kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл -біздің тірегіміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок по казахскому языку в 4 классе на тему " Тіл- біздің тірегіміз"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл -біздің тірегіміз»

СШ. Имени Қаныша Сатпаева













Ашық сабақ тақырыбы:

«Тіл – біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»













Сынып:

Мұғалім: Турсунова Н. Т.



Мақсаты: Оқушыларды ана тілін, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Көрнектілік: сөздер, шарлар, қазақ тілін зерттеуші ғылымдардың портреттері ілінеді.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

Мұғалім: Ана тілі – атаңның, анаңнің тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойнымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі. Ана тіліміз туралы М. Мақатаев, Ә. Тәжібаев, Д. Әбілев, М. Шаханов, Ж. Аймауытов сияқты көптеген ақиық ақындарымыз жырлар жазады.

Ән: «Анаңның тілі – аяулы үні»

1-жүргізуші: Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

2-жүргізуші: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.

1-жүргізуші: 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу – ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

2-жүргізуші: 1997 жылы 11 шілдеде ҚР-да «Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдені мұра. Сондықтан да ана тілміз талай жырға арқау болған.

1-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім, егер сені білмесем!

2-оқушы: Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым пәктігім.

«Ана тілін сүйеміз» ән

3-оқушы: Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

  Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

  Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

«Үш бақытым» М. Мақатаев

4-оқушы: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы

«Төрт ана» М. Шаханов

5-оқушы Ұйықтасам, ана тілде күбірледім,

Оянсам, сөйлеп кеттім, кібірледім

Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,

Бітпейді менің одам бұрын демім.

Сырласпай адамдармен тұралмаған

Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.

«Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.

Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,

Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.

Бұл тілде желмаям жортып келіп,

Кемеңгер кеңес берген Асан атам.

Мәңгі өлмес, мейлі, заулап көшер заман,

Жиреншедей дария шешен бабам.

Қазыбек, Төле, Айтеке ердің құнын,

Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

«Тілім менің» Қ. Мырзалиев

6-оқушы: Тіл сенің

Ең қайратты арыстаның!

Қорғаның дұшпаныңмен алысқан күн.

Тіл сенің-

Жұректегі жүйрік елшің,

Көк орман көк арайлы бағыстаның!

Тіл сенің-

Өмірдегі өрнек сырың

Тіл сенің-

Көмейдегі күміс жырың!

Аспаның

Айың,

Күнің,

Демің,

Шат күлкің, тәтті әзілің, тапқыр сының

«Тіл сенің» Ә. Әбілов

7-оқушы: Дәулет деген-

Ұғыңдар!

Кеше болса, бүгін жоқ.

Тілің болса-күнің бар,

Тіл болмаса – түгің жоқ

Тілім – шипам, дәрім де,

Мәңгүрт болып күн көрем

Абыройдың бәрін де

Маған осы тіл берген.

«Тілдің туы» Қ. Мырзалиев

«Атамекен» әні







1-жүгізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай!

Жан – дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай.

2-жүргізуші: «Туған тіл – тұғырың, туған тіл - қыдырың» дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіліне зер салыңдар бұрыңғының, - дей келіп, бүгінгі тіл мерекесіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер келгенін қуанышпен хабарлаймыз. Сол кісілердің ауылдарын аралап, аталы, шешендік сөздерін тыңдайық.

«Төле бидің төрелігі»

Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, батуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде біріне көңілі толмай:

Ақты ақ деп бағалар,

О, игі жақсы ағалар.

Өзегі талса ел біткен,

Өзен бойын жағалар.

Би: «Ана тұрын ұл сөйлегеннен без, ана тұрын қаз сөйлегеннен без» деуші еді. Мына бала кім өзі?

Төле: О, Би аға, он үште отау иесі демес пе.

Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске

Сөз сөйледім, бұцыра көрмеңіз айыпқа,

Алакөз болу ағайын адамға лайық па?

О, игі асқар тауымыз,

Әділ ме осы дауымыз?

Жер астында тұрғанда,

Жасырынып жауымыз.

Би: Жасы кіші демеңдер,

Ақылы асса аға ғой.

Балам, ағалық билікті саған бердім.

Төле: «Сары табақтан сарғыт қайтады» деген, билікті маған берсңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын.

Би: Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің.

Ақ маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсің.

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайдағы бағы бол деген екен.

1-жүргізуші:Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беріңізші, - деп қиылып отырып алыпты.

Сонда Қазыбек: Тату болса, ағайын жақын

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын.

Инабатты болса, інң жақын.

Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң – Отан қамбат.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Тіл -біздің тірегіміз

Автор: Турсунова Назира Турсунбековна

Дата: 19.11.2016

Номер свидетельства: 360302

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіздік тірегім""
    ["seo_title"] => string(45) "t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_tiregim"
    ["file_id"] => string(6) "495534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547616548"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "16-желто?сан Т?уелсіздік мерекесіне "Т?уелсіздік - тірегім" танымды? са?аты"
    ["seo_title"] => string(72) "16zhieltoksantuielsizdikmieriekiesinietuielsizdiktirieghimtanymdyksagaty"
    ["file_id"] => string(6) "312069"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459279778"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "atazanymtuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "291257"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455098915"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Т?уелсіздік тірегім "
    ["seo_title"] => string(22) "t-uielsizdik-tirieghim"
    ["file_id"] => string(6) "162815"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422417750"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "«Т?уелсіздік-тірегім» атты т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(43) "t-uielsizdik-tirieghim-atty-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "178873"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424887006"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства