Қабылдау:__цехтағы құрал жабдықтар мен ыдыс аяқтармен таныстыру._______________
Сабақтың мақсаты:
білімділік
Оқу шеберханасында оқушыларды негізгі талаптарға, ережелерге оқыту. Электр қауіпсіздігін техника қауіпсіздігін үйрету және оқыту.
дамытушылық
Оқыту өндіріс шеберханасында қауіпсіздік ережелерін, еңбек қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігі бойынша кәсіптік деңгейін дамыту
тәрбиелік
Оқушылардың еңбек тазалығын сақтауға жұмыс орнын ұқыпты ұстауға үйрету. Жауапкершілікпен құрал – жабдықтарға қарау. Көкөністерді турау барысында, әр оқушыға ұқыптылықты тәрбиелікті үйрету. Жұмыс орнының тазалығын сақтау.
Материалды-техникалық көрнекілік:
Құрал-жабдықтар
Пышақ, ыдыстар, тақтай, қорапшалар
Студенттер жұмыс формалары
Костюм , фартук, қалпақ, орамал
Дидактикалық материал
Кітап, журнал, суреттер
Пәнаралық байланыс: ___ тағам дайындау технологиясы,
Өндірістік оқытудың негізгі кезеңдері мен оған бөлінетін уақыт
Сабақтың құрылымы
Бөлінген уақыт көлемі
1
2
Ұйымдастыру кезеңі
2мин
Кіріспе нұсқаулық
45мин
Жаңа білімді бекіту
25мин
Ағымдық нұсқаулық
4с. 30мин
Қорытынды нұсқаулық
15мин
Үй тапсырмасы
3мин
Жұмыс орындарын жинау, тазалау
Өндірістік оқытудың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
журнал бойынша студенттерді түгендеу;
студенттердің сыртқы келбетін, киімдерін, сабққа дайындығын тексеру;
өндірістік оқытудың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Кіріспе нұсқаулық
Өткен тақырыпты қайталау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тақырып бойынша студенттерге сұрақтар қою. Тақырып бойынша сұрақтар: Не білеміз? Нені үйренгіміз келеді?
Тақырыпқа қатысты фильм көрсету (қажет болған жағдайда)
Қауіпсіздік, еңбек қорғау ережелерін қайталау.
Жұмысты орындаудың әдіс-тәсілдерін өндірістік оқыту шеберінің практика жүзінде көрсетуі.
Топ студенттеріне тапсырма.
Студенттерді құрал-жабдықтармен, техникалармен, шикізат көздерімен таныстыру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Жаңасабақты түсіндіру
Кисель.Жеміс-жидектер шырыны, тосаптар мен тіпті сүтке картоп не жүгері крахмалы қосылу арқылы әзірленетін бұл тәтті сусын жаз мезгілінде ерекше пайдалы.
Баспасөз беттерінде сүт коктейльдері туралы ең алғашқы деректер 1885 жылы жазылған екен. Ол кездері "койтейль" деген атқа құрамында виски мен тауық жұмыртқасы қосылған алкогольді сусын лайық болатын («коктейль» сөзін қазақшаға аударғанда «қораз құйрығы» деген мағынаны білдіреді). Яғни, сусынды шамадан тыс ішкен адамдар мас болып қалып жататын.
1990 жылдары сусының құрамы түбегейлі өзгертілді. Біз білетін, біз сүйетін коктейльдің дүниеге келуі осы кезеңмен тұспа-тұс.
Енді виски мен жұмыртқа орнына ванильді, шоколадты, құлпынай шәрбаттары (сироп) қолданылатын болды.
Ал коктейлдің аты шарықтаған тұс – 1922 жылдар деуге болады. Осы жылы «Walgreens» атты фармацевтикалық компанияның қызметкері Ивар Коулсон коктейль дайындаудың жаңа әдісін ойлап табады. Ол негізгі азық-түлік ретінде сүт, шоколад, солод (ашытқы) және аздаған балмұздақ қосады.
Жаңа әрі таңсық дәм әлем жұртшылығының асқазанын лезде жаулап алды. 1930 жылдары фреондық тоңазытқыш ойлап табылады да, коктейль дайындау үрдісі кең етек алады.
1950 жылы Рэй Крок есімді азамат сүт коктейльдерін өндіретін машинаға эксклюзивті құқық алады, сол уақыттан бері тез дайындалатын тағамдар әзірлейтін кез келген мекемеге осындай құрылғыларын орнатылатын болды.
СҮТТІ КОКТЕЙЛЬ Құрамы: Банан 1дана Балмұздақ 150г Сүт 200мл Дайындалу әдісі: Блендірге тазаланған бананды салып, мұздай сүтті құйып араластырамыз. Енді балмұздақты қосамыз да қайта араластырып, бокалға құйып үстіне таңқурай мен миндал жапырақтарын саламыз. Сүтті коктейльдер. 1. Сүт пен жеміс араласқан коктейл. Коктейл жасау үшін: • Сүт 2 стакан • Пломбир балмұздағы 6 ас қасық • Банан 1 дана • Алма 1 дана • Киви 1 дана Дайындалуы:
3) Осымен жеміс қосылған коктейль дайын. Коктейльді биік әдемі бокалдарға құйып, шетін жаңа піскен бүлдірген т.б. жидектермен сәндеуге болады. Жемісті коктейльді таңғы ас ретінде немесе салқын десерт есебінде ішуге болады. Жеңіл және ағзаға өте пайдалы. Керемет дәруменді таңғы ас болып табылады. 2. Кофе мен бал қосылған сүтті коктейль. Коктейл жаcау үшін: • Салқын сүт • Пломбир балмұздағы • Бал • Су • Кофе 1 шай қасық Дайындалуы: 1) Балмұздақты ыдысқа салып, бөлме температурасында ерігенше қойыныз. 2) Балды сулы баняда ерітіп, суытыңыз. 3) Кофе мен суды араластырып, қайнатып алыныз, Қайнаған кофені оттан алып суытыңыз. 4) Коктейл жасайтын ыдысқа сүт, балмұздақ, бал, кофе салып, миксермен ақ көбіктер пайда болғанша араластырыңыз (Ұрамыз) 5) Осымен кофе мен бал қосылған сүтті коктейль дайын. Коктейльді биік әдемі бокалдарға құйып, үстіне шоколодты теркадан өткзіп сәндеуге болады. Бұл коктейльді таңғы ас ретінде немесе салқын десерт есебінде ішуге болады. 3. Банан мен құлпынай қосылған сүтті коктейл. Коктейл жасау үшін: • Банан • Құлпынай тосабы (варенье) • Пломбир балмұздағы • Сүт Барлық керекті заттар салқын болу тиіс. 1) Блендерге сүтті құйып, банан, тосап, балмұздақты салыныз. Банан қарайып кетпеуі үшін, шай қасық лимон шырынын қосыныз. Коктейльді бір қалыпты сұйықтық болғанша араластырыныз. 2) Коктейльді биік әдемі бокалдарға құйып, салқын күйінде ішініз. 4. Кұлпынай қосылға, сүтті коктейль. Коктейль жасау үшін: • Құлпынай 70г • Пломбир балмұздағы 3 ас қасық • Сүт 1 стакан • Қант пудрасы 20г 1) Құлпынайды жақсылап жуып аламыз. 2) Блендорға балмұздақ, қант пудрасы, сүт, құлпынай салып, бір қалыпты сұйықтық болғанша араластырамыз. 3) Құлпынай қосылған сүтті коктейл дайын. 5. Банан мен шоколад қосылған сүтті коктейль. Коктейль дайындау үшін: • Банан 1 дана • Сүт 1 стакан • Шоколад 20г • Пломбир балмұздағы 6 ас қасық 1) Бананды ашып, ұлкен бөлінтерге бөлініз. 2) Жарты стакан сүт, банан, 3 ас қасық балмұздақты блендірге салып, жақсылап аралатырыныз. Банан қосылған сұйықтықты бөлек ыдысқа құйып алыныз. 3) Шоколад жане калған сүт пен балмұздақты блендірге салып жақсылап араластырыныз. 4) Бокалға банан мен шоколад қосылған сүйықтықты кезекпе кезек құйып шығыныз. Банан мен шоколад қосылған сүтті коктейль дайын.. Жаңа тақырыпты бекіту
Ағымдық нұсқаулық
Бірінші мақсатты іс-әрекет:
Жұмыс орынның ұйымдастырылуын тексеру.
Қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерінің сақталуын тексеру.
Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.
Екінші мақсатты іс-әрекет:
Жұмыстың уақытылы орындалуын тексеру.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері дұрыс орындалуын тексеру.
Жұмыстың сапалы орындалуын тексеру.
Үшінші мақсатты іс-әрекет:
Студенттермен жеке нұсқаулық жұмыстарын жүргізу.
1. Ең алғаш рет балмұздақты Еуропаға белгілі деректер бойынша Кім әкелді.
2. Америкаға балмұздақ қай жылдарыбелгілі болды. 3. Балмұздақ қандай тағам болып табылады?
4. Балмұздақты қандай қоспаларды қосу арқылы жасайды.
5. Дайын тағам сапасын қандай көрсеткіш бойынша анықтайды?
6. Дайын балмұздақтың сапасын тексеру үшін қанша сағат сақталады?
Қорытынды нұсқаулық
Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жасау.
Әр студент жұмысының орындалу сапасын айту.
Өндірістік оқыту барысында жұмысын сапалы әі уақытында орындаған студенттерді атап айту.
Әр студенттің жұмысындағы қателігін, кемшілігін жеке-жеке айту, талдау.
Үй тапсырмасы
__кафе ресторандарды және асханаларды зерттеу_________________________
Жұмыс орнын жинау, тазалау
Өндірістік оқыту шебері(толық аты-жөні, қолы) ________________________________________________________________________