kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарихқа тұнған даламыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это мероприятие посвещённая  500 -летие ханства. Это патриотическая мероприятие. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарихқа тұнған даламыз»

«Тәуелсіздіктұғырым» атты ашық

тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін

дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, өз елінің өткен тарихына құрметпен қарау,ынтымаққа , адамгершілікке тәрбиелеу. Өз Отанын, туған жерін, ұлттын жанындай сүйетін, саналы да, білімді, Отанына лайық азамат болып өсуге ықпал ету, патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.


Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.

Түрі: тарихи кеш.

«Сарыарқа»күйі орындалып тұрады.Күй күмбірімен ұлттық би билеген қыздар тобы шығады.




1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар !

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы- тарихи жадымызды қайта жаңғыртып, қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылғанына - 550 жылдығына және Мәңгілік елге арналған «Тәуелсіздік -тұғырым» атты кешке қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Тәуелсіздік үшін, ар - намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы»тарихта мәңгі қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды..

1-жүргізуші:

Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихында қазақ хандығының алар орны зор. Осы тарихи маңыздылыққа ерекше мән берген еліміз биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту туралы шешім қабылданды. Осындай бастаманы көтерген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлытау төріндегі ұлт туралы толғанысында Алтын Орданың Қазақ мемлекеті тарихындағы ірі белес екені айтты.


1-жүргізуші:

Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні де өз басым шертеді.

Тарих керек іргетасы халықтың,

Іргетассыз қаланбайды ертеңі .




2-жүргізуші:

Арғы атаңыз арыстандай сақтар да,

Ет жүрегі саған сырын ақтарған.

Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,

Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.


1-жүргізуші:

Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз.Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.

2-жүргізуші: Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушілері Өріс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.

Тарихи қойылым: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.

 (слайдтан 1459жыл Ұлы көштің басталуы)  деген сөз шығады.

Керей: О, халайық, халқымыздың басына қиын- қыстау кезеңдер келді.Әбілқайыр хандығы құлау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала- шағамызды құлдыққа бермейміз. Осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.

Жәнібек: Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсып, талан- тараж болып кетуміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке, дара мемлекет құрайық.

«Үшқоңыр » әні қосылады.

Халық дүбірлесіп, талқылауда:

«Сұлтандардың айтқаны жөн.

Иә, жеке мемлекет құрайық,

мемлекет қазығын қазатын кезең -осы.»

Жәнібек: Ендеше , қазақ руларының игі жақсыларын жинаңдар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.

Мәнерлеп оқу.

1-оқушы

Бұл-Жәнібек,Керей деген хан бабам,

Бола білген ұлысына мұрындық.

Бұл Асан қайғы ,Жерұйығын таңдаған,

Бұл қырық батыр, арғы тегі-қырымдық.

Бұл Қасым хан және дағы ер Есім,

«Ескі жолмен» еркін басып келесің

«Жолдан » шығып жаңылыссаң ,ертеңгі,

Ұрпағыңа қандай үлгі бересің?

2-оқушы

Бұл-әз Тәуке,Абылай хан айбарлы,

Ұлтымыздың ұранына айналды.

Дара туған бас қолбасшы Қабанбай,

Ұрандатып жауға шапқан аянбай.


1-жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.

Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын- қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл- кеңестеріңіз керек.



Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алатау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

Әйтеке би: Жөн. Ел қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы ұрысты артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай : Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр.Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, елді аман алып қалу үшін батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш- қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық.

Төле би: Халықтың қамын ойлайтын күн туды.

Қазыбек би: Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.

Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!

Батырлар келеді: Қабанбай, Наурызбай.

Абылай хан: Келді алдарыңызға батырлар. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеудің бірі жолы сендердің қолдарыңда. Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар. Айтыңыздар өсиет сөздеріңізді, беріңіздер баталарыңызды!

Төле би :  Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің санасы бол.

Өзегің талса, өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.


Қазыбек би:

Жеріміздіңшетін жау баспасын деп,

Үкіге найза таққан елміз.

Дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Досымызды сақтай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!

Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып елге пайдаң тимесе,

Елден бөлек күйің күйсін.


Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз , туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз.


1-жүргізуші: Абылай хан еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Елін-жерін қорғауда күрескен батырлар кейінгі ұрпаққа үлгі.

2-жүргізуші:Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата- баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.


1-жүргізуші: Ел намысы мен жердің тұтастығы үшін ғұмырларын арпалыспен өткізген қазақтың ұлы хандары мен билерінің және батырларының аруақтарына М.Жұмабаевтың арнауы: 
Оқушы:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, 
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. 
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған, 
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. 

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан, 
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. 
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан, 
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. 
Қазақтың селі, желі, шөлі, белі 
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

1-жүргізуші:

Қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазахстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл. Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім.Халқымыздың бірлігі мен ынтымағын паш ететін мерейлі мереке. Қазақстан көптеген ұлттардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған тұғырлы мекен. Байлықтың ең үлкені- халықтар достығы-дей отырып, сахна төріне Қазақ елін мекендеп, тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерін шақырамыз.


          Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік –тұғырым» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. 









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тарихқа тұнған даламыз

Автор: Кузентаева Сандугаш Жумабековна

Дата: 28.05.2017

Номер свидетельства: 418999

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Тарих?а   т?н?ан  даламыз."
    ["seo_title"] => string(21) "tarikhkatungandalamyz"
    ["file_id"] => string(6) "281372"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453525043"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Же?іс к?ніне арнал?ан сценарий"
    ["seo_title"] => string(37) "zhien-is-kuninie-arnalg-an-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "307105"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458245423"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Наурыз мейрамына арнал?ан ашы? т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "nauryz-mieiramyna-arnalg-an-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "279097"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453195729"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "?орытынды саба?: "Біз жыл бойы не ?йрендік?""
    ["seo_title"] => string(44) "k-orytyndy-sabak-biz-zhyl-boiy-nie-uiriendik"
    ["file_id"] => string(6) "330680"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464349781"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Сабақ: "Апам айтқан ертегі""
    ["seo_title"] => string(28) "sabak_apam_aitk_an_iertieghi"
    ["file_id"] => string(6) "445027"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513598945"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства