| Тыныштық сәті: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! |
| Тыныштық сәті Ал балалар ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа да болады. Өздеріңді көгілдірде ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір су жағасына келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап сылдырдай ағады. Тап – таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты. Біз су жағасына жақындап, екі қолымызбен бір уыс су ішіп алдық. Су бізге қарап, жылт – жылт етеді. Тіпті осы су тамшылары да бізге әлденені айтқысы келетіндей. Біз алақандағы су тамшыларын төгіп алмайық деп қалпымызға келейік. Көзімізді ашпайық. Сендердің алақандарыңа аялап алған суларың сендерге не айтуы мүмкін деп ойлайсыңдар және сол суды сендер қалай пайдаланар едіңдер? |