Сабақтың тақырыбы: Спорт туралы Тілдік білім: шылау
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Спорт туралы түсініктерін кеңейту, мақсат қоя білу, оқушыларды сыни ойлауға жетелеу арқылы оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге үйрету, еркін сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта, сабақ ресурстары.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой қорыту, сұрақ-жауап, ойын, СТО.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Психологиялық тренинг (ыстық лебіз) Оқушылар бір-біріне тілек айтады. (2 мин) Оқушылар топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік тапсырмалар. (3 мин)
ІІІ деңгей. Сөздерді аудар, олармен сөз тіркесін құрастыр.
Ұлттық құрама -
Жеңді-
Жаңкүер-
Қақпа-
ІІ дейгей. Көп нүктенің орнына керек шылауларды қойып, көшіріп жаз.
1.Асан ... Қайрат Қазақстанның ұлттық футбол командасының құрамына қабылданды. 2. Қазақстанның футбол командасының ең алғашқы жаттықтырушысы Бақтияр Бәйсейітовтан ... Бауыржан Баймухамедов болды. 3. Әр футбол ойыншысы ережені сақтайды, ... ол өте қажет.
Керек шылаулар: себебі, мен, кейін.
І деңгей. «Футбол» тақырыбына сурет сал. Сурет бойынша әңгімелеп бер.
ІІІ Жаңа тақырып.ОЙ ШАҚЫРУ.
Интербелсенді тақтада слайд көрсетіледі. Бұл суретте нелер бейнеленген? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Спорт туралы)
Сабақтың мақсатын оқушыларға анықтату. Содан кейін слайдтан сабақ мақсатын көрсету.
Немен ТАНЫСАМЫЗ
Нені ҮЙРЕНЕМІЗ
Нені ҚҰРАСТЫРАМЫЗ
Мұғалім «Спорт» туралы мұғалім мәлімет береді. Спорт ағылшын тілінен аударғанда «ойын, көңіл көтеру» дегенді білдіреді. Бұл сөздің орфографиясына келер болсақ, орыс, қазақ, тіпті ағылшын тілінде және неміс тілінде спорт сөзі дәл осы түрде жазылады екен.
Әр топ басшысына бағалау парағы таратылады. Сабақтың әр тапсырмаларын әділ бағалап отырады. Оқушылар сабақ ресурстарын қолға алады.
Сөздікпен жұмыс жүргізу: ТЫҢДАЛЫМ ӘРЕКЕТІ (аудио тыңдалым)
Сөздік:
жеңіл атлетика-легкая атлетика ауыр атлетика-антоним
найза – копье батырлардың қару-жарағы
әуесқой – любительский
жарыс – соревнование жарыс, сайыс -синоним
дайындықтан өткен – прошедший подготовку өткен-өтпеген
Оқушылар жаңа сөздерді оқып, мағынасын таниды. Қарама-қарсы және жуық мәндес сөздерді анықтайды.
Мәтіннен жаңа сөздерді табады.
Мәтінмен жұмыс:
Осыдан 4 мың жыл бұрын египеттіктер спорттың бірнеше түрін білген. Бірақ спорт жеңіл атлетика түрінде алғаш рет Грекияда пайда болыпты. Біздің заманымызғадейінгі 776 жылы Грекияда алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген.
Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған. Соның ішінде ең ежелгісі және ең маңыздысы – олимпиадалық ойындар. Жарыстарға он айлық дайындықтан өткен грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған. Алғашқы кезде жарыстар жүгіру мен секіруден ғана өткізілсе, кейін оған күрес, бокс, найза мен диск лақтыру сияқты спорт түрлері қосылған.
Бүгін спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді. («Зерде» журналынан)
Бірақ-жалғаулық (қарлылық) шылау,
дейінгі-барыс септікті меңгертетін септеулік,
және-жалғаулық шылау (ыңғайлас)
ғана –шектік демеулік шылау
1-топ Спорт туралы әңгімелейді
2-топ Спорт туралы диалог құрастырады
Тілдесім (диалог құрастыру)
Музыкалық сүйемелдеумен сергіту сәтін өткізу.
Дәптермен жұмыс жасау:
Қазанның жиырма алтысы
Сынып жұмысы:
Спорт туралы
Бірақ-жалғаулық шылау (қарсылықты,
Дейінгі- септеулік шылау (Б.с.),
Және-жалғаулық шылау (ыңғайлас)
Ғана –демеулік шылау (шектік)
Константин мен Никитаға жекелеген тапсырмалар беру:
Берілген сөздерді оқы, шылауды тап.
Спорт пен спортшы, жарысқа дейін, жас жігіттер ғана, әуесқой және кәсіпқой спорт.
Оқушылар постер қорғауға дайындалады.
1-топ
2-топ
Спорт туралы
Спорттың пайдасы
Тест тапсырмасын дәптерге орындау.
1. Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейміз?
а) етістік ә ) шылау б) үстеу
2. Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Отан ... отқа түс, күймейсің.
а) туралы ә ) дейін б) үшін
3. «Спорт» сөзі қай тілден?
а) араб ә) ағылшын б) неміс
4. Қай жылы Грекияда алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген?
а) 776 ә) 785 б) 771
5. Мағынасы жағынан артық сөзді анықта.
а) спорт, спортшы
ә) спорт ойыны, спорттық жарыс
б) мұғалім, оқушы
Рефлексия
Рефлексия(лат. reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ танымды білдіретін термин. Бұл «Мен»: Мен не ойладым? Не сезіндім? Не алдым? Мені не таңғалдырды? Мен не түсіндім? т.б. білдіреді.
Рефлексия оқушыларды өзін-өзі бақылауға, бағалауға, өзін-өзі реттеуге үйретіп, өмірдің, кей мәселенің, оқиғалардың мәнін ұғынуға көмектеседі.
Рефлексия оқушылардың сыни тұрғыдан дамуына көмектеседі.
«Синквейн»
Бұл – шығармашылық рефлексия. Мұнда ақпарат жүйеленеді және бағаланады.
1 жол – тақырып не зат (бір зат есім); 2 жол – затты бейнелеу (екі сын есім); 3 жол – іс-әрекетті бейнелеу (үш етістік); 4 жол – белгілі бір сөз тіркесі; 5 жол – синоним.
Синквейн құрастыру. Спортшы. Мықты, шыдамды, шапшаң. Жарысады, жүгіреді, секіреді. Спорт - денсаулық кепілі. Жеңіс.
«Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.
Бағалау парағы бойынша әр оқушыға баға қойылады.
Үй тапсырмасын беру:
ІІІ деңгей. Жаңа сөздерді жаттау.
ІІ деңгей. Сұрақтарға жауап беру.
1.Сен қандай Қазақстан спортшыларын білесің? 2. Саған қандай спорт түрі ұнайды?
3. Сен қай спорт түрімен айналысасың? 4. Біздің мектебімізде қандай спорт үйірмелері бар?
І деңгей. «Спорт – денсаулық» тақырыбына эссе жаз.
Қоштасу.
Сөздік:
жеңіл атлетика-легкая атлетика
найза – копье
әуесқой – любительский
жарыс – соревнование
дайындықтан өткен – прошедший подготовку
қатыстырылған – здесь: допускались
секіру – прыжки
күрес – борьба
лақтыру – метание
қосылған – здесь: появились
Мәтінмен жұмыс:
Спорт денсаулықты жақсартады. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы. Бүгін спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.
Спорттың күнделікті қолданыстағы мынадай түрлері бар: коньки, шаңғы тебу, күрес,футбол,волейбол,баскетбол,бокс,еркін күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, тейквондо, дзюдо, велоспорт, жүзу,т.б.
1-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер:
1.Сен қандай Қазақстан спортшыларын білесің?
2.Олимпиада чемпиондарын ата
3.Қысқы Азия ойындары қашан өтті?
4.Қай қалаларда өтті?
5.Саған қандай спорт түрі ұнайды?
6. Сен қай спорт түрімен айналысасың?
7.Біздің мектебімізде қандай спорт үйірмелер бар? (слайдтер)
* Спорт — денсаулықты жақсартады, денені шынықтырады. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың қа түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы –дей, тырып, оқушылар біз қазір «Спорт түлері» атты мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Салауатты өмір – ЗОЖ
Маңызы зор – большое значение
Күнделікті қолданыста –
Жетістіктерге жетеді – добиваться успехов
4. Сұраққа жауап беру:
— Спортпен айналысудың маңызы қандай?
— Елімізде спорт қалай дамып келеді?
— Спорт түрлерін ата?
— Адам спорт түрлерімен айналысса неге жетеді?
5. Тірек сызбамен жұмыс.
6. Тақтамен жұмыс.
Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар
4-тапсырма. Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.
(1,2 тапсырманы екі оқушы тақтаға жазады, қалған тапсырмаларды отырған оқушылар үш қатарға бөліп орындайды)
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Мектепте, спорттық, біздің , жарыс , өтті.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзді үш шаққа қойып жаз.
Барлық, қатысты, оған, оқушылар.
Үш қатарға тапсырма беріледі.
І қатар.
Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.