№21 сабақтың тақырыбы | Ар – ұждан ілімі |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, жағымды ойлау, өмір үйлесімділігі, шығармашылық, өмір мәні - ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындыру |
Құндылығы: | Ақиқат. |
Қасиеттер: | қарапайымдылық,шыншылдық |
Сабақтың мақсаты | -оқушыларға адамның ішкі әлемінің тазалығын сақтап, ар- ұжданмен өмір сүруге үйрете отырып, жалпыадамзаттық ақиқат құндылығының мәнін ашу |
Сабақтың міндеттері:
| - « Ар- ұждан» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту -ар ұждан үнін ести алуға үйрету - қарапайымдылыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
1.Жағымды көңіл-күй (1,5 мин)
| Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру: Тәртіп.Талап.Тазалық Татулық.Тыныштық Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын. Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену | Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді. |
Оқулық, мұғалімдерге арналан әдістемелік құрал, Волшебная Композиция - Хрустальная Грусть https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc
|
2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин) |
Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтан Алдын ала берілген үй тапсырмасынан 1. №20 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №21, «Балмұздақ» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: • Ағай балаларға балмұздақты не үшін берді? • Мирас неліктен балмұздақтан бас тартты? • Ар-ұждан дауысын ести алуға не көмек береді? • Арлы адамның іс-әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар? • Сеніңше, ар-ұждан дегеніміз не? Айтып бер. | Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушылар өзін өзі тану жақсылыққа бастар жол екенін түсінеді |
|
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме (3-4 мин)
| Пайда ойлама, ар ойла. Абай Құнанбаев Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Сұрақтар: Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? | Оқушылар қанатты сөздің мағнасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады. Сұрақтарға жауап береді. | Презентация слайд Жұмыс дәптерлері. |
4. Оқиға айту (әңгімелесу) 4-8 мин | Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ар- ілімі» пікірін Омар Жалелдің видеоролигінен көрсету -.Шәкәрім Құдайбердіұлының пікірінше, адамның рухани қалпы неге байланысты екен? -.»Ар ілімі» дегенді қалай түсіндіңдер? -Шәкәрім Құдайбердіұлы атап өткен құндылықтарды өз өмірімізге, өзіміздің ішкі әлемімізге орната аламыз ба? -Өздеріңіздің арман мұраттарыңыз қандай? - Ішкі әлемнің сұлулығы дегенді қалай түсінесіз? -Өзіңнің шынайылығыңды қандай іс- әрекетіңнен көрсетіп жүрсің? | Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, бір біріне сұрақ қойып талдау жасайды. | https://youtu.be/JsQgAuzm6mM |
5. Шығармашылық жұмыс (топпен немесе жеке) (12-15мин)
| Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1-тапсырма Қарапайымдылық, шыншылдықтың қасиеттерін жазып, постер қорғау 2- тапсырма «Ұждан » тақырыбына «Бес жол ӛлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын ӛлеңді жазу ережесі: 1-жолға бір сӛзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). 2-жолға тақырып екі сӛзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде). 3-жолға үш сӛзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде). 4-жолға тӛрт сӛзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сӛйлем жазылады. 5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сӛз жазылады. 3-тапсырма Өлеңді түсініп оқыңдар. Берілген тапсырманы кезеңмен орындаңдар. Айтбай Хангелдин Ата ақылы Шындық деген – ар-ұят, Әділдік пен адалдық. Бол ісіңе мұқият, Қашсын десең жамандық. Айтпа, жаным, өтірік, Болам десең үлгілі. Мәпелеген өсіріп, Сен де еліңнің бір гүлі. 1-кезең. Ар-ұждан ұғымын сипаттайтын қасиеттерді анықтаңдар. 2-кезең. Ар-ұждан ұғымын сипаттайтын іс-әрекеттерді атап көрсетіңдер. 3-кезең. Ар-ұждан ұғымына төмендегі кесте бойынша өз беттеріңше қорытынды жазып, ойларыңмен бөлісіңдер. | Оқушыларға берілген топтық тапсырманы сыныпқа таныстырады. | Флипчарттар, баяу, әуен қойылады. Оқулық түрлі қағаздар |
6.Үй тапсырмасы (1-2 мин) | 1. №21 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №22, «Мұны қалай түсінеміз» мәтінін оқып келу. | Оқушылар үй тапсырмасын жазады. |
|
7. Топпен ән айту (2-3мин) | Біз өмірдің гүліміз Өлеңін жазған Әнуарбек Дүйсенбиев Әнін жазған Бекен Ғизатов Зеңгір көктен Нұрын төккен, Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен, Жайдары өскен Біз – өмірдің гүліміз. Бал достыққа, Жолдастыққа Шақырады әніміз. Тыныштықта, Нұр құшақта Бақыттымыз бәріміз. | Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. | Экранға өлеңнің мәтініні көрсетіледі. |
8. Сабақтың қортынды сәті (1мин) | Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп,оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады. | Оқушылар рефлексия жасайды. | Баяу композиция қойылады. |