kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. «Қара шаңырақ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлай алатын,  қарым - қатынас жасау  қабілеті жоғары, жауапкершілікті, қазақ халқының салт – дәстүрін,

ұлттық мерекелерін білетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін тұлға қалыптастыру.

«Қазақ  даласы -Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы».

                 –                                                                                           Н.Назарбаев

«Жолаушылар, жорыққа шығатындар- ертеде қара шаңырақтан дәм татып,   үлкендерден бата алып аттанады екен.» Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.Отбасы туралы тереңнен толғанған Елбасы мұның «Қазақстан-2050» стра­тегиясына сай екенін айтып өтті. «Отбасы – береке-бірліктің қай­нар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз.»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. «Қара шаңырақ»»

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы: 3- бөлім

1-бөлімше


Сыпып: 5- сынып Сабақтың тақырыбы:

3-бөлім Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. 1- бөлімше «Қара шаңырақ»

Оқу мақсаттары:

Т/А 5.2 Әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі( ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.

О. 5.5 Нақты ақпараттарды анықтап, сұрақтар құрастыру.

Ж. 5.5 Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

- Әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік мәдени тақырыптарға байланысты диолог, монологтердегі көтерілген мәселені түсініп, болжам жасайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- Әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік мәдени тақырыптарға байланысты диолог, монологтердегі көтерілген мәселені түсініп, болжам жасап, сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

- Әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік мәдени тақырыптарға байланысты диолог, монологтердегі көтерілген мәселені түсініп, болжам жасап, сұрақтар құрастырады. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсаттар:




Оқушылар орындай алады:

- Диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсінеді, сұрақтар құрастырады, жинақы мәтін жаза алады. Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

- Үндестік заңы, буын үндестігі, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.

Диалог құруға/ мәтін жазуға арналған пайдалы тіркестер:

-Үлкен үй, шаңырағың шайқалмасын, босағаң берік болсын, қызды қияға, ұлды ұяға қондыру, отау құру, кенже ұл, қасиетті қара шаңырақ, медет ету, мұрагер болу.


Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Шаңырақ деген не?

2.Оның пішіні қандай болады?

3.Қара шаңырақ деген сөздің мағанасын қалай түсінесің?

4.Қара шаңараққа неге кенже ұл ие болады деп ойлайсың?


Не себепті .... деп ойлайсыз?

Менің ойымша .....

Ресурстар:

Көркем суреттер, түрлі – түсті қағаз, аудио – видио материалдар, баспа материалдары.

Панаралық байланыс:

Әдебиет, бейнелеу өнері, тарих, өзін – өзі тану, ән - саз.

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлай алатын, қарым - қатынас жасау қабілеті жоғары, жауапкершілікті, қазақ халқының салт – дәстүрін,

ұлттық мерекелерін білетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін тұлға қалыптастыру.

«Қазақ даласы -Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы»......

– Н .Назарбаев

«Жолаушылар, жорыққа шығатындар- ертеде қара шаңырақтан дәм татып, үлкендерден бата алып аттанады екен...» Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.Отбасы туралы тереңнен толғанған Елбасы мұның «Қазақстан-2050» стра­тегиясына сай екенін айтып өтті. «Отбасы – береке-бірліктің қай­нар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз.»

Алдыңгы оқу

БҮБ

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді

-Қазақ білім ордаларының қара шаңырағы -.Әл Фараби атындағыҚҰУ.

-Қазақ өнерінің қара шаңырағы -М.О.Әуезов атындағы драма театры

Қазақта қара шаңыраққа кенже ұл ие болады.

Қара шаңырақ ол әкенің үйі.Қара шаңырақ киелі болады,бөлек кетсе де сол үйдің балалары қастерлейді.



Ишара

Бас изеу, бас бармақты көрсету, қос қолды айқастыру,арқаға қағу.

Бағалау критерийі:


Әдіс - тәсілі

Критерий

Дескриптор

Жоғары

Орташа

Төмен

1.«Ұжымдық оқу» немесе «белсенді оқу» әдісі


Диалог, монологтердегі көтерілген мәселені түсінеді, талдайды.


Мәтінге проблемалық сұрақтарды қою арқылы дәлелді түрде диалокқа түседі.

Мәтінді түсініп, сұрақ қоя біледі.

Мәтіннің мазмұнын

түсінеді, болжайды.

2«Кім тапқыр?»» әдісі

Саралау арқылы

Нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, негізгі ойды анықтайды.


Берілген тақырыпты аша отырып, дәлелді түрде мәтін жазады.



Тірек сөздер арқылы сөйлем құрайды.


Тірек сөздер арқылы негізгі ақпаратты түсінеді.


3. «Семантикалық карта» кесте толтыру

Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Үндестік заңдарын ескере отырып, жинақы мәтін жазады.

Берілген кестені тапсырма бойынша толық толтырады

Берілген кестенің екі тор көзін толтырады













Жоспар







Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақ әдістері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Басы

8 минут











































3 минут

«Пазл» әдісі



«Шаңырақ» әдісі

















«БҮБ» кестесі





















«Болжау» әдісі

«Шашыраған сөз»



1. Қатарға тұрғызып, « Қара жорға» биін билетіп, бір - біріне ақ тілектерін айтқызамын.

2. Топқа бөлу.

Шаңырақтың ,қазақ үйдің, түйенің суреттерін құрастыру арқылы топқа бөлемін.



1-топ Отан

2-топ Отау

3-топ Шаңырақ

4- топ Отбасы

Сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

1. Қағазды таңдап, жан-жаққа шашырағанда ненің бейнесін көрдіңдер?

2. Шаңырақ туралы не білесіңдер? Кесте толтыру









Мақалдың сөздерін сәйкестендіру арқылы тақырыпты шығару.

Олай болса бүгінгі біздің тақ

ырыбымыз «Қарашаңырақ»

Қатарға тұрып, « Қара жорға» биін билеп, бір - біріне ақ тілектерін айтады.

2. Оқушылар кесілген суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді







3. Жауап береді,







кестенің 1,2 – тор көзін толтыру.



Білемін

Үйрендім

Білгім келеді









1

2

3

4

5



Отан

Әке

Ана

Бала Атаның сөзі


ағынды бұлақ

жайқалған құрақ

ақылдың көзі

асқар тау

отбасынан басталады


ша

ңы

рақ

ра

қа









Түрлі-түсті суреттер

Ортасы







18 мин

1. «Сұхбат» әдісі

Бұл жауап болса , онда сұрақ қандай болады?













«Ұжымдық оқу» белсенді оқу әдісі.







«Сөз өнері» әдісі арқылы саралап

тапсырма беру

Сөйлем береді

1.Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап,аса қатты қадірлеген.

2.Қазақ үшін кенже бала шаңырақ иесі.

3.Шаңырақты өздеріне тірек, медет тұтады.





1. Мәтін береді,бақылайды



2. Мұғалім мадақтау арқылы бағалайды



Тірек сөздер береді және әр топқа тақырып береді. 1 «.Қарашаңырақ қасиеті»

- 1-топ 2. « Қарашаңырақ киесі» -2-топ 3. « Қарашаңырақ құндылығы»-3-топ



1.«Бағдаршам» арқылы бағалатутоп бірін-бірі (қызыл-барлығы, сары – көбі, жасыл-кейбірі)1. Мұғалім мадақтау арқылы бағалау

Берілген сөйлемге сұрақ құрастырады















Жеке оқып, топ ішінде талқылап, өзге топтарға сұрақ қою арқылы диалогқа түседі



Бағалау топтар бағалайды. Мұнда бағдаршам арқылы

Тірек сөздер және өздеріне берілген тақырып бойынша жинақтық мәтін құрайды





































2-мин

Сергіту сәті

« Мен қазақпын»

Слайд көрсетеді

Слайд көріп, қимылын жасайды.

Слайд





5 минут

«Семантикалық карта»

кестесін толтыру

тапсырма. Берілген сөздерді кестеге топтастырып жазыңдар.

Ұрпақ, мұра, мирас, кенже, қасиетті, батыр, би, ел-жұрт, киелі, ірге, отау, бата-тілек, ұя, қия, сый-құрмет, әдет-ғұрып, мұрагерлік, иелік, үйсін, заман.



Мұғалім мадақтау арқылы бағалайды.

Бірыңғай жуан дауысты дыбыстан тұратын сөздер

Бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстан тұратын сөздер

Аралас буынды сөздер





«Бағдаршам» арқылы бағалату (қызыл-орта, сары – жақсы, жасыл-өте жақсы)



Соңы





9 минут













« Ыстық орындық» әдісі

Кестені толтырту



Бағалау







Ыстық орындық туралы түсінік береді.

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді




Соңғы тор көзді толтыру





Әр топтан бір-бір бала шығады қалғандары сұрақ қояды



Қосымша ақпарат

Үйге тапсырма саралау арқылы

Шағын ойтолғау немесе эссе жазып келу



1-топ «Біздің отбасылық дәстүрлер.»

2-топ «Ата-ана алдындағы борышым.»

3-топ «Қазақтың ұлттық мерекелері»

Кері байланыс



Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?Түсінбеген жерлерің бар ма ?

Оқушылар бүгінгі сабақтың

қалай өткендігі туралы өз

пікірлерін «күту ағашына»

парақшаға жазып қыстыру

арқылы білдіреді



Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау критерийлері

«Бағдаршам» әдісі

Мұғалімнің қолпаштауы

«Ыстық орындық» әдісі





Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар мәтін мазмұнын түсініп оқып, сұрақтарға жауап берді. Тірек сөздер арқылы шағын мәтіндер құрастырды. Сабақ қалыпты, жақсы деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау іске асты, уақыт тиімди пайдаланылды.



Қара шаңырақ

Қазақ отбасында кенже ұл-шаңырақ иесі, себебі кенже бала отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл.Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады, өйткені кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі, сондықтан қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. 

Қазақ үшін кенже бала шаңырақ иесі. Басында балалары өз алдына отау үй тіккенде, әрқайсысы қара шаңырақтан енші алады. Әкем марқұм ұзақ сапарға жолаушылап шыққанда, басқа к1шеде тұратын әкесінің үйінен міндетті түрде дәм тататын.

Бірде менің «неге?» деген сұрағыма әкем: «Қара шаңырақ осы үйде» деді. Кейін білсем, әкем ғана емес, жақын туыстардың барлығы да сол үйді аттап өткен емес. Өйткені әкесінің шаңарағында інісі Анарбек тұратын. Ол үйді үлкен үй дейтінбіз.Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында да, тіпті аталарымыз бен әкелеріміз осы үйден дәм ауыз тиіп, бата алып майданға аттанған екен.

Қара шаңырақтың амандығына не жетсін!

Қара шаңырақтың қасиеті

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл — құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Қазақ халқы шаңырақты қасиетті санап, аса қатты қадірлеген.  Ел басына күн туып, қара қазан сары баланың қам

ы үшін керегесін кессе де, шаңырағын шаппаған Ол атадан балаға мұра ретінде қалып отырған. Сондықтан шаңырақ арқылы ұрпақтан — ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады. Киіз үйдің басқа бөлшектері тозса, оларды жаңартып отырған, ал шаңырақты сақтайтын. Ошақ түтініне ол қараяды, сондықтан оны халық « Қара шаңырақ» дейді.

Қазақта кенже ұлға мұра болып қалатын әкенің үйі “қасиетті қара шаңырақ”, “үлкен үй” деп аталады. Бұл үй әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң да қара шаңырақ атала береді. Халқына беделді, сыйлы, құрметті адамдардың қара шаңырағын оның ел- жұрты қанша уақыт өтсе де киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп отырған. Отбасынан қыз бала ұзатылып, үлкен ұл үйленіп, бөлек шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-шешені бағып- қағу, күту міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ осы кенже ұлға тиесілі болған қара шаңырақты басқа ұлдары кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы деп есептеп, сый-құрметпен қарайды. Оны өздеріне тірек, медет тұтады. Сондықтан қазақы ортада ас беру, соғым басына шақыру сияқты әдет-ғұрыптарды атқаруда алдымен қара шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. «Қара шаңырақ»

Автор: Кабасова Ален Ембергеновна

Дата: 09.09.2019

Номер свидетельства: 519364

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер.3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер.Қара шаңырақ"
    ["seo_title"] => string(80) "3_bolim_otbasylyk_d_sturler_men_merekeler_3_bolim_otbasylyk_d_sturler_men_mereke"
    ["file_id"] => string(6) "505739"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1554200835"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "ДҮНИЕТАНУ, 1- сынып, Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Отбасылық дәстүр"
    ["seo_title"] => string(66) "duniietanu_1_synyp_sabak_tak_yryby_mienin_otbasym_otbasylyk_d_stur"
    ["file_id"] => string(6) "375136"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483457482"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Отбасылық мерекелер"
    ["seo_title"] => string(25) "otbasylyk_mieriekielier_1"
    ["file_id"] => string(6) "455970"
    ["category_seo"] => string(19) "okruzhayushchiy-mir"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518164491"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Открытый урок на тему "Отбасылық мерекелер"
    ["seo_title"] => string(46) "otkrytyi_urok_na_tiemu_otbasylyk_mieriekielier"
    ["file_id"] => string(6) "453510"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517281920"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства