Сабақтың басы 10 минут | Ширату: «Бақыт шеңбері» әдісімен жүргізіледі. «Күннің шыққаны бақыт па? (күнді бейнелейді) Бақыт! (шапалақтайды) Желдің соққаны бақыт па? (желді бейнелейді) Бақыт! (шапалақтайды) Достарыңмен бірге жүрген бақыт па? (адымдайды) Бақыт! (шапалақтайды) Анаңды құшақтаған бақыт па? (өздерін құшақтайды) Бақыт! (шапалақтайды) Әкеңнің маңдайыңнан иіскегені бақыт па? (Бір-біріне бастарын тигізеді) Бақыт! (шапалақтайды) Жанұямызбен бірге болған бақыт па? (үйді бейнелейді) Бақыт! (шапалақтайды) «Тірек сөздер» әдісі арқылы топқа бөлемін. Киіз үй: шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық, түндік. Жеті ата: немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Отбасы: әке-шеше, ұрпақ, татулық, бақыт, тәрбие. Тақырыпты болжау С. «Стоп-кадр» әдісімен «Қара шаңырақ» телехикаясынан үзінді көрсету арқылы жаңа тақырыпты болжатамын. Бейнеролик не туралы? Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіздер? Қара шаңырақтың иесі кім? Қазақта әке-шешені бағып-қағу кімге жүктелген? (Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға хабарлаймын) | Тірек сөздер жазылған қима қағаздар https://www.youtube.com/watch?v=LD_s54aP_UU |
Сабақтың ортасы (25 минут) 5 минут 5 минут 7 минут 5 минут 3 минут | 1-тапсырма Кестемен жұмыс «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі арқылы жүзеге асырамын. Ж. Суреттер бойынша тірек сөздер жазады, ортақ тақырып қояды. ЖЖ. Жұпта талқылап, бірін-бірі толықтырады. ТЖ. Топпен бөлісіп, суреттер бойынша топтан бір ортақ тақырып ұсынады. «Айтарым бар...» әдісі арқылы бір оқушы ұсынылған тақырып бойынша өз пікірін білдіре отырып, дәлелдейді. Суреттер | Тірек сөздер |  | |  | |  | | Ортақ тақырып | Дескриптор: Саралау: «Айтарым бар...» әдісі арқылы оқушыларға тақырып бойынша өз пікірін білдіріп, дәлелдеуге мүмкіндік беріледі. ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті асықтар арқылы жүргіземін.    Жасыл – өте жақсы жауапқа; Сары – жақсы жауапқа; Қызыл – орташа жауапқа беріледі. 2-тапсырма ТЖ. «Айналмалы шеңбер» әдісі арқылы әр топ сурет бойынша қойылған тақырыпқа байланысты тірек сөздерді пайдалана отырып, ауызша мәтін құрастырады. Дескриптор: ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.    3-тапсырма Мәтінмен жұмыс Ж. Мәтінді мұқият тыңда, тірек сөздерді түртіп ал. ТЖ. Өздері құрастырған мәтіндерімен салыстырады. Мәтінге ат қояды. ПОПС» әдісі («4 сөйлем» әдісі) арқылы дәлелдейді. Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Қазақта кенже ұлға мұра болып қалатын әкенің үйі “қасиетті қара шаңырақ”, “үлкен үй” деп аталады. Бұл үй әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң да қара шаңырақ атала береді. Халқына беделді, сыйлы, құрметті адамдардың қара шаңырағын оның ел-жұрты қанша уақыт өтсе де киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп отырған. Отбасынан қыз бала ұзатылып, үлкен ұл үйленіп, бөлек шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-шешені бағып-қағу, күту міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ осы кенже ұлға тиесілі болған қара шаңырақты басқа ұлдары кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы деп есептеп, сый-құрметпен қарайды. Оны өздеріне тірек, медет тұтады. Сондықтан қазақы ортада ас беру, соғым басына шақыру сияқты әдет-ғұрыптарды атқаруда алдымен қара шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады. Дескриптор: Мәтінді тыңдайды; Тірек сөздерді түртіп алады; Өз мәтіндерімен салыстырады; Мәтінге ат қояды, өз сөздерімен дәлелдейді. Саралау: «ПОПС» әдісімен оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге мүмкіндік алады. ҚБ: «От шашу» әдісімен бағалаймын. 4-тапсырма ТЖ. Түртіп алған тірек сөздерді пайдалана отырып, “Бір айналым сөйлесу” әдісі арқылы мәтінді мазмұндау, өз пікірін айту. І топ – 1-абзац ІІ топ – 2-абзац ІІІ топ – 3-абзац Мәтін мазмұны бойынша бір топ мүшесі әңгіме бастайды, басқа топ мүшелері жалғастырып әкетеді. «Еркін микрофон» әдісімен әр топтан бір оқушы қорытындылайды. Дескриптор: Саралау: «Еркін микрофон» әдісі арқылы әр топтан бір оқушы пікір білдіріп, қорытынды жасайды. ҚБ: «Басбармақ» әдісі бойынша бағалаймын.  5-тапсырма Мәтін бойынша кестемен жұмыс. (Оқушыларға екі түрлі кесте беріледі, оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай кестенің біреуін таңдап, орындайды.) Ж. «Сәйкестендіру» әдісі 1. Енші | A. қызға беріледі | 2. Жасау | B. отау құрады, үйленеді | 3. Қыз | C. ұлға беріледі | 4. Ұл | D. тұрмысқа шығады | 5. Кенже ұл | E. қара шаңырақтың иесі | «Екі жақты күнделік» әдісі Мәтін бойынша тірек сөздер | Өз пікірім. (Комментарий) | 1. Енші | | 2. Жасау | | 3. Қыз | | 4. Ұл | | 5. Кенже ұл | | Дескриптор: Мәтін бойынша сөздерді сәйкестендіреді. Берілген тірек сөздер бойынша өз пікірін білдіреді, өмірмен байланыстыра отырып дәлелдейді. Саралау: Оқушылар мүмкіндіктеріне қарай «Сәйкестендіру», «Екі жақты күнделік» әдістерінің бірін таңдайды. ҚБ: жасыл, сары, қызыл түсті асықтар арқылы бағалаймын.    Жасыл – өте жақсы жауапқа; Сары – жақсы жауапқа; Қызыл – орташа жауапқа беріледі. | Кесте Жасыл, сары, қызыл түсті асықтар Аудиожазба, http://expert.mektep.kz/ru/shop/25825-5_klass/19630-aza_tl/1; https://www.zharar.com/kz/shygarma/524-kara.html © www.ZHARAR.com . Микрофон Кестелер Жасыл, сары, қызыл түсті асықтар |