Білімділік: қушыларға сап элементтерін, алдын ала және орындалатын пәрмендерді, сарбаздардың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттерін және әскери сәлемдесуге орнында тұрып жауап беруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, қаруды ұстаудағы жауапкершілігін және байқампаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, байқампаздыққа, елжандылықққа және қарудың ел қорғаудағы маңызын анықтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Проблемалық оқыту технологиясының элементтері.
Көрнекілігі: тақырыпқа сәйкес плакаттар, оқытудың техникалық құралдары.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- а) Психологиялық дайындық.
- ә) Дәрісхана дайындығы
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5-6 оқушы)
Сұрақ-жауап әдісімен
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы
айтыңдар.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қандай әскери – оқу орындарын білесіңдер?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Сап және оныңэлементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сарбаздың сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
САП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУ.
Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.