Жасымбекова Назира Муратбековна
?ар?аралы ауданы
?лібек Б?ркітбаев атында?ы
№12 орта мектебі
Рухани -адамгершілік т?рбиені? ма?ыздылы?ы
Жеке т?л?аны ?алыптастыруда адамгершілік – рухани т?рбиені? ма?ыздылы?ы ?те
зор.Е? алдымен жеке т?л?аны? к?з?арасын ?алыптастыру б?гінгі та?да?ы басты м?селе болып отыр.Ол ?шін ?лтты? рух керек.
?лтты? рух –халы?ты? ?зін-?зі тануымен ай?ындалатын,елдік т?тасты? идеясымен негізделетін ?мірше?дік к?ш-?уаты. Жас ?рпа?ты рухани- адамгершілікке т?рбиелеуде б?рын?ы ата- бабаларымызды? асыл м?раларын, ?сиетті с?здерін, ?ибраттарын алдымыз?а жайып саламыз. ?йткені адамгершілікті? а? туын жо?ары ?ста?ан бабаларымызды? т?лім- т?рбиесіні?, ?ста?ан ?а?идаларыны? жас ?рпа??а берері мол.
Кез-келген жеке т?л?а ?лтты? таным т?р?ысынан ?зіне ?ажетті ??ндылы?тарды игерсе, рухани игіліктерге ?з ?лесін ?осады. Рухани-адамгершілік ??ндылы?ы ?азіргі кезе?ні? ?зекті м?селесіне айналып, ?рпа? дамуыны? ?зегі екендігі ай?ындалып отыр. Біра?, біз оны? ?андай ба?ыттармен ай?ындалатынды?ына назар аударуымыз керек.Соны негізге ала отырып, рухани адамгершілікке баулуды? негізгі ба?ыттарын т?мендегідей жіктедім:
- Жеке т?л?аны? сапалы білім алуы,е?бекке деген ??лшынысы,?нерге ?мтылысы,?зі ?мір с?ретін ортада?ы ?арым-?атынасы;
- Жеке т?л?аны? ?з ??рбы-??рдастарына деген шынайы с?йіспеншілігі,олармен ?атынасы;
- Ата-анасымен,ту?ан-туыстарымен ?арым-?атынасы ;
Б?л ?а?иданы іске асыру ?шін негізгі рухани-адамгершілік ?а?идаларын т?мендегідей жіктеп к?рсетіп,о?ушыларды? басты ?станымы ретінде к?рсетуге болады деп ойлаймын.
- Д?ст?рді ?алпына келтіру;
- Жеке т?л?аны? туысты? ?арым-?атынасын ны?айту;
- ?лтты? сана-сезімін ояту;
- Отбасы ж?не ?рпа? т?рбиесіне к??іл б?лу;
- ?зіні? бойында?ы адами ??ндылы?тарды ба?алай білуге ба?ыттау;
Н?тижесінде ?зіндік та?дауы аны?талып,соны ж?зеге асырады. ?лтты? болмысыны? ?згеруіне ы?пал етіп, д?ниетанымы ?згереді.
Д?ниетаным – адамдарды? ?орша?ан ортаны тануда?ы ?о?амды? –тарихи ?рекеті Мені? ойымша, о?ушыларды? д?ние тануда?ы психикалы? ?рекеті-оны? танымды? ?ызы?уы болып табылады. Оларды? т?рбиелік де?гейлері де біртіндеп ?ызы?уды? н?тижесінде пайда болады.
?орытындылай келе, жеке т?л?аны ?алыптастыруда рухани -адамгершілік т?рбиені? ма?ыздылы?ы зор дер едім. Рухы мы?ты адам ?ана адамзат?а ?ызмет етеді.Демек, бала т?рбиесі де бізді? ба?ыт -ба?дарымыздан бастау алады. Рухани - м?дени ??ндылы?тарды? бастау алар к?зін аны?тап алуымыз керек. Рухани - м?дени ??ндылы?тарды? бастау алар к?зі – т?рбие. Демек, ата-анамен байланысты ?збей,олар?а да ата-ана жиналыстарында т?сіндіріп
отырса?,бізді? ма?сатымыз ай?ын, ба?дарымыз баянды болар еді.
Просмотр содержимого документа
«баяндама»
Жасымбекова Назира Муратбековна
Қарқаралы ауданы
Әлібек Бүркітбаев атындағы
№12 орта мектебі
Рухани -адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы
Жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік – рухани тәрбиенің маңыздылығы өте
зор.Ең алдымен жеке тұлғаның көзқарасын қалыптастыру бүгінгі таңдағы басты мәселе болып отыр.Ол үшін ұлттық рух керек.
Ұлттық рух –халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын ,елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-қуаты. Жас ұрпақты рухани- адамгершілікке тәрбиелеуде бұрынғы ата- бабаларымыздың асыл мұраларын, өсиетті сөздерін, ғибраттарын алдымызға жайып саламыз. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім- тәрбиесінің, ұстаған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол.
Кез-келген жеке тұлға ұлттық таным тұрғысынан өзіне қажетті құндылықтарды игерсе, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Рухани-адамгершілік құндылығы қазіргі кезеңнің өзекті мәселесіне айналып, ұрпақ дамуының өзегі екендігі айқындалып отыр. Бірақ, біз оның қандай бағыттармен айқындалатындығына назар аударуымыз керек.Соны негізге ала отырып, рухани адамгершілікке баулудың негізгі бағыттарын төмендегідей жіктедім:
Жеке тұлғаның сапалы білім алуы,еңбекке деген құлшынысы,өнерге ұмтылысы,өзі өмір сүретін ортадағы қарым-қатынасы;
Жеке тұлғаның өз құрбы-құрдастарына деген шынайы сүйіспеншілігі,олармен қатынасы;
Ата-анасымен ,туған-туыстарымен қарым-қатынасы ;
Бұл қағиданы іске асыру үшін негізгі рухани-адамгершілік қағидаларын төмендегідей жіктеп көрсетіп,оқушылардың басты ұстанымы ретінде көрсетуге болады деп ойлаймын.
Дәстүрді қалпына келтіру;
Жеке тұлғаның туыстық қарым-қатынасын нығайту;
Ұлттық сана-сезімін ояту;
Отбасы және ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу;
Өзінің бойындағы адами құндылықтарды бағалай білуге бағыттау;
Нәтижесінде өзіндік таңдауы анықталып,соны жүзеге асырады. ұлттық болмысының өзгеруіне ықпал етіп, дүниетанымы өзгереді.
Дүниетаным – адамдардың қоршаған ортаны танудағы қоғамдық –тарихи әрекеті Менің ойымша , оқушылардың дүние танудағы психикалық әрекеті-оның танымдық қызығуы болып табылады . Олардың тәрбиелік деңгейлері де біртіндеп қызығудың нәтижесінде пайда болады.
Қорытындылай келе, жеке тұлғаны қалыптастыруда рухани -адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы зор дер едім. Рухы мықты адам ғана адамзатқа қызмет етеді .Демек, бала тәрбиесі де біздің бағыт -бағдарымыздан бастау алады. Рухани - мәдени құндылықтардың бастау алар көзін анықтап алуымыз керек. Рухани - мәдени құндылықтардың бастау алар көзі – тәрбие. Демек, ата-анамен байланысты үзбей,оларға да ата-ана жиналыстарында түсіндіріп
отырсақ ,біздің мақсатымыз айқын, бағдарымыз баянды болар еді.