kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Теректі көшбасшысы" зияткерлік ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік  қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Теректі көшбасшысы" зияткерлік ойыны»

«Теректі көшбасшысы» зияткерлік ойынының бағдарламасы. І аймақ.

Өтетін күні: 22.11. 2019 жыл.

Өтетін орны: Подстепный қазақ ЖОББМ

Мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік  қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Оқушыларды шапшаңдыққа , жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: слайд, тапсырмалар,

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

Жүргізуші: «Біліміңді еңбекпен өмірде өзің шыңдап отыр. Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да, жарқырай береді» - деген екен Қаныш Сәтбаев. Ендеше аудан мектептері арасында ұйымдастырылып отырған «Теректі көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа білім бөлімінің басшысы Хусаинова Жанаргүл Жеңісқызы және ұстаздар, оқушылар қатысуда.

«Жастардың және еліміздің басты капиталы - сапалы білім» - деп Елбасы айтқандай «талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеген» сайысқа қатысушы оқушыларымызды ортаға шақырайық.

І топ. « » Подстепный қазақ ЖОББМ

ІІ топ. « » Подстепный №1 ЖОББМ

ІІІ топ. « » Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы.


Жүргізуші: Сіздердің білімдеріңіз төмендегі турлар бойынша сыналады.

Таныстыру / командалар таныстыру/
Мәнерлі сөздің мәнін ұқ. (мақал – мәтелдердің бір сөзі жасырынады, жасырынған сөзді үш тілге аудару)
Ойлан тап. ( Пән бойынша сұрақтар беріледі)
Тұлғаны таны (Экранға тұлғалар бейнелері көрсетіледі, сол тұлғаны тауып, мәлімет беру)
Сыр сандық құпиясы / күй, кино өнері бойынша тапсырма/ (Ән, күй, кино

үзінді көрсетіп, табу)

  • «Кім тапқыр» Абайдың қарасөздерінен үзінді оқылады. Соны табу.


Жарыс болғасын әрине жеңіс болады. Ойынды саралап әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырайық.

1. Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ниеткалиев Т. Б.

2. ДТІЖО Кумашева А. К. – Федоровка қазақ ЖОББМ

3. Куткужиева А. А. - Балалар шығармашылық үйі директордың міндетін уақытша атқарушы.


Алдымен сайысқа келген топ өздерін таныстырады.

(Топ жетекшілері таныстырады)Ұраны:

Жүргізуші: «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік.» Бізден біраз ғасыр өмір сүрген хан Абылай ұрпағына дәл өсиет қалдырған. Өйткені алда білекке емес, ой сайыстыратын күннің келерін білген. Білекті бірді, білімді мыңды жығар демей ме? Біз бүгін ең мықты, ең білгір ойыншыларды анықтаймыз. Олай болса бастайық.

1.Мәнерлі сөздің мәнін ұқ.

Сіздердің алдарыңызда 6 ұяшық берілген. Әр топ 2 ұяшықтан таңдай аласыз. Ұяшықта мақал - мәтелдер берілген. Бос орындағы сөзді тауып, екі тілде аудару. Тапсырманы толық орындаса 30 ұпай ала аласыз. Тек бір тілге аударса 10 ұпай, екі тілге аударса 20 ұпай қосылады. Тапсырма түсінікті ғой.

1.Отансыз адам – человек - пөсн
Ормансыз бұлбұл.

2. Елу жылда ел жаңа. eлу, пятьдесять, fifty.

3.Ағайын тату болса – ат көп, - лошадь-хос

4.Жақсылық еткен, алғыс алады. блогадарность- сәнкс

5.Бақыт кілті еңбекте кілт- ключ- кей

6.Сөз тапқанға қолқа жоқ. Слова- өрд

2. ● Ойлан тап.
Әр топқа 20 сұрақтан тұратын тапсырмалар оқылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. 20 сұраққа 20 ұпай.

І топқа.

  1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (Планиметрия)

  2. Қазақстанда етек алған аштық жылдар. (1930-1932)

  3. Еспембет азан шақырып, Адай деп қойды атымды? Қай шығармадан үзінді. (Адай тегі)

  4. Алғашқы ЭВМ-ның негізгі кемшілігі. ( бағдарламаны сақтай алмауы)

  5. Катализді емес реакция. ( көміртек оксиді және оттек)

  6. Түбірге жалғанатын қосымша қалай аталады? (Жұрнақ пен жалғау).

  7. Хобда , Нева суларын сүйіп өскен қазақтың батыр қызы? (Алия Молдағұлова)

  8. Дыбыстар нешеге бөлінеді? ( 2)

  9. Қазақстанның ең ірі су қоймасы. (Бұқтырма)

  10. Грекше доп дегенді білдіретін геометриялық фигура. (Сфера)

  11. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

  12. 1929 жылы Қазақстанның Астанасы қай қалаға көшірілді. (Алматы)

  13. Алпамыс батырдың қарындасының аты? ( Қарлығаш)

  14. Квадраттық функцияның графигі. (парабола)

  15. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым? (Блез Паскаль)

  16. Сурет салуға арналған программа. (Пайнт)

  17. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл- Фараби.)

  18. Вектор дегеніміз не? Жауап: Бағытталған кесінді

  19. . Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)

  20. «Абай жолы» романының авторы (М .Әуезов)

ІІ топқа

  1. Мұнай өңдеу зауыты қай қалада. (Павладар)

  2. Алгебраның атасы – Орта Азияның ұлы ғалымы. (Хорезми)

  3. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады (Кел , балалар оқылық...)

  4. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)

  5. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

  6. Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан ? ( Қажымұқан Мұнайтпасов)

  7. Жасанды жер серігі алғаш қай елде ұшырылды? (КСРО-да.)

  8. Қазақтың соңғы ханы. (Кенесары Қасымұлы)

  9. Қазақстандағы халық ең тығыз орналасқан облыс.( Оңтүстік Қазақстан.)

  10. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші. (Сканер)

  11. Тұңғыш қазақ геологы, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы. (Қ.Сатпаев)

  12. Санның жүзден бір бөлігі ( Процент)

  13. ІІ топқа жататын адамға қай топтан қан тобын құяды? (І және ІІ)

  14. Абайдың әкесі Құнанбай старшын болған ру? (Тобықты)

  15. 2016 жылы сәуірдегі Елбасының мақаласы қалай аталады? (Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру.)

  16. Векторлық болып табылатын физикалық шама. ( Орын ауыстыру.)

  17. Ақкөл, Сарытүбек, Қаратау- қандай сөздер? (Біріккен сөздер)

  18. «Қырғызбаев» болып аталып кеткен кім еді? Кімнің қандай шығармасы?(«Қырғызбаев» болып аталып кеткен – Т. Рысқұлов. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» Бала Тұрар).

  19. Жырды айтушы адамды қалай атайды? (Жыршы)

  20. Гурьев қаласының қазіргі атауы? (Атырау)
    ІІІ топқа.

1.Қазақстан территориясындағы қорықтар саны? ( 9 )

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа)

3. Математикалық анализдің негізін қалаған, бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан математик әрі физик. ( И. Ньютон)
4. Бір нүктеден шыққан түзу (Сәуле)

5. «Қарлығаш әулие» атанған бидің аты. (Төле би)

6. Табыс септіктің жалғауын ата?(-ды,-ді,-ты,-ті, ны,-ні, -н)

7.«Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)

8.Серпімділік күшін анықтайтын заң? (Гук)

9.Қазақстандағы мыс рудаларының кен орындары? ( Жезқазған)

10.Қан құрамында кездесетін көмірсу? (Глюкоза 0,1)

11. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс. (Интернет)

12. Ағза зертханасы. (Бауыр)

13.Әлемде ішкі су қатынасының басты ауданы? (Амазонка)

14 ХVІІІ ғ қай ақын-жырау өз шығармасында Абылайды дәріптеді. (Бұқар)

15. Қазақстандағы жекешелендіру процесі басталған жыл. (1991ж)

16.Тұқым қуалайтын белгіні ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ? (хромосомалар)

17. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (Омоним)

18. «Жетім» әңгімесінің авторы? (М.Әуезов)

19. Астана күні қашан атап өтіледі? (6 шілде.)

20. Алпамыс батырдың қарындасының аты? Қарлығаш



Тұлғаны таны

20 ұпай толық жауап берілсе.

6 ұяшықта танымал тұлғалардың суреті жасырылды. Кім? Қандай атақ –даңқын, шығармасын білесің?

  1. Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу селосында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болады. 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алып, оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істейді. 1966 жылы көптен күткен «Бақыт», 1968 жылы адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді», 1974 жылы «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық», 1982 жылы «Махаббатты қорғау», 1988 жылы «Ғасырларды безбендеу» атты жыр жинақтары жарық көреді. 

  2. Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген.1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. 1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.



2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

3. Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылБатыс Қазақстан облысыТайпақ ауданыЖыланды - 06.10.1988Алматы) — қазақ ақыны, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.

Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 хатшысы) қызмет істеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.

Жұбан Молдағалиев 7-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралақасының, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі (XII—ХӀӀӀ-съездерде) болып сайланды. Ж.Молдағалиев екі рет Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

4. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов (4 сәуір1980 жылТүркістанҚазақстан - 31 желтоқсан2000 жылШымкентҚазақстан) – қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.  2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.

5. Шәмші Қалдаяқов (15.8. 1930, Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 29.2.1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық артісі (1991). ШымкентТаразЖетісай қалаларының құрметті азаматы.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.

6. Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келеген. «Қазақфильм» киностудиясының және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980).

Алматы консерваториясын бітірген (1961). Студент кезінде әр түрлі фильмдерде Кенжетай («Ботагөз», 1957), Жанай («Асау Ертіс жағасында», 1959), Бектасов («Бір ауданда», 1960), Болат («Ұшы қиырсыз жол», 1960) рөлдерін ойнады. Консерваторияның актерлік факультетін бітірген соң, «Қазақфильм» киностудиясында Мұрат («Менің ұлым», 1962), Ескендір («Торап», 1963), Тұрар («Тұлпардың ізі», 1964) сияқты әр алуан бейнелер жасады. 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылады (1987 — 1988 жылы осы театрдың көркемдік жағын басқарды). Театрда С.Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов, Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алды.





Сыр сандық құпиясы /музыка, кино өнері бойынша 20 ұпай.

Екі әннен үзінді қойып, тыңдату.

Екі күйден үзінді тыңдату.

Екі кинодан үзінді көрсету.

Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», - деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады.

Білім деген биік шың ,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың ,

Қиындықтан өткізер. — деп сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Теректі көшбасшысы" зияткерлік ойыны

Автор: Шукирбаева Орынша Аскаровна

Дата: 28.01.2020

Номер свидетельства: 537711

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Теректі көшбасшысы" зияткерлік ойыны"
    ["seo_title"] => string(40) "terekti_koshbasshysy_ziiatkerlik_oiyny_1"
    ["file_id"] => string(6) "537781"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1580276912"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "ХХІ ?асыр к?шбасшысы "
    ["seo_title"] => string(25) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "134251"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416722498"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "ХХІ ?асыр к?шбасшысы (зияткерлік сайыс) "
    ["seo_title"] => string(46) "khkhi-g-asyr-koshbasshysy-ziiatkierlik-saiys-1"
    ["file_id"] => string(6) "170027"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423494555"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства