Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Жарқын жастық – баянды болашақ»»
«Жарқын жастық – баянды болашақ»
атты студенттермен кездесу кеші.
Мақсаты: Студент пен оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, сырласу, әр студенттердің қызықты да қиын күндерін тыңдай отырып, оқушыны шыдамдылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.
Барысы:
І. Кешті ашу.
ІІ. Таныстыру.
ІІ.Сыр — сұхбат
ІҮ. Ойын
Ү. Тілектер шоғы. Кофе брейк
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі кеш қонақтары – студент жастар!
2-жүргізуші: Студенттер – ақ арман арқалаған,
Жеттіңдер ме ауылға сән қаладан.
Түлеп ұшқан ұяңа қош келіпсіз,
Ыстық мекен, құтты орын, ордаң аман!
Кешіміздің студент қонақтары:
Максимов Алихан Көбен ұлы
Алматы қаласы «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің» 2 курс студенті.
Ерболат Еркін Ерболат ұлы
Нұрсұлтан қаласы «Гумилёв атындағы Евразия Ұлттық Университетінің» 2 курс студенті
Жардемова Перизат Ақан қызы
Алматы қаласы «Жүргенов атындағы Өнер Академиясы»1курс студенті
Суханбердина Мадина Рашидовна
Орал қаласы «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан грарлық-техникалық
(қошемет)
1-ж: Армысыздар, мектебіміздің түлектері,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ән: «Мен Қазақпын» орындайтын Жасбуын Бақдаулет
2-ж Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылулықты табамыз, — дей отырып, мектеп директоры Тлеубаева Жадыра Жұмабайқызына сөз кезегін береміз.
Бұл кездесу көкейлеріңе,
Жыры мен сырын тұндырсын.
Жаныңнан кетпей әсерлі ән,
Жадыңда қалсын осы күн!-дей отырып,әнге кезек берейік
Ән:
1-ж: Біліммен көркейтіп елімізді,
Танытып азаматтық тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,
Тыңдалық сіздің де ыстық лебіңізді.
«Сыр сұхбат» бөлімі.
Күй «Ерке Сылқым» орындайтындар домбырашылар ансамблі
2-ж:Ойын: «Ең нағыз …» ойыны.
Қазір сіздерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады,ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауларыңыз керек.
Ең жасыл мамандық;
Ең тәтті мамандық;
Нағыз ақшалы мамандық;
Ең күлкілі мамандық;
Нағыз бала мамандығы;
Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық;
Ең ауыр мамандық;
Ең салмақты мамандық;
1-ж: Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып біреулерің шығыңдаршы,
Халайық қошеметпен қол соғады. – деп, қонақтардан қонақ кәде сұраймыз.
Ерболат Еркін мен Максимов Алиханан
Бойымды қазақ қаны билеген
Қос ішегі бір – біріне тимеген
Қазағымның домбырасы күй тартса
Тебіреніп ерекше бір күйге енем дей келе күй орындап сұраймыз
Ал енді Перизаттан ән сұрап көрейік..........
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан.
Көркің қандай нұрлы еді,
Таңшолпанмен астасқан – деп, тамаша ән сыйлаған Перизатқа тағы да қошемет көрсетіп қояйық.
2-ж:Жастық осы гүлдей болып көрінген,
Өлең жыр боп сірә кетпес көңілден.
Естелік боп қалсын осы күнде бір,
Студенттік қызығы мол өмірден
«Тілектер шоғы». (студенттердің тілектері)
2-ж:Ұстаздар оқушыға басын иген,
Кей кезде тіпті оған кішірейген.
«Сыйға сый, сыраға -бал» деген сөздің,
Болмас ережесін бұза білген.
Өйткен, ұстаз – ана, ұстаз – дара –
Мамандық ол ерекше, жеке – дара – деп, сөз кезегін ұстаздарға береміз.
баянисттер ансамблі
Ал енді Қорытындымызға келген қонақтарымызбен оқушыларымыз қосылып ойнаса қалай болар екен?
1-ж:Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белесі,
Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.
Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,
Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!
2-ж:Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.
Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,
Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін!
1-ж: «Мемлекеттің «2030» бағдарламасын орындауда, ерінбей экономикалық талапқа сай еңбек ететін, игілікті іске бар ынтасымен кірісетін, ізгілікпен ел-жұртына көмектесетін, рухани жан дүниесі бай, ілтипатты да кішіпейіл, мейірімді жастар болып өсейік».
2-ж: Келгендеріңізге көп-көп рахмет.Кешімізді ары қарай кофе бреикте ашық әңгімемен жалғастырсақ?