Просмотр содержимого документа
«"Жас Ұлан" ұйымына қабылдау.»
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»қабылдау
Өтетін уақыты: 2017 жыл 11 желтоқсан
Өтетін жері: мектеп рекриациясы
Өткізілу түрі: Жас ұлан ұйымының салтанатты жиыны.
Қатысушылар: Мектеп оқушылары
І жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
І жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
Арман: Түзеліңдер ,Тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!.
ІІ жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!
(Мемлекеттік туға!Әнұран шырқалады)
І жүргізуші: Ендеше, тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Жасұлан –жігерлі де жайдарлы ұйым Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым! Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым. Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әр бір мүшесі қандай болуы керек екендігін айта кетейік.
(«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі шығып айтады).
1 оқушы –Қасымбекова Оразгүл 9 сынып оқушысы- Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
2 оқушы –Кереев Арман 8 сынып оқушысы - Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.
3 оқушы –Қапарова Шырын 5 сынып оқушысы - Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
4 оқушы –Сатмағамбет Сұлтанбибарыс 2 сынып оқушысы- Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
5 оқушы – Қасымбекова Саягүл 7 сынып оқушысы - Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
6 оқушы – Досмағамбетов Нұртілек 4 сынып оқушысы- Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.
7 оқушы – Аскарова Жансая 5 сынып оқушысы- Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.
8 оқушы – Медет 3 сынып оқушысы- Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
9 оқушы – Бөгентай Жанерке 2 сынып оқушысы- Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
10 оқушы – Галиева Дильназ 9 сынып оқушысы- Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек (оқушылар кол шапалақтап, қошемет көрсетеді).
І жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
ІІ жүргізуші: Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:
1. ҚР патриоты болуға;
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;
9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?
ІІ-жүргізуші: Топ басшылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындал.
Рапорт мәтіні:
Ұланбасы Қасымбекова Оразгүл 9 сыныбының «Ұлан» тобы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы Жуматова Толқын.Рапорт Тапсырылды.
(Осылайша барлық топтар рапорт береді)
І жүргізуші: «Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
ІІ жүргізуші: - ұранымыз:
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
І жүргізуші: Қабылдауға жас ұландар дайын.
ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
І жүргізуші: Құрметті мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
І-Жүргізуші: Құттықтау сөз Ауыл әкімі Орманов Ашис Қангелдіұлына беріледі.
Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Серкенов Жомарт Амантайұлы
Келесі құттықтау сөз кезегі мектебіміздің ардагер ұстаздары Балаш Калимханқызы мен Алия Кенжебайқызына беріледі.
ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
(Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады)
Арман: Мектеп! Тік тұр! ҚР туы шығарылуға дайын
І жүргізуші:
Ортаға 9 сынып оқушысы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Қасымбекова Оразгүлдің орындауында « Қазақ елі » әнін қабылалыңыздар.
І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
ІІ жүргізуші:
“Жас Ұлан” – Қазақстанды сүйеді
“Жас Ұлан” – мектепте үздік оқиды
“Жас Ұлан ” – үлкендерді құрметтейді
“Жас Ұлан ” – тек шындықты айтады
“Жас Ұлан ” – спортпен еңбекті ұнатады
“Жас Ұлан ” – болашақ “Жас Отан”
І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Өлеңді орта мектебі
Мектепішілік бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау.