kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім – әлеуметтік қажеттілік. Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Еліміздегі заманға сай білім беру жүйесі – халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден бірі жолы – елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"»



ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ.


Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.Әр жеткіншек – зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, тәлімгердің басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу, оқытушы атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан, оқытушыға жүктелетін міндет ауыр. Ендеше, елдің ұлтжанды, азаматын тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет.Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие категориясының маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет.Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі,әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр тұлғаның қабілетін, талантын ашу,өзіне деген сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы.

Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
•  адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";

•  заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";

•  құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";

•  тән саулығы - "дене тәрбиесі".

К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.

1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.

Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.

Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.

М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.

Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты- Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі қоғам өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс.Жоғарғы оқу орындарында тәрбие кеңістігін қалыптастыруда студенттерге тәрбие арқылы білім беруде қазақ тілі, қоғамдық пәндерге атқаратын рөлі жөнінде ерекше мән берілген. Ол жеке тұлғаларға отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті, студенттердің еңбексүйгіштік, ұқыптылықтық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады. Тәлімгерге өнер үйретіп, кәсіпке баулу, тиянақты білім беру абзал азамат етіп тәрбиелеу әрбір оқытушының басты міндеті.Сондай-ақ отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, тұлғаға ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Осыған орай, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл – Фарабидің мына сөзі ойға оралады: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беруі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы». Осыны түсінген ата-ана ұстаз еңбегін бағалайды. Халық педагогикасында жастарға арнайы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол саған бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті әкең жасамаған жақсылықты жасады, шын шәкірт болсаң ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу, өнерін жалғастыр» деген ақыл-кеңестер айтылған. Мұның бәрі сергек, сезімтал, ақыл-ой парасаты мол, жан-жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған. Қай студенттің болсын, бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арка сүйеу, оған үлкен үміт арту оқытушы тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті студенттің байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын да бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі. «Егер тұлғаны тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Тәрбие арқылы білім беру - үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күнненбастап өмір бойы жалғасады. Оның мазмұны тұлғаның жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.Өмір мектебі- ең күшті тәрбие мектебі.

Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы - бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абай Құнанбайұлынша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» – бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. Бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғүрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын студенттердің санасына сіңіре білу қажет. Осы орайда тәлім-тәрбиемен қатар,болашақ ұрпақтың бойына өз тілін құрметтеу және оны ғасырлар бойы сақтау қажеттілігін де ұғындырған абзал. Адам баласы ұлтына, жеріне, тарихи дамуына, қауымдасуына, діліне қарай дербес мемлекеттер болып өмір сүріп жатқанда тіл мәселесінің мазмұны да, мәні де артатындығы белгілі. Бұл арада қазақ халқының саяси тәуелсіздік алып, өз алдына жеке ел болуы – оның тілінің де еркіндік алуымен, кедергісіз өрістеуімен тікелей сабақтасып жатуы керек. Қандай халықтың болсын егемендікке қол жеткізуі – өзінің байырғы ұлттық құндылықтарына оралуын білдіреді. Өйткені тәуелсіздігіміздің мәні қандай болса, тіліміз де соншалықты маңызды. Елбасымыздың өзі «мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіруші аса маңызды фактор» деп, Ана тіліміздің қоғамдағыорнын айқындап берген болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде айтып өткен терең мағыналы сөздері ойыма оралып отыр: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен! Ғасырлар бойықазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайыптілі». Бұл Елбасымыздың халқым деп, қабырғалы қазағым деп, тайсаң - тағаң,тарықсаң - панаң боламын деп айтқан имани сөзі.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ ТӘРБИЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ"

Автор: Бейкутова Улухан Касымолдаевна

Дата: 01.11.2016

Номер свидетельства: 354110

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ Т?РБИЕНІ? МА?ЫЗДЫЛЫ?Ы"
    ["seo_title"] => string(42) "adamgiershilikrukhanitrbiieninmanyzdylygy1"
    ["file_id"] => string(6) "318177"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460531362"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ Т?РБИЕНІ? МА?ЫЗДЫЛЫ?Ы"
    ["seo_title"] => string(41) "adamgiershilikrukhanitrbiieninmanyzdylygy"
    ["file_id"] => string(6) "291528"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455126888"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "?аза? этнопедагогикасында адамгершілік – рухани т?рбиені? ма?ыздылы?ы."
    ["seo_title"] => string(78) "k-azak-etnopiedaghoghikasynda-adamghiershilik-rukhani-t-rbiienin-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "321998"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461489034"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Рухани -адамгершілік т?рбиені?  ма?ыздылы?ы"
    ["seo_title"] => string(48) "rukhani-adamghiershilik-t-rbiienin-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "295806"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455877859"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(159) "Ке?ес:?зін ?зі тану ба?дарламасыны? баланы? адамгершілік ?асиетін дамытуда?ы ма?ыздылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(100) "kien-ies-ozin-ozi-tanu-bag-darlamasynyn-balanyn-adamghiershilik-k-asiietin-damytudag-y-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "235656"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1443787751"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства