мәселеге айналып отыр.Сондықтан қоршаған ортаны қорғау–әрбір адамның төл міндеті. Табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау–ана сүтін ақтамағанмен бірдей. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да

екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.


Келесі сұрақтарды талқылайық:


а) Табиғат дегеніміз не?

ә) Табиғаттың қандай түрлері бар?

б) Тірі табиғатқа нелер жатады?

в) Өлі табиғтқа нелер жатады?

г) Сенің табиғат қорғаудағы үлесің қандай?


«Табиғатпен сырласу» (Ойды толықтыр)


Тіршілік атаулының бар арманы –...
Тіршілік көзі – ...
Табиғат байлығы – ...

« Егер табиғатқа тіл бітсе...»
«Егер мен суретші болсам...»


"Табиғатым - қазынам" ( Мақал-мәтелдердің жалғасын табу)
Жер тағдыры- ... ...
Барша байлықтың анасы- ...
Туған жердей жер болмас,.. .. ...
Су бар жерде... ...
Табиғат тазалығы- ... ....
Жер қазына, ... ... су …
Бір тал кессең, ... ... ...
Көлдің көркі құрақ,.. ... ...
Сөз сағасы-құлақ,... ... ...
Жер байлығы - ... ...


Есте сақтаңдар:

Орман көп болса, олжаң көп
Ағаш ексең аялап,басыңа болар саябақ
Табиғаттың тәні-жер, қаны-су,жаны-күн
Судың кепкені, тіршіліктің кеткені
Табиғат - алтын бесігің
Жер тойынбай, ел тойынбайды
Жаңбыр жауса жер ырысы,батыр туса ел ырысы


"Табиғатқа қиянат – адамзатқа қиянат" ( Тыйым сөздер айту)

Табиғатқа қатысты тиым сөздер қатарын толықтырыңдар:
"Өзен суын ластама", "Көкті жұлма" ," Ұяны бұзба, жұмыртқаға тиме", "Суға түкірме", "Суды лайлама", "Аққуды атпа", "Құмырсқаның илеуін бұзба", "Орманды өртеме","Жас шыбықты кеспе","Шөпті таптама", "Жерді теппе,топырақты шашпа", "Суды лайлама","Суды ысырап қылма", "Суға дәрет сындырма"т.б

Табиғатты мадақтауға қосылыңдар:
" Адам-- табиғаттың ең сенімді серігі, айнымас досы, қамқоршысы."
Табиғат--біз үшін қуаныш, өйткені мен табиғаттың сұлулығын көріп қуанамыз, шаттанамыз....................................

"Табиғат-жұмбақ ана"
Бұл бөлімде біз бұрын ата-бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа райын қалай болжағаны туралы мәлімет аламыз.(Күн райын бақылау)
1.Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.
2.Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.
3.Тұман түссе, күн жылынады.
4.Мысық жылы жерді паналаса, аяз болады.
5.Ағаштың жапырағы жайлап түсетін болса,қыс суық, әрі ұзақ болады.
6.Егер тамыз айында ағаш жапырақтары ерте сарғайса, онда күз ерте түседі.
7.Қазан айының алғашқы күңдері суық болса, әрі ағаш жапырақтары сарғайып түспесе, онда күн қайтадан жылынады.
8.Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.
9.Қайыңнан аққан шырын көп болса, жаз жаңбырлы болады.
10.Құстың тынса үндері,
Күн күркірерін білгені.
11.Тиіндер жаңғақты көп жинаса,
Алдағы қыс ұзақ, суық тым аса.
12. Осқырынып тырналаса мысық жерді,
дей бер қыста бұрқасын қысып келді.
13.Ай шалқасынан туса шаруаға жайсыз, ал егер тігінен туса өзіне жайсыз шаруаға жайлы болады дейді.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.



Есте сақтаңдар:


1. Табиғат нешеге бөлінеді?(Табиғат екіге бөлінеді: тірі,өлі)
2.Табиғаттағы өлі денелерге нелер жатады?(тау, тас, өзен, ай, т.б.)
3. Тірі табиғатты ата.(жануарлар, өсімдіктер, адам)
4.Қазақстанда неше қорық бар?(тоғыз)
5.Қызыл кітап дегеніміз не?(Сиреп бара жатқан,жер бетінде құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер тізімі тіркелген арнаулы кітап)
6.Қызыл кітап қай жылы шықты?(1978ж)
7.Табиғат құбылыстары дегеніміз не?(жел,жауын-шашын,судың тасуы,)
8.Құстардың қандай пайдасы бар?(табиғатқа зиян келтіретін құрт-құмырсқаларды аз-ды)

Қорытынды.

Елбасының "Қазақстан -2030" жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін айтып өткен ,сондықтан осы аулымызды гүлдендіруге, көркейтуге ,табиғатты көркейтуге ,табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған.
-Балалар ,ол үшін біз не істейміз?
-Балалар , біз табиғат туралы әңгіме қозғайық.
-Табиғат дегеніміз не?
Иә, балалар, табиғат Отанымыздың байлығы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен,ендеше жердің ,табиғаттың иесі мына сендер,біз оны қорғауымыз керек.
Демек , табиғатты қорғау - өз Отанымызды сақтау деген сөз.
Қасиетін ұғу - парыз ,Күзетінде тұру - парыз!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Аялайық табиғатты баршамыз!

Автор: Аширбекова Дамеля Жаксылыковна

Дата: 07.08.2020

Номер свидетельства: 555430

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Мен таби?атты с?йемін "
    ["seo_title"] => string(24) "mien-tabig-atty-suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "154615"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421170465"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Таби?атты аялайы? балалар!"
    ["seo_title"] => string(27) "tabig-atty-aialaiyk-balalar"
    ["file_id"] => string(6) "316469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460097249"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?алалы? семинар: "Орманда?ы шыршалар""
    ["seo_title"] => string(39) "k-alalyk-sieminar-ormandag-y-shyrshalar"
    ["file_id"] => string(6) "255451"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447937145"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?алалы? семинар: "Орманда?ы шыршалар""
    ["seo_title"] => string(41) "k-alalyk-sieminar-ormandag-y-shyrshalar-1"
    ["file_id"] => string(6) "255452"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447937152"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "?алалы? семинар: "Орманда?ы шырша тойы""
    ["seo_title"] => string(41) "k-alalyk-sieminar-ormandag-y-shyrsha-toiy"
    ["file_id"] => string(6) "255454"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447937379"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства