Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
«Бекітемін»
Директордың м.а:
______________Д.Бекмағамбетов
«____» _______ 2018 ж
Сабақтың тақырыбы: Сап және оларды басқару
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін меңгерту
2.Дамытушылық: Әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.
3.Тәрбиелік: Студент жастарды патриоттыққа тәрбиелеу
Өткізілетін орны, оқу тобы: БӘД бөлмесі, «Токарь ісі» 1- курс
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар,саптық жарғы
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
б) Негізгі бөлім – 22 минут.
Сап және оның элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
САП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ.
Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арсындағы аралық.
Арақашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.
Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
Жазылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
Жорық сабы – бөлімше леккке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында белгіленген арақашықтықта орналасқан сап.
Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.
Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші.
Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.
Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.
Пәрмендер алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; пәрмендер тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.
Алдын ала берілетін пәрмендер - саптағылар командирдің олардан қандай әрекеттерді талап етіп тұрғанын түсінуі үшін нық, қатты, және созылмалы дауыспен беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша оны шұғыл және нақты орындау қажет. Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.
Мысалы: «Автоматтарды-КЕУДЕГЕ», «Взвод-ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер …. ай-НАЛ» және т. б.
Қабылдауды жою немесе орындауды тоқтату үшін: «Тоқтат» пәрмені беріледі.
Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.
Әскери қызметші:
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт